- •Ағындауды іздеу
- •Аэ сигналдардың бастауларының сыныптамасы
- •Бқ диагностикалау кезінде орындалатын жұмыстар
- •Бөлшектемейтін бақылаудың түрлері.
- •Бөлшектенбейтін бақылау, электрлік әдісі және құралдары
- •Бб капиллярлық әдісі
- •. Бқ диагностикалау кезінде орындалатын жұмыстар
- •Бб акустико-эмиссиялық (аэ) әдісі және оның түрлері
- •Беріктік қорының қандай шамаларында жабдық жұмысқабілетті деп есептеледі
- •Бб құйынтоктық әдісі және құралдары
- •Деңгей өлшеудің манометрлік құралдарының әрекет принципі және құрылымдары
- •Дифференциальдық манометрлер және олардың әрекет принциптері
- •Дірілдік диагностика
- •Дірілдік диагностиканың қолданылуы
- •Дірілдік диагностика кезінде қолданылатын құралдар
- •Дірілдің параметрлерін бақылау пайдаланылатын әдістер
- •Дірілдік диагностика кезінде қолданылатын құралдар
- •Герметикалық деген не?
- •Герметикалықтың бұзылу себептері
- •Герметикалыққа сынау кезінде қолданылатын заттар
- •Герметикалықты бақылау тәсілдері
- •Газдар мен сұйықтардың құрамы мен физико-химиялық қасиеттері
- •Капиллярлық әдісітің сыныптамасы
- •Қалдық ресурсты бағалау әдістер.
- •Қысымның шамаларын өлшеу әдістерінің негіздері
- •Қалытқылы деңгейөлшеуіштердің артықшылықтары мен кемшіліктері
- •Машиналар мен жабдықтардың ақауларының түрлері
- •Мұнай-газ өндірісіндегі ескіру процестерінің түрлері
- •Мұнай-газ өндірісіндегі ескіру процестерінің түрлері
- •Машиналар мен жабдықтардың сапасы мен сенімділігі
- •Масс-спектрометрлік әдіс неге негізделген
- •Масс-спектрометрлік әдіспен бақылау кезінде қолданылатын құралдар
- •Металл сынамаларын таңдау және оның қасиеттері жөнінде ақпараттар алу тәсілдері
- •Машина жасауда сұйықтың деңгейін өлшеу мен сигналдаудың әдістері мен құралдары
- •Ротаметрдің әрекет принципі және құрылым
- •Ротордың дірілдеуін азайту тәсілдері
- •Ротордың дірілдік белсенділігіне әсер ететін ақауларақаулар
- •Ротордың теңдеспеушілігінің түрлері
- •Сырттай қарап бақылаудың ерекшеліктері
- •Сұйықтар мен газдардың шығындарын бақылау және өлшеу әдістерімен және құралдар
- •Сұйықтың мөлшерін шапшаң есептеуіштерінің әрекет принципі және құрылымдары
- •Сыйымдылықтық, ультраакустикалық және радиациялық деңгей өлшеу құралдарының әрекет принциптері және құрылымдары
- •Сырттай қарау-оптикалық бақылау
- •Сырттай қарау-оптикалық бақылауында қолданылатын аспаптар
- •.Техникалық диагностика қарастыратын мәселелер
- •«Техникалық диагностика» мен «техникалық күйді бақылау» терминдерінің айырмашылықтары неде?
- •Техникалық диагностиканың мақсаты
- •Техникалық диагностикалаудың алгоритм
- •Ультрадыбыстық бақылау құралдары
- •Ультрадыбыстық тербелістерді алу және енгізу тәсілдері
- •. Ультрадыбыстық бақылау құралдары
- •Істен шағылар және олардың түрлері
- •Электрлік манометрлер мен вакуумметрлердің әрекет принципі және құрылымы
- •Электржабдықтарының, негізгі және көмекші механизмдердің жұмыстарын бақылау
Қысымның шамаларын өлшеу әдістерінің негіздері
Қысымды өлшеуінің деформациялық құралдары бақыланатын ортаның қысымының немесе вакуумының сезімтал элементке түсіретін күшін, әртүрлі типтегі серпімді элементтердің серіппелік деформацияның күшімен теңгеруге негізделген. Бұл деформация сызықты немесе бұрыштық орын ауысу түрінде тіркеуші құрылғыға беріледі (көрсететін немесе өзі жазатын) немесе қашықтан беруге арналған электрлік (пневматикалық) сигналға түрлендіріледі. Сезімтал элемент ретінде бір орамдық түтіктік серіппелерді (10.2-сурет, а), көп орамдық түтіктік серіппелерді (10.2-сурет, б), серпімді мембраналарды (10.2-сурет, в), серпімді мембраналы қораптарды (10.2-сурет, г,д), қосарланған серпімді мембраналы қораптарды (10.2-сурет, е,ж), иілгіш мембраналы серіппе-мембраналарды (10.2-сурет, з), сильфондарды (10.2-сурет, и) және серіппелі-сильфондарды (10.2-сурет, к) қолданады. Мембрананы, сильфондарды және түтіктік серіппелерді дайындау үшін жеткілікті жоғары серіппелікпен, антикоррозиялықпен, температураның өзгеруіне параметрлері аз тәуелді қола, латунь, хромды-никельдік қоспалар қолданады.
Қалытқылы деңгейөлшеуіштердің артықшылықтары мен кемшіліктері
Қалтқылық әдіс. Құтыдағы атмосфералық қысымдағы сұйықтық деңгейін бақылайтын қарапайым деңгейөлшегішке – қалтқылық деңгейөлшеуіш жатады. Төменде,12.1-суретте, (а) сұйықтың 4 бетінде қалқып тұратын, қалтқылы 1 механикалы деңгейөлшеуіштің құрылымы берілген. Қалтқының 1, демек онымен байланысқан теңгергіштің 2 қалпы шкалаға 3 қатысты сұйықтың деңгейін анықтайды.
12.1-сурет – Сұйықтың деңгейін өлшеудің қалтқылық әдістері
Резервуардағы сұйықтың көбейіп-азаюына байланысты қалтқы және онымен бірге теңгергіш те жоғары-төмен жылжиды. Тәжірибеде сұйыққа жартылай батырылған қалтқы-буектер көп қолданылады (12.1-сурет, б). Буек (қалтқы) 6, иінтірек 2 пен серіппеге1 ілініп тұрады. Сұйықтың деңгейі өзгерген кезде, буектің де сұйыққа бату деңгейі, сонымен бірге буектің массасы әсерінен серіппенің 1 де созылу күші өзгереді. Соның арқасында әрбір деңгейге буектің белгілі бір қалпы сай келеді. Буектің жылжуы иінтірек 2 арқылы шкала 3 бойынша сұйықтың деңгейін көрсететін жебе 4 орналасқан өске 5 беріледі. Сызықтық немесе бұрыштық жылжуға түрлендірілетін буектің немесе қалтқының қалпы көрсетуші аспапқа берілуі немесе қашықтыққа берілу үшін электр сигналына айналдырылуы мүмкін. 12.1-суретте (в) қалтқылы электрлік деңгейөлшеуіштің сұлбасы көрсетілген. Онда сұйықтың белгілі бір деңгейі Х қалтқының және өлшеуші көпірдің R1...R4 түрлендіргіш потенциометрінің көмегімен кедергілері Rк1 и Rk2 магнитоэлектрлік логометрде көрсетіліп қалады. Деңгейөлшеуіштің түрлендіргіші көпірлік сұлбаға бір уақытта көпірдің екі көрші иықтары өзгеретіндей етіп қосылады. Бұндай сұлбада температуралық қайтарымға (компенсацияға) қол жеткізіледі.
Машиналар мен жабдықтардың ақауларының түрлері
Ақаулау әдістері: сырттай тексеру және соғып көру, сәйкес өлшеу приборларын пайдаланып өлшеу және жасырын ақауларды табуға арналған бөлшектемей тексерудің арнайы құралдарын пайдалану. Төменде бөлшектердің жасырын ақауларын анықтау әдістері келтірілген.
Капиллярлық әдіс бөлшекті жақсы майлайтын сұйықтардың жарықтарға, кеуектерге және де басқа беттік тұтас еместіктерге кіруіне негізделген.
Мұқият тазаланған жергеқыздырылған маймен (машина майы немесе керосин) жағады да, онда 5 мин ұстайды. Сонан кейін бетті мұқият сүртеді, бор жағып, кептіреді. Осылардан кейін дейін қыздырады. Жарықтар бар болса май бордың сыртына шығып, олардың пішінін көрсетеді.
Түстік
ақаулау. Тексерілетін жерді кірден
және майдан тазалайды, сонан соң
температурасы
жоғары
бензолдан,
трансформатор майынан және 10г бояудан
(жасыл-сары дефектолдан) тұратын қою
қызыл бояғышпен жабады. Бояғышты
бүріккішпен немесе қылқаламмен 2 қайтара
жағады. Екінші қайтара бояуды жаққан
соң оны май-керосин қоспасына (30% керосин
және 70% трансформатор майына) батырылған
шүберекпен сүртіп тастайды. Содан кейін
жұмсақ қылқаламмен жасырын ақаулардан
бояуды тез тартып алатын ақ түсті тез
кебетін ақ қоймалжыңды жағады. Сонда
бірінші үлкен ақаулар, ал сонан соң
кішілеу ақаулар байқалады.. Бұл сұйық
кірден және майдан тазаланған жерге
жағылады. Сонан соң құрғатып сүртіп,
сығылған ауамен кептіреді. Сонан кейінгі
азғана қыздырып сұйықтың ақаудан шығуын
жеңілдетеді. Сол кезде ультракүлгін
сәулелермен жарықтандырса сұйық
жасылсары түсті жарық шығарады.
Магниттік ақаулау. Магниттендірген кезде тексеретін бөлшектегі жарықтар, магнит азғантай өтетін учаскелер жасап, магнит ағынын шашырауға мәжбүр етеді. Шашырау аймақтарында полюстер пайда болады. Егер осындай беттерге магнит тартқыш материал ұсақтарын сепсе, ол магнитке тартылып, ақаудың пішінін көрсетеді.
Ультрадыбыстық ақаулау ультрадыбыстық тербелістердің бұйымның материалына тереңдей еніп,материал тұтастығының себептері болып табылатын ақаулардан шағылысы қасиеттеріне негізделген. Ультрадыбыстық тербелістер (УДТ) деп жиілігі 20 кГц-тен жоғары болатын серпімді механикалық тербелістерді айтады.УДТ тарату және қабылдай үшін кварц, литий сульфаты және басқа материалдар монокристалынан жасалған пьезоэлектрлік түрлендіргіш-тілікшелерді пайдаланады. Пьезоэлементті электр өрісіне енгізгенді шамасы мен бағыты электр өрісінің параметрлеріне тәуелді пьезоэлементе серпімді деформация пайда болады. Бөл процесс қатаң қайтымды болып табылады, яғни, егер пьезоэлементке белгілі заңдылықпен өзгеретін айнымалы кернеу әсер етсе, онда пайда болатын электр кернеуі де осы заңдылыққа бағынады. Бұл құбылысты пьезоэлектрлік әсер деп атайды.УДТ қысаң бағытталған шоғыр түрінде тарайды. Олар шағылысады, сынады, фокустеледі.Ол әртүрлі акустикалық кедергілі екі фазаның шекарасына түскен кезде, УДТ-ның бір бөлігі шағылысады, бұл кезде түсу бұрышы шағылысы бұрышына тең, ал қалған бөлігі екінші ортаға өтіп, онда сынады. УДТ-ның бағыттылығы және екі ортаны бөлетін шекарадан шағылысу қасиеті материалдардағы жарықты, қатпарлануды, кеуекті, газ және қож қосылымдарын анықтауға және бөлшектің қалыңдығын өлшеуге пайдаланылады
