Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111111111111111111111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.04 Кб
Скачать
  • Беріктік қорының қандай шамаларында жабдық жұмысқабілетті деп есептеледі

Диагностикалау кезеңдерінде айқындалған және сыртай қарау бақылауында нақтыланған объектінің элементері мен телімдерін қалыңдық өлшеу мен дефектоскопияны пайдаланып, бөлшектемейтін әдістермен диагностикалайды. Қажет жағдайда материалдардың құрылымын зертеуді, химиялық құрамы мен механикалық қасиеттерін анықтауды жүргізеді. Көптеген жағдайларда тұрғысын зертеу объектіні күшсалмақпен беріктікке, орнықтылыққа және герметикалыққа сынаумен аяқталады. Сынау алдында анықталған ақауларды еске ала сәйкес тексерулік есептеулер жүргізеді.

Жабдықтар жұмыс қабілетті деп есептеледі, егер оның тасушы элементтерінің беріктік қоры төмендеді шамалардан жоғары болатын болса: пт= 1,5 — пластикалық топса жасалғанға дейінгі (ағымдық шегі бойынша) беріктік қоры; пв = 2,4 — беріктік шегі бойынша беріктік қоры;пк = 2,0 — кернеу қарқынының сыни коэффициенті бойынша беріктік қоры. Егер есептелген қорының коэффициенті белгіленген шамадан төмен болса, онда диагностикаланатын жабдықтың жұмысиық параметрлерін (қысымын, температурасын, шығынын) төмендетуге немесе пайдаланудан шығаруға шешім қабылдайды.

  • Бб құйынтоктық әдісі және құралдары

Бөлшектемейтін бақылаудың құйынды токтық түрі объектіге берілетін құйынды токтың электромагниттік өрісінің сыртқы электромагниттік өріспен өзара әсерлесуін талдауға негізделген. Берілетін токтың параметрлері бақыланатын объекттің электромагниттік және геометриялық сипаттамаларымен анықталады. Осы өзара әрекеттесуідің нәтижесі сыртқы да, және берілетін өрістің де шамасы мен сипаттамасына тәуелді. Бір немесе бірнеше индуктивтік катушкадан тұратын, бақылау объектісінде құйынды токты қоздыруға және электрлік сигналға объектінің параметрлеріне тәуелді электромагниттік өрісті электр сигналдарына айналдыруға арналған құрылғы құйынды токтық өзгерткіш деп атайды.

Құйынды токтар электрөткізгіш денеде магнит ағанының уақытқа байланысты өзгеруі есебінен болатын сыртқы магнит өрісінің өзгеруі, сондай-ақ электр өткізгіш дене мен магниттік ағынның салыстырмалы ауысуы нәтижесіне пайда болады. Құйынды токтар электрөткізгіш денеде тұйықталып, қарсы магнитты ағынды туындататын, сыртқы магниттік өріспен ілінісетін құйынды токтар электрлік контурды жасайды. өзгерткіштің индуктивтік катушкасын қоздыратын өлшеуші ЭҚК немесе толық электрлік кедергінің өзгеруі болады. Бұл өзгерістердің шамасы алғашқы ақпараттық параметрлер болып табылады. Оның шамасы бақылау объектісінің параметріне, сыртқы электромагнитті өрістің кернеулігінің шамасына НИ және бақылау объектісіне дейінгі қашықтықа а тәуелді. Қазіргі кезде өзгерткіштер құрылымдарының көптеген түрлері жасалған. Оларды келесі белгілері бойынша сыныптауға болады:

- бақылау объектісінің параметрлерін құйынды ток өзгерткішінің ену сигналдарына өзгеру типі бойынша;

- өзгерткіштердің катушкаларының байланысу тәсілдері бойынша;

- бақылау объектісіне қатысты өзгерткіштердің орналасуы бойынша.

Бірінші белгісі бойынша өзгерткіштерді параметрлік және трансформаторлық деп бөледі. Параметрлік өзгерткіштер, активті және реактивті кедергілері объектнің параметрлері мен оны бақылау шартына тәуелді, тек бір ғана қоздырушы катушкадан тұрады. Трансформаторлы құйынды ток өзгерткіші екіден кем емес индуктивті байланысқан катушкалардан (қоздырушы және өлшеуші) тұрады және бақыланатын параметрді өлшеуші катушканың ЭҚК ауыстырады.

Екінші белгісі бойынша құйынды токтық өзгерткіштерді абсолютті және деформацияланатын деп бөледі. Абсолютті деп сигналы бақыланатын объектнің параметрінің абсолютті мәнімен анықталатын құйынды токтық өзгерткіштерді, ал дифференциалдыда сигнал бақыланатын объектнің параметрлерінің өсімімен анықталады.

Орналасуына байланысты өзгерткіштерді өтпелі, жабыстырылатын және құрама деп бөледі. Ал кезегінде өтпелісі – сыртқы, ішкі, батырылатын және экрандық деп бөлінеді.

Құйынды токтық әдісті технологиялық жабдықтардың металл құрылымдарының кернеу концентрацияланатын аймақтарында, бірінші кезекте пісіру тігісінің жанындағы аймақтарда, сондай-ақ біліктерді, штоктарды, гильздерді және соларға ұқсас, шпонкалық паздары, галтелдері, ойықтары, бұрандалары және т.б. кернеу контрациялаушылары бар, бөлшектерді бақылау үшін пайдаланады. Онымен қоса бұл әдіс пісіру тігістеріннің өзін бақылауда қолданылмайды, сондықтан оны мұнай-газ өндірісінің ыдыстары мен аппараттарын диагностикалауда ультрадыбыстық, радиациялық немесе акустико-эмиссиялық әдістермен бірге пайдаланған тиімді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]