Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИС по темам №1-10 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
420.35 Кб
Скачать

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. I дәрежелі гипотрофия типі бойынша пренаталды дистрофияға тән салмақ –бой коэффициентін көрсетіңіз:

А. 44-40

В. 49-45

С. 54-50

D. 59-56

Е. 60-57

2. Бала I жүктілік, I босанудан, туылған кездегі салмағы 2900 г., ұзындығы 49 см. Әйелдің қан тобы А(II), Rh(+) , баланың қан тобы АВ (IV), Rh (-). Апгар шкаласы бойынша бағалау 7-8 балл. 3-ші тәулікте балада тері жамылғысының сарғаюы пайда болды. Емуі белсенді, құспайды. Биохимиялық қан анализінде тура емес билирубин фракциясы 90 мкмоль/л, трансаминазалар қалыпты. Болжам диагноз қандай:

  1. пренаталды гипотрофия

  2. Rh сәйкессіздік бойынша гемолитикалық ауру

  3. АВО сәйкессіздік бойынша нәрестенің гемолитикалық ауруы.

  4. физиологиялық сарғаю

  5. асфиксия кезіндегі сарғаю.

3. 7 күндік нәрестені патронаждық қарау: іштің төменгі бөлігінде, аяқ қолдарда, әр түрлі даму сатысындағы көпіршіктер байқалады (өлшемі 0,5тен 1,5 см дейін, серозды-іріңді қосылысы бар, көпіршіктердің негізі эритематозды дақтар фонында инфилтрацияланған). Никольский симптомы теріс. Көпіршіктерді ашқанан кейін эрозия қалады. Бұрынғы көпіршіктер орнында қабыршақтар қалмайды. Баланың жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене температурасы субфебрилді. Сіздің диагнозыңыз:

  1. Туа біткен буллезді эпидермолиз

  2. Туа біткен сифилис

  3. Синдром Лайела

  4. Эксфолиативті Риттер дерматиті

  5. Пемфигус (нәресте көпіршігі)

4. БМСК жағдайында жаңа туған сәбидің ажырату диагнозында физиологиялық сарғаюға қандай тұжырым тән екенін бағалаңыз (2 дұрыс жауап):

  1. Физиологиялық сарғаюы бар жаңа туған нәрестеге фототерапия қажет;

  2. Зәрде өт пигменттері жоқ;

  3. Толқын тәрізді ағымды;

  4. Баланың жалпы жағдайы нашарлайды;

  5. Сарғаю өмірінің 5-нші күні пайда болады және 30 күнге дейін созылады;

  6. Сарғаюы бар жаңа туған нәресте ауруханаға жатқызылады;

  7. Нәжіс массалары қалыпты түсті боялған;

  8. Нәрестені жасанды қоректендіруге көшіру.

5. TORCH- синдром, термині қай кезде қолданылады:

А белгілі бір генетикалық патологияда;

В. құрсақішілік инфекцияда;

С. белгілі бір жұқпалы емес эмбриопатияда;

D. белгілі бір жұқпалы емес фетопатияда;

Е. ерте неонатальді кезеңдегі жұқпалы ауруда

6. Клиникалық хаттама бойынша амбулаторлы жағдайда жаңа туған нәрестені қарау кезінде, жаңа туған нәрестеде бактериальды сепсис дамығанда дәрігер арнамалы емес клиникалық көріністерге назар аударуы керек (үш «Н» ережесі) (3 дұрыс жауап):

  1. «нашар өседі»;

  2. перинатальды энцефалопатия;

  3. интоксикация белгілері;

  4. «нашар тыныс алады»

  5. жаңа туған нәрестеде перитонит;

  6. «нашар тамақтанады»;

  7. «нашар ұйықтайды»;

  8. «нашар көрінеді».

7. Табиғи тамақтандырудағы, лактазды жетіспеушіліктің толық формасымен ауыратын баланы, жүргізудің тиімді тактикасы:

  1. лактаза ферментінің дозасын таңдап алу және табиғи тамақтандыруды сақтау

  2. ана сүтінің көлемін азайту және антибактериалды ем тағайындау.

  3. бейімделген сүт қоспасымен жасанды тамақтандыруға көшіру және биопрепараттар тағайындау.

  4. ана сүтімен тамақтандыруды тоқтату және лактозсыз сүт қоспаларына көшіру

  5. ана сүтімен тамақтандыруды тоқтату, бейімделген сүт қоспасына көшу.

8. Нәрестенің өмірінің алғашқы үш күнінде, диспепсиялық синдром байқалса, клиникасына қарай қандай диагноз қоюға болады:

  1. фенилкетонурия

  2. Тея-Сакс синдромы

  3. мекониальды илеус

  4. глицинурия

  5. галактоземия

9. Өмірінің 4-нші күніндегі жаңа туған нәрестені қарағанда дәрігер Моро рефлексінің жоқтығын байқайды, нәресте шынтағына дейін тартылады, тіреу және қадамдау рефлексін жасамайды, жұлын рефлекстері кенет ауырсынады және төмендеген. Анасы дұрыс ембейтініне, жеткіліксіз зәр шығаруына шағымданады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз және тактикаңыз (2 дұрыс жауап):

  1. перинатальды энцефалопатия;

  2. церебральды ишемия;

  3. туу жарақаты;

  4. жана ғана туылған сәби симптомы;

  5. бас миына қан құйылу;

  6. невролог кеңесі;

  7. арнамалы бөлімге шұғыл госпитализациялау;

  8. соматикалық бөлімге шұғыл госпитализациялау;

10. 15 күндік бала кейде бірден, кейде тамақтандырғаннан кейін біраз уақыттан кейін құсады. Емуі белсенді, нәжісі қалыпты консистенциялы, патологиялық қоспалары жоқ, диурез қалыпты. Анамнезінен: босануы тез, Апгар шкаласы бойынша 6-7 балл. Өмірінің алғашқы күнінен құсады. Болжам диагноз:

  1. Пилороспазм

  2. Пилоростеноз

  3. Перинатальды энцефалопатия

  4. Ішек дисбактериозы

  5. Лактазды жетіспеушілік

2 Тақырып: Нәрестелік кезеңнің патологиясы. ДДҰ нұсқауына сәйкес және клиникалық хаттама бойынша нәрестелік кезеңнің ауруларын жүргізу.

принциптері.