- •1.Жердің тұрпаты мен өлшемдері
- •5 Картография
- •5.1 Картография ғылымдар жүйесінде
- •5.2 Ұсақмасштабты карталар, олардың математикалық негізі
- •5.3 Картадағы бұрмаланулар
- •5.4 Картографиялық салындылар, олардың жіктелісі
- •5.5 Картографиялық салындыларды таңдап білу
- •5.6 Картографиялық генерализация (іріктеу)
- •5.7 Картографиялық белгілер. Картографиялық бейнелеу
5.7 Картографиялық белгілер. Картографиялық бейнелеу
Картографиялық белгілер — бұл табиғат аясы мен қоғамдағы құбылыстарды, олардың сипаттарға кейіпті келбеттеу үшін қолданылатын таңбалы, әріпті жэне цифрлы жазбалар. Олармеін құбьшыстар ғана емес, заттар, объекттер, процестер (тәсірлер) де бейнеленеді. Мысалы, мұнай мұнаралары, электр жіберу желісі, батпақты жер, елді мекен, жер бедері, ауа температурасы, теңіз ағыстары... Картографиялық белгілер мазмұны бойынша заттық және мән — мағыналық болып келеді. Мысалы, елді мекен, ондағы тұрғындардың тығыздығы. Жеке объектілерге қатысты картографиялық белгілер екі міндет атқарады: біріншіден, объектілердің түрін, олардың маңызды сандық және сапалық сипаттарын өрнектейді. Мысалы, құдық, оның дебиті; тас жол, оның ені мені жамылғысы; батпақты жер, одан етудің мүмкіншілігі. Екіншіден, объектілердің кеңістіктегі жайғасуын, тұлғалық өлшемдерін және пішінін айқындайды. Картографиялық белгілермен құбылыстың уақыт саңатында өзгеруін, сондай-ақ, жылжу процестерін бейнелеуге болады. Мысалы, тұрғындар саңатында өзгеруі, өзен-су тасқынының жайылуы, экспедициялық сапар шегудің маршруты, циклондар траекториясы.
Картографиялық белгілер жиынтығының атқаратын қызметі орасаң зор. Ол арқылы объектілердің үйлестірілуі және ара байланыстары көрсетіледі, құбылыстардың кеңістіктегі бейнесі қалыптастырылып олардың орналасу заңдылығы айқындалады.
Белгілердің тобын қолдану айласы арқылы құбылыстардың жай-күйін, даралануы мен уақытша өзгересін кеңістікті сипаттарға мүмкіндік туады. Мұндай іс-әрекет геожүйелік зерттеу бола тұра, құрамдық немесе аймақтық картографиялауда пайдаланылады.
Бейнеленетін объектілердің кеңістіктегі жайғасуына байланысты картографиялық белгілер масштабтан тыс, сызықтық және алаңдық болып 3 түрге бөлектенеді:
- масштабтан тыс, олармен нүктелік, яғни ауданы кішігірім объектілерді белгілейді (Қ-4, сур. 1): 1 — тригопункт 2 (мемлекеттік геодезиялық тордың пункті); 2 ― радиотеледіңгек; 3 — бензоколонка; 4 — мұнайгаз мұнаралары; 5 ― метеостанция; 6 — ескерткіш, мұраескерткіш;
- сызықтық, созылыңқы объектілер үшін, бұлардың ұзынабойы өзіне ұқсас, ені, бәлкім кеңейтілген (Қ—4, сур. 1): 7 мемлекетаралық шекаралар; 8― мемлекеттік қорықтың шекаралары; 9 — жетілдірілген тас жол; 10 — электр тоғын металл, темірбетон бағаналары арқылы жеткізу желілері; 11 ― жерасты құбырлары; 12 — өзендер, жылғалар;
- аландық, тұлғалық объектілер үшін, бұлар масштабты болып тұлғанады (Қ—4, сур. 1): 13 — тікенек шоғырларымен тұтасқан қопа; 14 ― сексеуіл қопа; 15 ― тас топырақты тау жыңысы, ұсақ тасты жер беті; 16 ― өтіп кетуге болатын сор; 17 ― құм төбелі үйінділер; 18 ― мүк басқан батпақ.
Бұлардан басқа ерекше категорияланатын картографиялык белгілер бар: мысалы. тұрғындардың саны, орман-тоғайдың ауданы, шаруашылық өнімдерінің деңгейі қосынды шамалармен белгіленсе, тұрғындардың тығыздығы, жыртылған жердің пайыздык үлесі сияқтылар салыстырмалы көрсеткіштер есебімен беріледі.
Картографиялық белгілерді сызып салуда пайдаланылатын сызбалық айла-тәсілдер пішіні, мөлшері, бағдары, түсі, ақшылдығы және ішкі құрылымы сияқты 6 нышанмен айрықшаланады:
таңбалардың (масштабтан тыс белгілердің) айрықшалануының нышандары бойынша (Қ-4, сур. 2): а ― тұрпаты, б — мөлшері, в — бағдары, г — ақшылдығы, д — ішкі құрылымы;
сызықтық белгілердің айрықшалануының нышандары бойынша (Қ-4, сур. 3): а — мөлшері (ені), б — құрылымы (суреті), в — ақшылдығы;
аландық белгілердің айрықшалануының нышандары бойынша (Қ-4, сур. 4): а — ақшылдығы, б — құрылымы, в ―толықтырма белгілеулердің суреті, г — штрих сызықшаларының бағдары.
Картографиялық белгілерді сызып шығаруда әр алуан сызбалық амал-айлалар қолданылады. Бұл іс-әрекетте белгілеулерге тән қос қасиет ескеріліп отыру керек. Біріншіден, сызып шығару ережелерінің қатаң сақталуы, екіншіден, ақпаратгық маңызының түсініктілігі мен айқындылығының білініп тұруы.
Картогафиялық белгілердің түрлілігі 5 топқа жіктестірілген: таңбалар (Қ-4, сур. 5); межелер (шкалалар) (Қ-4, сур. 6, 7, 9)| реңктер (Қ-4, сур. 8, 9); шрифтер (Қ-4, сур. 10); жазбалар (Қ-4 сур. 11).
Осы белгілердің объектілер мен құбылыстарды, олармен байланысты процестерді кескіндеу іс-әрекетінде қолданылущ картографиялық бейнелеу деп аталады. Оның 12 тәсілі бар: таңбалар, сызықтық белгілер, изосызықтар, псевдосызықтар, сапалық ажарлау, сандық ажарлау, қомақталған диаграммалар, нүктелеулер, ареалдар, қозғалыс белгілері, картодиаграммалар, картограммалар.
1. Таңбалар (Қ-4, сур. 13). Ауданы карта масштабында беріле алмайтын объектілерді бейнелейді. Объекттердің орналасу жағдайы, түрі, шамасы, мәні мен қуаттылығы таңбалаудьщ мөлшері, пішіні және түсі арқылы кейіптеледі. Таңбалардың кең тараған түр-тұрпаты мынадай:
- геометриялық пішіндер: дөнгелектер, үшкілдер, төрткілдер, кубтар, дұрысбұрыштылар, шаршылар;
- әріптер, айталық, объект атының бас әрпі: А — автомобиль, X — химия, Б — балық аулау өнеркэсібі;
- көркемдеулер, мысалы, мұнай шығару орындарындағы мұнаралар, металлургия заводындағы домен пештері.
Жалпы таңбалаудың қарапайым және құрылымды түрлері бар. Құрылымды бейнелеуде объектілердің үлестік пайызы шеңберлік сектордың доғалық кескінімен бөліктенеді.
2. Сызықтық белгілер (Қ-4, сур. 14, 15). Жер танабында созылыңқы жатқан объектілерді бейнелейді. Мысалы, өзендер, жолдар, қыраттар, жарықшақтар. Бейнелеуде қолданылатын айла-амалдар:
- өзен-су ағыстарының желісі кескіні әр түрлі сызықтармен беріледі;
- объектілердің сапалық айырмашылықтары бояу түстерімен реңденеді, мысалы, тас жолдың сипаты;
- сандық ерекшеліктер сызықгық белгілеудің енімен шектеледі, мысалы, өзен-су ағыстарының мөлшері.
3. Изосызықтар (Қ-4, сур. 16,17). Қайсыбір құбылыстың бірдей шамаларының өзара қосылуынан туындайтын сызықгар. Картоматериалдарда жиі кездесетін изосызыктар (гр. іsos — бірдей, деңгейлес, теңдес);
- изогипстар, деңгейі бірдей сызықтар (б.с.);
- изотермалар, температурасы б.с.;
- изобарлар, қысымы б.с.;
- изобаттар, тереңдігі б.с.;
- изохрондар, сейсмикалық тербелісі (толқыны) б.с.;
- изохиондар, қар жамылғысының қалыңдығы б.с.;
- изотахтар, жауын-шашын жылдамдығы б.с.;
- изогондар, магниттік септеуі б.с.;
- изоклиндер, магниттік еңкеюі б.с.;
- изогаммалар, ауырлық күшінің үдемелігі б.с.;
- изодазалар, түрғындар тығыздығы б.с.;
- изохименалар, кысқыкүнгі орташа температурасы б.с.;
- изогиеталар, жауын-шашын қалындығы б.с.;
- изоколдар, бұрмалануы б.с;
- изоқатынастар, жауын-шашынның түсуі мен ағып кетуінің ара қатынасы б. с.;
- горизонтальдар, биіктігі б. с.
Псевдоизосызықтар (Қ-4, сур. 18). Қоршаған ортаны тұтастай қамтымайтын құбылыстарды бейнелейді. Мысалы, тұрғындар тығыздығының көрсеткіштері, жыртылуға ұшыраған жердің ауқымдары, ормандылық көрсеткіштері. Бұлардың изосызықтардан айырмашылығы — олардың жасанды танапқа сәйкесті туындауы. Мысалы, жер аланының 1 км2 тиісті есептеліп шығатын
индустриялық объектілердің саны немесе тұрғындар тығыздығы.
Сапалық ажарлау (Қ-4, сур. 19, 20). Бұл тәсілмен әр түрлі жер телімінің (танабының) сапалық ерекшеліктері түрлі-түсті реңкті бояулармен немесе штрихтау амалдарымен беріледі. Қолдану аясы: саяси, экономикалық, геологиялық, тектоникалық, топырақтық т.б. карталар.
Сандық ажарлау (Қ-4, сур. 21). Жер телімін (танабың сандық мөлшерлерімен аудандастыруда кең қолданылады. Мысалы,
жер танабын көлбеу бұрыштардың шамалары, соңдай-ақ даралану тереңдігі (қабаттылығы) бойынша аудандастыру арқылы морфометриялық карта жасау;
өзен-су арналарындағы, орман-тоғай шоғырларындағы құбьлыстардың даму деңгейінің карталарын құрастыру;
жерасты су қорларының картасын құру.
Аудандастырудың жеке-дара алқаптары түрлі-түсті ажарлау
штрихтау, шептерін суреттермен таңбалау немесе цифрлармен нөмірлеу арқылы бөлектеуі.
Қомақталған диаграммалар (Қ-4, сур. 22). Құбылыстардың таралуын нүктелеулер, геометриялық пішіндер көмегімен сандық және сапалық сипаттауда кең орын алған. Мысалы,
тұтас құбылыстардың таралуы (температуралар, судың
тұздылығы);
тегіс таралған құбылыстар (желдер);
сызықты тұлғаланып таралған құбылыстар (су тасқындары);
жиыңқы орналасып таралған құбылыстар (белгілі бір тереңдіктегі жер қыртысы тонының алқабы);
Соңдай-ақ,
мерзімдік, яғни уақыт санатындағы, құбылыстар (желдің соғу бағытының қайталануы, су тасқыны кезіндегі су беті деңгейінің көтерілуі);
топырақ қыртысының тоңдануы;
судың тасуы мен қайтуы;
желдер «роза»-сы.
Нүктелеулер (Қ—4, сур. 23, 24). Бұл тәсілде құбылыстың жайғасуы сандық мәнімен қоса сипатталады. Жайғасу жағдайы нүктелген орынның мөлшерлігіне сай келеді де, әрбір нүкте өзіне тән сандық мәнге — «салмаққа» ие. Мысалы,
ауыл шаруашылығы картасында нүктеленетін қара малдың жайылымды жайғасуындағы әрбір нүкте — мол басының атаулы саны;
тұрғындар картасындағы әрбір нүкте — тұрғындардың саны.
Егер карта бетінде картографияланатын құбылыстың әр түрлерін бейнелеу қажет болса, онда түрлі-түсті нүктелеулерді қолданады. Мысалы, жерпайдалану картасындағы жеке дақылдар мен егістіктердің жайғастырылуы немесе тұрғындар картасында тұрғындар санының ұлттық нәсілі бойынша таралуы.
Нүктелеулермен құбылыстың динамикасын да сипаттауға болады. Мысалы, егістік алаңдардың ұлғаюы, қара мал басының молаюы.
Ареапдар (лат. аrеа ― алаң, кеңістік) (Қ-4, сур. 25, 26). Бұл тәсіл құбылыстың табиғи таралуын бейнелейді. Мысалы, пайдалы қазбалар шоғырының жер қойнауындағы орны.
Жер танабындағы ареалданып тұлғалануының айла-тәсілдері мынадай:
тұтас немесе үзік сызықтармен;
реңктеу (өң беру) немесе штрихтау сызықтарын жүргізу.
Егер ареал шептері айқын болмаса, онда жазбалар немесе таңбалаулар қолданылады.
Қозғалыс белгілері (Қ-4, сур. 27, 28, 29). Бұлар арқылы түрлі құбылыстардың орнығыуындағы ауыспалықты бейнелейді. Мысалы,
