Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИС химия каз П Н №2.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
464 Кб
Скачать
☆

«Жалпы медицина» мамандығына арналған

№2 Аралық бақылау сұрақтары

«Химия» пәні, 1 курс

Органикалық қосылыстардың құрылысының теориялық негіздері және реакциялық қабілетін анықтайтын факторлар. Көмірсутектер.

        1. Органикалық қосылыстардың құрамы. Органикалық қосылыстардың көміртек қаңқасы бойынша және функционалды топтардың табиғаты бойынша жіктелуі. Функционалды топтар, органикалық радикалдар. Органикалық қосылыстардың кластары.

        2. Органикалық молекулалардағы атомдардың өзара әсері және оның берілу қабілеті. Байланыстардың поляризациялануы және электрондық эффектілер (индуктивті және мезомерлі). Ашық тізбекті қабысқан жүйелер (бутадиен, изопрен, витамин А). Электронодонорлы және электроноакцепторлы орынбасарлар.

        3. Субстрат, реагент, реакциялық орталық түсініктері. Органикалық қосылыстарда ковалентті байланыстың үзілу түрлері және бос радикалды бөлшектердің түзілуі (гомолиттік үзілу). Карбкатиондар және карбаниондар (гетеролиттік үзілу). Реагенттердің түрлері: радикалдық, электрофилдік, нуклеофилдік, қышқылдық, негіздік.

        4. Органикалық реакциялардың нәтижелері бойынша жіктелуі (орынбасу, қосылу, элиминирлену, қайта топтасу, тотығу-тотықсыздану) және механизмі бойынша– радикалды, иондық (электрофилдік және нуклеофилдік).

Алкандардың, алкендердің, арендердің құрылысы, реакциялық қабілеті.

        1. Алкандардың құрылысы, реакциялық қабілеті. Бос радикалды орынбасу реакциялары: көміртек атомы Sp3– гибридтелген С-Н байланыстың қатысуымен гомолиттік реакциялар.

        2. Алкендердің құрылысы, реакциялық қабілеті, электрофилді қосылу реакциялары: көміртек атомы Sp2- гибридтелген -байланыстың қатысуымен гетеролиттік реакциялар.

        3. Алкендерді гидрогалогендеу және гидратациялау реакцияларының механизмі. Қышқылдық катализ. Реакциялардың региоселективтілігіне статикалық және динамикалық факторлардың әсері. Марковников ережесі.

        4. Арендердің құрылысы, реакциялық қабілеті. Тұйық тізбекті қабысқан жүйелер. Ароматтылық. Электрофилді орынбасу реакциялары: ароматты жүйенің -электрондық бұлтының қатысуымен гетеролиттік реакциялар.

        5. Ароматы қосылыстардың галогендеу және алкилирлеу реакцияларының механизмі. Электрофильді орынбасу реакцияларында ароматты ядродағы орынбасарлардың реакциялық қабілетке әсері.

Көмірсутектердің функционалды туындылары. Құрылысы мен реакциялық қабілетінің негіздері.

        1. Органикалық косылыстардың қышкылдығы мен негіздігі. Бренстед теориясы. Қабысқан қышқылдар мен негіздер. Сутектік байланыс қышқылдық-негіздік қасиеттердің арнайы көрсеткіші ретінде.

        2. Спирттердің, фенолдардың, тиолдардың және аминдердің реакциялық қабілеті. Sp3– гибридтелген көміртек атомының нуклеофилді орынбасу реакциялары: көміртек-гетероатом (галогентуындылар, спирттер) сигма-байланысының поляризациялануын сипаттайтын гетеролиттік реакциялар.

        3. Спирттердің, фенолдардың, тиолдардың, сульфидтердің, аммиактың және аминдердің алкилирлеу реакциялары. Гидроксилді топтың нуклеофилді орынбасуында қышқылдық катализдің ролі. Алкилдеуші реагенттер (галоген туындылары, спирттер, фосфор қышқылының эфирлері, алкилсульфонды қосылыстар). Алкилирлеу реакцияларының биологиялық ролі.

        4. Көп атомды спирттер: этиленгликоль, глицерин. -диолдық фрагментке сапалық реакция ретінде хелаттық комплекстердің түзілуі. Көп атомды спирттердің күрделі эфирлерінің бейорганикалық қышқылдармен реакциялары (нитроглицерин, глицерин фосфаттары).

        5. Екі атомды фенолдар: гидрохинон, резорцин, пирокатехин. Екі атомды фенолдардың тотығуы. Гидрохинон-хинон жүйесі, антиоксиданттар.

        6. Спирттердің, тиолдардың, карбонилді қосылыстардың (альдегидтердің, кетондардың), аминдердің тотығу реакциялары.

        7. Карбонилді қосылыстардың (альдегидтердің, кетондардың), иминдердің, дисульфидтердің тотықсыздану реакциялары.

Альдегидтер және кетондар.

        1. Sp2- гибридтелген көміртек атомының (альдегидтер, кетондар) нуклеофилді қосылу реакциялары. Карбонилді қосылыстардың (альдегидтердің, кетондардың) сумен, спирттермен, тиолдармен, біріншілік аминдермен реакциялары. Электрондық және кеңістіктік факторлардың әсері. Қышқылдық катализ ролі; Нуклеофилік қосылу реакцияларының қайтымдылығы. Ацеталь және иминдердің гидролизі.

        2. Альдольдік қосылу реакциялары. Негіздік катализ. Енолят-ионының құрылысы. Альдольдік ыдырау альдольдік қосылудың қайтымды реакциясы ретінде. Осы процестердің биологиялық мәні.

Карбон және дикарбон қышқылдары.

        1. Sp2- гибридтелген көміртек атомының (карбон қышқылдары және функционалдық туындылары) нуклеофилді орынбасу реакциялары.

        2. Карбон қышқылдарының функционалдық туындылары (хлорангидридтер, ангидридтер, карбон қышқылдар, күрделі эфирлер, күрделі тиоэфирлер).

        3. Ацилирлеу реакциялары –ангидридтердің, күрделі эфирлердің, күрделі тиоэфирлердің, амидтердің түзілуі. Ацилдеуші реагенттер (хлорангидридтер, ангидридтер, карбон қышқылдары, күрделі эфирлер, күрделі тиоэфирлер), осы реагенттердің салыстырмалы активтілігі. Ацилфосфаттар және ацилкофермент А – табиғи макроэргиялық ацилдеуші реагенттер. Ацилирлену реакцияларының биологиялық ролі.

Гетерофунциональные органические соединения.

        1. Гидрокси-, оксоқышқылдар. Стереоизомерия, таутомерия. Бір негізді (сүт,  және -гидроксимай), екі негізді (алма, шарап), үш негізді (лимон) гидроксиқышқылдар. гидрокси-, оксо-, фенолоқышқылдардың реакциялық қабілеті.

        2. Гидроксиқышқылдардың және α-аминоқышқылдардың стереоизомериясы. Асимметриялық көміртек атомы хиральді орталық ретінде. Бір хиральді орталығы бар молекулалардың стереоизомериясы (энантиомерия). Оптикалық активтілік. Глицерин альдегиді конфигурациялық стандарт ретінде. Фишердің проекциялық формулалары. Стереохимиялық номенклатураның D- және L- жүйесі. Салыстырмалы және абсолютті конфигурациясы.

        3. Екі (шарап қышқылы) және одан да көп хиральді орталығы бар молекулалардың стереоизомериясы: энантиомерия, диастереомерия. Мезоформалар. Рацематтар. Кеңістіктік құрылыстың биологиялық активтілікпен байланысы.

        4. Аминоспирттер: аминоэтанол (коламин), холин, ацетилхолин. Аминофенолдар: дофамин, норадреналин. Осы қосылыстардың және олардың туындыларының биологиялық ролі туралы түсінік.

        5. Гидрокси- және аминоқышқылдар. альфа-гидрокси- және бета- және гамма-аминоқышқылдардың элиминирлену реакциялары. Лактамдар. Лактондар.

        6. Альдегидо- және кетоноқышқылдар: глиоксил, пирожүзім, ацетосірке, қымыздықсірке, -кетоглутар қышқылдары. -кетоноқышқылдарджың декарбоксилдену және -кетоноқышқылдардың тотығып, декарбоксилдену реакциялары. Кето-енолдық таутомерия.

        7. Бензол ядросының гетерофункционалды туындылары дәрілік заттар ретінде. Салицил қышқылы және оның туындылары (ацетилсалицил қышқылы, фенилсалицилат). Пара-аминобензой қышқылы және оның туындылары (анестезин, новокаин). Пара-аминобензой қышқылының биологиялық ролі. Сульфанил қышқылы және оның амиді (стрептоцид). Сульфаниламидті препараттар.

α-Аминоқышқылдар. Пептидтер. Ақуыздар.

        1. α-аминоқышқылдардың құрылысы, жіктелуі, номенклатурасы. Ақуыздың құрамына кіретін аминоқышқылдар. Құрылысы, номенклатурасы. Стереоизомерия. Қышқылдық-негіздік қасиеттері, биполярлы құрылысы.

        2. Әртүрлі белгілеріне байланысты α-аминқышқылдарының жіктелуі: радикалдың және оны құрайтын орынбасарлардың химиялық табиғаты бойынша (алифатты, ароматты, гетероциклді; гидроксилді, карбоксилді немесе амидті топтар, аминотоп; күкірт құрамды); радикалдардың полярлығы; қышқылдық-негіздік қасиеттері бойынша.

        3. Кетоқышқылдардан -аминоқышқылдардың түзілуінің биосинтетикалық жолдары: тотықсызданып аминдеу реакциялары және трансаминдеу реакциясы.

        4. -аминоқышқылдарының химиялық қасиеттері гетерофункционалды қосылыстар ретінде. Ішкі комплексті тұздардың түзілуі. Этерификация, ацилирлеу, алкилирлеу реакциялары, иминдердің түзілуі. Азотты қышқыл мен формальдегидпен әрекеттесуі, осы реакцияларды амин қышқылдарының анализі үшін мәні.

        5. -аминоқышқылдарының биологиялық маңызды реакциялары. Дезаминдеу (тотықтырмай және тотықтырып) реакциялары. Гидроксилдеу реакциялары. -аминоқышқылдарының декарбоксилденуі – биогенді аминдердің және биореттеуіштердің (коламин, гистамин, триптамин, серотонин, кадаверин, -аланин, -аминомай қышқылы) түзілу жолы.

        6. Пептидтер. Пептидті топтың электрондық және кеңістіктік құрылысы. Пептидтердің қышқылдық және сілтілік гидролизі.

        7. Ақуыздар, құрылысы, жалпы қасиеттері, жіктелуі. Ақуыздардың біріншілік құрылымы. Жартылай және толық гидролиз. Күрделі ақуыздар туралы түсінік.

Көмірсулар.

        1. Көмірсулар. Моносахаридтер. Стереоизомерия. Моносахаридтердің жіктелуі. Альдоздар, кетоздар; триоздар, тетроздар, пентоздар, гексоздар.

        2. Моносахаридтердің стереоизомериясы. D және L-стереохимиялық қатары. Ашық және циклді формалары. Фишердің формулалары және Хеуорстың формулалары. Фуранозалар және пиранозалар; - және -аномерлер. Цикло-оксо-таутомерия. Моносахаридтердің пиранозалық формаларының конформациясы. Пентоздардың (рибоза, ксилоза); гексоздардың (глюкоза, манноза, галактоза, фруктоза); дезоксисахаралардың (2-дезоксирибоза); аминосахаралардың (глюкозамин, маннозамин, галактозамин) маңызды өкілдерінің құрылысы.

        3. Моносахаридтердің циклді формаларындағы аномерлі орталықтың нуклеофилді орынбасуы. O- және N- гликозидтер. Гликозидтердің гидролизі. Моносахаридтердің фосфаттары. Аминосахарларды ацилирлеу.

        4. Моносахаридтердің тотығуы. Альдоздардың тотықсыздану қасиеттері. Гликон, гликар, гликурон қышқылдары.

        5. Моносахаридтердің тотықсыздануы (ксилит, сорбит, маннит, дульцит). Альдоздар мен кетоздардың өзара айналымы (эпимеризация).

        6. Олигосахаридтер. Дисахаридтер: мальтоза, целлобиоза, лактоза, сахароза. Құрылысы, цикло-оксо-таутомерия. Тотықтырғыштық қасиеттері. Гидролиз.

        7. Гомополисахаридтер: крахмал (амилоза және амилопектин), гликоген, целлюлоза. Екіншілік құрылым туралы түсінік (амилоза).

        8. Гетерополисахаридтер: гиалурон қышқылы, хондроитинсульфаттар. Біріншілік құрылым. Гепариннің құрылысы туралы ұғым. Аралас көмірсу құрамды биополимерлер туралы түсінік. Гликопротеиндер.

        9. Гексоздардың пиранозалық формаларының конформациясы. О и N-гликозидтер. Гликозидтердің гидролизі. Аминосахарлардың ацилирленуі.

Липидтер. Сабындалатын және сабындалмайтын липидтер.

        1. Сабындалатын липидтер. Табиғи майлар триацилглицериндердің қоспасы ретінде. Липидтердің құрамына кіретін негізгі табиғи жоғары май қышқылдары: пальмитин, стеарин, олеин, линол, линолен, арахидон қышқылдары. Липидтердің балқу температурасының шамасымен қышқылдардың қанығу дәрежесінің өзара байланысы.

        2. Фосфолипидтер. Фосфатидті қышқылдар. Фосфатидилэтаноламиндеры (коламинкефалиндер), фосфатидилсериндер (серинкефалиндер), фосфатидилхолиндер (лецитиндер) – клеткалық мембраналардың құрылымдық компоненттері. Гликолипидтер, түсінігі.

        3. Стероидтар. Олардың биологиялық ролі туралы түсінік. Стериндер. Холестерин. Эргостерин. Олардың Д тобының витаминдеріне айналуы. Өт қышқылдары. Хол қышқылы. Гликохол қышқылы. Таурохол қышқылы. Стероидты гормондар (эстрон, тестостерон, кортикостерон, преднизолон) туралы түсінік.

Биологиялық маңызды гетероциклді қосылыстар. Бес – және шалты мүшелі бір және екі гетероатомды гетероциклдер. Алкалоидтар. Нуклеотидтер және олардың туындылары. Нуклеин қышқылдары. Алкалоидтар.

        1. Бір гетероатомды гетероциклдер. Пиррол, индол, пиридин, хинолин. Ароматтылық. Қышқылдық-негіздік қасиеттері. Пирролдық және пиридиндік азот атомының злектрондық құрылысы.

        2. Бірнеше гетероатомды гетероциклдер. Пиразол, имидазол, пиримидин, пурин. Мысалға имидазолдың таутомериясы. Гидроксипуриндер (гипоксантин, ксантин, несеп қышқылы). Бес – және шалты мүшелі бір және екі гетероатомды гетероциклдердің химиялық қасиеттері. Пиррол, пиразолон туындылары. Пиридиннің биологиялық маңызды туындылары – никотинамид, пиридоксаль.

        3. Конденсирленген гетероциклдер. Нуклеин қышқылының құрамына кіретін нуклеиндік негіщздер. Пиримидиндік (урацил, тимин, цитозин) және пуриндік (аденин, гуанин) негіздер. Ароматты қасиеттері. Лактим-лактамды таутомерия. Дезаминдеу реакциялары.

        4. Нуклеозидтер. Нуклеидік негіздің көмірсу қалдығымен байланысының сипаты, гликозидті орталықтың конфигурациясы. Нуклеозидтердің гидролизі.

        5. Нуклеотидтер. Нуклеин қышқылдарын түзетін мононуклеотидтердің құрылысы. Номенклатурасы. Нуклеотидтердің гидролизі.

        6. Нуклеин қышқылдары. Нуклеин қышқылдарының біріншілік құрылымдары. Фосфодиэфирлі байланыс. Рибонуклеин және дезоксирибонуклеин қышқылдары. РНҚ и ДНҚ нуклеотидтік құрамы. Нуклеин қышқылдарының гидролизі.

        7. Нуклеозидмоно- және полифосфаттар. АМФ, АДФ, АТФ. Нуклеозидциклофосфаттар (ЦАМФ). Макроэргиялық қосылыстардың және клеткаішілік биореттеуіштердің қызметін орындауға мүмкіндік беретін осы нуклеотидтердің құрылысының ерекшеліктері.

        8. Алкалоидтар туралы түсінік. Никотин, кофеин, морфин, хининнің құрылысы туралы ұғым.

Есептер мен жаттығулар

1.Қосылыстардағы NH3, N 2O, HNO2, NO2, N2O5 азот элементінің эквивалентін анықтаңдар. Қосылыстардағы N 2O, HNO2, N 2O5 азот элементінің молярлық массаларын есептеңдер.

2. Қосылыстардың H 3PO4, H 2CO3, Al(OH)3, Cr 2O3, K 2СrO4, Fe 2(SO 4)3 эквиваленті мен эквивалентік молярлық массасын есептеңдер.

3. Реакция теңдеуі бойынша қышқылдар мен негіздердің эквивалентерін анықтаңдар:

а) H 2CO3 + KOH = KHCO3 + H 2O

б) H 2CO3 + Ba (OH)2 = Ba CO3 + 2 H 2O

с) Fe(OH)3 + H 2SO4 = Fe (OH) SO4 +2 H 2O

д) Fe(OH)3 + HCl = Fe (OH)2 Cl + H 2O

е) Na OH + CH3 COOH = CH3 COONa + H 2O

4. 50 грамм қант пен 200 грамм судан құралған ерітіндідегі қанттың массалық үлесін есептеңдер

5. Құрамында 0,73 грамм НCl бар 250 мл ертіндінің молярлық концентрациясын есептеңдер

6. 500 мл ертіндіде 0,95 г магний хлориді MgCl2 бар болса , ертіндінің эквивалент концентрациясы қандай?

7. 2 л ертіндіде 0,20 г NaOH бар. Ертіндінің титрін есептеңдер

8. 2,45 грамм күкірт қышқылындағы заттың эквивалент мөлшерін анықтаңдар.

9. 0,1 моль эквивалент азот қышқылының массасын есептеңдер.

10. Массасы 2,1г темір күкіртпен әрекеттескенде 3,77 кДжжылу бөлініп шықты.

Темір(11)сульфидінің түзілу жылулығын есептеңдер. (Жауабы: - 100,5 кДж/моль)

11. Реакция теңдеуі бойынша Br2 +H2 = 2НBr 1 ,6 г бром сутекпен әрекеттескенде 0,72 кДж жылу бөлініп шықты. Бромсутектің түзілу энтальпиясын есептендер.

12.Келесі химиялық реакциясының теңдеулері бойынша Гесс заңының бірінші салдарының математикалық өрнектерін жазыңдар:

1) 2SO2 (г) + О2 (г) = 2SO3 (г) - Н

2) Fе2О3 (к) + 3 СО (г) = 2 Fе (к) + 3 СО2 (г) - Н

3) С6Н12О6 (қ) = 2 СО2 (г) + 2С2Н5 ОН (с) - Н

13. Ағзада глюкозаның өзгеріске ұшырауы:

С6Н12 О6 ( с) + 6О2 (г) = 6СО2 (г) + 6 Н2О (с) - Н, осы реакцияның жылу эфектісін есептеңдер, мұнда: НТҮЗ (глюк) = -1273 кДж/моль;

НТҮЗ (СО2) = - 393,5 кДж/моль

Н ТҮЗ (Н2О) = - 236 кДж/моль

14 Бір стакан сүтте 8 г ақуыз,12 г көмірсу ,4 г май бар. Бір стакан сүттің энергетикалық құндылығын есептеңдер, 1г ақуыздың, көмірсудың энергетикалық құндылығы 4 ккал/1г, майдікі 9 ккал/г тең.

15. Бір тәулікте студент 80 г ақуыз,105 г май, 450 г көмірсуларды қабылдады. Бір тәулікке қажетті осы өнімдердің энергетикалық құндылығын есептеңдер.

16. Реакцияның 2Мg (к) + СО2 (г) = 2МgО (к) + С (к) - Н жылу эффектісін есептендер, мұнда НТҮЗ (СО2) = - 393,5 кДж/моль; НТҮЗ (МgО) = - 602 кДж/моль тең.

17. Есептемей келесі реакцияларда энтропия қалай өзгеретінін анықтаңдар:

NН4NО3 (к) = N2О (г) + 2Н2О (г)

2Н2 (г) + О2 (г) = 2Н2О (г)

Н2 (г) + J2 (г) = 2Н2 J (г)

NаСl (к) + су (еріткіш) = Nа+ (ерітінді) + Сl- (ерітінді)

Н2О (с) = Н2О (г)

СО (г) + СІ2 (г) = СОСІ2 (г)

ҒеО (к) + Н2 (г) = Ғе (к) + Н2О (с)

18. Гиббс энергиясының өзгеруі бойынша келесі химиялық реакцияның тура бағытта жүру мүмкіндігін анықтандар:

1) СаСО3 (т) = СаО + СО2 G =129 кДж

2) 8 Аl (к) + 3Fе3О4 (к) = 9Fе (к) + 4 Аl2О3 (к) G =-3285 кДж

3) N2О4 (г) = 2 NО2 (г) G =0,0 кДж

4) 2НJ(г) + Сl2 (г) = 2НСl (г) + J2(с) G =-194 кДж

5) N2 (г) +3Н2 (г) = 2 NН3 (г) G =-3285 кДж

19. N2, РН3, Р2О3, НОСl, С2Н4, SО2, NaCl, HF молекулалары үшін электрондық нүктелік схемасын (байланыс түзетін электрондар және атомдардың сыртқы электрондары нүктемен бейнеленеді) және графикалық формулаларын құрыңдар. Ковалентті байланыстың түрін көрсетіңдер.

20. ВF3 молекуласы мен ВF4- ионының түзілу мысалында ковалентті байланыстың түзілуінің екі мүмкін механизмін көрсетіңдер.

21. PCl3 және PCl5 молекулалары түзілгенде фосфор атомдары қалыпты немесе қозған күйде бола ма?

22. N2, NF3, N2H4, NH3 молекулалардағы азоттың валенттілігі және тотығу дәрежесі неге тең?

23. .Келесі ерітінділердегі сутек иондарының концентрациясы мен сутектік көрсеткіштің мәндерін есептендер:

а) 0,001 моль/л НNO3,

б) 0,0001 моль/л КОН,

в)0,005 моль/л СН3СООН, егер =0,02;

г) 0,02 моль/л NH4OH, егер =0,005;

Ерітінділердің ортасын атандар.

24.Сутектік көрсеткіші 9-ға тең ерітіндідегі сутек және гидроксид иондарының концентрациясын есептендер.

25. .Ерітіндінің ортасы мен метилоранж индикатордың түсін атандар.

рН=26 2)CН+=0,01 моль/л; 3)рН=7; 4)рН=10;

5) CН+=10-8 моль/л; 6)CН+=10-7 моль/л; 7)C ОН-=10-9 моль/л;

26. Көлемі 500 мл ерітіндіде 1,26 г НNO3 бар. Ерітіндінің сутектік көрсеткішін есептендер.

27..Құрамында 0,20 г NaOH бар 500 мл ерітіндінің сутектік көрсеткішін есептендер.

28. Келесі химмиялық реакциядардағы қабысқан қышқыл мен негізді атандар:

а)Н3РО4 = Н+ + Н2РО4-

б) Н2РО4- = НРО42- + Н+

в)NH3 + HBr = NH4+ + Br-

29. . Кез келген буферлік қоспаны мысалға келтіріп, оның күшті сілті немесе күшті қышқыл қосқандағы әрекет механизмін түсіндіріндер. Қышқыл мен сілті қосқанда ерітіндінің жалпы және белсенді қышқылдығы қалай өзгереді?

30. Концентрациялары 0,1 моль/ л 10 мл. СН3СООН пен 5 мл СН3СООNа ерітінділерінен түзілген буферлік қоспаның рН мәнін есептендер. рККЫШ. = 4,74

31. Көлемдері тең, концентрациясы 0,05 моль/л, NH4OH және 0,075 моль/л NH4С1 ерітінділерінен алынған буферлік қоспаның рН мәндерін есептендер. рК (NH4OH)= 4,75

32. 10 мл қанға эквивалентік концентрациясы 0,05 моль/л. тұз қышқылын қосқанда қанның рН мәні 7,40 –тан 7,20 – ге дейін өзгереді. Қанның қышқыл бойынша буферлік сиымдылығын есептендер.

33. 5 мл ацетат буферіне концентрациясы 0,1 моль/л 2,60 мл КОН ерітіндісін қосқанда буфердің рН мәні 3,7- ден 4,15- ке дейін өзгереді. Қанның қышқыл бойынша буферлік сиымдылығын есептендер.

34. Фосфат буферінің жалпы және белсенді қышқылдығы қалай өзгереді:

а) тұз қышқылының ерітіндісін қосқанда?

б) калия гидроксидінің ерітіндісін қосқанда?

Буферлік жүйеге дистильденген су қосқанда буферлік сиымдылық қалай өзгереді?

Буферлік ерітіндіге дистильденген су қосқанда, оның рН мәні қалай өзгереді?

35. рН мәні қандай болғанда буферлік жүйенің сиымдылығы сілті қосқанда төзімді болады : а) рН= рК; б) рН= рК + 1; в) рН = рК –1

36. Ацидоз бен алкалоз қанның рН мәні қандай болғанда байқалады:

1) 7,37; 2) 7,42 3)7,39 4) 7,32

37.370С физиологиялық ерітіндінің осмостық қысымы 7,6 атм., физиологиялық ерітіндідегі NaCl молярлық концентрациясын есептеңдер, NaCl диссоциациялану дәрежесі 1, (R=0.082 (л∙атм)/(К∙моль))?

38.Судың эмбулиометриялық константасы 0,520 тең. 2 кг суда 2,75 моль глюкоза бар. Ерітіндінің қайнау температурасын есептеңдер.

39.Экзосмос деген не?

40.Қоянның қанындағы заттың концентрациясы 0,44 моль/л, (R=0.082 (л∙атм)/(К∙моль) және температура 370С, заттың осмостық қысымын есептеңдер?

41.Судың криометриялық константасы 1,860С тең. 1 кг суда 2 моль бейэлектролит бар. Ерітіндінің қату температурасын есептеңдер?

42.Гипертоникалық және изотоникалық ерітінділер деген не?

43.КҚ ішкі және сыртқы сфераларын, комплекс түзушіні, лигандаларды көрсетіңдер және оларды атаңдар. Комплексті бөлшектің зарядын, тотығу дәрежесін және комплекс түзушінің координациялық санын анықтаңдар:

1. [Zn(NH3)4]Cl2 2. [Cr(H2O)2(NH3)4](NO3)3 3.K2[HgI4]

4. Na[Al(OH)4(H2O)2], 5. [NiCl3(H2O)3]

44.Берілген комплексті иондардың тұрақсыздық константасын жазыңдар:

1. [Ag(CN)]-, 2. [CoCl3Br3]3-, 3. [Ni(CO)4]0.

45.Келесі қосылыстарды атаңыз

К3[Fe(CN)6], К[А1(ОН)4(NH3)2], [Ni(СО4], [СrCl2(Н2О)4]Cl, [Со(NH3)4]SO4.

46.Заттардың атауы бойынша КҚ-дың формулаларын құрастырыңдар:

а)гексаамминникель (II) хлориді

б)калий дисульфатобериллаты (II)

в)гексаакваалюминий (III) хлориді

г)дихлоротетраамминкобальт

д) сульфат тетрааквамыс (II)

е) пентакарбонил темір

47.Комплексті иондардың зарядын анықтап, формулаларын жазыңдар:

[Сr(СN)6]х, [Pt(NH3)3Cl3]х, [Ag(CN)2]х, [AuC14]х, [Со(NH3)6]х, [Сr(СО)4]х.

48. 18С-та концентрациясы 0,1моль/л өзінің тұзды ерітіндісіне салынған мыс электродының потенциалын есептеңдер, еСu = +0,34В.

49.. Егер 1М ZnSO4 ерітіндісін 10 есе сұйылтып арлыстырса, мырыш электродының потенциалы қаншаға өзгереді? еZn = - 0,76В.

50. Стандартты жағдайдағы мырыш-қорғасын гальваникалық элементінің схемасын жазып, ЭҚК есептеңдер. еСu = +0,34В, еРb =-0,13В

51. 25С дистильденген суға салынған сутектік электродтың потенциалын есептеңдер.

(Жауабы: 0,41В)

52. Егер мыс ионының концентрациясы 0,1моль/л-ге тең болса, цинк ионының конентрациясы 0,001 моль/л, мыс-мырыш элементінің ЭҚК анықтаңдар. Мыстың қалыпты потенциалы 340мВ, цинктің қалыпта потенциалы 760мВ-ге тең.

53. Берілген заттардың ішіндегі беттік актив заттарды атаңдар: натрий хлориді, май қышқылы, пентанол-1, глюкоза, холестерин, натрий стеараты, күкірт қышқылы.

54. Берілген заттарды беттік қабатта адсорбциялану қабілетінің өсуі ретімен орналыстырыңдар: гексанол, эвтанол, метанол, октанол, деканол, лаурин спирті (С12Н25ОН).

55. Берілген иондарды: Na+, Cr3+, Ni2+, Li+ коалиннің бетінде адсорбциялану қабілеті артуы бойынша орналастырыңдар.

56. Берілген заттардың арасындағы дифильдік молекулаға ие заттарды көрсетіңдер: сірке қышқылы, натрий олеаты, кальций хлориді, стеарин қышқылы, глюкоза.

57. Траубе – Дюкло ережесін пайдаланып май қышқылының беттік активтілігі сірке қышқылының активтілігінен неше есе артық екенін есептеңдер. (Жауабы: 10 есе)

58. Ақуыз пепсиннің ИЭН рН =2, рН қандай болғанда ісіну дәрежесі мен сірлену жылдамдығы максималь және минималь болады: рН1 = 1,8; рН2= 2,0; рН3 = 5,0; рН= 3,0?

59. Ақуыз казеиннің ИЭН рН = 4,6. рН мәні қандай болғанда осы ақуыздың тұну жылдамдығы мен электрофорез жылдамдығы максималь және минималь болыды:

рН = 4,6; рН= 1,0; рН= 5,0; рН= 4,2

60. Денатурация кезінде ақуыздардың құрылымында, қасиеттерінде қандай өзгерістер болады?

61. Адам ағзасындағы ҮМҚ атандар. Олар қандай мономерлерден құралады?

60. Келесі қосылыстардағы функционалды топтарды көрсетіп, оларды атаңдар:

1) 2) 3) 4)

62.

63. Келесі түсініктерге анықтама беріңіз: көмірсутектер, алкандар, жалпы формуласы. Метанның гомологтық қатары. Алкандардың метаннан деканға дейінгі формулаларын жазыңыз. Гомологтық өзгешелігі.

64.Алкандардың құрылымдық изомериясы. С6Н14 көмірсутегінің құрылымдық изомерлерінің (5 изомер) формулаларын жазыңыз және халықаралық номенклатура бойынша атаңыз.

65.Алкендер (олефиндер), кластарының анықтамалары, жалпы формуласы. Этилен молекуласының құрылысы. Этиленнің гомологтық қатары.

66.Арендер, кластарының анықтамалары, жалпы формуласы.

67.Бензол молекуласының құрылысы. Ароматтылық.

68.Келесі қосылыстарды әр түрлі номенклатура бойынша ата:

1) 2) 3)

4)

5) 6)

7) 8) 9) 10)

69.Атаулар бойынша органикалық қосылыстардың формулаларын жазыңыз:

70. 2,3 диметил,3-этилпентен-1; 2. трихлорэтаналь; 3. 2-изопропил,5-метилциклогексанол;

71.4. 2-амино,3-меркапто,3-метилбутановая кислота; 5. 2-оксопентандиовая кислота (-кетоглутаровая кислота); 6. п-аминофенол.

72. Келесі қосылыстарды қышқылдығы арту ретімен орналастырындар: сірке қышқылы, хлорсірке қышқылы, аминсірке қышқылы. Түсіндірмесін беріндер.

73. Келесі қосылыстарды негіздігі арту ретімен орналастырындар: пара –метиланилин, анилин, пара-нитроанилин. Түсіндірмесін беріндер.

74. Төмендегі қосылыстарды қышқылдық қасиеттерінің төмендеуі бойынша орналастырындар, түсіндіріңдер:

75.а) 2 – бромэтанол, этанол, 2,2,2- трибромэтанол

76.б) фенол, n- нитрофенол, n- аминофенол

77. Төмендегі қосылыстрады негіздік қасиеттерінің артуі бойынша орналастырындар, түсіндіріңдер:

78.а) метиламин, диметиламин, анилин

79.б) анилин, n- аминофенол, n- парааминобензол

80.ГФ қосылыстарының жалпы формулаларын және класстарының жеке өкілдерінің формулаларын жазыңыз, оларды атаңыз.

81.α-, β-, γ-гидроксимай қышқылдарының өкілдерінің формулаларын жазыңыз, оларды жүйелік номенклатура бойынша атаңыз.

82.Арнайы қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін жазыңыз. (сүт қышқылынан лактидтің, β- және γ-гидроксимай қышқылдарынан қанықпаған қышқылмен лактонның түзілуі).

83.Фишер проекциясы бойынша сүт және шарап қышқылдарының энантиомерлерінің формуласын жазыңыз. Рацемат деген не?

84.Ароматты гидроксиқышқылдар: салицил және пара-гидроксибензой қышқылдары..

85.Альдегидо- және кетоқышқылдарының (глиоксал, пирожүзім, ацетосірке, қымыздықсірке қышқылдары) формулаларын жазыңыз

86.Ацетосірке (3-оксобутан) қышқылындағы кетондық және карбоксильді топтың β-орнын қандай арнайы қасиеттерімен жүргізеді?

87.Сүт қышқылдарының энантиомерлерінің формуласын жазыңыз. Сүт қышқылының бұлшықетте жиналу себебі неде?

88.β-дикарбонильді қосылыстар - ацетилацетонның ацетосірке эфирінің, қымыздық сірке қышқылының кето-енолдық таутомериясы.

89. Пропаналь мен метил спирті әрекеттескенде қандай зат түзіледі? Реакция теңдеуің жазындар.

90. Альдегидтердің альдольдік конденсация реакциясынын тендеуін жазыңдар. Неге бұл реакция тек альфа-сутек атомдары бар альдегидтерде тен?

91. Этанол мен сірке қышқылынан этилацетатты алу реакция тендеуін жазындар. Реакцияның механизмін түсіндіріндер.

92. Ішек ауруларына қарсы қолданылатын дәрілік зат фенилсалицилат сілтілік ортада ішектерде гидролизге ұшырайды. Осы гидролиздену реакциясын тендеуін жазындар.

93. Этанол мен сірке қышқылынан этилацетатты алу реакция тендеуің жазындар. Реакцияның механизмін түсіндіріндер.

94. α-D-глюкопираноза метанолмен сусыз қышқыл ортада әрекеттескенде қандай өнімдер түзіледі? Хеуорс формуласының көмегімен реакция теңдеуін жазыңдар.

95.α-D-галактопираноза этанолмен сусыз ортада қышқылдық катализатор қатысында әрекеттескенде қандай өнімдер түзіледі? Хеуорс формуласының көмегімен реакция теңдеуін жазыңдар.

96.этил-α-D-маннопиранозидтің алыну реакциясын жазыңдар. Бастапқы моносахарид ретінде β-D-рибофуранозидті қолдануға болама?

97.Қышқыл ортада этил-α-D-глюкопиранозидтің гидролиздену реакциясын жазыңдар.

98.Хеуорс формуласын пайдаланып, метил-α-D-галактопиранозидтің гидролиздену реакциясын жазыңдар.

99.β-D-глюкопиранозаны, α-D-галактопиранозаны метил спиртімен әрекеттестіріп, гликозидтердің алыну реакцияларын жазыңдар. Алынған гликозидтердің гидролиздену реакциясын жазыңдар. Неліктен қышқылдық катализ қажет болады?

100. «Күміс айна» реакциясында глюкозаның қандай қасиеттері байқалады? Биологиялық сұйықтықтарда глюкозаны анықтау неге негізделген?

105.Моносахаридтер (глюкоза, манноза, ксилоза, галактоза) сутекпен никель немесе палладий қатысында тотықсызданғанда қандай заттар түзілетінін көрсетіңдер. Тотықсыздану өнімдерін атаңдар.

106.Нуклеозидциклофосфаттың формуласына мысал келтіріңіз.

107.Нуклеозид-дифосфаттың формуласын жазыңыз. Қосылыстағы байланыс түрлерін көрсетіңіз және гидролизге әсері.

108.Нуклеозид-трифосфаттың - кофермент АТФ формуласын жазыңыз. Қосылыстағы байланыс түрлерін көрсетіңіз және гидролизге әсері.

109.Коферменттер НАД+, НАДФ+. Олардың биологиялық ролін түсіндіріңіз.

110.Нуклеин қышқылдарының біріншілік құрылымы нені түсіндіреді. Нуклеотидтік буындар өз араларында қалай қосылады?

111.Триацилглицериндер (қатты майлар, майлар). Майлардың жалпы формулаларын жазыңыз, құрам бөліктерін және араларындағы байланысын көрсетіңіз.

112.Жоғары қатты майлар триацилглицериндердің (пальмитин, стеарин, олеин, линолен) құрылымдық компоненттері ретінде. Олардың формулаларын жазып, құрылыс ерекшелегін сипаттаңдар.

113.Пальмитоолеостеариннің формуласын жазыңыз

114.Изопреннің формуласын жазып, көміртек атомдарының номерін көрсетіңдер. «бас» және «құйрықтың» орналасуын анықтаңдар.

115.Изопренді ереже. Бас - құйрық типі бойынша изопреннің екі молекуласының қосылуын көрсетіңдер.

116.Құрамына олеин, линол және стеарин қышқылдары кіретін майлардың бумен және сілті ерітіндісімен (сабындау) гидролиздену реакция схемасын жазыңыз. Реакция өнімдерін атаңыз. Майлардың гидролизі қандай механизм бойынша жүреді?

117.Формула фосфолипидтердің қандай тобына сәйкес келеді

118.Ментол құрылысындағы изопренді тізбекті бөліңдер.

119.β-каротин құрылысындағы изопренді тізбекті бөліңдер.