Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
259099.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.85 Mб
Скачать
  1. Ғимараттарды эксперттік тексеруден өткізу

Ғимараттарды эксперттік тексеру келесі этаптардан тұрады:

  • дайындық;

  • объект жалпы және толық тексеру;

  • көтергіштік конструкциялардың беріктік, орнықтылық және деформация бойынша есептеу;

  • техникалық есеп беру;

Дайындық этапта жобалау жұмыстары жүргізілген кездегі архивтік материалдары мен КМ және Е ережелер мен танысады. Осы этапта алғашты бастапқы мәліметтер мен иллюстративтік материалдар жиналады.

Эксперттік тексеруді өткізу үшін келесі бастапқы мәліметтер қажет:

  • ғимараттың есептік қызмет ету мерзімінің өткендігі туралы анықтамасы бар техникалық тапсырма;

  • қабаттардың жобалары, ғимараттың техникалық паспорты,

  • осы материалдар болмаған жағдайда арнайы ұйым өлшеу жұмыстары бойынша сызбаларды орындауы тиіс;

  • эксплуатация қызметі орындаған соңғы тексерудің акті;

  • құрылыс участок туралы мәліметтер (топырақтың шөгуін сипаттайтын парамерлер). (Егер осындай мәліметтер болмаған жағдайда тексеруді өткізіп жатқан ұйым өзі өткізіп анықтайды .

  • арнайы ұйыммен орындаған геонегізді тексеру жұмыстары.

Ғимарат пен танысу үшін жалпы тексеруді өткізеді.

Жалпы тексерген кезде келесі жұмыстар жасалынады:

  1. – ғимараттың конструктивтік жүйесін белгілеу және пландағы көтергіштік конструктивтік жүйесін белгілеу және пландағы көтергіштік конструкцияларды анықтау;

  2. – жалпы барлығын қарап шығу және көтергіштік конструкцияларды, ғимараттың фасадың, шатыр және жабын конструкцияларды, есіктік, терезелік блоктарды, баспалдақ конструкцияларды суретке түсіру;

  3. ғимараттың қасындысы учаскелерді тексеру: - беттегі суды бұрып жіберуін ұйымдастыру жағдайы; - территорияны жайластырушылық (жабдықтаушылық) жағдайы;

Ғимаратты толық тексерген кезде конструктивтік жүйесі нақтыланады және элементтердің өлшемдері, конструкция материалдың жағдайы анықталады, осы кезде аспаптарды қолданып сынау жұмыстарың жүргізіп, конструкциялардың, материалдың, топырақтың физико-механикалық қасиеттерін анықтайды.

Анықталған мәліметтер арқылы конструкциялардың беріктік, орнықтылық және деформация бойынша есептер жасап конструкциялардың көтергіштік қабілеті тексеріледі:

  • жеткілікті немесе жеткілікті емес;

  • конструкциялардың көтергіштік қабілетті бойынша қор барма немесе жоқпа;

Осыдан кейін эксперттік тексеру бойынша техникалық есеп беріледі және оған келесі материалдар кіреді:

  • негізге алынып жасалған құжаттың мәліметтер тізімі;

  • салыну тарихы;

  • құрылыстың қоршаған аймағының сипаты;

  • ғимараттың жалпы жағдайын сипаттау (конструкциялардың дефектері бойынша, ғимаратты жалпы қарап шыққаннан кейін;

  • жобалар мен қималар сызбалары;

  • барлық конструкциялардың дефектер бойынша ведомостілері;

  • жылу-техникалық есептер;

  • нақты жағдайдағы күшсалмақтарды анықтау есептер және көтергіштік конструкцияларды, фундаментерді, ғимараттың негіздерін тексеру есептер;

  • участоктың геологиялық, гидрогеологиялық жағдайлары, топырақтың қасиеттері және сейсмикалық мәліңметтер;

  • ғимараттың апаттың жағдайының себептерін сараптау;

  • қорытындылар мен ұсыныстар;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]