- •1. Тестер (жеке папкада)
- •2. Сынақ, емтихан сұрақтары
- •«Жалпы медицина» мамандығына арналған
- •«Химия» пәні, 1 курс
- •«Химия» пәні бойынша практикалық дағдыларды қабылдау «Жалпы медицина» мамандығы, 1 курс. Аралық бақылау №1
- •Практикалық дағды №1. Берілген концентрациядан ерітінді дайындау.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №2
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №3. Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау, буферлік сиымдылықты анықтау. Буферлік жүйенің рН – ына сұйылтудың әсерін үйрену.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды № 4 Берілген рН мәнімен буферлік ерітінділерді дайындау. Буферлік жүйенің рН – ына күшті қышқылдар мен сілтілердің әсерін үйрену
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды № 5
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №6
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №7
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №8
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №9
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №10
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №11
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №12
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №13 Қағаздық хроматография әдісімен катиондарды бөлу.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №14 Колонкада жүретін акдсорбциялық хроматография.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №15. Ерітіндінің тығыздығын анықтау.
- •Орындау алгоритмі.
- •«Химия» пәні бойынша практикалық дағдыларды қабылдау «Жалпы медицина» мамандығы, 1 курс. Аралық бақылау №2
- •Практикалық дағды №1. Альдегидтердің күміс оксидімен тотығуы
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №2 Альдегидтердің мыс гидроксидімен тотығуы.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №3. Формальдегидтің сулы ерітінділерінде диспропорцирленуі.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды № 4 Кальций тұзы түрінде қымыздық қышқылын анықтау
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды № 5 Шараптас қышқылында екі гидрокси топ барын дәлелдеу.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №6 Шараптас қышқылының орта және қышқыл тұздарын алу.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №7 Күкірт құрамды амин қышқылдарының реакциялары
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №8 Ксантопротеиндік реакция.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №9 Биурет реакциясы
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №10 Ақуыздағы сутектік байланыстарды анықтау.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №11 Троммердің реакциясы.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №12 Фелингтің реакциясы.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №13 Селивановтың фруктозаға жасалатын реакциясы
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №14 Дисахаридтердің тотықсыздандырғыштық қасиеттерін зерттеу.
- •Орындау алгоритмі.
- •Практикалық дағды №15. Дисахаридтердің ерітінділерімен Селивановтың реакциясы.
- •Орындау алгоритмі.
G-041.07.05.12-2013 |
Бақылаушы-өлшегіш құралдар |
1 бас. |
Бет |
СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
Пән бойынша білімін, іскерлігін және дағдыларын қорытынды бағалау үшін бақылаушы-өлшегіш құралдар
1. Тестер (жеке папкада)
2. Сынақ, емтихан сұрақтары
«Жалпы медицина», мамандығына арналған
№1 Аралық бақылау сұрақтары
«Химия» пәні, 1 курс
Термодинамиканың негізгі түсініктері және заңдары
Термодинамиканың бірінші заңы. Термодинамиканың бірінші бастамасы. Ішкі энергия. Энтальпия. Стандартты түзілу, ыдырау, еру энтальпиялары. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар.
Термодинамиканың екінші заңы. Термодинамикалық қайтымды және қайтымсыз процестер. Энтропия. Гиббс энергиясы.
Термохимия заңдары. Гесс заңының салдарлары. Азық түлік өнімдердің калориялылығын бағалауда термохимиялық есептерді қолдану.
Ашық термодинамикалық жүйелер туралы түсінік. Биохимиялық процестерде термодинамиканың ерекшеліктері. Термохимиялық есептеулер және оларды энергетикалық қасиеттерде қолдану.
Биохимиялық реакциялардың кинетика негіздері
Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлар: концентрация және қысым. Химиялық реакциялардың жылдамдық константасы.
Химиялық реакциялардың жылдамдығына температураның әсері. Химиялық және биохимиялық реакциялардың температуралық коэффициенті. Аррениус теңдеуі. Активтендіру энергиясы
Химиялық реакциялардың механизмі. Химиялық реакциялардың молекулалығы және реттілігі. Күрделі реакциялар туралы түсінік. Фотохимиялық реакциялар.
Химиялық тепе-теңдік. Химиялық тепе-теңдік константасы, оның заттандың концентрациясы және қысым арқылы бейнелену тәсілдері: Кс және Кр.
Химиялық тепе-теңдік. Температура, қысым және концентрация өзгергенде химиялық тепе-теңдіктің ығысуы. Ле Шателье принципі.
Катализ, оның түрлері (гомогенді, гетерогенді). Ағза тіршілігінде катализдің ролі. Ферментативті катализ.
Ерітінділер және олардың коллигативті қасиеттері
Су еріткіш ретінде. Еру процесінің механизмі. ерудің энтропиялық және энтальпиялық факторлары. Қаныққан және қанықпаған ерітінділер. Ағза тіршілігінде ерітінділердің маңызы.
Сұйықтықтарда газдардың еруі. Газдардың ерігіштігінің газдардың табиғатына, температураға және қысымға тәуелділігі. Генри және Генри-Дальтон заңдары. Кессон ауруы. Газдардың ерігіштігіне электролиттердің әсері (Сеченов заңы). Сұйықтықтарда сұйықтықтардың және қатты заттардың ерігіштігі. Ерегештікке сыртқы жағдайлардың және компоненттердің табиғатының әсері.
Химиялық эквивалент. Күрделі заттардың: қышқылдардың, негіздердің, тұздардың, оксидтердің (есептеу мысалдары) эквивалентін және эквивалентті молярлық массасын есептеу.
Ерітінділердің құрамын көрсету тәсілдері: молярлық концентрация, эквиваленттік молярлық концентрация, титр, еріген заттың массалық үлесі (%).
Рауль заңы. Ерітіндінің бетіндегі еріткіштің қаныққан бу қысымының салыстырмалы төмендеуі. Рауль заңының салдары: ерітінділердің қайнау температурасының жоғарылауы (Раульдің 2-ші заңы) және қату температурасының төмендеуі (Раульдің 3-ші заңы).
Осмос. Вант-Гофф заңы, оның математикалық өрнегі. Осмостық және онкотикалық қысым. Осмометрия.
Электролит ерітінділерінің коллигативті қасиеттері. Изотоникалық коэффициент. Гипотоникалық, гипертоникалық және изотоникалық ерітінділер. Физиологиялық ерітінділер. Биологиялық жүйелерде осмостың ролі.
Протолиттік тепе-теңдік. Буферлі ерітінділер
Қышқылдар мен негіздердің теориясы. Протолиттік тепе-теңдік. Бренстедтің қышқылдары мен негіздері. Қышқылдар мен негіздердің иондану, бейтараптау және гидролиз реакцияларында қабысқан қышқылдық-негіздік жұптар.
Протолиттік реакциялардың түрлері. Әлсіз қышқылдардың иондануы (протолиз). Әлсіз электролиттердің иондану (диссоциациялану) дәрежесі және константасы. Оствальдтың сұйылту заңы.
Протолиттік реакциялардың түрлері. Судың диссоциациялануы. Судың иондық көбейтіндісі. Сутек ионының концентрациясы бойынша реакция ортасын сипаттау. Сутектік көрсеткіш рН.
Протолиттік реакциялардың түрлері. Тұздардың гидролизі, оның түрлері. Гидролиздену дәрежесі және константасы.
Буферлі ерітінділер, оларды құрамы бойынша жіктеу. Күшті қышқыл және сілті қосқанда буферлі жүйелердің әрекет механизмі.
Буферлі ерітінділер жіне олардың қасиеттері. Буферлі ерітінділердің рН-ы.
Буферлі сиымдылық. Ағзаның буферлі жүйелері. Қанның қышқылдық-негіздік тепе-теңдігі туралы түсінік. Гомеостаз сақтағанда (ацидоз, алкалоз) буферлі жүйелердің ролі.
Химиялық байланыс, молекулалардың құрылысы, биогенді элементтер
Химиялық байланыстың табиғаты. Валенттік байланыстардың әдісі (ВБ). Ковалентті байланыстың түзілу механизмі. полярсыз, полярлы және ионды коваленттік байланыс. Ковалентті байланыстың полярлығы, поляризациялануы және бағыты.
S-, р-, d- элементтерінің блогы, олардың периодтық жүйеде орналасуы. Табиғатта химиялық элементтердің таралуы. Қоршаған ортаның және адам ағзасының макроэлементтері және микроэлементтері. Биогенді элементтер туралы түсінік.
Биогенді s-элементтер (натрий, калий, кальций), олардың биологиялық ролі. Элементтердің жалпы сипаттамасы және олардың маңызды қосылыстары.
Биогенді p-элементтер (оттегі және күкірт), олардың биологиялық ролі. Элементтердің жалпы сипаттамасы және олардың маңызды қосылыстары.
Биогенді p-элементтері (азот және фосфор), олардың биологиялық ролі. Элементтердің жалпы сипаттамасы және олардың маңызды қосылыстары.
Биогенді p-элементтері (галогендер), олардың биологиялық ролі. Элементтердің жалпы сипаттамасы және олардың маңызды қосылыстары.
Биогенді d-элементтері (I-Б және II-Б топтар), олардың биологиялық ролі. Элементтердің жалпы сипаттамасы және олардың маңызды қосылыстары.
Биогенді d-элементтері (VI-Б, VII-Б және VIII-Б топтар), олардың биологиялық ролі. Элементтердің жалпы сипаттамасы және олардың маңызды қосылыстары.
Комплексті қосылыстар (КҚ). Вернердің координациялық теориясы. Орталық атом, лигандалар, орталық атомның координациялық саны, КҚ ішкі және сыртқы сферасы. Комплексті бөлшектердің заряды. Донорлы-акцепторлы байланыс, ковалентті байланыстың түрі ретінде.
Комплексті қосылыстар. КҚ ерітінділеріндегі иондық тепе-теңдік (диссоциация). Комплексті иондардың тұрақтылық константасы және тұрақсыздық константасы. КҚ медико-биологиялық ролі.
Тотығу-тотықсыздану процестері
Электродтық потенциал, оның пайда болу механизмі. Нернст теңдеуі. Қалыпты электродтық потенциалдар.
Тотығу-тотықсыздану электродтық потенциалдар, олардың биологиялық ролі. Потенциометриялық титрлеу.
Беттік құбылыстардың физико-химиялық негіздері
Фазалар бөлігінің қозғалмалы бетіндегі адсорбция. Беттік энергия және беттік керіліс. Беттік керіліске әсер ететін факторлар. Беттік активтілік. Беттік-активті және беттік-активсіз заттар. Беттік қабатта молекулалардың бағытталуы.
Беттік активтілік. Беттік керілістің изотермасы. Траубе-Дюкло ережесі. Сұйық-газ және сұйық-сұйық бөліну шекарасындағы адсорбция. Гиббстің изотерма теңдеуі.
Фазалар бөлігінің қозғалмайтын бетіндегі адсорбция. Қатты дене-газ және қатты дене-сұйық бөліну шекарасындағы адсорбция. Мономолекулалық және полимолекулалық адсорбция.
Хемосорбция. Панет-Фаянс ережесі. Ион алмасу адсорбциясы. Иониттер, олардың қолданылуы.
Хроматография, оның мәні, әдістерінің жіктелуі, биологияда және медицинада қолданылуы.
Дисперсті жүйелердің физико-химиясы
Дисперсті жүйелер олардың жіктелуі (дисперстілік дәрежесі бойынша; дисперсті фаза мен дисперсті ортаның табиғаты бойынша; дисперсті фаза мен дисперсті ортаның өзара әрекеттесуі бойынша). Коллоидты күйдің табиғаты. Коллоидты ерітінділердің алыну әдістері.
Гидрофобты зол мицелласының құрылысы.
Дисперсті жүйелердің молекулалық-кинетикалық, оптикалық, электрокинетикалық қасиеттері. Электрофорез, электроосмос. Медицинада электрофоретикалық зерттеу әдістері. Коллоидты ерітінділерді тазалау әдістері: диализ, электродиализ, ультрафильтрация.
Лиозолдердің кинетикалық және агрегативті тұрақтылығы. Коллоидты жүйелердің коагуляциясы. Коагуляция табалдырығы. Коллоидты қорғау. Өзара коагуляция.
Ірі дисперсті жүйелер: аэрозолдер, суспензиялар, эмульсиялар.
Биополимерлердің және олардың ерітінділерінің физикалық химиясы
Жоғары молекулалық қосылыстар (ЖМҚ) және олардың биологиядағы маңызы. Биополимерлер, олардың алынуы және құрылысы. ЖМҚ ерітінділерінің ерекшеліктері. Биополимерлердің ісінуі және еруі. Ісіну шамасына әртүрлі факторлардың әсері. ЖМҚ ерітінділерінің тұтқырлығы.
ЖМҚ ерітінділерінің тұрақтылығының бұзылуы. Биполимерлердің ерітінділерден коагуляциясы (тұнуы): тұздалып тұну, денатурация, коацервация. ЖМҚ коагуляциясына әсер ететін факторлар.
Биополимерлер полиэлектролиттер ретінде. Изоэлектрлік күй. Изоэлектрлік нүкте және оны анықтау әдістері. Ұйымалардың (гелдердің) қасиеттері.
ЖМҚ ерітінділеріндегі құрылымдық түзілу. ЖМҚ ерітінділерінің сіріленуі. Сірілену процесіне әсер ететін факторлар. Желатиндену. Ұйымалардың қасиеттері.
