Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КИС по темам №1-10 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
420.35 Кб
Скачать

Қорытынды деңгейлік білімін бағалауға арналған жағдайлық есептер:

1 есеп:

3 айлық қыз балаға асқынбаған диагнозбен АКДС + полиомиелит вакцинасымен екінші профилактикалық егу жасалды. Алдыңғы АКДС + полиомиелит (2 айында) егуін жақсы көтерді. Егудің 2-нші күні анасы емханаға 38°С дейін дене қызуының көтерілуіне, мазасыз, вакцина еккен жерде қызару мен тығыздалудың пайда болуына шағымданып келеді. Егуден кейін асқыну ретінде көрсетілген симптомдарды бағалап, анасы дәрігер мен мед бикені «маман еместігіне» кінәләді.

Қарағанда: дене қызуы 37,8°С. Мүшелер мен жүйелер жағынан патология анықталмады. Дәреті ботқа тәрізді. Вакцина еккен жерде 1 см көлемінде сіңбе, 3см көлемінде жұмсақ тіннің қызаруы және ісінуі.

1 Есепке тапсырма:

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. қандай ем шараларын жүргізу қажет?

3. Бала дәрігер-маман қарауын қажет ете ме жоқ па?

4. Болған жағдайды анасына қалай түсіндіруге болады?

5.Қалыпты вакцинадан кейінгі әсер мен вакцинадан кейінгі асқынудың арасындағы айырмашылық неге байланысты?

6. АКДС вакцинасымен иммунизациялағаннан кейін болуы мүмкін асқынуларды айтыңыз?

8. АКДС және полиомиелит вакцинасының егу мерзімі сақталған ба?

9. Бұл жағдайда СЭС шұғыл хабарлама жіберуге бола ма?

10. Балада дифте­рия мен тырыспаға қарсы вакцина курсы аяқталды деп есептеуге бола ма?

11. Кейінгі егулерден бала медициналық шегеруге жата ма жоқ па?

12. Жұқпалы және вакцинадан кейінгі үрдіс арасында патогенез айырмашылығы қандай?

13. Көкжөтелге қарсы шұғыл иммунизация бар ма?

2 есеп:

ЖТД 37,3°С дейін дене қызуы көтерілген, сол жақ құлақ маңының ісуіне шағымданған 2 жастағы ер балаға шақырылды. Балаға 9 күн бұрын паротитке қарсы егу жүргізілді, бір ай бұрын ЖРВИ-мен ауырған. Анамнезінен, өмірінің бірінші жылында атопиялық дерматит симптомы анықталған. Жеке күнтізбе бойынша егілген. АКДС, полиомиелит және қызылшаға қарсы егуді жақсы көтерген. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы таза. Араны сәл қызарған. Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Сол жағында құлақмаңы безі ісінген, қыртысталған тері қатпарымен. Ішкі мүшелері патологиясыз. Менингеальды белгілер анықталмайды.

2 Есепке тапсырма:

1. Сіздің диагнозыңыз?

2. СЭС шұғыл хабарлама жіберуге бола ма?

3. Оториноларингологтың қарауы керек пе, оның мақсаты?

4. Балада анықталған өзгерістерді қандай аурулардан ажырату керек?

5. Ем тағайындаңыз.

6. Балада анықталған өзгерістердің болуы мүмкін себептері?

7. Паротитке қарсы шұғыл иммунизация көрсеткіші.

8. Басқа егуден бала медициналық шегеруге жата ма?

9. Эпидемиялық паротитке қарсы егуге мүмкін асқынуларды атаңыз.

10. Баланы госпитализациялау көрсетілген бе?

11. Эпидемиялық паротиттің ауру көзі болып бала бола ала ма?

12. Эпидемиялық паротитке қарсы егу басқа вакцинамен бірлесе ала ма?

8 Тақырып: Арнамалы иммундық алдын алу. Вакцинадан кейінгі асқынуларды емдеу және мониторингі.

Бастапқы білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

  1. АбКДС еңгізгеннен кейінгі екпеден соңғы асқыну ретінде төмендегі нұсқалардың қайсысын көрсетуге болады (3 дұрыс жауап):

  1. Екпеден соң дене температураның болуы (37.7 С);

  2. Екпеден соң баланың пронзительный шыңғырығы;

  3. Екпе алған жерде мөлшері 1,5 см гиперемияның болуы;

  4. Екпе алған жерде мөлшері 3,5 см ісіктің болуы;

  5. Екпе алған жерде мөлшері 1,8 см инфильтраттың болуы;

  6. Екпе алғаннан кейінгі алғашқы 3 күн ішінде дене температурасының жоғарылауы және жалпы әлсіздік белгілері;

  7. Екпе алғаннан кейінгі алғашқы 3 күн ішінде фебрильді құрысулардың болуы;

  8. Екпе алғаннан кейінгі алғашқы 3 күн ішінде жүрек және тыныс жетіспеушілігінің көрініс беруі.

  1. 06.03.2015 жылдың №190 ДСМ СЗ ҚР бұйрығына сәйкес полиомиелитке қарсы (ОПВ) екпесінің асқынуын көрсетіңіз (2 дұрыс жауап):

  1. Байланысқандарда 4 тәуліктен 60 тәулікке дейінгі кезеңде вакцинаға негізделген паралитикалық полиомиелит дамиды;

  2. Екпе алғаннан кейін төртінші және 30-шы тәулік аралығында фебрильді құрысулардың пайда болуы;

  3. Екпе алған жерде 1-ші және 3-ші тәулік аралығында келлоидты тыртықтардың пайда болуы;

  4. Екпеден кейін 1-ші және 3-ші тәулік аралығында ішек дисфункциясының пайда болуы;

  5. Екпе алғаннан кейін төртінші және 60-шы тәулік аралығында флегмонаның пайда болуы;

  6. Екпе алғандарда 4 тәуліктен 30 тәулікке дейінгі кезеңде вакцинаға негізделген паралитикалық полиомиелит дамиды;

  7. Екпе алғандарда 1 тәуліктен 3 тәулікке дейінгі кезеңде вакцинаға негізделген паралитикалық полиомиелит дамиды;

  8. Байланысқандарда 1 тәуліктен 30 тәулікке дейінгі кезеңде вакцинаға негізделген паралитикалық полиомиелит дамиды.

3. 1 айлық балаға патронаж кезінде, сол жақ қолтық астында тығыз, көлемі ұлғайған ойыс анықталады, лимфа түйін ауырсынусыз, пальпация кезінде флюктация анықталады, басқа лимфа түйіндері ұлғаймаған. Күнтізбемен екпелер жасалған. Вакцинацияның қандай асқынуы?

  1. Келлоидты тыртықтар

  2. Везикулонекротикалық реакция

  3. Регионарлы лимфаденит

  4. Генерализованды БЦЖ

  5. Остеомиелит

4. Мектепте туберкулезге қарсы жоспарлы ревакцинация жүргізілді. Бала, 7 жаста. Баланың анамнезінде БЦЖ вакцинациясынан кейін келлоидты тыртықтар пайда болған. БЦЖ ревакцинацияға дәрігердің іс – әрекеті:

  1. Күнтізбе бойынша егу

  2. 6 айға дейін медициналық кейінге қалдыру

  3. 1 жылға дейін медициналық кейінге қалдыру

  4. Ревакцинация тиісті емес

  5. Келлоидты тыртықты емдегеннен кейін

5. АбКДС вакцинациясынан кейін қандай уақытта кішентай құрыспалық ұстамалар түріндегі неврологиялық асқынулар дамуы мүмкін?

  1. Екпе күні;

  2. Екпеден 2 күннен кейін;

  3. Иммунизациядан 3-5 күннен кейін;

  4. Екпеден кейін 8-10 күндері;

  5. Екпеден кейін 14-16 күндері.

6. Бала 3 айлық. 2 айлығында біріншілік АбКДС кейін афебрильді құрысулар бақылынды. Қараған кезде дені сау, анасы шағым айтпайды. Кейінгі вакцинацияға көкжөтел, дифтерия, сіреспеге қандай іс – әрекет?

  1. АбКДС екпесімен вакцинацияны

  2. АбКДС басқа серияларымен вакцинацияны жүргізу

  3. АбКДС вакцинациясынан бас тарту;

  4. АДС пайдаланып, вакцинацияны жалғастыру

  5. АДС-М пайдаланып, вакцинацияны жалғастыру

7. 1 жастағы балада ККП вакцинациясынан екпеден 2 аптадан кейін клиникалық белгілер пайда болды, субфебрильді температурада қалшылдау, қозу, катаральды көрініс. Баланың жағдайын және вакцинаның қандай компонентінен бұндай реакциялар болатынын анықтаңыз?

A. қызылша вакцинасына энцефалитикалық реакция

B. паротитті вакцинадан серозды менингиттің көрінісі

C. кызылша вакцинасына аллергиялық реакция

D. ККП вакцинациясына қалыпты реакция

E. қызамық профилактикалық вакцинасына энцефалитикалық реакция

8. Балада біріншілік екпеде АбКДС вакцинасынан кейін 2 күні аллергиялық бөртпе, құрысулар, температура 39°С жоғары, «мозговой крик». Вакцина жасауға ары қарайғы сіздің іс – әрекетіңіз:

  1. күнтізбемен индивидуальды егу

  2. қалыпты уақытта егу

  3. АбКДС вакцинасын жасау қарсы көрсетілген

  4. иммунизация АДС – М анатоксинімен жалғастырылуы мүмкін

  5. барлық екпеден абсолютты қарсы қорсеткіш

9. Қызылша вакцинациясынан кейінгі асқыну:

A. салқын абсцесс

B. фебрильды құрысулар

C. келлоидты тыртықтар

D. ішек дисфункциясы

E. флегмона

10. Екі жасар балаға 2 апта бұрын АбКДС екпесін салған. 15-ші күні кенеттен түнде кеуденің барлық бөлігінде массивті ісіктер пайда болған. Анасарка. Зәр шығаруы азайған. Жалпы жағдайын бағалаңыз, болжам диагноз қойыңыз? Аталған жағдай 2 апта бұрын алған екпенің әсерінен болуы мүмкін бе? (2 дұрыс жауап)

  1. Жедел гломерулонефрит;

  2. Аллергиялық реакция;

  3. Нефротикалық синдром;

  4. Жедел пиелонефрит;

  5. Жүрек жетіспеушілігі;

  6. Осы жағдай екпеден кейінгі асқыну ретінде бағаланады;

  7. Осы жағдай екпеге әдеттегі реакция ретінде бағаланады;

  8. Осы жағдай қосымша ауру ретінде бағаланады.

8 Тақырып: Арнамалы иммундық алдын алу. Вакцинадан кейінгі асқынуларды емдеу және мониторингі