Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИС по темам №1-10 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
420.35 Кб
Скачать

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Алдын ала қарауда 3 айлық бала. Салмағы 5400 гр., бойы 61 см. Гемоглобин 120 г/л.Бала екінші жүктіліктен, екінші жартысы гестозбен өткен, бірінші босанудан, салмағы 3200 гр. Апгар шкаласы бойынша 8-9 балл. Табиғи тамақтануда, дамуы қалыс қалмаған. Екі рет ЖРВИ-мен ауырған. Баланың резистенттілігін анықтаңыз:

  1. жоғары

  2. орташа

  3. қалыпты

  4. төмен

  5. өте төмен

2. Қандай жағдайда 2 жаска дейінгі баланы жиі ауырады деп есептеуге болады, егер (2 дұрыс жауап):

  1. Өмірінің екі жыл ішінде жедел аурулармен 7 рет ауырса;

  2. Өмірінің екі жыл ішінде рахиттің реконвалесценция сатысында жедел аурулармен ауруы үш рет байқалса;

  3. Бронх демікпесінің асқынуымен жылына екі рет және жедел аурулармен жылына 6 рет ауырса;

  4. Созылмалы отиттің асқынуымен жылына 3 рет ауырса;

  5. Жедел респираторлы аурулармен ауруы 4 рет байқалса;

  6. Жедел респираторлы-вирусты инфекциямен ауруы жылына 5 рет байқалса;

  7. ТЖА аясында жедел респираторлы-вирусты инфекциямен жылына 3 рет ауырса;

  8. Бронх демікпесінің асқынуымен жылына екі рет және жедел аурулармен жылына 2 рет ауырса.

3. Дені сау балаға арнайы гимнастика мен массажды қай жасында жасауға болады:

  1. Туғаннан бастап

  2. Керек емес

  3. Бір жарым айдан бастап

  4. 2-ші айдан бастап

  5. 6 айдан бастап

4. Диспансерлік хаттама бойынша балалардағы 12-елі ішек жара ауруының тұрақты ремиссия сатысында ЖТД-ң іс- әрекеті (3 дұрыс жауап):

  1. ОМҚ жылына 1 рет, ЖТД жылына 2 рет, гастроэнтеролог жылына 2 рет;

  2. ОМҚ жылына 2 рет, ЖТД жылына 1 рет, гастроэнтеролог көрсеткіші бойынша;

  3. ОМҚ жылына 3 рет, ЖТД жылына 2 рет, гастроэнтеролог жылына 1 рет;

  4. ОМҚ жылына 1 рет, ЖТД жылына 2 рет, гастроэнтеролог жылына 2 рет;

  5. ЖҚА жылына 2 рет, биохимиялық қан анализі жылына 2 рет,ФГДС көрсеткіші бойынша;

  6. ЖҚА жылына 1 рет, биохимиялық қан анализі жылына 1 рет,ФГДС жылына 2 рет;

  7. Диспансерлік бақылаудың ұзақтығы соңғы асқынудан кейін 5 жылдың ішінде болуы керек;

  8. Диспансерлік бақылаудың ұзақтығы соңғы асқынудан кейін 3 жылдың ішінде болуы керек.

5. Анемия даму қаупі бойынша диспансерлік есепте тұрған балаларды есептен шығару критерийі:

  1. 1 ай бойы гемоглобиннің тұрақты болуы

  2. 3 ай бойы гемоглобиннің тұрақты болуы

  3. 6 ай бойы гемоглобиннің тұрақты болуы

  4. 9 ай бойы гемоглобиннің тұрақты болуы

  5. 1 жыл бойына гемоглобин деңгейі қалыпты болуы

6. БМСҚ жағдайдада 1-жасқа дейінгі балалардың эпикриздік мерзімін көрсетіңіз:

  1. Қалыпты деп саналатын жасынан ± 15 күн, аралығындағы уақыт интервалы

  2. Қалыпты деп саналатын жасынан ± 1 ай, аралығындағы уақыт интервалы

  3. Қалыпты деп саналатын жасынан ± 2 ай, аралығындағы уақыт интервалы

  4. Қалыпты деп саналатын жасынан ± 3 ай, аралығындағы уақыт интервалы

  5. Қалыпты деп саналатын жасынан ± 6 ай. аралығындағы уақыт интервалы

7. Диспансерлік хаттамаға сәйкес жүрек зақымдануынсыз және тұрақты ремиссия кезіндегі дәнекер тінінің аурулары мен ревматизммен ауырған науқастарды диспансерлік бақылау мерзімін көрсетіңіз:

  1. 1 жыл

  2. 2 жыл

  3. 3 жыл

  4. 5 жыл

  5. 10 жыл

8. Диспансерлік хаттамаға сәйкес екіншілік гипертензиясы бар балаларды диспансерлік бақылау ұзақтығын көрсетіңіз:

  1. 1 жыл;

  2. 3 жыл;

  3. 5 жыл;

  4. 10 жыл;

  5. өмір бойы.

9. Балалардың мектепке психо-физиологиялық дайындығын анықтау үшін келесідей деңгейлер бағаланады (3 дұрыс жауап):

  1. антропометриялық деректер нәтижелері (салмағы, бойы, бас және кеуде шеңбері);

  2. морфофункцияналдық деңгейі (физикалық дамуы, резистенттік, нейродинамикалық қасиеттері, сөйлеудің, бұлшық еттің, жұмыс жасау қабілетінің дамуы);

  3. жүйке-психикалық даму деңгейі (белсенді, енжар сөйлеудің дамуы, сенсорлы даму, эмоциональды белсенділігі);

  4. функциональды жағдай деңгейлері (АҚҚ, Ps, ЖСЖ,ТЖ);

  5. физикалық дайындығы (бұлшықеттің, кеуде қуысының, омыртқаның дамуы);

  6. ақыл-ой дайындығы (қабылдау, есте сақтау, ойлау,елестете білу);

  7. жеке дайындығы (мектепке деген көзқарасы, оқу-танымдық қызметі, қарым-қатынас құра білуі, этикалық нормаларды игеруі және іске асыра білуі);

  8. көркемдік даму деңгейі (сурет сала білу қабілеті, әдемі,таза жаза білуі, көркем сөз оқу және ән айта білу қабілеті).

10. Ұйымдасқан мекемелерде респираторлы вирусты инфекциялармен ауырған балаларға жүргізіледі:

    1. 1-2 аптада физикалық тәрбиелеудің негізгі сабақтарын босату;

    2. Арнайы физкультуралық топ ұйымдастыру;

    3. Физкультурадан арнайы дайындық тобын ұйымдастыру;

    4. Жарыстардан босату;

    5. 1 айға сабақтан босату.

Тақырып № 4: Әр жастағы балалардың денсаулық жағдайын және дамуын бақылау. Диспансерлік мониторингтың ерекшелігі. Әртүрлі мүше мен жүйелер патологиясының ерекшеліктері және қалпына келтіру.