- •Билет №1
- •Әдебиет теориясының мақсаттарына не жатады?
- •С.Къеркогердың эстетикалық экзизстенциясы нені білдіреді?
- •Персона ұғымына не жатады?
- •Әдебиет теориясы мен эстетиканың байланысу себебін айтыңыз
- •Әдебиеттанудағы мифологиялық мектептің негізгі ұстанмы қандай?
- •Даралау мен жинақтау қазіргі әдебиетте бар ма?
- •Билет №3
- •Әдебиет теориясын қалыптастырудағы әдебиет тарихының орны қандай?
- •Компаративизм бағытын бүгін қалай пайдалануға болады?
- •Мінез бен көркем образды қалай ажыратасыз?
- •Билет №4
- •Фольклористика мен әдебиет теориясының ортақ зрттеу әдістемесін айтыңыз
- •Тарихи – мәдени мектептің ілгерішіл сипаты болды ма?
- •Көркемдік идея түрлеріне мысал келтіріңіз
- •Билет №5
- •Алғашқы эстетикалық ұғымдарға қандай сипаттар тән?
- •А.Потебня идеяларының қміршеңдік сырын ашыңыз
- •Әдеби туындыдағы автор ұғымына баға беріңіз?
- •Билет №6
- •Басқа гуманитарлық ғылымдар әдебиеттануға не береді?
- •Өнердің синкреттілік сипатын ашыңыз
- •Автор және адресат туралы не айтасыз?
- •Билет №7
- •Әдебиеттанудағы монистік және мәдениеттанушылық бағдар деген не?
- •Өнер түрлерінің және әдеби тектердің пайда болу заңдылықтарын көрсетіңіз.
- •Көркем образдың семиотикалық сипатын ашыңыз.
- •Билет №8
- •Көне үнді, шумер мәдени ескерткіштерінің тарихи тағлымы не?
- •Әдеби жанрлардың шығу тегі қандай жағдайларға байланысты?
- •Архетиптің көркем образ құрамындағы орнн ашыңыз.
- •Билет №9
- •Гераклит эстетикасының негізін не ққұрайды?
- •Эстетикалық ұғымы мен оның танымдық мәнін түсіндіріңіз
- •Көркемдік мекеншақты (хронотоп) қалай түсінесіз?
- •Билет №10
- •Платон өнер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әсемдік ұғымының тарихи сипатын қалай ұғасыз?
- •Көркем шығарма мен көркем мәтіннің айырмашылығын көрсетіңіз.
- •Билет №11
- •Аристотель драмалық туындының жанрлық белгілерін қалай көрсетеді?
- •Эстетикалық және көркемдік ұғымдарының арақатынасын ашыңыз.
- •Реминисценцияға мысал келтіріңіз.
- •Билет №12
- •Демокрит эстетикасының тәжірибелік мәні бар ма?
- •Асқақтық және қаһармандық пафосында сабақтастық бар ма?
- •Драмалық жанрға сипаттама беріңіз.
- •Билет №13
- •«Пизондарға арнау» қандай туынды?
- •Көркем әдебиеттегі трагедиялық категориясы.
- •Эпикалық жанр түрлерінің даралығын көрсетініңз.
- •Билет №14
- •Көркем әдебиеттегі комедиялық суреттердің эстетикалық мәні неде?
- •Лирикалық шығармаға анықтама беріңіз.
- •Көркем әдебиеттегі сұрқайлық, келеңсіздік ұғымдарының көріністеріне мысал келтіріңіз.
- •Билет №15
- •Платон онер түрлерін қалай жіктеді?
- •Әдебиет пен ғылымның ерекшелігін көрсетіңіз.
- •Шығармашылық үдеріс (процесс) кезеңдеріне баға беріңіз.
- •14. Классицизм эастетикасының қажеттілігі болды ма?
А.Потебня идеяларының қміршеңдік сырын ашыңыз
Украин ғалымы Потебня, оның шәкірттері кейбір еңбектерінде жалпы бейне табиғаты, лексикалық құбылыстар орайында қызықты ойлар айтса да, тұтастай қарағанда, әдебиет процестеріне объективті баға беруден шет жатады.А.Потебняның еңбегіндеСөйлеуші айтқан сөздің ішкі формасы тыңдаушы ойына бағыт береді, бірақ ол оны қоздырып қана қояды, тек мағына дамуының алдарын да береді, алайда сөзді түсінуінің шегін көрсетпейді. Сөз сөйлеуші мен тыңдаушыға да ортақ, сондықтан ол сөйлеуші үшін ғана белгілі бір мағынаға ие болып қалмайды, ол жалпы мағынаға ие. Сөз мазмұны өрістетуге қауқары болғандықтан, сөз басқаны түсіну туралы бола алады. Сөз секілді, өнер де – шығармашылық. Өнер – суреткердің тілі. Сөзбен біреуге өз ойыңды бере алмайсың, тек оның өзінің ойын ғана оята аласың. Өнерде де осы сияқты. Сондықтан мазмұн енді суреткерде емес, түсінуші ойында дамиды. Тыңдаушы айтушыдан гөрі әр сөздің астарын жақсы түсінуі мүмкін, оқушы ақыннан гөрі шығарма идеясына дендеуі мүмкін. Мұның мәні автордың не айтқандығында емес, оқушы мен көрерменге қалай әсер еткендігінде. Сондықтан оның мазмұны түгесілмейді. Бұл біз ұғылған мазмұнның ішкі формамен шартты түрде ғана байланыста болуы мүмкін, автор олай болады деп ойламауы да мүмкін. Автор көбіне өз өмірінің, немесе уақытының сұранымын ғана қанағаттандырып шығарма тудырады. Суреткердің еңбегі шығарма жасардағы типтік мазмұн жасуында емес, бейненің /образ/ белгілі икемділігінде ішкі форманың әр түрлі мазмұнға қозғау сала алатын күшінде.
Әдеби туындыдағы автор ұғымына баға беріңіз?
Қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор өнер туындысын жасаушы; қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара, көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға. Автор санаты шығармашылық қабілет, шығармашылық даралық, дара дүниетаным, этикалық, эстетикалық принцип, өмір тәжірибесі секілді ұғымдар ауқымында талданады. Әлемдік өнертануда автор санаты туралы ортақ тұжырымның жоқ екенін де ескерту қажет. Автор тұлғасы күрделі, ол өзі тудырған көркем шығарма арқылы да тура көрінбейді. Өзінің ой-сезімін, идеясын кейіпкерлер арқылы береді. Авторды көркем туындыдан бөлек алуға болмайды. Себебі, көркем шығарманың құрылымы – композициясы, сюжеті, тартыс пен кейіпкерлер әлемі автордың ұстанымы арқылы көрінеді. Автордың көркемдік әлемі шығарманың көркемдік болмысын ашады. Әуезелеуші (автор) көркем мәтіндегі әрекетке өзін қатыстырмай, баяндаушы, әңгімелеуші қызметін атқарады. А.Байтұрсынов авторды әуезелеуші, толғаушы, жазушы, ақын, сарындаушы деп атаған. Ал, орыс әдебиеттануында баяндаушы (повествователь), әңгімелеуші (рассказчик), хроникашы (хроникер), әңгімелеуші-кейіпкер деп атаған. Көркем шығарма ішінде “автор тұлғасының” қатысуы кездеседі. Оның сөз қолданысында, көзқарасында авторлық сөз бетпердесі (маска) сезіледі. Яғни, шығарманы оқығанда онда автордың өзі сөйлеп тұрғандай әсер қалады. Негізінен, көркем шығармада “автор бейнесі” мен “автор жасаушы” бейнесі бір емес. Әрине, көркем туындыны жасаушы автор бірінші кезекте тұрады да, содан кейін барып шығарма ішінде автор бейнесі беріледі. Автор бейнесі - әдеби шығармадағы жазушының өз тұлғасын көру қалпы. Әр жанрдағы шығармаларда автор бейнесі әр түрлі дәрежеде әр қырынан аңғарылады. Эпикалі шығармаларда автор негізінен алғанда оқиғаны баяндаушы болады. Ал драмалық шығармада автор оқиғаның даму барысынан мүлде сырт тұрады. Поэзиялық шығармаларда автор, негізінен, лирикалық тұлға ретінде танылады. Лирикада ақынның ішкі сыры, сезімі, толғанысы яғни жеке авторлық тәжірибесі басқа жанрларға қарағанда айқын, анық бедерленеді. Өмір шындығын оқырман лирикалық тұлға позициясындағы автордың көзімен қарап, танып біледі. Лирикалық кейіпкер автордың өлеңмен жазылған тікелей өз көшірмесі емес, жинақтала келіп, белгілі бір нақтылы сипатты иеленген көркем бейне болып шығады.
