Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_literatura.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.71 Кб
Скачать
  1. Өнердің синкреттілік сипатын ашыңыз

Өнер туындысының жоғары көркемдік белгісі ретінде жаратушының бұл көркем туындыны алуан түрлі әлеуметтік маңызды мазмұнымен толтыруы саналады. “Форма мен мазмұнның тұтастығы осыдан көрінеді. Ертедегі эпостардың өзінде-ақ, гректің “Илиада мен Одиссеясында”, қазақтың “Қобыланды батыры” мен “Алпамысында” жалпы түріктің “Көрұғлысында”, қырғыздың “Манасында” этикалық мән мен мазмұн әсем сұлулық пен күш-жігердің жарқын көркемдік бейнелерімен тұтастықта көрінеді. Өнер дамуының онан кейінгі жолы жалпылықты біріктірудің жолдары мен құралдарын іздестірумен, нақтылықты индивиуалдық тұрғыда қайта өңдеумен байланысты болды. Біздің ойымызша ұлттық өнердің диалектикасы қоғамдық байланыстар мен процестердің күрделіленуіне, әлеуметтік өзгерістерге орай осыған дейін болған формалар - символдар мен белгілер туралы көзқарастардың күресімен сипатталады. Бұл ғұрыптың поэзия белгілерінің сипатын зерттеген Д.Фрезердің еңбектерінде айқын көрінеді. Кез-келген күнтізбелік немесе отбасылық тұрмыстық ғұрып фольклорлық күнтізбелік және отбасылық-ғұрыптық поэзия сияқты белгілер мен символдарға толы. Қазіргі халықтық санада ғұрыптың әлеуметтік-практикалық, нақты- экзистенциалды және эстетикалық белгілері арасындағы терең байланыстар жойылған. Алайда ұлттық поэзияның атмосферасын эмоционалдық қабылдаумен оңай аулауға болады.

  1. Автор және адресат туралы не айтасыз?

Автор (лат. auctor — жасаушы, шығарушы) — көркем шығарманы, ғылыми публицистикалық туындыны, сәулеткерлік дүниелерді, жобаларды, өнертабысты жазған, әдебиет, өнер, музыка, бейнелеу, мүсін, сәулет, графика, ғылым, техника саласында шығарма жазған (жоба жасаған т.б.) немесе соған қатысқан адам не ұжым (мекеме, ұйым). Қазіргі өнертануда, әдебиеттанудақалыптасқан түсінік бойынша автор өнер туындысын жасаушы; қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара, көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға. Автор санаты шығармашылық қабілет, шығармашылық даралық, дара дүниетаным, этикалық, эстетикалық принцип, өмір тәжірибесі секілді ұғымдар ауқымында талданады. Әлемдік өнертануда автор санаты туралы ортақ тұжырымның жоқ екенін де ескерту қажет. Автор тіршілікті, әлем сырын мифтік канондар бойынша жырлайтын абыз-медиум, дәнекерші-түсіндірмеші рөлін орындаған. Иелес автор — басқа адаммен (адамдармен) немесе (ұйыммен) ұйымдармен бірігіп шығарма тудырған адам немесе ұйым.Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі.. Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатынын, қандай жағдайда айтылғандығын белгілеп тұрады. Автор сөзі жазылуда тыныс белгілері арқылы ажыратылады. Төл сөз бен автор сөзі "де" (деді, деп, дейді, деген, дегендей) көмекші етістігі арқылы байланысады.Сөз айтылғанға (жазылғанға) дейін де, яғни вербалданғанға дейін адресант-автордың “айтсам”, “жазсам” деген діттемі, “нені айтсам” (жазсам), “қалай айтсам” (жазсам), “кімге айтсам” (жазсам) деген мақсаты, қызығушылығы болады. Алдымен, сөйлеушінің/жазушының санасында болашақ сөздің ішкі нобайы жасалады. Коммуникацияға қатысушылардың өзара ықпалдастығы, коммуникативтік құзіретті қалыптастыра білу сөз актісіндегі ерекше маңызды жайт болып табылады. Адресаттың айтылған сөз бен сөйлеушінің нені айтқысы келіп отырғанын салыстырып, сөз ауанын түсінуі адресаттың тілдік, әрі коммуникативтік құзіреттілігіне жатады. Осымен байланысты зерттеуде коммуникациядағы сөз субъектілері (адресант/адресат) түпқазық категория ретінде алынады. Автордың қайсыбір құбылысты (затты, уақиғаны т.б.) өзіндік көзбен көруі, оған баға беруі, оған қатысуы, қысқасы, өзін көрсетуі адресатқа ықпал етудің бір тетігі. Ал автордың “өзіндік беті” болмаса, мәтін “иесіз” қалып, ажары солғындай түседі. Сөздің бұлайша “иесізденуі” адресаттың қызығушылығын бәсеңдетеді. Керісінше, адресанттың өз пікірін көрсетуі, оның жеке тұлға ретіндегі сапасының шынайылығын таныта түседі. Ал мұның өзі сөз актісі теориясындағы кооперация принципі бойынша адресатты өзімен ынтымақтаса түсуіне әсер етеді.Адресаттың іс-әрекеті белсінділік таныту, ден қою, назар аудару, қабылдау фреймдерін қалыптастыру болып табылады. Адресат “түсіну стратегиясын” басшылыққа алады. Түсіну стратегиясы, бірінен кейін бірі ретімен айтылған таңбалар тізбектерінің қандай мағынада екенін түсінуден басталып, сөйлеушінің нені айтпақ болғанын ұғынумен, ой елегінен өткізумен аяқталады. Сөзді мұқият ұйып тыңдаушының “образын” жасау – сөздің ойдағыдай өрбуіне ықпал ететін негізгі шарттардың бірі. Адресат факторын ескеру сөздің (речь) тілдік құрылымына енетін таңбаларды дұрыс, тиімді, діттеген мақсатқа орай таңдауға ықпал етеді. Когнитивтік санасында белгілі бір ой-пікір, сезім тілдік тұрғыдан объективтенгенге дейін адресант адресаттың әлеуметтік статусы, жас, жыныс ерекшелігі, таныс, бейтаныстығы т.б. жөнінде азды-көпті “байыптап” алады. Адресант-автордың бұл “байыптауы” коммуникацияның құрылымына кіреді. Адресаттың сөзге деген ынта-зейіні, сөйлеушіге деген назары коммуникатордың үнемі бақылауында болып отыруға тиіс; көрермен, тыңдармандарды коммуникатор экран, қабылдағыш алдынан кетіп қалмай, қызыға тыңдау үшін сөзді диалогтендіру, интимдендіру сияқты тілдік тәсілдерді қолдануға мәжбүр болады. Сөз актісінде екі сана – адресанттың және адресаттың санасы жұмыс істейді. Осы екі сананың мүмкіндігінше бір-біріне сәйкес келуі коммуникацияның сәтті болуына оң әсерін тигізеді. Сөз авторы өзінің санасында қорытылып, өңделген ақпаратты кодқа салады. Ал адресант кодқа салынған әртүрлі ақпаратты (мазмұндық, эмоционалдық, бағалауыштық т.б.) мүмкіндігінше дұрыс ашуға тырысады. Автордың когнитивтік санасында өңделген ақпарат пен адресаттың санасында қабылданған ақпарат мүмкіндігінше алшақ болмауға тиіс. Ол үшін автор мен адресаттың білім қорында біршама ортақтық болуға тиіс. Алайда тілдік ұжым мүшелерінің когнитивтік санасындағы білім қорының құрылымы күрделі болып келеді. Олар тілдік білім, тілдік емес білім, аялық білім деп үлкен үш топқа бөлінеді. Тілдік білім “сөйлеушінің (жазушының) тілдік құзіреті” деген ұғымды аңғартады. Белгілі бір тілді тұтынушы тілдік таңбалардың мағынасын жақсы білуге, тілдік бірліктерді бір-бірімен байланыстырып, ой-сезімін білдіре алатындай болуы шарт. Тілдік таңбалардың мағынасы адресант-сана мен адресат-санада бірдей ұғынылуға тиіс. Бұл – коммуникацияның ойдағыдай өтуінің алғышарттарының бірі. Автор мен адресаттың арасындағы коммуникацияның ойдағыдай болмағы тілдік емес факторларға да байланысты болады. Әсіресе “маман” + “маман” (дәрігер) арасындағы коммуникацияда бұл жағынан “қиындық” бола бермейді, өйткені арнаулы сөздер, терминдер, номенклатуралық атаулар тәрізді тілдік таңбалардың мазмұнмежесі екі санада бірдей түсініліп, бірдей ұғынылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]