Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111111111111111111111.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.04 Кб
Скачать
  • .Техникалық диагностика қарастыратын мәселелер

Жабдықтардың күйлерінің түрлері және техникалық диагностиканың жүйесі. МЕМСТ 20911-89 екі терминдерді қарастырады: «техникалық диагностикалау» және «техникалық күйді бақылау». Техникалық диагностикалау – бұл кезде ілгеріде көрсетілген техникалық диагностикалаудың мәселелері тең дәрежелі немесе негізгі мәселе ақау орнын іздеу және істен шығудың себептерін анықтау. Техникалық күйді бақылаудағы техникалық диагностикалаудың негізгі мәселесі – техникалық күйдің түрін анықтау. Берілген уақыт сәтіндегі объектінің параметрлерінің шамасымен сипатталатын техникалық күйдің мынадай түрлері бар:

- ақаусыз – объект нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың барлық талаптарына сай келеді;

- ақаулы - объект нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарының ең кем дегенде біріне сай келмейді;

- жұмысқа қабілетсіз – объектінің берілген функцияны орындау қабілетін сипаттайтын параметрлерінің ең кемінде біреуі нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарына сай емес;

- шектік – қауіпсіздік талаптарына сай келмеуі немесе жұмыс тиімділігінің жөнге келмейтіндей төмендеуі себептерінен объектіні одан әрі пайдалану техникалық мүмкін емес немесе тиімсіз.

  • «Техникалық диагностика» мен «техникалық күйді бақылау» терминдерінің айырмашылықтары неде?

Техникалық диагностика – қазіргі кездегі техниканың дамуына байланысты кейінгі онжылдықта пайда болған жас ғылым. Мұнай мен газды өндіруде, тасымалдауда, өндіруде қолданылатын күрделі және қымбат техникалық жүйенің әлі де өсіп келе жатқан маңызы, олардың қауіпсіздігіне, істен шықпай жұмыс істеуіне және жұмыс істеуінің ұзақтығына талаптар жүйенің күйін бағалауды, оның сенімділігін өте маңызды етеді.

Диагностика, оның ішінде бөлшектемей бақылау әдістерімен, пайдаланушы ұжыммен де, өндіріс қауіпсіздігі сарапшыларының құрамына арнайы ұжымды (сәйкес лицензиясы бар) шақырып та жүргізілуі мүмкін. Потенциальды қауіпті өндіріс объектілерін бақылауды мемлекеттік бақылау органдары: ШЖМ, прокуратура, Минэнерго, Минатом және басқалар, әрқайсысы өз бөлігіне қатысумен жүргізеді.

Техникалық жүйенің күйі көптеген параметрлермен сипатталада. Жұмыс қабілеттілігі көптеген параметрлермен сипатталатын күрделі жүйелердң диагнотикалағанда қосымша проблемалар туындайды, атап айтқанда:

- жүйенің жұмыс қабілеттілігшін сипаттайтын негізгі диагностикалық параметрлердің аттарын анықтау және оларды бақылайтын техникалық құралдарды беру керек;

- осы параметрлердің жиынтығы бойынша жүйенің техникалық күйін бағалайтын алгоритмді және ЭЕМ-ына арналған сәйкес бағдарламалық өнімді жасау қажет.

  • Техникалық диагностиканың мақсаты

Техникалық диагностика – диагностикалық ақпаратты алумен және бағалаумен байланысты проблемалардың кең ауқымын қамтитын техникалық жүйенің күйін білу жөніндегі ғылым. Біздерді бұдан былай қызықтыратын объектілер: бұрғылау, мұнай-газ өндірісінің жабдықтары, мұнай-газ құбырлары және мұнай сақтау орындары.

Техникалық диагностиканың мақсаты – диагностика жасалатын жабдықтардың одан әрі пайдаланудың мүмкіндіктері мен шарттарын анықтау, ақырында олардың өндірістік және экологиялық қауіпсіздігін арттыру. Осы мақсатқа жетудегі техникалық диагностиканың міндеттері мыналар:

- ақаулар мен сәйкес келмеушіліктерді, олардың пайда болу себептерін анықтау және осылардың негізінде жабдықтың техникалық күйі жөнінде мәлімет алу;

- жабдықтардың техникалық күйлері мен қалдық ресурстарын болжау (жабдықтың жұмыс қабілеттілік күйі сақталатын уақыт интервалын берілген ықтималдылықпен анықтау).

Сонымен техникалық диагностика, көбісі басқа ғылыми пәндердің қарастыратын мәселелерімен сабақтас, мәселеллердің үлкен шеңберін шешеді. Техникалық диагностиканың негізгі проблемасы шектеулі ақпарат жағдайында техникалық жүйенің күйін анықтау.

ТоТозу. Үйкеліс денелердің жанасушы беттерінің өзара орыналасуы кезінде пайда болатын кедергі. Кинематикалық белгілеріне байланысты үйкеліс сырғанау үйкелісі және тербелу үйкелісі болып бөлінеді. Үйкелістер үйкелісетін беттердің жағдайына қарай : құрғақ үйкеліс, сұйықтық үйкеліс және шекаралық үйкеліс болып бөлінеді. Құрғақ үйкеліс енгізілген майлау материалдары жоқ кездегі екі қатты дененің үйкелісі. Сұйықтық үйкеліс көлемдік қасиеттері байқалатын сқйық қабатымен бөлінген екі дененің арасында пайда болатын салыстырмалы қозғалыстарына кедергі құбылыс. Шекаралық үйкеліс үйкелісетін беттерде көлемдік қасиеттернен басқа қасиеттері байқалатын сұйық қабаты бар кездегі екі қатты дененің үйкелісі.

Үйкелу процесіне механикалық, физикалық, химиялық, жылулық және электрлік факторлар әсер етеді. Олардың әртүрлі қосылымдары қажалудың әртүрлі түрлеріне әкеліп соғады. Қажалу үйкеліс кезінде материалдың үйкелесетін беттерінінен бөлінулер және (немесе) оның қалдық майысуы түрінде білінітен дененің өлшемінің біртіндеп өзгеру процесі. Тозу материалдың бөлінуі немесе қалдық майысуы түрінде білінетін қажалудың нәтижесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]