- •Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Гипогалактия қаупі;
- •10. Кіші даму аномалиялары қалыпты жағдайда қанша болу керек (мар, дисэмбриогенез стигмалары):
- •Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
- •Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
- •Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
- •Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
- •Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
- •Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •2. Күні жетпей туылған, дене салмағы 1000 г нәрестеге босану үйінде төмендегілердің қайсысы жасалуы мүмкін ?
- •4. 06.03.2015Ж №190 дсм және сз қр бұйрығына сәйкес кез келген вакцинациядан кейін бала емханада қанша уақыт медициналық қызметкердің бақылауында болуы тиіс?
- •5. Бала 4 айда. Босану үйінде бцж салынбаған. Дәрігер тактикасы:
- •6. 06.03.2015Ж. №190 дсм және сз қр бұйрығына сәйкес тірі вакцина түрлеріне тұрақты түрде қарсы көрсеткіш болып табылатын нұсқаны таңдаңыз (3 дұрыс жауап):
- •7. 06.03.2015Ж №190 дсм және сз қр бұйрығына сәйкес ерте жаста екпе алмаған 7 жастан жоғары және үлкендерді қай нұсқаға жатқызуға болады?
- •8. Қр екпелердің ұлттық күнтізбесіне сай регламенттелген ккп жоспарлы вакцинациясы қай жаста жүргізіледі?
- •9. Қр екпелердің ұлттық күнтізбесіне сай 3 айлық балаға жасалатын вакцинация кестесін көрсетіңіз:
- •10. Босану үйінде бцж егілмеген 1,5 айлық балаға дәрігердің іс - әрекеті:
- •Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
- •Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
- •Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
- •Білімнің алғашқы деңгейін бағалау үшін тест сұрақтары:
- •Жоғары тершеңдік
- •Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
- •Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:
- •Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:
№1 есеп:
Анасы 5 айлық баласымен ЖТД кезекті профилактикалық қабылдауына келді.
Бала IV жүктіліктен, жүктіліктің I жартысы токсикозбен өткен. Мерзімінде босану, стимуляциямен бірге. Дене салмағы 3600 г, ұзындығы - 53 см болып туылған. Бірден жылаған. 2 айға дейін табиғи тамақтандырған, кейін «Малютка» қоспасын берген. Рахиттің профилактикасы ретінде 2 айға D3 витаминін қабылдау тағайындалған, 1,5 ай бойы тұрақты қабылдамаған. Күнтізбеге сәйкес 2 айында 1 екпе салынған, екпеге реакциясы бақыланбаған. 3 айында дәрігер қабылдауына келмеген.
Анасы соңғы 2 айда баланың қатты терлеуін, ұйқы кезінде шошынуын, памперсте аммиактың өткір иісін байқаған.
Қарағанда: Дене салмағы 7200 г, ұзындығы - 64 см. Шүйде жалпаюы және шаштары түсуі, бас сүйектерінің жебе тәрізді және лямбдо тәрізді жігі иілгіштігі, үлкен еңбегінің жиегінің жұмсаруы байқалады. Кеуде қуысының төменгі аппертурасының кеңейуі, Гаррисон жырасы, қабырғасын пальпациялағанда «тасбиық» байқалады. Үлкен еңбегі 4,0x4,0 см. Бұлшық ет гипотониясы, аяқта тұруы қиын. Терінің табиғи қатпарларында аздап бөртпе элементтері, тұрақты қызыл дермографизм байқалады. Кілегей қабаты таза. Тынысы пуэрильді, сырылдар жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ- 120 рет мин. Іші үлкен, керіліп жайылған, ауырсынбайды. Бауыры +2,5 см, талағы +0,5 см. Үлкен дәреті күніне 2-3 рет, ботқа тәрізді.
№1 Есепке тапсырма:
1. Сіздің диагнозыңыз?
2. Осы жағдайға алып келетін факторларды атап көрсетіңіз.
3. Баланың физикалық дамуын бағалаңыз.
4. Остеоидті тіннің гиперплазиясы дегеніміз не?
5. Клиникада осы синдромдар қандай жаста жетекші рөл атқарады?
6. Қандай қосымша зерттеулер жүргізілуі керек?
7. Осы ауруға тән несепте қандай заттардың жоғары экскреция байқалады?
8. Осы ауруда фосфор-кальций алмасуы қалыпты жағдайда қандай болады?
9. Балада қандай ақаулар орын алып отыр?
10. Екпе салуға бола ма?
11. Сулкович реакциясы дегеніміз не?
12. Осы ауруда арнамалы профилактика және емдеуді жүргізу.
№2 есеп:
Витя П. 10 айлық, емханада екпе бөлмесінде болды. Кезекті екпе жүргізу кезінде қысқа уақытты клонико-тоникалық құрыспалар пайда болды. Баланың дене қызуы қалыпты. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлыққа жақын, дене қызуы 36,6ºС, жоғары тыныс жолдарында катаральды көріністер жоқ. Терісінде жұқпалы бөртпелер жоқ, құрғақ, араны таза. Айқын сүйектік өзгерістер көрінеді: басы төрт бұрышты, кеуде қуысы тасбиық тәрізді, аяқ-қолдары білезік тәрізді. Аяқтары «О-тәрізді» қисайған. Тісі - 4 (2/2), эмальдар ақауымен. ЖСЖ - 120 рет минутына, жүрек тондары әлсіреген, жүрек ұшында систолалық шу. Өкпеде тынысы пуэрильді, сырылдар естілмейді. Іші аздап кепкен, ұлғайған, пальпацияда ауырсынбайды. Бауыры 2 см қабырға доғасынан шығыңқы, талақ пальпацияланады.
№2 Есепке тапсырма:
1. Сіздің болжам диагнозыңыз?
2. Балада тырысу синдромының себептері?
3. Балада жоғары тырыспалық симптомда дайындықты фантомнан көрсетіңіз.
4. Қандағы Са, Р, ЩФ қалыпты көрсеткішін көрсетіңіз.
5. Көктамыр ішіне егілетін кальций глюконат ерітіндісінің мөлшерін есептеңіз.
№ 10 Тақырып: Әр жастағы балаларда темір тапшылық анемия. Анықтау критерийлері. Ажырату диагнозы. Клиникалық хаттама бойынша тиімді фармакотерапия. Алдын- алу, динамикада диспансерлік мониторингтің және қалпына келтірудің негізгі принциптері.
