- •1.Жердің тұрпаты мен өлшемдері
- •5 Картография
- •5.1 Картография ғылымдар жүйесінде
- •5.2 Ұсақмасштабты карталар, олардың математикалық негізі
- •5.3 Картадағы бұрмаланулар
- •5.4 Картографиялық салындылар, олардың жіктелісі
- •5.5 Картографиялық салындыларды таңдап білу
- •5.6 Картографиялық генерализация (іріктеу)
- •5.7 Картографиялық белгілер. Картографиялық бейнелеу
1.Жердің тұрпаты мен өлшемдері
Жер планетасындағы физикалық бет барлығы 510 млн. км2 аумақты қамтып, 71 % су және 29 % құрлық бетін құрады екен. Сондықтан Жердін шынайы тұрпаты Дүниежүзілік мұхит бетінің деңгейіне (геоид бетіне) қатысты зерделенген.
Геоид (гр. gе — жер, еіdo — түр, кескін) ― материктер астымен ойша жалғастырылған теңіздер мен мұхиттардың тынық қалпындағы деңгейлік беті. Бұл бет жер бетіңдегі қай нүктеде болса да ауырлық күші бағытына (зілмауырлық түзуге) тіке (Қ-1 , сур. 1). Геоид атауын 1873 ж. неміс ғалымы И.Листинг (1808-1882) ұсыныпты. Геоид бетімен ең жақын кабысатын жер- дің есептемелік тұрпаты — ол жер эллипсоиды .
Жер эллипсоидының беті ― жер тұрпатына ең жақсы сәйкестенген айналу эллипсоидтың беті. Бұл бет геодезиялық өлшеулерде және карталарды жасауда бастапқы дерек болып қабылданады. Оның геоид бетінен ауытқуы +120 м (15° б.б.) мен -140 м (67,5° ш.б.) шамаларынан аспайды (Қ-1, сур. :2). Геодезист-ғалым Ф.Н.Красовский (1878-1948) ұсынған референц-эллипсоидтың (1946 ж. қолданылуда) тұрақты өлшемдері (параметрлері) мынадай:
- үлкен жартылай білік (экваториалдьтк радиус) а = 6378,245 км;
- кіші жартылай білік (полярлық радиус) b=6356,863 км;
- сығылу 1/298,3 ...;
Мұнда және бұдан әрі Қ әрпі косымша сөзінін кысқартылып берілуі.
Жер эллипсоидының өлшемдері, координаталар мен биіктіктердің басталу нүктелері, жер бетіндегі нүктелердің координаталары мемлекетте шығарылатын карталардың геодезияльіқ негізін құрады.
5 Картография
Картография атауының тегі мен анықтамасы, оның қандай негізгі пәндерге бөлектенуі мен жалпы географиялық пәндердің қатарындағы орны жөнінде кіріспеде келтірілген. Бұлардың то- лық дәйектемелерін оқулық әдебиеттен [2] табуға болады.
Төменде картографиядағы тарихи процеске, географиялық картографияға, картографияның ғылымдар жүйесімен байланыстылығына көңіл бөлейік.
Картографиядағы тарихи процесс картографиялық шығармалардың (карта, глобус, атлас), жер телімінде өлшеу және түсірімдеу жұмыстарын жүргізудің құрал-аспаптарының, сондай-ақ картоматериалдарды жасаудың әдістері мен технологиялары, оларды қолданудың әдістемелерініңе пайда болуы мен дамуы кезеңдерін қамтиды [2]. '
Жер телімінде өлшеулер мен түсірімдеулерге қажетті
құрал - аспаптардың дамуы
Tехникалық прогрестің кезеңдері |
Тарихи дәуірлер |
1 |
2 |
1. Көзбен шолып байқау және көз-мөлшермен бағалау |
Ежелгі уақыттан |
2. Ұзындықтар мен бұрыштарды өлшеуде геодезиялық аспаптарды қолдану |
X ғ. б.д.д. |
3. Ендік пен бойлықты анықтау үшін астрономиялык құралдардың пайда болуы |
III ғ. б.д.д. |
4. Оптикалық астрономиялық-геодезиялық құралдардың іске жаратылуы |
XII ғ. бастап |
5. Аэрофотоаппараттарды және басқадай қа- шықтықтан барлап білудің амалдарын ойлап табу |
XIX ғ. ІІ-ші жартысынан |
6.Электрондық геодезиялық аппаратураны жасау |
XX ғ. Ортасынан
|
7. Глобальды позициялайтын жүйелердің қолданылуы |
XX ғ. соңынан |
Картоматериалды жасаудың әдістері мен басып шығару технологияларының дамуы
Негізгі кезеңдері |
Тарихи дэуірлер | |
1.Тас, ағаш, папирус, мата беттерінде суреттер салу |
Ежелгі уақыттан |
2. Қағаз бетінде қолжазба карта қурастыру |
III ғ. б.д.д. |
3. Tас, металл бетінде оймалау (гравёрлеу), карта басуды іске жарату |
XV ғ. ортасынан |
4. Фотохимиялық және көшірмелік тәсірлерді қолдану |
XIX ғ. ІІ-ші жартысынан |
5. Қарталарды құрастырудың фотограмметриялық технологиялары |
XX ғ. басталуынан |
6. Картаны құрастырудың цифрлау және электрондық әдістері мен технологиялары, деректердің базасы мен банктерін құру, геоақпараттық картографиялау |
XX ғ. ортасынан |
7. Картаны компьютерлік желілерде құрастыру, виртуальды (мүмкіндікті) картографиялау |
XX ғ. соңынан |
Карталарды колдану әдістерінің дамуы
Нсгізгі бағыттары |
Тарихи дәуірлср |
1 |
2 |
1. Картаны жер телімде бағытты бағдарлау үшін және сапар шегуде колдану |
Ежелгі уақыттан |
2. Картаны саяхат жасауда және навигацияда пайдалану |
XIII ғ. |
3. Карта — мемлекеттік және әскери-саяси кауіпсіздікті нығайтудың кұралы |
XV ғ. |
4. Карта — ғылым-білімнің корлануы мен жинақылануының (жалпыламануының) құралы |
XVIII ғ |
5. Карта — қоршаған дүниені сүлбілеу мен танып білудің құралы |
ХХғ. І-ші жартысынан |
6. Карта — коммуникация (қатынас жол) құралы |
XX ғ. II-ші жартысынан |
7. Картографиялау ― кеңістіктік ақпаратты жүйелі ұйымдастырудың және басқарулық шешімдерді қабылдаудың негізі |
XX ғ. соңынан | |
Географияльщ картография деп бөліктеудің мәнісі ― оның географиялық жүйелерді (геосистемаларды. — К.А.Салищев) бейнелеуі мен зерттеуінде. Бұл саланың ғылыми мектебіне ат салысқан отандық картографтар мен географтар: А.А.Тилло, Д.Н.Анучин, Ю.М.Шокальский, Н.Н.Баранский, К.А.Салищев және басқалары.
А А.Тилло (1839-1899) — географ, картограф және геодезист, Еуропалық Ресейдің алғашқы гипсометриялық карталары құрастырушы, орфографиялық заңдылықты зерттеуші. Өзен ұзындықтары мен бассейн аудандарын өлшеумен шұғылданған. Оқымысты ғалым: «География сонда ғана дәрменшіліктен арылады, егер оған негіз болып топография қызмет етсе...» («География тогда только выходит из младенческого состояния, когда основою ей служит топография...»), ― деп тұжырымдаған. Ол топографияны карта құрастыру мен картометриялық жұмыстардын кешені санатына кіргізген.
Д.Н.Анучин (1843-1923) ― Москва университетінің географиялық-картографиялық мектебінің негізін қалаушы. Ол алғашқы болып жер бедері мен гидрографияны тектоникалық қозғалыстардың салдары деп мәселе қойған.
Ю.М.Шокальский (1856-1940) ― географ, океанограф және| картограф, карта бойынша өлшеулердің математикалық теориясын жете зерттеген. Олардың дәлдігіне көңіл бөлген. «Карта географ үшін басты қару» («Карта есть главнейшее орудие для географа»),.— деп тұжырым жасаған.
Н.Н.Баранский (1881-1963) ― әлеуметтік-экономикалық географияның классигі, мына алты «алтын» тұжырымның иегері:
1) карта ― географияның альфасы мен омегасы географиялық зерттеудің бастауы мен аяктауының кезі (карта-альфа и омега географии, начальный и конечный момент географического исследования);
2) карта — дақ орындарды (жер бетіндегі. — Б.Ж.) толтыруға стимул (ынталандыру) (карта — стимул к заполнению пустых : мест);
3) карта ― географиялық заңдылықтарды ашудың амалы(карта — средство к выявлению географических закономерностей);
4) карта — Адам мен Жер шары әлемін байланыстырушы делдал (карта — необходимый посредник между человеком и поверхностью земного шара);
5) карта — географияның «екінші тілі» (карта — «второй язык» географии);
6) карта ― географиялық критерийлердің бірі (карта — один критериев географичности).
К.А.Салищев (1905-1980) ― «Картографиялық әдіс — ғылыми танып білудің әдісі» деген қағиданың іргесін қалаған аса көрнекті ғалым, советтік географиялық-картографиялық мектептің басшысы. Бұл әдістің мән-мағынасы карталарды құбылыстарға түсініктеме беру, талдау және танып білу үшін; жаңа деректермен сипаттамаларды алу үшін; кеңістіктегі өзара байланыстылықтарды зерделеу және болжау үшін қолдану.
Қазіргі картографияның нығая беруіне ерен еңбек жасап жүрген белгілі ғалым-картограф А.М.Берлянт, география ғылымдарының докторы, профессор, ММУ-нің картография мен геоинформатика кафедрасының меңгерушісі. Оқымыстының ғылыми монографиялық және оқулық кітаптары оқушы жұртқа аян, әрдайым қолданыста, картографияның даму талабына сай жаңа салаларының бірі геоикониканың негізін салушы екені мәлім [2].
Жоғарыда мәлімделген картографиялык әдіс қағидасының колданылу аясы, әсіресе 1990 ж. бастап кең өрістеді:
- физикалық географияда: «картографиялық әдіс, К.К.Марков айтқандай, геофизикалық, геохимиялық және математикалық әдістер сиякты тікелейлігі және жан-жақтылығымен оқшауланды» («Картографический метод стал, по выражению К.К Маркова, сквозным и универсальным наряду с геофизическим, геохимическим и математическим»);
- ландшафттануда: жер танабының ландшафттық құрылымының сандық сипаттамаларын алуға байланысты карталарды талдаудың түбегейлі амал-айлалары жете зерттелді (ландшафтометрия);
- геологоқұрылымдық, геоморфологиялық, неотектоникалық, эрозиондық зерттеулер топо- және гипсометриялық карталардан алынатын ақпараттарға сүйенеді;
- морфометриялық картометрия пайдалы қазбаларды болжау және іздеумен айналысады;
- эрозиондық процестерді картометриялық талдау арқылы жерді ұтымды пайдалану және қорғау, топырақтардың бүлінуіне қарсы күресу мәселелерінің шешімімен шұғылданады;
- дүниежүзілік Мұхит түбінің геоморфологиясын, қайрандар мен жағалаулардың құрылымын зерделеу картографиялық әдістерге тура қатысты;
- картометриялық ақпараттарды био-, медико- және экономико-географтар кең пайдаланады;
ел-жүрттың, облыс пен регионның экономикалық жағдайларын білу картометриялық бағалаулар арқылы іске асады;
- карта бойынша зерделеудің қолданылу аясы сан алуан: қоныстандыру потенциалы, қызмет көрсету мен көліктік желілердің, әлеуметтік-экономикалық инфрақұрьлымдардьң біркелкілігі, сондай-ақ өзен-су тораптары мен бассейндердің, эрозиондық процестердің, өзен арналарының морфологиясы мен динамикасына қатысты бір қалыптылықтар.
Картография мен географиялық карталардың тарихы туралы мағлұматтар оқулық әдебиеттерде [1, 3, 9, 12] жеткілікті түрде дәйектелген. Тарихи мағлұматтар өткен заманда өмір сүрген ғұлама ғалымдардың сінірген еңбектерімен баяндалады. Мысалы:
Ежелгі заманда, жаңа дәуірге дейін (ж.д.д.). География мен картографияның ата мекені — Ежелгі Вавилон (қазіргі Ирак, Евфрат аңғары), Мысыр (ж.д.д. II ғ.), Мексика және Қытай (ж.д.д. 11 ғ.).
VI ғ. Анаксимандр (Милеттен) — масштабта шығарылған алғашқы грек картасының авторы. Географиядағы математикалық өлшеулердің бастаушысы. Карта — «географиялық тақта»-ның иегері.
V ғ. Гекатей Милетский ― географиялық сипаттамалаудың негізін салушы.
Фалес, грек математигі, астроном, картаны құрудың бастаушысы, аспан жұлдыздарының картасын құрастырған.
Геродот ― дипломатикалық келіссөздерде карта — «мыс тақта»-ның маңызы сөз болғанын айтады.
IV ғ. Аристотелъ — жер тұрпатының шар тәріздес екендігін дәйектеген. Бұл ақиқат картографияның математикалық негізін дамытуға жол ашты.
III ғ. Дикеарх (Мессинен) — Аристотельдің ізбасары, өзінің картасында Гибралтардағы Геркулес бақандары мен Родос аралындағы Маяк арқылы өтетін тіректік бағыт, диафрагма құрған.
II ғ. Гиппарх, «географиялық координаталар» түсінігін енгізген. Дөңгелекті (шеңберді) 360°-қа бөлуді ұсынған. Меридиандар мен параллельдер торын құрған. Алғашқы картографиялық салындыны құрушы.
276-194 жж. Эратосфен (Александриялық оқымысты)
— географияның атасы. «География» атты еңбек жазған. Ойкумена (мекендеу кеңістігі) картасын жасаушы, бұл картаны Х.Колумб пайдаланған. Мысыр елінде өмір сүріп жердің тұрақты өлшемдерің анықтаған. Жердің радиусын 6120 км (шынайы мәні 6371 км), экватордың ұзындығын 39500 км (шынай мәні 40076 км) деп тапқан.
Жаңа заманда, жаңа дәуірдің басталуында
II ғ. (90—168 жж.), Клавдий Птолемей, грек математигі, астроном, картограф. «География бойынша нұсқау»-дың (8 кітап) авторы. Бұл еңбегінде 27 карта болған, олар
соңғы 14 жүзжылдық уақытта беделді қолданыста болды. Птолемей географияның басты міндеті ― Жердің картографиялық бейнеленуінде деп қағида қалдырған. Ғалымның ұсынған конустық салындысы картографияда қолданысын әрдайым таба бермекші.
Орта гасырларда.
IIІ ғ. Пей Сю ― қытайлық картографияның атасы, Қытай картасының авторы.
IV ғ. Византийлық купец Козьма Индикопловтың «Христиандық топографиясы». Мұндағы монастырьлық карталар географиялық және картографиялық суреттерден құрастырылған [3].
VII ғ. Птолемей еңбектерінің әсерінен «Армян географиясы» туындады.
VIIІ ғ. Қытай картографтары жасаған «Аспан астындағы империя мен теңіздермен бедерленген варварлық елдер дің картасында» барлық Азия көрсетілген.
IX ғ. Араб астрономдары градустық өлшеулер жүргізген.
X ғ. Мұсылмандық дүниенің 21 картадан тұратын жинағы шығарылған [3].
XII ғ. Идриси, араб оқымыстысы — мұсылман картографтарының ең көрнектісі. Птолемей карталарының негізінде 70 табақ бет карта құрастырған.
ХІII ғ. Араб географтары Идриси (~1150 ж.) мен Ибң-аль Вардидың карталары Птолемейдің географиясымен салыстырғанда ілгері адым болды. Идриси картасында Скандинавия, Балтық теңізі, Ладога мен Онега көлдері, Двина, Днепр, Дон, Волга, Енисей, Амур, Алтай таулары, Тибет, Син мен Инд елдері орын алған.
ХІ-ХІІІ ғғ. Крест жорықтары, Жерорталық теңіз арқылы Батыс Еуропаның Шығыспен сауда жүргізуінің жандану кезеңдері. Мұнда басты роль атқарған қалалар: Генуя мен Венеция (Италияда), Барселона (Испанияда)
ХV-ХVІ ғғ. Қайта өркеңдеу дәуірі, Колумб пен Магелланның Ұлы географиялық жаңалықтарды ашу кезендері.
1492 ж. Мартин Бехаим (Нюрнбергген) ― картограф, астроном алғашқы глобусты жасаушы.
1512-1594 жж. Меркатор (Герард Кремер) — картограф «картографтардың королі». Теңбұрышты цилиндрлік салындыдағы Дүниежүзілік картаның авторы (1569)
15І7-І598 жж. Авраам Ортелий ― Жер шары атластарын құрушы.
