Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111111111111111111111.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.04 Кб
Скачать
  • Сұйықтың мөлшерін шапшаң есептеуіштерінің әрекет принципі және құрылымдары

Жылдамдықты (турбиналы) шығынөлшеуіш (11.2-сурет, а) көпжүрісті (4..6) ену винті болып келетін турбинадан (айналғыштан) 1, иректік берілістен 2 және ағындағы турбинаның айналу жыодамдығын өлшеуші аспапқа немесе түрлендіргішке жеткізуші білікшеден 3 тұрады. Мысал ретінде ВСТ типіндегі су есептеуішінің құрылымы көрсетілген.

Турбина типті су есептеуіші үш негігі бөліктен: корпустан, өлшеу блогынан 21, есептеуші құрылымнан 4 тұрады. Өлшеу блогі өлшеу камера-кронштейні 10 орантылатын кронштейн фланецінен 19, реттеуіштен, айналысты жеткізу механизмінен 28 тұрады. Өлшеу камера-кронштейні су ағынының жылдамдығын турбина 14 айналысына түрлендіруге арналған. Ол есептеуіш құрылыммен бір уақытта орнатылады және бекітіледі және ағынтүзеткіштен 15, өлшеу камера-кронштейінінен 10, өсті 11 турбинадан 14 тұрады. Ағынтүзеткіш ағынды түзетуге және оны турбина қалақшаларына бағыттауға арналған. Винтті қалақшалы аксиальдық турбина 14 сығанау мойынтіректерінде 32 айналатын өспен 11 қатаң байланысқан.

Айналысты жеткізу механизмі турбина білігіне қатаң орнатылған пласмасса иректік дөңгелектен 31, шетінде магниттік жартыжалғастырғыш 8 қатаң орнатылған иректік дөңгелектің 29 вертикаль білігінен тұрады.

Есептеуіш құрылым 4 қаптамадан 3, магнит экраннан 35, магниттік жартыжалғастырғыштан 8, төмендеткіштен, алты цифрлық роликтен, екі төртжебелі индикатордан, магниттен 41 және бергіштер түйінінен 1 тұрады.

Вертикаль біліктің 29 айналу жылдамдығы магниттік жартыжалғас-тырғыштарға және төмендет-кіштің тісті дөңгелегіне беріледі. Төмендеткіштің тісті дөңгелегң цифрлы роликтерді, цифрлы жебелерді және орындаушы органдарға берілетін сигнал-дарды қалыптастыратын магнитті басқарылулы түйіспелі магниткі 41 қозғалысқа келтіреді.

Қарастырылған есептеуіштер ашық және жабық жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің кері және тура беруші құбырөткізгіштерінде, қысымы 1,6 МПа дейінгі, температурасы 5...1500С, су шығыны 0,03...1200 м3/сағ, сезімталдық табалдырығы 0,01...8 м3/сағ суық және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі шығындардың көлемдерін, желілік суды СНиП 2.04.07-86 бойынша және ауыз суды МЕМСТ 2874-82 бойынша, арналған.

  • Сыйымдылықтық, ультраакустикалық және радиациялық деңгей өлшеу құралдарының әрекет принциптері және құрылымдары

Деңгейді өлшеудің сыйымдылық әдісі сұйығы бар резервуардың ішіне орналастырылған арнайы конденсатордың электр сыйымдылығын өлшеуге негізделген, оның деңгейіне тәуелді. Деңгейі сыйымдылық әдісімен өлшенетін сұйықтардың электрлік сипаттамаларына тәуелді, оларды электр өткізбейтін және электр өткізетін деп бөледі.

Сұйықтың деңгейінің өзгеруімен бірге электродтың бату тереңдігі де өзгереді, бұл Сд сыйымдылығының өзгерісіне келтіріп, көпір теңдігін бұзады. Сұйықтың деңгейіне пропорционал теңдік бұзылу сигналы шығу кернеуі екіншілікті аспаппен ВП (потенциометрмен немесе амперметрмен) өлшенетін күшейткіштің кірісіне беріледі. Өлшеу диапазоны электродтың типіне, оның ұзындығына, өлшенетін сұйықтың сипаттамаларына тәуелді.

Ультраакустикалық әдіс. Ультраакустикалық деңгейөлшеуіштер (12.4-сурет) улы және жарылысқауіпті орталармен байланысты, сондай-ақ жоғарға температура мен қысым жағдайында болатын технологиялық процестерде қолданыс тапты.

Бұл типтегі өлшеу және бақылау құралдарының әрекеті ультрадыбыстық тербелістердің іс жүзінде кез-келген қалыңдықтағы металл қабырғалардын өтіп, орталардың шекарасынан шағылысу қасиетіне негізделген. Бұл қасиет екі нұақада іске асырылады. Дыбыс жылдамдығы температураға тәуелді болғандықтан, деңгейді өлшеу кезіндегі температуралық қателікті түзету үшін температуралық қайтарымдарды қолданады. Ультраакустикалық өлшеуіштердің қателігі 1-ден 15 м дейінгі өлшеу диапазонында 2,5%-дан аспайды.

Сұйықтың деңгейін өлшеудің радиациялық әдісі 12.5-суретте көрсетілген.

Радиоизотоптық бастау Из, мысалы кобальттық 80Со, резервуардың жоғарғы жағына, ал бірнеше пласмасса сцинтилляторлардан, жарық коллекторынан және жалпы көрсетіп тұрушы құрылымнан тұратын детектор Дет – төменгі жағына орналастырылады. Детектордан сигналдар күшейткішке У және есептеуші құрылымға ОУ беріледі. Сұйықтың деңгейі Х өзгергенде детектор секундына қабылдайтын импульстерсаны да өзгереді. Бұл әдіспен жұмыс істейтін деңгейөлшеііштердің қателіктері азғана (2...3%-дан аспайды), бірақ сәуле шығарудан қорғануды талап етеді. Олар сұйықтың, еріген металдар мен пласмассалардың да, деңгейлерін жанаспай арақашықтықтан жанаспай өлшеуге арналған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]