- •Билет №1
- •Әдебиет теориясының мақсаттарына не жатады?
- •С.Къеркогердың эстетикалық экзизстенциясы нені білдіреді?
- •Персона ұғымына не жатады?
- •Әдебиет теориясы мен эстетиканың байланысу себебін айтыңыз
- •Әдебиеттанудағы мифологиялық мектептің негізгі ұстанмы қандай?
- •Даралау мен жинақтау қазіргі әдебиетте бар ма?
- •Билет №3
- •Әдебиет теориясын қалыптастырудағы әдебиет тарихының орны қандай?
- •Компаративизм бағытын бүгін қалай пайдалануға болады?
- •Мінез бен көркем образды қалай ажыратасыз?
- •Билет №4
- •Фольклористика мен әдебиет теориясының ортақ зрттеу әдістемесін айтыңыз
- •Тарихи – мәдени мектептің ілгерішіл сипаты болды ма?
- •Көркемдік идея түрлеріне мысал келтіріңіз
- •Билет №5
- •Алғашқы эстетикалық ұғымдарға қандай сипаттар тән?
- •А.Потебня идеяларының қміршеңдік сырын ашыңыз
- •Әдеби туындыдағы автор ұғымына баға беріңіз?
- •Билет №6
- •Басқа гуманитарлық ғылымдар әдебиеттануға не береді?
- •Өнердің синкреттілік сипатын ашыңыз
- •Автор және адресат туралы не айтасыз?
- •Билет №7
- •Әдебиеттанудағы монистік және мәдениеттанушылық бағдар деген не?
- •Өнер түрлерінің және әдеби тектердің пайда болу заңдылықтарын көрсетіңіз.
- •Көркем образдың семиотикалық сипатын ашыңыз.
- •Билет №8
- •Көне үнді, шумер мәдени ескерткіштерінің тарихи тағлымы не?
- •Әдеби жанрлардың шығу тегі қандай жағдайларға байланысты?
- •Архетиптің көркем образ құрамындағы орнн ашыңыз.
- •Билет №9
- •Гераклит эстетикасының негізін не ққұрайды?
- •Эстетикалық ұғымы мен оның танымдық мәнін түсіндіріңіз
- •Көркемдік мекеншақты (хронотоп) қалай түсінесіз?
- •Билет №10
- •Платон өнер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әсемдік ұғымының тарихи сипатын қалай ұғасыз?
- •Көркем шығарма мен көркем мәтіннің айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Билет №11
- •Аристотель драмалық туындының жанрлық белгілерін қалай көрсетеді?
- •Эстетикалық және көркемдік ұғымдарының арақатынасын ашыңыз.
- •Реминисценцияға мысал келтіріңіз.
- •Билет №12
- •Демокрит эстетикасының тәжірибелік мәні бар ма?
- •Асқақтық және қаһармандық пафосында сабақтастық бар ма?
- •Драмалық жанрға сипаттама беріңіз.
- •Билет №13
- •«Пизондарға арнау» қандай туынды?
- •Көркем әдебиеттегі трагедиялық категориясы.
- •Эпикалық жанр түрлерінің даралығын көрсетініңз.
- •Билет №14
- •Көркем әдебиеттегі комедиялық суреттердің эстетикалық мәні неде?
- •Лирикалық шығармаға анықтама беріңіз.
- •Көркем әдебиеттегі сұрқайлық, келеңсіздік ұғымдарының көріністеріне мысал келтіріңіз.
- •Билет №15
- •Платон онер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әдебиет пен ғылымның ерекшелігін көрсетіңіз.
- •Шығармашылық үдеріс (процесс) кезеңдеріне баға беріңіз.
- •14. Классицизм эастетикасының қажеттілігі болды ма?
С.Къеркогердың эстетикалық экзизстенциясы нені білдіреді?
Кьеркегор Серен (1813-55)-лат. Діни философы, экзистенциализмнің ізашары. Нем. романтизмін басынан кешірген К. кейіннен өзі «эстетикалық» деп аталған романтикалық ой-пиғылға да, нем. идеялистерінің, ең алдымен Гегельдің философиясына да қарсы шықты. К. Гегельді жалпылық тұрғысынан – адамзат, халық. мемлекет тұрғысынан пайымдайтын, жеке адамдық негіздің онтологиялық маңызын жоққа шығаратын спекулятивтік философтар мектебінің басшысы ретінде сынға алды.К. бойынша, Гегельде орын алғанындай, қоғамды түпкі бекет деп қабылдайтын философия тұрғысынан түсіну мүмкін емес, өйткені бұл орайда жеке адамның негізін құрайтын мәнінің өзі – оның экзистенциясы жоғалады. К. бойынша, шынайы философия тек қана «экзистенциалды », яғни, мейлінше жеке сипатты болуы керек. Осы себепті К. «философияға салынудың ғылыми әдісін» бейнесіз деп бекерге шығаруға тырысады. Адамды «окзихтенция» ретінде қарастыра келіп, К. оның «болмыстық, онтологиялық құрылымына» талдау жасайды, бұл орайда кейіннен экзистенциалистер дамытқан «үрей», «түңілу», «батылдық» және т.б.сияқты ұғымдарды енгізеді. Сонымен бірге К. жеке адамның өмір сүруінің үш тәсілін, яғни экзистенцияның үш үлгісін: эстетивалық, этикалық және діни үлгілерін анықтайды, бұлардың соңғысы олардың ішіндегі ең жоғарғысы деп санады. К-дің діни ілімінің аса маңызды категориясы-«оғаштық» категориясы. К. бойынша, құдайлық дүние мен адамдық дүние. принципті салыстыруға келмейтіндіктен наным логикалық ойлаудан бас тартуды қажет етеді және адам логикасы мен этикасы тұрғысынан алғанда «оғаштықтар», қисынсыздықтар аясына апарып соғады. К. осы екі саланы «біріктіруге», оларды ымыраластыруға тырысқан әрекеттің барлығын қатаң айыптайды: К. өмірінің соңғы кезеңінде ресми шіркеуден арадағы жанжал содан туындады. К. идеялары экзистенциализмнің негізі болып қана қойған жоқ, оның діни ілімі К. Барттың диалект. Теология дейтініне де, сондай-ақ басқа да көптеген протестант және католик философтарға ықпал жасады.
Персона ұғымына не жатады?
Француз тілінен алынған бұл терминнің төркіні латындық. «Рersona» көне римдіктерде актер киетін масканы білдірді, кейінірек бұл сөзбен көркем туындыдағы тұлғаны атады. Аталған терминнің синонимдері ретінде бүгіндері «әдеби қаһарман» және «қатысушы тұлға» сөз тіркестері қолданылады. Бірақ та осы сөз айшықтары қосымша мәнге ие: «қаһарман» сөзі жағымды рөлді, айқындықты, ерекшелікті, бейнелетін адамының айырықшалығын танытады, ал, «қатысушы тұлғада» персонаж өзін көбіне жасаған қадамдарына қарай танытады.
Персонаж дегеніміз – не қаламгердің таза қиялының жемісі (Дж. Свифттің Гулливері мен лилипуттары; Н.В. Гогольдің мұрнынан айырылған майор Ковалеві), не болмаса, шын өмірде бар адамының жорамалданған кейпі (ол не тарихи тұлға немесе ғұмыры жағынан жазушыға жуық адамдар, әлде өзі); не болмаса, белгілі әдеби кейіпкерлерді өңдеп, қайыра сомдаудың нәтижесі, атап айтсақ, Дон Жуан немесе Фауст. Адами дербестікке ие, әдеби қаһармандармен қатар, кейде топтық, ұжымдық персонаждар (А. С. Пушкин «Борис Годуновындағы» өз пікірін білдірген алаңдағы халық бейнесі) маңызға ие болады. Персонаждың табиғаты екі жақты болып келеді. Ол, біріншіден, суреттелетін іс-әрекеттің иесі, сюжет түзетін оқиға өрістеуінің түрткісі. В.Я. Пропп өзінің әлемге әйгілі еңбегі «Ертегі морфологиясында» (1928) персонаждық аяға, тап осы қырынан келді. Ертегі қаһарманы туралы ғалым сюжеттегі белгілі функцияны атқаруды иеленуші ретінде сөз етіп, ертегідегі суреттелген тұлғалар ең алдымен оқиғалық қатардың қозғалысы факторы үшін маңызды деп атап көрсетті. Персонаж қатысушы тұлға ретінде кейбірде актант (лат. әрекет етуші) терминімен таңбаланады. Екіншіден, бұл ең бастысы емес, персонаж туынды құрамында дербес, сюжеттен (оқиғалық қатардан) тәуелсіз мәнділікке ие болып: тұрақты және орнықты (кейде, шынында да өзгеріске ұшырайтын) қасиеттің, нышан-белгінің, сипаттың иеленушісі. Персонаждарды олардың жасаған іс-әрекеттері (оны бірінші қатарға қойғаны дұрыс бола қояр ма екен), сондай-ақ, (адам тек ойлағанын іске асырып қоймайды, сондай-ақ, өзін қалай алып жүретіндігінің) қылығы мен қарым-қатынасының формасы, сыртқы келбеті мен қоршаған маңайы (атап айтқанда, қаһарманға қатысты заттар), ойлары, сезімі, емеуіріні арқылы сипаттайды.
Билет №2
