Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_literatura.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.71 Кб
Скачать
  1. Көркем образдың семиотикалық сипатын ашыңыз.

Образ, көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды. Мысалы: М.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясындағы халық Образы, Абай Образы - өнер мен халықтың немесе өнер мен сананың арасындағы арнайы байланысты негіздейтін эстетикалық категория. Көркем образда объективті-танымдық және субъективті-творчестволық бастау өзара бірлікте көрініс табады. Образ нақты шындыққа және ойлау процесіне байланысты айқындалады. Образ тек шындықты бейнелеп қана қоймай, оны жинақтайды. Жекелеген оқиғалар негізіне жалпылама түсінік беретін түйін жасайды. Әр суреткер жасаған образ шындыкты өзгеше, жаңа бір қырынан творчеств. тұрғыдан түсіндіруді мақсат етеді.Образ - сөзбен баяндалған сурет. Көркем шығармадағы түп төркіні бейнеден, суреттен шыққан әрбір сөз бедерлі бейнеге, тірлікке, әрекетке ие болғанда образға айналады. Образдың мақсаты кез келген қарапайым құбылысқа немесе затқа жан бітіріп сөйлеу (Мысалы, Күлімсіреп аспан тұр, Абай). Кез келген образ заттық және мағыналық екі компоненттен тұрады. Осыған орай ол іштей заттық, жалпылама-мағыналық және құрылымдық деп үш түрге жіктеледі.Образдың заттылығы бір сөзбен ғана берілген сипаттамадан бастап, оқиғаны жіліктеп, оның жай-жапсарын тереңдете суреттеуге (пейзаж, портрет, көңіл-күй) дейін қамтиды. Ол бүкіл сюжеттік желіге (өлеңнің, әңгіменің, т.б.) негіз болып тартылуы да мүмкін. Жалпылама мағыналық образ іштей дербес ұқсас, типті және мотив-образ, топос, архитип болып бөлінеді. Мысалы, мәңгі типтік образ: Дон Кихот, Гамлет, Фауст, бұларға қазақ әдебиетіндегі: Шығайбай, Қарабай, Судырахмет, т.б. жатқызуға болады. Құрылымдық образ: автологиялық, металогиялық түрлерге жіктеледі. Тарихи даму барысында көркем образдылық ұғымы мен оның компоненттері үлкен өзгерістерге ұшырап отырған. Мысалы, Ертедегі Шығыста түспалдау, астарлау жиі қолданылса, антикалық әдебиетте - классикалық, қайта өрлеу дәуірінде - барокко, жаңа еуропалық әдебиетте романтикалық, реалистік образ қалыптасты.Семиотика (гр. semeion - белгі, танба) (семиология) — таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. "Таңбалар жайындағы ғылым" ретінде Семиотиканың алғашқы негізгі ұстанымдары табиғи тілді байкауға байланысты Ч. С. Прис пен Ф. де Соссюрдің еңбектерінде айтылған. "Семиотика" термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойынша семасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет Семиотикасы гуманитарлық Семиотика сының өзегі болып табылады. Семиотиканың тағы бір саласы формалды логика-математика деп аталады "Семиотика" термині алғашкы кезде формалды логика-математика саласы үшін қолданылған, ал оның заттық-мазмұндық жағы Еуропа дәстүрі бойыншасемасиология деп аталған, кейін бұл екі термин синоним ретінде қолданылатын болды. Семиотиканың көлемді объектілерінің ішінде неғұрлым ортақ сипат тіл мен көркем әдебиеттің арасында айқын байкалады. Сол себепті тіл мен әдебиет Семиотикасы гуманитарлықСемиотика сының өзегі болып табылады.Семиотиканың тағы бір саласы формалды логика-математика деп аталады. Тіл мен әдебиет Семиотиканың негізін қалағандар 1920—30 жылдары Прага лингвистикалық мектебі мен Копенгаген лингвистикалық үйірмесінің өкілдері (Н. С. Трубецкой, Р. О. Якобсон, Л. Ельмслев, В. Брёндаль т.б.). Семиотика зандылықтары Семиотикалық жүйелердің негізгі құрылымдық элементтерінің (фонема,морфема, сөз, сөйлем, дауыс ырғағы) бір-біріне қарама-қарсы келуі арқылы анықталады. Ғылыми еңбектердеСемиотиканың үш денгейде жіктелетіні көрсетілген:

Таңбалар арасындағы, сөз тізбегіндегі қарым-қатынасты білдіретін синтактика;

Таңба мен сол арқылы белгіленген заттың арасындағы қарым-қатынасты білдіретін семантика;

Таңба мен оны пайдаланушылардың арасындағы қарым-қатынасты білдіретінпрагматика.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]