Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТУЗ_каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.14 Mб
Скачать

2.5.6 Су әкету торапын құрастыру

Торапта қалыпты гидравликалық жағдай тек қана дұрыс гидравликалық есептеуден ғана емес, олардың элементтерін дұрыс құрғанда ғана қол жеткізуге болады. Торапты құрастыру ережесі мынаған саяды.

  1. Құдықтар аралығында су әкету сызықтарын бір түзу бойында орналастыру қажет; торап бұрылғанда, ылдилық және құбыр диаметрі өзгергенде, бір немесе бірнеше құбыр қосылған жерде құдықтар орналастырады.

  2. Құдықтардағы тұрмыстық тораптың бірдей диаметрлі құбырларын КМ және Е мөлшерлеріне сай біріктіру тәртіп бойынша, есептік деңгей бойынша, ал жалпы ағызатын және жаңбыр құбырларын құбыр жіктері арқылы жүргізеді. Қосылатын құбыр науасының түбі әрқашанда әкететін құбыр науасынан жоғары болуы тиіс.

  3. Сұйықтың есептік жылдамдығы ағыс бойынша өспелі болуы керек. Есептік жылдамдықтың төмендеуі / бірақ минималданьтөмен емес/ тек қана арын жоғалу құдығынан кейін рұқсат етіледі.

Канализация құбырлары мен коллекторларына қойылатын талаптар

Канализациялық құбырлар мен коллекторлар сарқынды суды әкету үшін берік, ұзақ сақталатын, коррозияға қарсы мықты, гидравликалық соққыларға төзімді және материалдарының құны төмен болу керек.

Құбырлардың беріктігі дегеніміз - ішкі қысымға және түскен салмаққа қарсы тұру. Салмақ тұсу тұрақты және уақытша, транспорт қозғалыстарының әсерінен болуы мүмкін. Ал ішкі қысым канализация тораптарының жұмыс режимдерінен анықталады.

Құбырлардың суға төзімділігі судың инфильтрациясы мен оның эксфильтрациясының қатысуымен анықталады.

Жиналмалы темір бетон құрылымдары, құбырлар мен бұйымдар темір бетон заводтарында жасалады. Олар тиімді болады, коррозияға қарсы мықты және суға төзімді, ал түсетін салмақ пен температура өзгергенде статикалық және динамикалық әсерлер болуы мүмкін. Коллекторлар қиыршық тас немесе бетоннан дайындалады, ал плитасы бетон немесе темір бетоннан жасалады. Плитаның қалыңдығы мен бетонның маркасы топырақтың түрі мен каналдың өлшеміне байланысты есептеу арқылы анықталады.

Канализациялық құбырлар ( керамикалық, асбест- цементтік, темірбетондық, металл және т.б.)

Арынды құбырлар үшін металл, асбестцементтік, темірбетондық, пластмассалық, ал кейде фанерлі құбырлар қабылданад

Керамикалық , темірбетондық құбырлар өзі ағатын канализация жүйелеріне, ал диаметрлері үлкен коллекторларға темірбетонды құбырлар немесе жиналмалы темірбетон элементтері қолданылады.

Керамикалық құбырлар МЕСТ-286-82 бойынша ішкі диаметрі 1600 мм және ұзындығы 800-1200 мм болады.