- •5В072900 – «Құрылыс» мамандығы бойынша «Ғимараттар мен имараттарды бақылау, сынау және жаңғырту» пәнінен лекциялық сабақтарына арналған
- •Тексеру мақсаты мен міндеттері.
- •Құрлыс конструкцияларды қарап тексеру процестің кезеңдері
- •Ғимараттың есептік схемасын анықтау
- •Құрлыстағы сапаны бақылау келесі негізгі кезеңдерден тұрады:
- •Ғимараттар элементтерін тексеру әдістері.
- •Бірқалыпты таралған статикалық күшсалмақтарды қоздыратын әдістер мен құрал жабдықтар
- •Жинақталған статистикалық күшсалмақтарды қоздыратын құрал жабдықтар мен әдістер
- •Жалпы мәліметтер
- •Вибрациялық күшсалмақтарды лабораториялық жағдайда қоздыру
- •3. Вибрациялық күшсалмақтарды практикада нақты жағдайда қоздыру
- •Динамикалық күшсалмақтарды гидравликалық құралдармен қоздыру
- •Электродинамикалық сынау стенді
- •Соққы күшсалмақтарды қоздыру тәсілдері
- •Жүкті трос арқылы конструкцияға іліп қойып, одан кейін жүкті алған жағдайда конструкцияға тік бағытта соққы күшсалмақ пайда болады.
- •Соққы күшсалмақтардан пайда болған импульс
- •Жалпы мәліметтер
- •Сынаған кездегі параметрлерді анықтау әдістердің классификациясы
- •Геодезиялық әдістер
- •Фотограмметрия және стериофотограмметриялық әдіспен суретке түсіру
- •Иіліс өлшегіштер
- •Сағат тәрізді индикатор
- •Тензометр
- •Сына өлшегіштер
- •Механикалық параметрлерді анықтайтын. Электрөлшегіш құралдардың жалпы схемасы
- •Тензорезистордың жұмыс істеу принципі
- •Тензорезистордың түрлері және ерекшеліктері
- •Жартылай электрөткізгіштік сымнан жасаған тензорезистор
- •5. Тензорезисторлық өлшегіш аспаптардың жүйесі
- •6. Тензорезистордың коммутациялық жүйелері
- •Динамикалық сынауды өткізу әдістері мен құралдары
- •Түрендіргіш элементтер
- •Бастапқы түрлендіргіштердің конструктивтік шешімдер
- •Жалпы мәліметтер
- •2. Қиратпай сынау әдістердің классификациясы
- •3. Механикалық қиратпай сынау әдісі
- •4. Акустикалық қиратпай сынау әдісі
- •Ультродыбыстық әдіспен келесі жұмыстар жасалынады
- •Бетондағы дефектерді ультродыбыстық әдіспен анықтау (бетонның ультрадыбыстық дефектоскопиясы).
- •Бетонды ультродыбыспен ұзына бойлық бағытта кескендеу әдісі.
- •Ультродыбыстық әдіспен бетон денесіндегі жарықшақтардың тереңдігін анықтауға болады (у).
- •Ультродыбыстық аппаратураның жүйесі.
- •5. Резонанстық қиратпау сынау әдісі
- •Үйлер мен ғимараттардың техникалық жағдайын бақылау
- •Жөндеуді және реконструкциялауды жобалау үшін ғимараттарды техникалық тексеруден өткізу
- •Ғимараттарды эксперттік тексеруден өткізу
- •4. Құрылыс конструкцияларының техникалық жағдайын бағалау категориялары мен критерийлері
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ӨНЕРКӘСІПТІК, АЗАМАТТЫҚ және ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ» кафедрасы
5В072900 – «Құрылыс» мамандығы бойынша «Ғимараттар мен имараттарды бақылау, сынау және жаңғырту» пәнінен лекциялық сабақтарына арналған
Шымкент 2015ж
Лекция №1
Тақырып: «Кіріспе. Тексеру мақсаты мен міндеттері. Тексеруді өткізу және ұйымдастыру әдістері. Тексеру әдістерінің жалпы сипаттамасы».
Жоспар:
Тексеру мақсаты мен міндеттері.
Тексеруді өткізу және ұйымдастыру әдістері.
Тексеру әдістерінің жалпы сипаттамасы.
Құрылыстағы сапаны бақылаудың кезеңдері.
Тексеру мақсаты мен міндеттері.
Қазіргі уақыта технологиялық процестерді дамытуға тура келеді. Ол үшін ескерілген құрал жабдықтарды жоғары өнімді құрал жабдықтарға ауыстыру керек. Осының себебінен құрлыс конструкцияларға әсер ететін күшсалмақтарың шамасы жоғарлайды. Сондықтан осындай ғимараттардың реконструкциясың жүргізуге тура келеді.
Практикада эксплуатациядағы көп ғимараттардың реконструкциясын жүргізуге тура келеді. Оның себептері:
экилуатация кезде конструкцияда сыртқы әсердің себебінен дефектер
мен кемістіктер пайда болады, және олар материалдың беріктігін төмендетеді.
өндірістік ғимараттарда технологиялық процестің өзгеруі;
өндірістік ғимараттарда технологиялық процесті дамыту себебінен пайдаланылған құрал жабықтарды жаңа жоғары өнімді құрал жабыдқтарға ауыстыру.
Реконструкциянның алдыңда эксплуатациядағы құрлыс конструк-циялардың жағдайын, оладың беріктігін, қатандығын және сызықта төзімділін бағалу қажет. Осыдан кейін құрлыс конструкцияны одан ары эксплуатация мүмкіншілігін қарастырады.
Ғимараттарды және құрлыс конструкцияларды қарап тексергеннен кейін кепілдеме беріледі де және келесі шаралар туралы айтылады:
дефекттерді және кемістіктерді жою туралы шаралар;
құрлыс конструкциялрды күшейту туралы шаралар;
құрлыс конструкциялрды ауыстыру туралы шаралар;
Анықталған дефекттерді кемістіктерді және нақтылы беріктік және қатандық сипаттамаларды ескеріп құрылыс конструкцияның көтергіштік қабілетіне баға беріледі. Осыдан кейін құрылыс конструкцияны күшейту және ауыстыру туралы шешім қабылданды.
Құрлыс конструкцияларды қарап тексеру процестің кезеңдері
Құрлыс конструкцияларды қарап тексеру процесі келесі үш негізгі кезеңдерден тұрады.
Проектік құжаттармен, жұмыстық сызбалармен, жасалынған жұмыстар
бойынша акттермен бастапқы танысу;
Көзбен қарап бағалау, объектінің бастапқы жобаға сәйкесін анықтау,
көрінетін дефектерді табу және ғимараттарды қарап тексеру процестің жоспарын құрастыру;
Құрлыс конструкциялардың жағдайын анализ жасау және оны есептік бағалау, табылған дефектерді жою бойынша кепілдеме беру;
Ғимараттарды көзбен қарап бағалау келесі мәліметтер береді:
құрлыс конструкциялардың эксплуатация жағдайы бойынша мәліметтер;
құрылыс конструкциялардың тозған дәрежесін көрсететін мәліметтер;
құрлыс конструкцияларды одан ары эксплуатациялық жағдайын болжау бойынша мәліметтер;
Ғимараттарды көзбен қарап бағалаған кезде қирапай сынау әдістері бойынша келесі сипаттамаларды анықтауға болады:
ғимараттардың геометриялық сипаттамалары (аралығы, биіктігі, ұзындығы,ендігі және т.б...);
беріктік және құрамдық қасиеттерін сипаттайтын өлшемдер;
қорғайтын бетон қабаттын қалындығы;
арматуралардың орналасуы, стерженьдердің диаметрлері;
иіліс шамасы, элементтің деформациялары, жарықшақтың ашылу ені және т.б...
Ғимараттарды қарап тексерен кезде инженерлік геодезия әдісі және инженерлік фотограмметрия әдісін пайдаланады.
Инженерлік геодезия әдісі бойынша келесі параметрлерді анықтауға болады:
ғимараттардың шөгуін және оладың жылжығыштық сипаттамаларын;
деформациялық жіктердің сипаттармаларын;
конструкция элементтердің иілісін;
Инженерлік фотограмметрия әдісі бойынша конструкция нүктелерінің орын ауыстыруын және деформациясың (фототеодолит) анықтау.
Құрылыс конструкциялардың сапасын бақылау үшін конструкцияларды қиратып және қиратпай сынау әдісін қолданады.
Құрылыс конструкцияларды зауыттарда дайындаған кезде конструкцияның сапасын қиратып сынау әдісі бойынша сынайды және беріктік, қатаңдық, төзімділік сипаттамалар MEYЛ(Гост) сәйкестігін анықтайды.
Сонымен:-құрлыс конструкцияларды сынау жұмысы ғимараттарды қарап тексерген процестің құрамына кіреді. Бірақ сынау жұмысы-өзінің методика ерекшелігі бойынша және аппараттармен құрал жабдықтар мен қамтамасыз ету бойынша экспериментальді механиканың бөлек бағытты деп саналады.
Осы бағыттың мақсаты:
эксперимент сынау әдістердің методикасын жасау және сынауды жүргізу үшін құрал жабдықтарды шығару.
Практикада экспериментті жасап, сынау жұмыстарын өткізіп, құрылыс конструкциялардың есеп әдістерін дәлдігін анықтағаннан кейін, есеп әдістер практикаға еңгізіледі.
Себебі есеп әдістерді дамыту үшін негізгі бастапқы мәліметтер дәл табу қажет:
күшсалмақтар бойынша мәліметтер;
материалдарың беріктігі бойынша мәліметтер;
конструкциялардың есептік схема бойынша мәліметтер;
Құрлыс конструкцияларды есептеген кезде, сол есеп әдістін жалпы дәлдігі, жоғарыда берілген мәліметтердің дәлдігіне байланысты.
Сынау әдістері құрылыс конструкциялардың келесі сипаттамаларын анықтауға болады:
- материалдардың беріктік қасиеттерін;
материалдардың жылу-физикалық және құрамдық қасиеттерін;
материалдың деформативтік қасиеттерін;
ғимараттарға әсер ететін күшсалмақтардың шамасын анықтау, оның анықтау дәлдігін жоғарлату:
кранның әсері, құрал жабдықтардың әсері;
температуралық өзгерістердің әсері;
сейсмикалық күшсалмақтардың әсері;
құрлыс конструкциялардың есептік схемасын анықтау;
есептік және нақты түріндегі күштерді, деформацияларды және басқа анықталған параметрлерді салыстыру.
