1.2.Ақынның өлімі туралы «Аңыз» поэмасының алтын орны
1943 жылғы сұрапыл кезеңде дүниеге келген Қасымның бір ерекше, өлмес туындысы – "Ақын өлімі туралы аңыз" атты поэма. Бұл поэма Қасымның атын аспандатып, ақындық даңқын шырқау шыңға шығарған тұлғалы туынды. Бұл поэма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын А.Жұмағалиев туралы.Қасым шығармашылығы - қазақ поэзиясының асылдарының бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастыққа сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан. "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәнді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады.Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: "Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады", – деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі. Поэма аз сөзбен берілген соғыстың сұрапыл суретінен басталады. Өмір гүлін жаншып, таптап, Шаштан сүйреп махаббатты, Жерімізде жындай каптап, Найзаға іліп ар-ұятты, Келе жатты сұм жендеттер.
Олардан жиіркеніп жиырылған жер, жауға тамшы татырмай, суын алып қашқан өзендер, жауды бетке ұрып сабалаған жел, дұшпан аяғына бастырғысы келмей, аспанға ұшқан тастар – барлығы да жаудың зұлымдығын көрсетіп, оған деген кекті, ызаны өршітер суреттер. Орман етегінде сатыр-сұтыр жаланған от та жаудың жауыздығын бейнелейді. Қоршаудағы солдат кеудесіне сол оттан кек ұшқыны түскендей әсер қалдырады. Ол Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына кектенеді. Қасиет күші ұлы Отанның, Қанатын бер қыран құстың, Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың! Күллі әлемнің ашу кегі, Орна менің кеудеме кеп! Жау жолына атам сені, Бомба бол да, жарыл жүрек! – деп шамырқанады.
Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жан ашуына айналады. "Намысты ұлан аласұрып" жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық буырқаныспен суреттейді:
Қара толқын орман шашын Жұлды талдап снарядтар. Мәңгі мекен көл жағасын Тастап, суға сүңгіді жар.
Кең даланы жүнше түтіп, орман шашын талдап жұлып, көл жағасы – жар құлатқан снаряд күші батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды. Ол ақтық демі біткенше арыстанша алысады. Ала алмайсың! – деді ер ұлан, Алмай қойман! – деді жауы. Қысты келіп жан-жағынан Темір торлы жау кұрсауы.
Бұл – кейіпкер тағдырының драмалық шиеленіске толы кезі. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды. Қызыл жасыл киінген өрт Көрінді оған боп қыз ойнақ, Толқып торғын, жайнап букет, Тым сиқырлы билеп, ойнап. Ашып отқа омырауын, Естісін, – деп, – қырсық жауым, Айтты ол шырқап өрт ішінде Сүйген әні "Қарғам-ауын". Қайсар батыр от киінген Күш-қайратын тіске жиып. Жаңағы ақшыл ер жүзінен Жалын тілі тұрды сүйіп... Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да зор ақындық қуатпен ғажайып суретке айналдырған: Шұғыла шашқан кешкі бұлттай, Толқын шашта оттар ойнап. Өрт топанып кешіп Нұхтай, Жалғыз өзі тұрды бойлап.
Бұл – екінің бірі айта алмайтын жыр, екінің бірі көрсете алмайтын сурет. Өртеніп, жалынға айналып барып, күрт құлаған Абдолла бейнесінен иілмейтін, шарт сынатын қайсар мінез танылады. Ол әсер жауын мазақтап, өлім қойнына өлеңдете кіреді. Ақын кейіпкерін өрт ұстаған Прометейге ұқсата отырып, оның өлімін романтикалық аңызға айналдырады. Оқиға да, адам сезімі де қысталаң шақтағы қозғалысқа негізделіп, оның бойындағы рухтың әр күшін өткір бейнелейді. Ақтық минуттағы соңғы сөзін батыр Отанына, еліне арнайды. Бұл – трагедиялық ақын өлімінің өзінде де үлкен өмір сүйгіштік күш барын танытады. Соғыстың қызып тұрған кезінде жазылған (1943) бұл поэма сол кездің өзінде-ақ, жұртшылық назарын бірден өзіне аударды. Ол жөнінде алғашқы пікір айтқан Ғабит Мүсірепов: "Қасым ақын жанының бар толғауын, кек күшін, сезім тереңін түгел бере алған. Жалынды сөзбен жауға аттандырар, жан сезімімен жас тамшылатар ақын сөзі өзегін, жүрегін тербей шыққан. Қасым поэмасы майданнан соққан жаңа леп сияқты", – деп жазды.
І І І ТАРАУ. ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТЫЛУЫ. 3.1Қасым Аманжоловтың өлеңдерінің мектеп бағдарламасындағы орны Мектеп бағдарламасы бойынша Қасым Аманжоловтың өлеңдері 5-ші және 7-ші сыныптарда оқытылады. 5- ші сыныпта: «Жамырап күнде жас өмір»өлеңі; 7-ші сыныпта: «Өзім туралы» ән-өлеңі оқытылады. 5-ші сыныпта қазақ әдебиеті аптасына 3сағат, оқу жылына 102 сағат; 7-ші сыныпта қазақ әдебиеті аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат; «Өзім туралы» Ақын қарызды өтеу, борыштан құтылу жайында жиі айтады. Бойындағы табиғат сыйы – үлкен дарынын сарқа жұмсап, халық игілігіне жарайтын өнер жасасам, кейінгінің кәдесіне асатын мұра қалдырсам деп армандайды. Жеткен биігін місе тұтпай, одан әріге шарықтағысы келеді. Ішінде жанар таудай атылар жыр қазынасы жатқанын сезінеді. Ұзақ жазып, ақыры 1954 жылы бітірген "Өзім туралы" деген өлеңі акынның іштей ойлану, толғануы, жан сыры әрі кейінге қалдырған аманат сөзі іспетті. Қазір көпшілік жұрт жаттап алған осы өлеңде мынадай жан тербетер шумақтар бар: Ризамын туғаныма адам болып, Өкінбен қаламын деп бір күн солып. Адамзат сапарының мейманымыз Бір мезет жер бетіне кетер соғып. Бір күні от өмірім қалса өшіп, Қайран ел туған жерден кетпес көшіп. Торқадай жамылып ап топырағын, Жатармын өз жерімде бір төмпешік. Өкінбен мен де бір күн өлемін деп, Өкінем ұқсата алмай келемін деп. Күніне жүз ойланып, мың толғанам Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп. Қандай адалдық, шыншылдық, қандай терең ой, отты сезім! Бар ғұмырын еліне, өлеңіне ғана арнаған, "барым да, бақытым да өлеңім" деп білген ақынның одан өткен куанышы мен уайымы жоқ. Барын да, бақытын да өлең деп білген Қасым бар өмірін әдебиетке арнады. «Өзім туралы» өлеңін оқытылуы Ақынның өзім туралы өлеңі 7-ші сыныптың 3тоқсанында оқытылады. Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов «Өзім туралы» өлеңі Сабақтың мақсаты: А) білімдік: ақынның өзіндік мұратын таныту, «Өзім туралы» өлеңінің тақырыбы мен идеясын ашу; Ә) дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін, дүниетанымын кеңейту, даралап оқытуда өз бетімен жұмыс істеуге, шығармашылыққа дағдыландыру; Б) тәрбиелік: Қасым поэзиясы арқылы Отанды, туған жерді сүюге, қастерлеуге, қайсарлыққа, табандылыққа, қаһармандыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: ашық сабақ, жаңа материалды түсіндіру. Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру, шығармашылыққа баулу. Оқытудың әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, талдау, баяндау Сабақтың көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, үнтаспа, тірек - схемалар Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі (Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру) II. Үй тапсырмасын тексеру (оқушылардан үйден жазып келген шығармаларын тексеру) III. Жаңа сабақ Түседі еске жалаң аяқ күндерім, Ақсүйекті ала қашқан күндерім; Сол қашқаннан мол қашыпты балалық, Қайда екенін көптен бері - ақ білмедім, - деп аса көрнекті ақын Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, бүгінгі біздің тақырыбымыз Қасым Аманжоловтың шығармашылығымен танысамыз, балалар! Қасым Рақымжанұлы Аманжолов 1911 жылы сайын дала Сарыарқада туып өскен. Ол қазақ ауыз әдебиетінен жетімдік көрмеген адам. Ертегі, аңыздарды құлағына құя білген. Бала кезінде айтыстарды, от басындағы өлеңді ауызекі айтып отыратын - ды. Жазған өлеңдерін ауыз әдебиетінің ықпалы, әсері мол. Қасымның орда бұзар шағы соғыспен тұспа - тұс келеді де, майданға аттанады. Шығысты да, батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездеседі. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол жан серігі қаламын қолынан тастамай, жауынгерлердің ерлігін, ұлан – байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе береді. Қасымды халқымыздың сүйікті ақыны дәрежесіне көтерген де сол кездегі жырлары. Сақыпжамал апай отау құрғаннан соң баспана жағынан қиыншылық көргендерін, бір бөлмеде кәрі анасы, өздері, балалары тұрғандығын айтады. Сол кезде Қасым өлеңді алдына чемодан қойып жазады екен. Үй сұрап ашпаған есігі қалмайды. Нешеме бастықтар біріне - бірі сілтейді, ақырында ашынған ақын бір шумақ өлең жазып, машинисткаға береді. Машинистка да үйден таршылық көріп жүрген адам болуы керек, өлеңді көп данамен таратып жібереді. Сол өлеңнен бір үзінді мынау: Бермесең, бермей - ақ қой баспанаңды, Сонда да тастамаймын астанамды. Өлеңнің отын жағып жылытармын, Өзімді, әйелімді, жас баламды. Қасым Мәскеуге қазақ өнерінің онкүндігіне барады, көп ұзамай 1949 жылы үй алады. Ақынның жары Қасымның шабытты күндерінің сирек болатынын, өлеңді көбінесе түнгі 12 - ден кейін жазатынын айтады. Өмірімнің соңында ауырып қатты қиналғанын, қаншама еңбекпен алған үйінің де қызығын көрмегенін, жағдайларының ауыр болғанын, ақын жүрегі бауыр, өкпе, бүйрек ауруларымен тайталасып, түнімен ауыз жаппай жөтелетінін, ақыры 44 - ақ жасында дүниеден өткенін егіле отырып айтады. Сондағы шығарған өлеңі еді деп мына өлең жолдарын айтады: Көкірегім тынығып, Сәл босасам жөтелден. Өйтіп – бүйтіп көңілді Баламын – ау көтерген. Дұрыс жатқан саулық жоқ, Бір олай да, бір бұлай. Бұрынғыша шықпай тұр, Ала – құла құрғыр – ай. Қасымның көзі тірісінде 5 қазақша, 2 орысша кітабы шықты, кейін таңдамалы I, II, III томдықтары жарық көрді. Қасым Аманжолов Өлеңдері: «Сарыарқа», «Ертіс», «Жайық», «Орал», «Мен табиғат бөбегі». Поэмалары: «Ақын өлімі туралы аңыз», «Қытай қызы», «Құпия қыз», «Естай», «Қорлығайын» драмалық дастаны. Аудармалары: «Ләйлі - Мәжнүн» поэмасындағы хаттар, «Полтава», «Маскарад», т. б. Сөзі мен әні жазылған туындылары: «Дариға сол қыз», «Туған ел», «Өзім туралы», «Ақ сәуле», «Жас дәурен», т. б. Қасым туралы естеліктерде ақынның домбыра, балалайка, скрипкада еркін ойнайтыны туралы айтылады. Орыс тілінде де таза сөйлеген, майданда да кейбір өлеңдерін орыс тілінде жазған екен. Орыс ақындарынан Пушкинді, Лермонтовты, украин ақыны Тарас Шевченко шығармаларын қазақшаға аударған. Бұдан ақынның білімді азамат болғанын аңғартуға болады. Жазушы Тәкен Әлімқұлов ақын туралы мынандай пікір айтады: «Қасым ешбір адамды сыртынан жамандамаушы еді. Оның есесіне кімге де болса өз пікірін тура айтатын. Жанын түсінбеген адамға қатал, дархан досқа адал болатын.» Оқулықтарында Тахауи Ахтанов айтқандай «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр.» Қасым ↓ аудармашы ақын дастаншы қоғам қайраткері сазгер жауынгер әнші патриот Бүгінгі тақырыбымыздың аты – Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» болғандықтан автобиографиялық сипатта жазылған өлең болып табылады. Автобиографиялық шығарма дегеніміз – автордың өзі, өз өмірі немесе өмірдің кейбір сәттері туралы жазылған шығарма. Сонымен бұл – ақын өмірінің соңғы кезеңдерінде өткен күндерінен қорытынды ретінде жазылған, өмірінің нәзік қылын шертетін сыршыл өлең. Өлеңдегі басты тұлға – Қасым Аманжолов өзі. Өзіндік ақындық тұлғасы мен адамгершілігі, мінез - құлқы өлеңде әр қырынан толық шешімін тапқан. Айналадағы оқиғалар мәні, адамдармен қарым - қатынасы, дүние құбылыстары, өмір сүру, оның мәні мен мазмұны, өмірдің мәңгі емес екендігі бас кейіпкердің көзқарасымен өте тамаша суреттелген. Ақын өмірге бос келіп, бос кетпеу жөнінде үлкен ой түседі. Адамзаттың өмірге қонақ екендігін, сол кештен үлкен сапарда артында өлмес мұра қалдырудың үлкен іс екендігін тілге тиек етеді. (Оқушыларға алдымен үнтаспадан өлең тыңдалады, содан кейін оқушылар әр шумақты оқып, не түсінгенін айтады). IV. Дамыту кезеңі Негізгі мәселелер Шумақтар Тақырыпшалар 1) Ақынның өзін таныстыруы 1, 2, 12, 19...«Аманжол Рақымжанның Қасымымын» 2) Өлең туралы толғанысы 11, 12, 13, 14... «Серінің семсеріндей сертке таққан» 3) Өмір мен өлім жайлы толғанысы 7, 8, 9, 10, 11, 21, 22, 23... «Бір күні от өмірім қалса өшіп» 4) Туған елі, жері толғанысы 5, 7, 8, 18 «Дүние, жалт - жұлт еткен кең мекенім» Ақынның поэтикалық талдау жасау Теңеу - Бөбегіндей торқадай, найзағайдай, қанатындай, өртке тиген дауылдау, серінің семсеріндей Эпитет - Қызыл шоқ, ала құйын заманалар, қап - қара түнек, алтын сарай, ақ көңіл Метафора - Асылымын, адам сапарының мейманымыз, кеудем – көрік, жүзім – жаз, көңілім – көктем, сөзім – жыр, лебізім – күй. Буын, бунақ түрінде талдау. Өзге емес, өзім айтам өз жайымда, 11 Жүрегім жалын атқан сөз дайында 11 Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді, 11 Тербетіп, тулатып бір қозғайын да... 11 11 буынды, 3 бунақты Бунақ өлшемдері өлеңді мәнерлеп оқуға, ән салып айтуда үлкен мәні бар екенін түсіндіру. V. Сабақты бекіту. Сабағымызды қорыта келе, Қасым Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңін әнімен оқушы орындайды. VI. Оқушыларды бағалау VII. Үйге тапсырма: Өлеңнен өздеріңе ұнаған үзінділерді жаттау.
Қорытынды Ұлы Отан соғысы аяқталған соң Қасым майдан өлеңдерін газет-журналдарға көптеп бастырумен қатар жаңа өлеңдер жазды. Осы кездері оның "Біздің дастан" поэмасы жазылып, таңдамалары өлеңдер жинағы "Дауыл" деген атпен жарық көрді. 1949-1952 жылдары Қ. Аманжоловтың "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтары "Таңдамалы шығармалар" жинағы басылып шықты. 1947 жылдан бастап Қасым сырқаттанып, ара-тұра жатып қалып жүрді. Бірақ қандай ауыр қалде жатса да, өлең жазуын тоқтатқан жоқ. Сырқаты дендеген кездерде Қасым өлеңдерінде өзінің ақындық өмірі туралы жазатын. Бұған дәлел оның "Өзім туралы" атты өлеңі. 1954 жылы қыркүйек-қазан айларында Қ. Аманжолов Қазақстан Жазушыларының ІІІ сьезінің ашылуына қатынасты. Осы жылдың желтоқсан айынан бастап сырқаты мендей түсті. 1955 жылы 18 қаңтарда Қасым мәңгілікке көз жұмды. М. Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А. Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің "Полтава" поэмасын аударады. "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтарын шығарады. 1952 жылы "Таңдамалы шығармалары" жарық көреді. Өмірден ерте кеткенімен, Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өлтірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қ. Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. Оның шығармалары орыс және басқа да халықтардың тілдеріне аударылған. Ақынның өлеңдерін қазақшадан орыс тіліне Дмитрий Снегин, Борис Слуцкий, Илья Сельвинский және басқалары аударған. Аманжоловтың үлкен жаңалығы – қалыптасқан қағидаларды жеңу, өлең саласындағы батыл тәжірибе, ол қазақ поэзиясына он буындық өлең жолын енгізді. Ақынның өлеңдері мен поэмалары қазақ әдебиеті бойынша мектеп оқулықтарына енгізілген. Қарағандыда Қ. Аманжолов құрметіне көше аталған. Қарқаралы ауданындағы бұрынғы Фрунзе совхозына Қасым Аманжолов есімі берілді. 2001 жылы ақынның 90 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Қосымша
Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы
Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Сабақтың мақсаты: А) білімділік:
Ә) дамытушылық: Мазмұнға көркем тілмен талдау жасау, Ойымызды ортаға сап, байқап қарау. Поэмадан эпитет, теңеу іздеп, Тақырып пен идеяны ашып қарау. Б) тәрбиелік: Батырдың мінезінен абаттану, Үлгі алып, ойыменен өзін тану. Өрліктен, қайсарлықтан үлгі алып, Қасымныцң қасиетінен қанаттану. Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдалану (түртіп оқу, аялдап оқу, білемін, білгім келеді, семантикалық карта, РАФТ стратегиясы) мультимедиа қолдану, шығармашылық жұмыс, әдеби теориялық ұғымдарға талдау. Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Сабаққа дайындық. 2. Үй тапсырмасын сұрау.
ІІ. Шығармашылық жұмыс: «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ» шағын эсселерін толтыру. Кестені толтыру.
ІІІ. Жаңа сабақ: «Ақын өлімі туралы аңыз» Сабақтың айдары: Ей, тәкәппар дүние, Маған да бір қарашы. Танисың ба сен мені, Мен қазақтың баласы,- деп, кезінде ағынан жарыла толғаған ақиық ақын Қасым Аманжолов... Тірісінде-ақ аңызға айналған Қасым-ешкімге ұқсамайтын дара тұлға, ақындық шабыты жүрдек тұлпардай шапқан сайын өрлей береді. Оның жалынды да дауылды, нәзік те сыршыл поэзиясы жаныңа жайлы тиіп, баурап алады. Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым? Қасым солай болмаса, несі Қасым?—деп ақындықтың асқар тауындай ағасына Мұқағали Мақатаев жыр арнаса, Бауыржан Момышұлы «Қасым Аманжолов жаратылысы бөлек ақын» деп баға берген екен. Қасымның ордабұзар шағы соғыспен тұспа-тұс келді де, майданға аттанды. Шығысты да, батысты да шарлады. Ауыр қиыншылықтарға кездесті. Ол қатардағы солдат бола жүріп, сұрапыл соғыста да өлең жазды. Ол жан серігі қаламын қолынан тастамай, жауынгерлердің ерлігін, ұлан-байтақ жеріміздің тамаша, сұлу көріністерін, адам өмірінің үлгілі, өнегелі кезеңдерін қалам ұшына тізе берді. Қасымды халқымыздың сүйікті ақыны дәрежесіне көтерген де сол кездегі жырлары. «Ақын өлімі туралы аңызды» ақын ауырып емханады жатқанда жазған. Асқан шеберлікті дәлелдейтін осыншама тығыз сыйымдылықты, шиыршықталған шымырлық, жұдырықтай жас түйін шығарма бұрын қазақ поэзиясында болған емес. Шығарма Ұлы Отан соғысының майданында жаудың қоршауында, қалып қойып, ерлікпен қаза тапқан Қасымның жақын досы, жас ақын Абдолла Жұмағалиевтуралы. (Слайдта Абдолланың суретін көрсету) Абдолла Жұмағалиев 1915 жылы Жымпиты ауданындағы Жосалы қонысында дүниеге келген. Алғыр да от шашқан талантымен ерте танылған ақын. Оралдың педагогикалық институтында оқып жүргенде Қасыммен танысып, өте достасып кетеді. Қасым әрдайым оны «Біздің Байрон» деп еркелетеді екен. Айнымас досы, әрі туған інісіндей болып кеткен Абдолланың қайсарлықпен қаза тапқанын Қиыр шығыста сырқаттанып, әскери емханада жатқанда естиді. Кейін ақын: «Ол сұмдық хабардың бүкіл болмысымды аударып төңкеріп кеткені сонша бірнеші түнді жан есірік күйде дөңбекшіп өткіздім. Көзімнен жасым тиылмады. Мен сол жасты көздің арасынан қиялымда оның жаумен жалғыз өзі өрт құшағында тұрып айқасқанын көрдім, қайта-қайта көрдім. Содан соң барып қалам алдым. Менің ол күйімді ұқпаған дәрігерлер дәптерімді екі-үш рет алып қойды. Соңғы рет аяқтауға жақындағанымда да алмақшы болды. Мен айбат шегіп алдырпадым. Түрімнен шошыған болар, қайтіп тимеді,»--деп жазыты естелінде. Шығарма жанр бойынша поэма болып саналады. Поэма деп белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарманы айтамыз. Бұл поэма небәрі 220 жол. Олай болса, кітаптарымызды ашып, поэманы оқып, талдауға кірісейік. Оқулықпен жұмыс. Аялдап оқу әдісімен поэманы талдап, композициялық жоспарын құру. Шығарманың басталуы: сұрапыл соғыстың суреттелуі. Шығармашың дамуы: қаһарманның ішкі толғанысы, қаһарлы кекке, жан ашуына айналуы. Шығарманың шарықтау шегі: жау әскерлерінің өрт қоюы. Шығарма шешімі: Абдолла өлімі. Топтастыру. Поэма тақырыбы-ерлік, батырлық туралы. Идеясы-азаматтың елге деген борышын өтеу, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі. Дәптермен жұмыс.
Бекіту. Венн диаграмасы Қорытынды: Бүгінгі сабағымызды Тахауи Ахтановтың мына бір сөзімен қорытындылап өтсек «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» деп айтқандай Қасым өлеңдерімен бірге біздің арамызда. Міне, осынау қан майданның төрінде жаумен жанын қия айқасқан жауынгерлердің рухына бас ие отырып, сол ерлердің бүгінгі ұрпақтарына қалдырған кең байтақ, азат елін, жерін қорғау, күту-болашақ мына сіздердің қолдарыңызда. Ерлік көрсету-тек қанды майдан даласында емес, бейбіт елде де ерлік көрсетуге болады.(өмірмен байланыстыру) Үйге тапсырма: Қасым Аманжолов «Ақын өлімі туралы аңыз» оқу талдау, үзінді жаттау. Психологиялық тренг. «Ақ тілек»
|
