- •Билет №1
- •Әдебиет теориясының мақсаттарына не жатады?
- •С.Къеркогердың эстетикалық экзизстенциясы нені білдіреді?
- •Персона ұғымына не жатады?
- •Әдебиет теориясы мен эстетиканың байланысу себебін айтыңыз
- •Әдебиеттанудағы мифологиялық мектептің негізгі ұстанмы қандай?
- •Даралау мен жинақтау қазіргі әдебиетте бар ма?
- •Билет №3
- •Әдебиет теориясын қалыптастырудағы әдебиет тарихының орны қандай?
- •Компаративизм бағытын бүгін қалай пайдалануға болады?
- •Мінез бен көркем образды қалай ажыратасыз?
- •Билет №4
- •Фольклористика мен әдебиет теориясының ортақ зрттеу әдістемесін айтыңыз
- •Тарихи – мәдени мектептің ілгерішіл сипаты болды ма?
- •Көркемдік идея түрлеріне мысал келтіріңіз
- •Билет №5
- •Алғашқы эстетикалық ұғымдарға қандай сипаттар тән?
- •А.Потебня идеяларының қміршеңдік сырын ашыңыз
- •Әдеби туындыдағы автор ұғымына баға беріңіз?
- •Билет №6
- •Басқа гуманитарлық ғылымдар әдебиеттануға не береді?
- •Өнердің синкреттілік сипатын ашыңыз
- •Автор және адресат туралы не айтасыз?
- •Билет №7
- •Әдебиеттанудағы монистік және мәдениеттанушылық бағдар деген не?
- •Өнер түрлерінің және әдеби тектердің пайда болу заңдылықтарын көрсетіңіз.
- •Көркем образдың семиотикалық сипатын ашыңыз.
- •Билет №8
- •Көне үнді, шумер мәдени ескерткіштерінің тарихи тағлымы не?
- •Әдеби жанрлардың шығу тегі қандай жағдайларға байланысты?
- •Архетиптің көркем образ құрамындағы орнн ашыңыз.
- •Билет №9
- •Гераклит эстетикасының негізін не ққұрайды?
- •Эстетикалық ұғымы мен оның танымдық мәнін түсіндіріңіз
- •Көркемдік мекеншақты (хронотоп) қалай түсінесіз?
- •Билет №10
- •Платон өнер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әсемдік ұғымының тарихи сипатын қалай ұғасыз?
- •Көркем шығарма мен көркем мәтіннің айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Билет №11
- •Аристотель драмалық туындының жанрлық белгілерін қалай көрсетеді?
- •Эстетикалық және көркемдік ұғымдарының арақатынасын ашыңыз.
- •Реминисценцияға мысал келтіріңіз.
- •Билет №12
- •Демокрит эстетикасының тәжірибелік мәні бар ма?
- •Асқақтық және қаһармандық пафосында сабақтастық бар ма?
- •Драмалық жанрға сипаттама беріңіз.
- •Билет №13
- •«Пизондарға арнау» қандай туынды?
- •Көркем әдебиеттегі трагедиялық категориясы.
- •Эпикалық жанр түрлерінің даралығын көрсетініңз.
- •Билет №14
- •Көркем әдебиеттегі комедиялық суреттердің эстетикалық мәні неде?
- •Лирикалық шығармаға анықтама беріңіз.
- •Көркем әдебиеттегі сұрқайлық, келеңсіздік ұғымдарының көріністеріне мысал келтіріңіз.
- •Билет №15
- •Платон онер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әдебиет пен ғылымның ерекшелігін көрсетіңіз.
- •Шығармашылық үдеріс (процесс) кезеңдеріне баға беріңіз.
- •14. Классицизм эастетикасының қажеттілігі болды ма?
Билет №10
Платон өнер түрлерін қалай жіктеді?
Платон өзінің “Үлкен Иппий” диалогында әдеміліктің анықтамасы ретінде мынадай уағыз ұсынады: жарамды нәрсе-пайдалы нәрсе; пайдалы нәрсені тәуір көрсең; тәуір көрсең-қуанасың; қуаныш дегенің көз бен құлақ арқылы келетін рақатты түйсік: әдемі адамдар, әр алуан әшекеәлер, ұлағатты сөздер, әсерлі әңгімелер, музыка, сурет, зергерлік іс, зерделі әрекет тағы басқа осылар секілділердің бәрін көресің де естисің, қуанасың да рақаттанасың. Ал ішу, жеу, тағы сондай түйсіктер адамды қанша рақаттандырғанымен әдемі емес, әшейін ұнамды ғана нәрсе! Бұдан шығатын қорытынды “сұлу нәрсе- сүйкімді нәрсенің көзге көрінер, құлаққа естілер бөлігі”. Платонның музыкадағы 3 түрлі ырғақ, әдебиеттегі 3түрлі суреттеу тәсілі жайлы пайымдаулары да бізге осы секілді тым: “жабайы адам нанғысыз(дәлірек айтқанда сәбилік), қисынсыз болып көрінеді”, бірақ осының өзінде көне гректің поэтика жайлы таң қаларлық ұғым-түсініктері жатыр.Алайда Платонның эстетикалық көзқарастарында :сәбиліктен” гөрі өзгешелеу жат пікірлер де жоқ емес. Оның софист Горгийдің поэзияны-алдамшы нәрсе деген пікірін құптай келіп, ақынды өтірікші ретінде түсіндіруі-аса ағат нәрсе. Сөз өнері жайлы Платон философиясы сын көзбен қарауды қажет етеді.
Әсемдік ұғымының тарихи сипатын қалай ұғасыз?
Эстетикалық құндылықтардың категориялдық талдауын эстетикалықтың мазмұнының өзінен бастаған дұрыс. Эстетикалықтың аксиолологиялық түсіндірілуі эстетикалық құндылықтардың нақты формаларын қарастырудың бастапқы позициясы ретінде қызмет атқарады. Эстетикалық - бұл әсемдікке, тұрпайылыққа, асқақтыққа, таяздыққа, трагедиялыққа, комедиялыққа және өзге де өнер мен өмірдің сипаттамаларына тән жалпылықты бйнелейтін эстетиканың ең кең және фундаменталды категориясы.
Эстетикалықтың ең жоғарғы көрінісі өнердің кейпіне енетін әсемдік болып табылады. Демек, әсемдік - бұл “адам” туралы ұғымдардың бірі, өмірдің барлық күрделілігі мен тереңдігін қамтитын оның анықтамаларының бірі. Тек нақты өмірді ғана емес, әсіресе тарихтың өтпелі кезеңдерінде өзі тудырған өмірлік әлемнің шеңберінен тысқа шығып, адамзатты прагматикалық немесе утилитарлық өлшемдерге сыймайтын өзге бағамен бағалайтын рухани өмірді де қамтиды. Әсемдік эстетикалық құндылық ретінде адамзат мәдениетінің тарихында, ең алдымен антикалық философияда терең теориялық тұрғыда талданған еді. Софистердің бізге дейін жеткен шығармаларының көпшілігі эстетикалық мәселелерге арналған. Мысалы, “ йіаіехеів" деп аталатын трактатты алуға болады. Бұл шығарманың алты тарауының екіншісі “сұлулық пен тұрпайылық” мәселесіне арналған: “Әсемдік пен тұрпайылық туралы екі жақты пікірлер айтылады. Біреулер оны өз атаулары көрсетіп тұрғандай әсемдік басқа, тұрпайылық басқа деп тұжырымдайды; келесілері әсемдік те, тұрпайылық та бір деп есептейді. Мен болсам былайша пайымдаймын. Әшекейлермен безену, иіссуларды жағу, алтын заттарды тағу еркек үшін - тұрпайы, ал әйел үшін - әсем. Достарыңа жақсылық жасау - әсем, ал жауларына - тұрпайы. Дұшпаныңнан қашу тұрпайы да, ал алаңда жүгіру - әсем. Достарың мен азаматтарды өлтіру - тұрпайы, ал дұшпандарды өлтіру - әдемі. Және барлығы да осылай... Менің ойымша, егер біреу адамдарға барлық тұрпайы нәрселерді бір жерге жинауға бұйрық беріп (әркімнің өз қалауы бойынша) жэне осы үйіндіден әркім өзінше әсем деп есептейтін нәрселеріңді алыңдар деп бұйырса, онда адамдар бұл дүниеден түк қалдырмай талап әкетер еді, өйткені адамдар әртүрлі ойлайды Бұл мәтін софистердің әсемдіктің салыстырмалы сипатын мойындағанын білдіреді. Әсемдік орынның, уақыттың және мақсаттың шарттарымен байланысты ғана өмір сүреді. Нәрсе бір қатынасында әсем болса, екіншісінде тұрпайы. Әсемдіктің мәні туралы осыған ұқсас ойлар кейінгі ғасырларда да айтылды. V ғасырда (Византия), XV ғасырда (Испания), ХХ ғасырда (АҚШ) айтылған бірнеше аксиологиялық пікірлерді келтірейік. Дионисий Ареопагит: “Әсемдік дегеніміз барлық әсемдік сияқты үнемі мәнді, бірдей әсем, сонымен бірге ерекше әсем, пайда болмайтын және жойылмайтын... Өз-өзінде және өз өзімен келісімінде ол бүкіл әсемдіктің терең сұлулығын сәулелендіріп тұратын әрқашанда тұтас бейнелі әсемдік”. Леоне Эрео: “Тән үйлесімділігі, адам тәнінің үйлесімділігі немесе өнердегі үйлесімділік әлемдік рухта да үстемдік ететін үйлесімділік пен тұтастықтың бейнесі болып табылады. Бұл үйлесімділік әлемдік рухтың бейнесі, өйткені әлемдік рухтағы реттелген тұтастық пен формалардың тәртібі сияқты бұл да үйлесімді үндестік және тәртіптен құралады, үйлесімді әндегі, насихатты ой-толғау немесе өлеңдердегі дыбыстардың тәртібін естудің нәтижесінде біздің рухымыз онда бейнеленген әлемдік рухтың үйлесімділігі мен үндестігіне қуанады”. Дж. Сантаяна: “...Сұлулық ... идеалдың көрінісі, құдіретті парасаттың символы болып табылады”.Жаңа заманда әсемдіктің құндылықтық мәні Гегельдің эстетикалық еңбектерінде қарастырылған. Гегель әсемдіктің мынадай анықтамасын береді: “Әсемдіктің мәніне сәйкес, әсем объектіде оның ұғымы, мақсаты және жанымен қатар, өзгеден емес, оның өзінен туындайтын сыртқы айқындылығы, алуан түрлілігі мен нақтылығы да көрінуі тиіс. Қанша дегенмен де әсемдіктің аксиологиялық талдануы мәдениеттанымдық жэне эстетикалық дискурс шеңберінде жемісті нәтижелер береді. Ю. Борев әсемдіктің барлық алуан түрлілігін бірнеше парадигмаларға жіктейді. Бірінші парадигма (Платон, Тертуллиан, Фома Аквинский, Франциск Ассизский, Гегель); әсемдік нақты заттар мен құбылыстардағы таңба немесе құдайдың (немесе абсолюттік идеяның) кепілі. Екінші парадигма: нақтылық эстетикалық тұрғыда бейтарап, оның сұлулығының көзі - индивидтің жанында (Т.Липпм, Ш.Лало, Э.Мейман), ол адамның рухани байлылығының нақтылыққа “көшірілуінің” (Н.Гартман), “қарызға берілуінің” (Б.Кроче) нәтижесінде пайда болады: сұлулық субъекттің затты интернационалды (бағытталған, белсенді, “пайымдалған”) қабылдауының нәтижесі (феноменология). Үшінші парадигма (Сократ, Аристотель, Н.Г. Чернышевский): әсемдік өмір қаситтерінің адаммен, оның практикалық қажеттіліктері, оның идеалдары мен әсем өмір туралы көзқарастарымен немесе сұлулықтың өлшемі ретіндегі арақатынасының нәтижесі. Төртінші парадигма (француз материалистері): әсемдік салмақ, түс, форма және т.б. сияқты табиғат құбылыстарының кәдуілгі қасиеттері болып табылады. Кез келген құбылыстың әсемдікке ие болуы оның өзінің толық сезімдік-нақты тұтастығында қоғамдық-адами құндылық ретінде көрінуімен, тұлғаның үйлесімді дамуына жағдай жасауымен, адамзаттың барлық жақсы қабілеттері мен күш-жігерінің іске асуына мүмкіндік беруімен, адамның нақты болмыста бекітілуі және оның еркіндігін кеңейтуге ықпал етуімен байланысты болады. Сондықтан сұлулық эстетикалық идеалды бекіте жэне байыта отырып, адам бойында қуаныш, сүйіспеншілік, еркіндік сезімдерін ұялатады.
