Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy_Kasym_Amanzholov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353 Кб
Скачать
☆

Курстық жұмыстың міндеттері:

1.Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау;

2. Ақынның Ұлы Отан соғысы тақырыбындағы шығармаларына талдау жасау;

3. Шығарманың тақырыптық, жанрлық, стильдік ерекшеліктеріне тоқталу;

4. Ақын шығармасының мектепте оқыту әдіс-тәсілдерін айқындау;

Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тақырып өзектілігі: Қазақ поэзиясында өзіндік ерекше орны бар дара тұлға Қасым Аманжолов шығармашылығының өміршеңдігін және жас ұрпақ бойында ұлттық рухты тәрбиелеудегі маңызын анықтау.

І ТАРАУ. ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВ ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІН БАЙЫТҚАН ҰЛЫ ТАЛАНТ . 1.1. Қасым Аманжолов қазақтың ұлттық ақыны

Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалған, ол біраз жыл ағасының қолында өседі.Алғашында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. Кейін, 1924 жылы, ағасы Қасымды Семей қаласындағы интернатқа орналастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленеді. Одан әрі қарай үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жазады. 1930 жылы Алматыға келіп, біраз уақыт "Лениншіл жас" газетінде істейді. 1931 жылы Ленинградтағы орман шаруашылығы институтына түсіп оқиды. Бірақ, денсаулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласында "Екпінді құрылыс" газетіне қызметке орналасады.1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.Алғашқы өлеңдерін Қ. Аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Кейін ол дәптері жоғалып кеткен. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген "Лениншіл жас", "Қызыл әскер" және "Пионер" газеттерінде жарияланған. Қазақтың ұлы ақындарының бірі – Қасым Аманжолов шығармаларын дәл бүгінгі егемен ел мүддесі тұрғысынан қайта оқысаң, оның сол тәуелсіздікті аңсап өткен арманын, заманынан оза шапқан қиялының биіктігі мен көрегендігін айқын көресің. Ақынның әр сөзі тәуелсіздіктің жырындай естіледі.Қасым Аманжолов поэзиясы – дауылдай екпіннің, өткір ой, отты сезімнің поэзиясы. Ол сегіз қырлы сөз өнерінің барлық қырын жасындай жарқылдатып, оттай лапылдатып, өрттей лаулатып, өз дегеніне көндіріп меңгерген ақын. Аз өмірінде мол мұра қалдырған, талғампаз, ойшыл, тәкаппар ақын қазақ халық поэзиясы аталатын сәулетті сарайдың берік бір іргетасы, биік бір діңгегі.Қасым – қазақтың ұлттық ақыны. Ол бүкіл жан-тәнімен, рухымен, ішкі сезім-күйімен, ақындық ойлау, жазу өнерімен қазақтың ұлттық болмысын толықтырады, жетілдіреді. Қасым туралы осынау жылдарда жазылған қаншама мақалалар, зерттеу-монографиялық еңбектер, замандастар айтқан естеліктер, әр тұстағы толықтырып отырған пайымдауларымның ішінен – қысқасы, бәрі-бәрісінен мен әлгі көкейімде көптен айтылып келген ұғымның, түйін-қорытындының атын, есімін еш кездестірілген емес. Яғни бұл ұғым, бұл пайымдау кәдімгі туып, ержетіп, өсіп-өнетін адам тіршілігінің жолындай уақыт кешіп барып, танылатын ұғым, түсінік, концепция екен. Енді бүгін соның атын айтсам, ол «Қасым Аманжолов – қазақтың ұлттық ақыны» деген ұғым екен. «Қасым Аманжолов – қазақтың ұлттық ақыны», – дегенге, меніңше, енді қол қоюға болатын шығар. Өзгелердей «Ұлы ақын», «Данышпан ақын» демей-ақ, жоғарыдағы анықтаманы Қасымға байласақ, содан артық оның ұрпақтарының бағасы болмас деп ойлаймын. Қасымның туған топырағы – Қарқаралы елі Қасымды «Дауылпаз» деп атайды екен. Мұнысы да әдемі. Шынында, Қасым – өзі айтқандай, «Дауыл мен оттан жаралған» ақын еді. Қасымның қай өлеңін алсаңыз да, дауыл, «найзағайлы қара бұлт», от-жалын қаптап жүреді ғой. Оның өз атағын аспандатып жіберген, кейін «ұлтшыл» атандырған соғыстан кейінгі тұңғыш жинағының аты да «Дауыл» болатын.

Ышқына соққан дауылға Құмартушы ем жасымда. Нөсерлеп құйған жауында Қызығушы ем жасынға. Жүгіруші ем жарысып Сарыарқаның желімен, Ойнаушы еді алысып Соққан дауыл менімен.

Мен дауылдың ұлымын Тұра алмаймын дауылсыз. Қарсы алуға дайынмын Соқса да дауыл дамылсыз, – дейді ғой өзі де.

Қай ақынның мінезіне сай табиғаттан таңдап алған құбылысы, сүйкімді көрінісі мен үздіксіз қолданыстағы сөзі болады. Әрине, анық күшті ақындарда Ақындықты әулие тұту, оның құдайшылығына имандай сенудің, оған мақтана қараудың үлгісін Қасымнан көруге болады. Қасым Аманжолов шығармашылығы туралы жазылған еңбектер, берілген бағалар, арғысы орыс, бергісі қазақ әдебиетінің қайраткерлерінің аузынан осынау 40 жылға жақын уақыт ішінде мол айтылды. Мысалы, Твардовский, Тихоновтан бастап, қазақта Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов бастап, Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, Әбу Сәрсенбаев, Хамит Ерғалиев, Сырбай Мәуленов, Тахауи Ахтанов, Тәкен Әлімқұлов, Қуандық Шаңғытбаев, Мұзафар Әлімбаевтардың мақалалары, естеліктерінің өзі толық екі том болар еді. Ғалымдардан Есмағамбет Ысмайылов – Қасымның ақындық, азаматтық өмірбаянын ең бірінші толық жазған кісі. Қасым шығармаларының шығу тарихы, хронологиялық көрсеткіш, комментарий, түсініктерін қосқанда өз алдына бір кітап еді. Одан кейін ақын, ғалым Т.Абдрахманова Қасым шығармашылығы жайында монография – кітап жариялады. Жазушы Сәбит Досанов роман жазды. Бәрінен де бір айрықша мысал: Балқаштың бір әдебиет мұғалімі баяғыдан бері Қасым туралы баспасөзде жарияланған (аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарда) сөз-пікірлерді және Қасымға арналған өлеңдерді жинап, үлкен бір альбом жасап шығарған. Мұның өзі Қасымға деген ел махаббатының куәсіндей емес пе? Қасымның әндері «Дариға», «Туған жер», «Өзім туралы», «Оралым»-ның осы күнге дейін орындалуы өз алдына, Қасым сөздеріне жазылған республика композиторларының музыкасы бір шоғыр. Қасым дүниеден өткеннен кейінгі 36 жыл ішінде Қасымның қалың қазаққа молынан әйгілі болуын – біз Қасымның мәңгілікке халық баласы болып қалатынына тамаша айғақ деп есептейміз. «Сенемін, саған деген махаббатым, Ескіріп, жер астында қалмас шіріп» дегені расқа шықты. Мен Қасым рухының, Қасым әулетінің атынан осынау ұзақ тізімдегі ақын, ғалым қайраткерлерге және қарапайым оқырмандарға жүректерінің асыл сөздері үшін алғыс айтпақпын. Ардақты аға Әбділда Тәжібаевтың Қасым өлгеніне бір жыл толғандағы мақаласы естен кетпейтін көрегендік деп есептеймін, онда ол: «Жыл болды үлкен жүрек тоқтағалы, Біз оны көп айтармыз жоқтап әлі», – деген еді, шынында, солай болып келе жатыр. Сезімнің соңын Қасымның ғажайып дастаны, қазақ өлең-сөзінің патшасы, Тихоновша айтсақ, «қазақ поэзиясының маржаны» – «Абдолла» поэмасының эпилогынан үзінді алып бітіремін, сонда «Абдолла» да айтпадың деп өкпелемейді.

Ата қазақ ақсақалды, Атыңа мін, ал домбыра, Жина жырмен ұрпағыңды Аш кеудеңді батырыңа. Жина, жырла, жина жырла, Мынау ұлы бата оқырға. Алтын тулы ару таңның Жаралғандай шапағынан. Жүрегіндей сұлу жардың От қанатты ақын ұлан, Жан еді бір жатқан жұмбақ. Сол бір жұмбақ шешілді енді. Қайғы отында қайрат шыңдап, Түсір еске есіл ерді. Аты оның еді Абдолла, Алшы жаттап, балғын бөбек. Алтын қалам алшы қолға, Ағаң құсап жазшы өлең! Аш жүзіңді, шашыңды жи, Жас арулар, шық ортаға Ойнашы күй, ойнашы күй, Жасыңды тый, қарт ата-ана! Соқсын дауыл даусымыздан Жырлайықшы қосылып бір. Көрдің бе, әне, сонау құздан, Күліп қарап Абдолла тұр!

– деп ақын өзі айтқандай, қазақ халқының ұлттық ақыны, ұран болған ұланы – Қасым Аманжолов халық көңілінің аласармас құзынан, қия шыңынан күле қарап тұр, әне, тұра бермек!

Ғафу Қайырбеков

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]