Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
259099.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.85 Mб
Скачать
  1. Жалпы мәліметтер

Құрылыс конструкцияларды сынаған кезде бірнеше параметрлер анықталады. Олар конструкциялардың кернеулік – деформациялық жағдайына баға беру үшін қажет. Анықталған параметрлер бойынша конструкциялардың төзімділігіне және сенімді жұмыс істеуіне болжау беруге болады.

  1. Статикалық сынау кезде келесі параметрлер анықталады:

  • (ε) салыстырмалы және (Δl) σабсолюттік деформациялар;

  • cызықтық орын ауыстыру параметірлерін (конструкциялардың иілістің (f) шамасын, тіректердің шөгуі (ε), көлденең жылжуы (εкөл), жарықшақтың ашылу ені (а) және т.б. ...);

  • бұрыштық орын ауыстыру параметірін (φ – айналу бұрышы);

  • әсер ететін күшсалмақтардың мөлшерін;

  • кейбір жағдайда (δ) – кернеу шамасы (көбінесе ε анықталғаннан кейін δ- формула арқылы табылады);

б) динамикалық сынау кезінде келесі негізгі параметрлер анықталады:

  • тербелістің амплетудасы (А);

  • тербелістің жилігі (ω);

  • вибрациялық үдеу (а);

  • динамикалық салыстырмалы деформация (ε) және кернеу (σ);

  • динамикалық әсердің мөлшері;

Динамикалық процесті сипаттайтын басқа параметрлер жоғарыда анықталған негізгі параметрлер бойынша табылады, мысалы: динамикалық коэффиценті, тербелістің басылу сипаттамалары және т.б. ...

  1. Сынаған кездегі параметрлерді анықтау әдістердің классификациясы

Конструкцияларды сынаған кездегі параметірлерді анықтау әдістердің классификациясы:

  1. Геодезиялық әдістер. Фотограметрия және стереофотограмметрия;

  2. Әртүрлі түрлендіргіштерді қолданған әдістер (механикалық, электромеханикалық және электірлік);

  3. Оптикалық және интерферометриялық әдістер;

  4. Сезімталдық қабатпен қаптау әдістері;

  5. Басқа физикалық әдістер (радиометриялық, магниттық, ренгендік);

Конструкцияларды сынаған кездегі параметрлерді анықтау әдістеріне және қолданған аспаптарға, құрал-жабдақтарға келесі талаптар қойылады:

  1. статикалық және динамикалық деформацияларға (күштерге) сезімділігі жоғары болу керек;

  2. өлшеу базасы оптимальды болу керек;

  3. қолданған аспаптардың салмағы мүмкіншілік болғанша ең төмен болу керек;

  4. өлшеу диапазоны жеткілікті болу керек;

  5. аспаппен өлшеуді тез өткізу керек;

  6. конструкцияға аспаптарды мықты және ыңғайлы бекіту қажет;

  7. температуралық және басқа әсерлерден сақтау талаптар орындалу қажет;

  1. Геодезиялық әдістер

Орын ауыстыру параметрлерді анықтау үшін геодезиялық аспаптарды қолданамыз: нивелир және теодолит.

Конструкцияларды сынаған жағдайда, олардың тік бағыттағы орын ауыстыру параметрлерін – нивелир арқылы өлшейміз. Ол үшін репер (нивелирлік рейка) және марка – арнаулы элемент, уголоктан жасалынады және басына Φ15-20мм шарды дәнекерлеп қояды. Теодолит – көлденең бағыттағы орын ауыстыру параметрлерді анықтаймыз, мысалы α,φ - айналу бұрышты.

Фотограмметрия және стериофотограмметриялық әдіспен суретке түсіру

Осы әдіспен орын ауыстыру параметрлерді анықтау үшін фототеодолит деген аспапты қолданамыз (фотоаппарат және теодолит). Фототеодолит арқылы сыналған конструкцияны немесе ғимаратты суретке екі рет түсіреміз (сынаудың алдында және сынаудан кейін).

Схема бойынша:

  1. – Зерттелген объект (ғимарат, конструкция...);

  2. – фототеодолит;

  3. – фотопластина ;

S – фототеодолиттің оптикалық орталығы;

f – фокустық арақашықтық;

Y – объекттен фототеодолиттің оптикалық орталығына дейінгі арақашықтық.

Объектінің N – нүктесін қарастырамыз, координатасы X, Z. Суретке түсірілгеннен кейін N нүктесі фотопластинада n – нүктесіне сәйкес (координатасы X, Z)

Объект N (X, Z) фотопластина n (X, Z)

(3)

Егер сурет бойынша: n – нүктесін координаттарын анықтасақ – x, z, онда N – нүктесінің координаттарын есептеуге болады (1 - формула), бірақ ол үшін Y, f – білу керек.

Фотопластинадан суретті шығару үшін – стереокомпаратор- деген аспапты қолданамыз.

Ерекшеліктері:

  1. Суретке түсірілген ғимараттың барлық нүктелерін бірден бақылауға болады;

  2. Ғимараттың көптеген нүктелерін белгілеп, олардың деформациясын бірден өлшеуге мүмкіншілік бар;

  3. Сынау нәтижелерін лабораториялық жағдайларда тианақты анализ жасауға мүмкіншілік бар (мәліметтерді қайта алуға немесе қайта түсіруге; суретті тианақты қарастыру)

Кемшіліктері:

  1. Арнайы апаратура және жұмыс істей алатын персонал қажет;

  2. Тек қана көз алдындағы объектілерді түсіруге болады;

  3. Үлкен ғимараттарды бірнеше позициядан түсіруге тура келеді. Бұл жерде съемканы бір уақытта жасауға болмайды.

Стереофотограметриялық әдіс бойынша суретке түсіру.

а) кеңістіктік схемасы.

б) горизонтальдық проекциясы.

Лекция №6

Тақырып: «Қранасты конструкцияларын тексеру»

Жоспар:

  1. Иіліс өлшегіштер.

  2. Сағат тәрізді индикатор.

  3. Тензометр.

  4. Сына өлшегіштер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]