Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИС по темам №1-10 каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
420.35 Кб
Скачать

Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:

1 есеп:

Аймақтық дәрігерге, жоспарлы профилактикалық қабылдауға 6 айлық қыз бала анасымен келді Анасы 24 жаста, созылмалы пиелонефритпен, семіздіктен зардап шегеді, темекі тартады. Бала екінші жүктіліктен, соңғы триместрінде ЖРВИ-мен өткен. Мерзімінде босану, үй жағдайында, қағанақ суының мезгілінен бұрын кетуі, туған кездегі салмағы 4100г, ұзындығы - 53 см. 2 айынан бастап жасанды тамақтандырған. Қазіргі уақытта күніне 5 мезгіл тамақтандырады (ацидофилин қоспасы «Малютка», 220 мл, ботқа 180-200 г, жеміс пюресі, шырындар, жұмыртқа сарыуызы.). 2, 3 және 4 айында АКДС + полиомиелитке қарсы екпелер жүргізілген. 1,5 айында обструктивті синдроммен өткен ЖРВИ-мен ауырған.

Қарағанда: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Салмағы 8700г, ұзындығы - 67 см, кеуде шеңбері 44 см. Басын жақсы ұстайды, аунайды, еңбектеуге тырысады, өздігімен отырмайды, Тері және кілегей қабаттары таза. Тамақтануы жоғарылаған. Үлкен еңбегі 1,0 x1,0 см. Тістері жоқ. Тірек-қимыл жүйесі жағынан көзге көрінетін патология жоқ. Өкпеде пуэрильді тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, шулар жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыр қабырға доғасынан 2 см шығыңқы, талақ пальпацияланбайды. Үлкен дәреті күніне 2-3 рет, ботқа тәрізді, патологиялық қоспаларсыз.

1 Есепке тапсырма:

1. Баланың денсаулық жағдайын бағалаңыз.

2. Баланың денсаулық тобын анықтаңыз, негіздеңіз.

3. Баланың дамуында қандай ауытқулар анықталды?

4. Физикалық және психо-моторлы дамуы жасына сай ма?

5. Эрисман индексін есептеңіз.

6. Баланы қандай қауіп тобына жатқызуға болады?

7. Осы қауіп факторлары жүзеге асырылды ма?

8. Балаларда осы патологияның даму себебі.

9. Баланы бірінші жылында бақылау жоспары. Тағайындаулар?

10. Д дәруменімен рахиттың алдын алуын жүргізу қажет пе?

11. Келесі екпелер қашан жүргізіледі?

12. Осындай патологиясы бар балалардағы нейроэндокринді жүйесінің функциональдық белсенділігінің негіздері.

2 есеп:

Аймақтық дәрігерге анасы мен баласы жоспарлы профилактикалық қарауға келді. Елена К, қыз бала, 2ай 25 күндік. Қабылдауда соғы рет 1 айында болған. Анасының сүтімен қоректенеді. Соңғы 2 аптада мазасыз бола бастаған, тамақтандыру арасындағы үзілісті көтере алмайды, кіші дәреті сирек. Ата-анасының дені сау. Анасындағы жүктілік бірінші, жүктіліктің екінші жартысы токсикозбен өткен. 32 аптасында бронхитпен ауырған. Мерзімінде босанған. Қыз бала бірден айқайлаған, Апгар шкаласы бойынша 7/8 балл. Туған кездегі салмағы 3200 г., ұзындығы – 51 см. Перзентханадан қанағаттанарлық жағдайда үшінші тәулікте шығарылған. Қазіргі уақытқа дейін ешқандай аурумен ауырмаған.

Антропометрия: Салмағы – 4.600 г., ұзындығы – 57 см., кеуде шеңбері – 38 см. Дене температурасы 36,8°. Тері қабаты таза, қалыпты түсті. Тері асты шел-май қабаты нашар дамыған, аяқ-қолдары жіңішкерген. Кілегей қабаттары таза, араны қалыпты. Пэурильді тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары анық, ырғақты, шулар жоқ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығыңқы. Үлкен дәреті күніне 2 рет, ботқа тәрізді, сары түсті, қышқыл иісті. Қарағанда бала мазасыз, жылайды. Басын жақсы ұстайды. Арқасынан ішіне аунауға тырысады. Ашық түсті заттарды жақсы бақылайды. Моро рефлексі, Бауэра рефлексі, автоматты түрдегі жүріс жоқ. Тонусты мойын және іздеу рефлексі жойылып бара жатыр. Қармап алу және табан рефлекстері жақсы шақырылады.

2 Есепке тапсырма:

  1. Диагноз қойыңыз.

  2. Денсаулық тобын және бағытталған қауіп факторын анықтаңыз.

  3. Осы аурудың диагностикалық критерийлерін атаңыз.

  4. Эрисман индексін және тиісті дене салмағын есептеңіз.

  5. Балаға қандай тексерулер жүргізу керек?

  6. Психомоторлы дамуы баланың жасына сай келе ма?

  7. Ем тағайындаңыз.

  8. Алдын- алу шараларының жоспары.

  9. Баланы қандай дәрігергер -мамандар қарау керек?

  10. Ауруды уақытылы анықтамаған жағдайда баланың болжам денсаулық жағдайын құрастырыңыз.

  11. Белгіленген мерзімде алдын- алу екпелерін жүргізу мүмкіндігін бағалаңыз.

Тақырып № 4: Әр жастағы балалардың денсаулық жағдайын және дамуын бақылау. Диспансерлік мониторингтың ерекшелігі. Әртүрлі мүше мен жүйелер патологиясының ерекшеліктері және қалпына келтіру.