Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТУЗ_каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.14 Mб
Скачать

1.5.2 Құбырлар

Қазіргі кезде жиі қолданылатың құбырларға шойыннан, болаттан, асбестцементтен және темірбетоннан жасалынатын құбырлар жатады. Кейінгі кезде синтетикалық құбырлар да кең қолдау табуда.

Шойын құбырлар. Су жүйесінде қолданылатын шойын құбырларының бір жақ басында екінші құбырды кіргізуге арналған кең қоныш болады да, екінші ұшы тегіс болып келеді (1.23 - сурет).

Бұл құбырлар 9583-75 Мемлекеттік стандарт бойынша ішкі диаметрі 65...1200 мм, ұзындығы 2...7 м етіп жасалынған. Шойын құбырларын зауытта жасап шығарар алдында мүжілуден сақтау мақсатында ішкі және сыртқы қабаттарын мұнайдың қалдығымен (битуммен) майлайды.

Құбырлардың қосылатын жері (қонышқа кірген жері) берік және су өткізбейтін болуы тиіс және жүргізілген құбырлардың жапсарлары иілу қабілетіне ие болуы шарт. Бұл көршілес (тізбекті) жатқан құбырлардың осьті бойлап жылжымауына, былайша айтқанда беріктігіне себеп болады.

Шойын құбырларын бір-біріне жалғаған кезде бір құбырдың тегіс жағы келесі құбырдың кең қонышына түбіне 3...5 мм жеткізілмейтіндей етіп кіргізіледі. Жапсардағы дөңгелек қуыс нығыздаушы материалдармен толтырылады.

Алдымен кең қоныштың саңылауын құбырлар қосылған жерден су ақпауын қамтамасыз ету үшін шайырлы арқанмен нығыздайды. Ол үшін саңылауға қоныш ұзындығының 2/3 бөлігіне дейін бірнеше рет қабатталып ширатылған шайырлы арқанды конопаткамен ұрып тығыздайды. Саңылаудың қалған бөлігін жапсарға беріктігін арттыруға арналған асбестцементті дымқыл қоспамен толтырады. Бітелген жапсарлар жеткілікті дәрежеде иілігіш және тербетуші күштерге төзімді болуы тиіс. Дегенмен жапсарлы қосылыстардың беріктігі құбырлардыкіндей болмайытындықтан, су тораптарындағы апаттар көбінесе осы түйіскен жердің осалдығынан болады.

Болат құбырлар. Сыртқы су жүйе тораптарында МЕСТ 10704-76, 10705-80 (тік тігісті) және 8696-74 (спирал тігісті) бойынша шығарылатын, ішкі диаметрі 100...1600 мм, ұзындығы 12 м дейін жететін болат құбырлар қолданылады. Бұл құбырлардың екі ұшы да тегіс болып, бір-бірімен дәнекерлеу арқылы жалғанады. Оларды сумен жабдықтау жүйесінде негізінен ішкі қысымы едәуір болатын тораптарда, сейсмикалық аудандарда және иілу-созылу күштеріне қарсылық көрсету қажет болатын жағдайларда қолданады.

Болат құбырлардың ішкі және сыртқы беттері металды коррозилдан сақтайтын науайы заттармен қапталынбайды. Сондықтан оларды коррозиядан қорғау жұмыстары тек оларды жүргізер кезде ғана қарастырылады.

Пластмассалы құбырлар. Сумен жабдықтау жүйелерінде жоғарғы және төменгі тығыздықтардағы полиэтиленінен және винипластан жасалған пластмасса құбырларды қолданады.

Полиэтилен құбырлары (МЕСТ 18599-73) 0,25; 0,4; 0,6 және 1 мПа ішкі қысымдарына есептелген ұзындығы 6,8,10 және 12 м түрінде шығарылады. Жоғары тығыздықты полиэтиленнен жасалған құбырлардың орташа сыртқы диаметрі 10...630 мм, ал төменгі тығыздықтағылары 10...160 мм-ге дейін болады.

Винипласты құбырлары шығарылады. 0,25; 0,6 және 1 мПа ішкі қысымдарға төзетіндей етіп есептеп шығарылады. Диаметрі 6...130 мм.

Платмасса құбырларының екі жақ басы тегіс болып, оларды бір-бірімен балқыту арқылы немесе науайы муфтаның көмегімен жалғастыруға болады.

Ішуге және шаруашылық мақсатына қолданылатын су жүйелерінде пластмасса құбырларын тек санитарлық бақылау жүргізетін ұйымның рұқсаты бойынша ғана пайдалануға болады.

Су жүйесі құбырларын жүргізу

Құбырларды салу жұмыстарының алдыңда оларда жүргізу бағытын анықтап, бақылау құдықтарының орнын белгілеп алу керек.

Құбыр жүргізілетін ордың өнін құбырдың диаметрі мен материалына, салу тереңдігі мен жер қабатына, сонымен қатар жапсарды бекіту жұмыс жағдайларына байланысты қабылдайды.

Құбырлардың жүргізілу тереңдігі олардағы судың қыста мұздамауын, жазда шамадан тыс қызып кетпеуін, сонымен қатар құбырларға сыртқы ауырпалықтардан (транспорттан және т.б.) зақым келмеуін қамтамасыз етуі қажет.

Жер қабатының тоңазу тереңдігін анықтау өте қиын мәселе, өйткені ол мекенжайдың географиялық орнына ғана байланысты болмай, сонымен қатар жер бетіндегі өсімдіктерге, түсетін қардың қалыңдығына, күн сәулесінің түсу шамасына және т.б. себептерге де тәуелді болады. Мұндай бір-бірімен тығыз байланысқан себептерді қарастырып шығу, әрине қиын, сондықтан құрылыс ережелері бойынша құбырдың жүргізілу тереңдігін жер қабатының тоңазу тереңдігінен 0,5 м (құбырдың астыңғы қабатына дейін) төмен алу керек. Сонымен қатар шаруашылық – ауыз су мұқтажын қамтамасыз ететін құбырларды шілде кезінде су шамадан тыс қызып кетпеу үшін жер бетінен кемінде 0,5 м тереңдікте жүргізу қажет.

Арматуралар

Су құбыры торапының сенімді қызметін қамтамасыз ету үшін су таратушы құбырлар ысырмалармен (задвижкалармен), гидранттармен, вантуэдармен және әр түрлі клапандармен жабдықталады.

Ысырмалар су таратушы құбырлардың жұмысын гидравликалық түрғыдан реттеп тұру үшін пайдаланылады.

Олар МЕСТ 9698 бойынша қысымы 0,25-6,4 мПа, диаметрі 50...2000 мм аралығында шығарылады.

Параллель ысырмалар (1.26 - сурет) корпусының ішіндегі өткел екі параллель орналасқан дискілер көмегімен ашылып-жабылып тұрады. Жабылар алдында шпиндель төменге түсіп, сыналар көмегімен корпус өткелін дискілермен бітейді. Ал ысырманы ашар алдында шпиндель көтеріліп, науалы иықшалар көмегімен дискілерді жоғары ала шығады.

Сыналы ысырмаларды (1.26-б сурет) екі дискі бір-біріне параллель болмай, олар корпус өткелін сынаның қысуымен

бекітеді.

Жоғарыда айтылған ысырмалардың екеуінде де шпиндель не жылжитын, не жылжымайтын болуы мүмкін. Санитарлық-гигиеналық жағынан жылжымайтын шпиндель қолайлырақ болады.

Ысырмалар қол, механикалық немесе электр күшімен ашылып-жабылуы мүмкін. Диаметрлері үлкен ысырмаларды ашуды жеңілдету үшін олар айналма құбырларымен жабдықталады (1.27 - сурет).

1.28 - суретте «сақиналы» (кольцевая) ысырманың құрылысы көрсетілген. Оның ашылуы )(а) мен жабылуы (б) корпустың ішіндегі конус тәрізді А бөлігінің ось бойымен әрі-бері жылжуы арқылы жүзеге асырылады. Мұндай ысырманы басқару оңай және олардың салмағы мен биіктігі жоғарыда қарастырылған ысырмаларға қарағанда едәуір аз болып келеді.

Кейінгі кездегі дискілі ысырмалар да кең қолданылып жүр (1.29 - сурет). Осы ысырмаларды қолдану арқылы бақылау құдықтарының құнын кемітуге болады.

Әлбетте, ысырмаларды құрастыруға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы бақылау құдықтарының ішіне орнатады. Олар су құбыры торапында гидравликалық соққылардың болмауын қамтамасыз етуі қажет.

Ауалы вантуздар су құбыры тораптарың ең биік нүктелеріне қойылып, құбырлардан ауаны автоматты түрде шығарып тұру үшін қолданылады.

Судағы ауа кішкентай тесік арқылы вантуз корпусының ішіне жиналады. Ауа қысымы белгілі мөлшерге жеткенде корпус ішіндегі қуыс шар төмен қарай ысырылады, сол мезгілде оған қосылған штоктың көмегімен жөғарғы клапан ашылып, ауаның сыртқа шығуына мүмкіншілік жасалады. Содан кейін судың қысымының әсерінен шар жоғары көтеріледі де шығу қлапаннын жабады (1.32 - сурет).

1.32 - сурет. Ауалы вантуз

1 – шойынды корпус; 2 – клапан, 3 – қуыс шар.

Су жүйесі торапындағы құрылыстар

Бақылау құдықтары. Жоғарыда айтылғандай, су құбыры торабы арматуралық құдық ішіне орналастырылады, сондықтан бақылау құдықтарының өлшемі сол арматуралар мен құбырлардың диаметрлеріне және санына байланысты болады. Олардың көлемі құбырлардың жалғаушы фасонды бөлшектерінің санына тәуелді.

Қ ұдықтардың биіктігі құбырдың жүргізілетін тереңдігіне сәйкес алынады. Оларды кірпіштен немесе темірбетон блоктардан құрастыруға болады. Блоктар зауытта дайындалатындықтан, құрылыс алаңында тек жинау жұмыстары жүргізіледі. 1.34 - суретте құдықтардың негізгі бөліктері көрсетілген. Құдықтардың қабырғасына жұмысшылар түсіп-шығатын аяққойғыштар (скобалар) орнатылады.

2.3 - суретте тұрғын үйдің ішкі канализация жүйесі көрсетілген. Ол ішкі су әкету торапының қабылдаушыларынан (санитарлық құралдардан), әкету құбырларынан, желілерден және ғимараттан шығарудан тұрады. Әкету құбыры желіге қарай ылдилықпен орналасады. Желі құбырлары тік орналасады және жоғарғы бөлігі үйдің шатырынан 0,5-1 м асып тұрады. Шығарулар деп желіден бақылау құдығына дейінгі құбырларды атаймыз. Бұлар да бақылау құдығына қарай ылдилықпен орналасады.

Құбырлардың ішкі су әкету торапы сарқынды су шығыны аса үлкен болғанның өзінде құбырлардың жартылай толуына есептелінеді. Құбырдың құрғақ бөлігі қаланың және өндірістің су әкету торапын желдету үшін қызмет атқарады. Үйге немесе бөлмеге газ шығып кетпес үшін, санитарлық құралдар астына сифондар қойылады. Сифондар – иректеліп келген құбырлар, мұнда 8-10 см биіктікте тұрақты су деңгейі болады. Құбырларды тексеру және тазалау үшін торапқа науаулы бөлшектер-ревизиямен тазалағыш орнатылады.

Ғимараттан өндірістік сарқынды суды әкету үшін де су әкету торапы құрастырылады. Өте үлкен сарқынды су шығыны үшін науалар орналастырылады.

2.3 – сурет. Тұрғын үйдің ішкі канализация жүйесі

1 – канализацияны шығару; 2 – магистралды құбыр (желі); 3 – тік құбыр (стояк); 4 – ревизия; 5 – желдету құбыры; 6 - әкету құбыры; 7 – санитарлық-техникалық құралдар (приборлар)

Жаңбыр жүйесі үйдің шатырларында пайда болған жаңбыр суларын жинақтап, ағызып әкетуге арналған. Егер үй төбесі жазық болса құбырлар торапы үй ішімен өтеді. Ал үй төбесі қырлы болса жаңбыр суы үй шетіндегі құбырлармен әкетіледі, одан кейін жабық жаңбыр жүйесіне түседі.

Квартал ішіндегі су әкету торапы жер асты құбырларынан тұрады. Құбырлардың тартылуы ғимарат маңайындағы жер ылдилығына байланысты жүргізіледі. Сыртқы ( көшелік ) тораппен қосылуы қосылу бұтағы деп аталады.

Өздігінен ағатын құбырлар табиғи кедергілер ( өзен, суаттар ) және жер асты құрылымдарымен қиылысқан жерлерде дюкерлер мен астакадалар салынады.

Су әкету жүйесіне жаңбыр суын қабылдағыштар орнатады. Құрылымы бақылау құдығының құрылымына ұқсас болады.

Сарқынды суларды су әкету құбырларына қабылдау шарттары

Сарқынды сулардың канализациялық қабылдау шарттары келесі факторалармен байланысты:

а) су әкету ғимараттарының құрылымдарының ерекшеліктеріне;

б) су әкету торапының жұмыс ерекшеліктеріне;

Барлық су әкету ғимараттарын салғанда, бетон және темір бетон қолданылады. Олар коррозияға ұшырайды. Бетон мен темір бетонның коррозияға ұшырау дәрежесі сарқынды судың құрамы мен қасиетіне байланысты. Сондықтан су әкету торапына бетон мен темір бетонның коррозияға ұщырау процесін тездететін сарқынды су қабылданбауы керек.

Барлық тораптар үшін есепті шығын кезінде судың құбыр бойымен қозғалу жылдамдығы тағайындалады. Сондықтан су әкету торапына судың ағуына кедергі жасайтын құрамында ерімеген сарқынды заттары бар өндіріс сулары қабылданбайды.

Құбырлардың тарту тереңдігін табу. Максималдық және минималдық тарту тереңдіктері

Канализация торапының құны және құрылыс мерзімі канализациялық құбырларды тарту тереңдігіне тікелей байланысты. Торапты жер астына төсегенде, оның қыста қатып қалмауын, механикалық соққылардың болмауын және канализацияланатын объектілер мен басқа құбырлардың қосылу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету керек.

Канализация құбырларындағы судың қату қауіпі таза су құбырларына қарағанда аз болады. Себебі канализация құбырларында температурасы 10-14º -тан кем емес сарқынды су ағып өтеді. Үй стояктарының төменгі учаскелерінен жоғарыға қарай сарқынды су температурасы сыртқы температураға қарағанда жоғары болғандықтан жылы ауа қозғалыс жасап құбырды желдетіп тұрады. Ал жер астында тартылған құбыр маңайында топырақта жылулық белдеуі пайда болады.

Құбырдың ең таяз тарту тереңдігін берілген ауданға канализацияның жұмыс істеу тәжірибесінен алады.

Егер жұмыс істеу тәжірибесі болмаса, жергілікті жағдайларға сәйкес ең таяз тарту тереңдігін диаметрі 500 мм-ге дейін құбырлар үшін 0,3 м, ал диаметрі одан үлкен болса 0,5 м жердің қату тереңдігінен жоғары алады.

Әр түрлі диаметрлі құбырлар үшін тарту тереңдігін мына теңдеумен анықтауға болады:

Мұндағы hкату - қату тереңдігі, м; / ҚНж/еЕ- те көрсетілген карта бойынша әр ауданға алынады/.

Көше торапын ауыр автокөлік соққыларынан

сақтау үшін оның тарту тереңдігін, құбыр үстіне дейін 1,5- м-ден кем алмау керек. Аула құбырларының минималдық тарту тереңдігі 0,7 м-ден кем болмау керек.

Ашық әдіспен жұмыс істейтін өндірістегі өзі ағатын коллектордың тарту тереңдігі 6-8 м-ден аспауы керек.

Канализация құбырларының/коллекторларының / максималды тарту тереңдігін қатты топырақты жерлерде, егер жер асты суының деңгейі төмен болса 7-6 м-ге дейін қабылдауға болады.

Ал топырақты жерлерде, жер асты суының деңгейі жоғары болғанда құбырлардың тарту тереңдіктері 5-6 м-ден аспауы керек. Себебі жер асты суының деңгейі жоғары болса немесе осал топырақты жер болса, онда торап траншеяларын қазғанда, құбырларды тартып құрастырғанда, науайы құрылыс технологияларын қабылдау қажет. Бұл науайы жұмыстар құбырлардың / коллекторлардың / тарту құнын жоғарылатады.

Көше құбырының бастапқы тарту тереңдігін табу.

Ең алыс құдықтағы ауланың және квартал ішінің құбырларын жатқызудың минимал тереңдігі берілсе, онда көше құбырының алғашқы тарту тереңдігін мына формула бойынша табады:

мұндағы h- ең алыс құдықтағы аула құбырының минимал тереңдігі, м; i - аулалық немесе квартал аралық құбырдың ылдилығы; L+l- ең алыс құдықтан көшелік құбырға дейінгі аралық, м; Zk∙Zy- ең алыс құдықтағы және көше құдығындағы жердің бетінің белгісі, м; Δd- көше және аула / квартал/ құбырларының белгілері арасындағы айырмашылық., м.

2.10 -сурет. Құбырды тартудың тереңдігін анықтау сұлбасы

Су әкету торапын гидравликалық есептеу және бойлық профилді құру

Гидравликалық есептеудің негізгі мақсаты – белгілі су шығынында құбырдың диаметрін, тұнбаланбайтын ағу жылдамдығын және минималдық ылдилықты қабылдау болып табылады. Су әкету коллекторы трассасы бойынша құрылған жердің профиліне және учаскелердегі есептік шығындарына сай академик Н.Н. Павловскийдің формуласы бойынша канализация торапын және дюкерді гидравликалық есептеуге арналған кестесін қолдана отырып, жобаланып отырған учаскеде құбыр диаметрі қабылданады, ылдилық, жылдамдылық және толу дәрежесі, сонымен қатар коллектордың тереңделуі анықталады. Осы жағдайда ҚНж/еЕ / 2.29-дан 2.43-баптарға дейін/ талаптарына сүйену керек. Есептеулер нәтижелері 2.15 -кесте түрінде жазылады.

2.15 - кесте

Гидравликалық есептеулермен қатар су әкету торапының бойлық профилі құрылады. Оның үлгісі 2.12 - суретте келтірілген.

2.12 -сурет. Есептік коллекторлардың бойлық профилі

Алғашында берілген масштабта жобаланып отырған коллектор трассасы бойымен жер бедерінің профилін сызады. Одан кейін оған есептік нүктелер планын көшіреді және есептік учаскелердің ұзындығын анықтайды.

Жұмыс профилі бойынша тораптың және торап учаскелерінің

құбырларының / коллекторларының / ең жоғарғы және ең төменгі тарту тереңдіктерін анықтайды. Осыдан кейін профилге есептік берілгендерді 2.15 -кестеден алады және есептік нүктелер бойынша барлық құдықтары көрсетілген коллектордың бойлық профилі сызылады.

Тораптық бойлық профилін жобалағанда, құбыр ылдилығын жер бедерінің ылдилығымен сәйкес алуға тырысады, бірақ сарқынды судың ағу жылдамдығы КМ және Е-не сай болуы керек. Соңдықтан жазық жер бедеріңдегі жылдамдықты тұнбаланбайтын, ал өте ылдида шекті максимал жылдамдық береді. Осы жылдамдықтарға сәйкес су әкету торапының ылдилығын табады.

Іс жүзінде құдықтарда құбырларды екі жолмен жалғайды: есептік деңгей және құбырдың жоғары жігі бойынша (2.12 - суретке қараңыз). Бірінші жағдайда жалғанған құбырлардағы судың айналық беті есептік толу дәрежесінде бір деңгейде болуы керек. Екінші жағдайда жатқызылған кіші диаметрлі құбырдың жоғарғы жігі төменде жатқан құбырдың жоғарғы жігімен сай келуі керек.

Профильде су әкету жүйесін қиып өтетін барлық жерасты ғимараттардың орналасуын және олардың белгілерін көрсетеді. Профиль соңында коллектордың профиль бойынша жалпы ұзындығын және әрбір құбырдың материалы, ұзындығы және жалпы салмағы берілген спецификация және сонымен қатар мемлекеттік стандарт беріледі.