Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_literatura.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.71 Кб
Скачать
  1. Көркем шығарма мен көркем мәтіннің айырмашылығын көрсетіңіз.

Қазақ тіл білімінде ойталқы мәселесі туралы ең алғаш пікір айтқан ғалым тіл білімінің негізін қалаған А. Байтұрсынов болған. Қазақ тіл білімінің ғылыми негізін салушылар – А. Байтұрсынұлы мен Қ. Жұбанов еңбектерінен мәтін туралы алғашқы ойларды кездестіреміз. Ғалымдардың мәтін туралы ой-пікірлері тілдің күнделікті қолданысындағы, қызметіндегі ерекшеліктерін байқаудан туындаған болса керек. Өйткені, ғалымдар бұл кезеңдерде мәтінді, оның сипатын, белгілерін арнайы зерттеу нысаны ретінде қарастыруды мақсат етпеген. Сондықтан ғалымдардың тілдің ойлау арқылы сөйлеу нәтижесінде туындайтын мәтіндерге катысты ой-пікірлерді айтуы занды. А. Байтұрсынұлы мәтіннің (шығарманың) тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни: аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын және айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын, сондықтан ойды өзгелер қиналмай түсінетіндей қылып жеткізу керектігін сөз етеді . Ғалым «Әдебиет танытқышта» шығарманың басқа да компоненттері қатарында мазмұнның берілу жолдары туралы былай дейді: «Шығарманың мазмұнында байқалатын негіздік түрлері үшеу: 1) әуезе; 2) әліптеу, 3) пайымдау. Дүниадағы нәрсенің қайсысы туралы сөз етсек, тек бір жағынан ғана емес, әр жағынан алып сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамды сөз қылуға алсақ, не ол адамның істеген ісін, айтқан сөзін әуезе қылып сөйлейміз, я болмаса ол адамның істеген істерінің, өзінің жақсы, жаман болғанының мәнісін, себебін тексере, пайымдап сөйлейміз. Осыған қарай сөйлеген сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не пайымдама болып шығады… Көбінесе-ақ, әуезе, әліптеме, пайымдама шығарма ішінде аралас келіп отырады…» . Жоғарыдағы әуезе, әліптеме, пайымдама деп ғалымның сипаттама бергендері – осы күнгі әңгімелеу (повествование), суреттеу (описание), пайымдама, «ойталқы» (рассуждение) деп аталып жүрген баяндау түрлері болып табылады. Қ. Жұбанов мәтінді сөз бұйымы(сөз) деп атайды. Мәтінді қарым-қатынасты жүзеге асырудың бірден-бір құралы деп түсініп, ғалым оның ауызша және жазбаша түрлерін бөліп көрсетеді және олардың айырмашылықтарына да ден қояды. Сондай-ақ әр мәтіннің өзіндік жасалу жолдарының болатындығын тілге тиек етеді.

Билет №11

  1. Аристотель драмалық туындының жанрлық белгілерін қалай көрсетеді?

Аристотельдің “Поэтикасы” - өнер туралы тұңғыш философиялық эстетикалық трактат. Сонымен қатар ‘Поэтика” өз кезегіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден бір әдебиет теориясы екені даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем шығарманың көп жайларын, әсіресе характер,әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұңғыш рет дұрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердің қоғамдық маңызын анықтап ашуында деп білу керек. Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз өнерінің өзі деп түсінген. Демек, Аристотельдің “Поэтикасы” - өнер туралы ойлар. Аристотельдің эстетикалық принциптерінің ең түйінді тұсы: өнердің мақсаты - ақиқатты тану, ал ақиқатты тану жолы - адамның мінезі мен ісін суреттеу деген даналық қағидасы. Оның “Поэтикасын” Лессингтің “Евклид элементтеріндей мінсіз шығарма” деп таңдануы да, Чернышевскийдің Аристотель эстетикасы “2мың жылдан астам уақыт үстемдік құрғанына” тамсануы да әлгібір қағидалы жағдайларға байланысты еді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]