Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kursovoy_Kasym_Amanzholov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
353.08 Кб
Скачать

15 Қазан, 1991 жыл

Қасым поэзиясынан халық жанының батырлығын, жомарттығын, бауырмалдығын, мархабаттылығын, алғырлығын мол табамыз. Бұл поэзияның тәрбиелік күші де көбінесе де осы жағында. Қасымның мейлінше жалынды, лепті, күйлі, сыршыл поэзиясы - әр ұрпақтың да көңіл серігі бола алатын, ұзақ жасайтын поэзия. Қасым тіршілікте тізе бүгіп көрмеген тәкаппар ақын еді. Қасым халықтың жанына үңіліп, оның шаттығына бірге шаттанады, мұңына бірге мұнайды. "Кең жайдым құшағымды дүниеге, білдім мен қайғыра да, сүйіне де",- деп сырын жасырмай, "жанының терезесін айқара ашып" отырған бұл ақын оқушының қайғысына да, қуынышына да ұзақ ортақтасады.

Қасымның лирикалық қаһарманының мінезін танытатын, оның жалын жігерлі, тасқындай екпінді, Отан сүйгіш, халқына адал, жас патриот екенін таңытар өлеңдерінің тағы бірі – “Жолдас Маршал”. Ақынның бұл өлеңінде оның ақындық талантының кемелденуі, өсуі, шеберліктің, жетілуі аңғарылады. Сөз құрамында бейнелілік басым. Қасымды қазақ кеңес поэзиясының жаңашыл классигі қатарына әкелген, қауымды солай мойындатқан да ақынның осы тұстағы туындылары екені кәміл.

Өлең сөз адамға өзінің ішкі мазмұнымен, суреттілігімен, бейнелілік мәнімен ғана емес, айтылу қалпы, әсем үнділігімен де әсер етеді. Сөздің ұғым-түсінік беретін мәнін, бейнелі мағынасын оның өлеңдегі ырғақ-үнділігі, әуезділігі сан түрлі рең беріп толықтыра түседі.

Қасым Аманжоловтың поэзиясы – негізінен оның  шығармашылығының өзегі, мызғымас ірге тасы болып табылатын нағыз өмірді, өзі өмір сүрген қоғамды, сол заман шындығын, ел адамдарының тағдырын, жарқын болашағын жырлаған, дауылдай бұрқап, жалындай лапылдап шалқыған, терең де өткір, ойлы да отты сезімнің поэзиясы. Қасым өлеңдерін оқыған сайын соңғы парағын жабуға қиналамын. Өйткені оның поэзиясын сүйіп оқимын.Қ.Аманжолов – төл шығармаларымен, аудармаларымен қазақ әдебиетінде, бүкіл әлемдік поэзияда өзіндік із, стиль қалдырған, көркемдік, мазмұндық жағынан қазіргі қазақ өлеңін байытқан ірі талант. Сөз өнерін еркін билеп, дәстүрлі өрнекке өз жаңалығын қосқан, қаламының желі бар, сегіз қырлы, бір сырлы ақын. Шығармалары өзінің тірісінде де, кейін де өз замандастарының, қаламдастарының жоғары бағасына ие болды. Соғыс жылдарындағы поэзияда азаматтық әуен айқын естілді. Соныменбірге саяси лирика, публицистикалық бояулар да молынан ұшырасты. Мерзімдібасылымдарда жауынгерлердің ерлігін, отты жылдардың ерекшелігін, елдегіеңбеккерлердің үміт-арманын бейнелеген жырлар жиі-жиі жарияланды. Алайда бұл тұстағы поэзияда тақырыптық біржақтылық орын алғанын айтукерек. Көркем әдебиет пен өнер қайраткерлері коммунистік партияныңидеологиясын бір жақты бағытқа айналдырып, «кезең шындығын, жалпы бүгінгіөмірді тек қана ұнамды қырынан көрсету керек» деген, сталиншілдер қойғанталапқа қарай шарасыз икемделді. Әрине, бұл арада мыңдаған, миллиондағанадамдардың сол тұста Сталиннің абырой-беделіне кәміл сенгенін де ескерукерек. Дегенмен майдандағы, тылдағы барлық шындық түгелдей айтылмады, ашыпайтуға мүмкіндік берілмеді. Соның салдарынан тақырыптық біржақтылық орыналды. Әйтсе де кілең ерлік, отаншылдық сезімі мен сол сезімнен, сол сенімнентуған толғаныстар жалпы халықтық отаншылдықты, жалпы халықтық ерліктітуғызды. Поэзиямызда екі саладағы қалам қайраткерлері тізе қоса, жұмыла жыртөкті.

. 1.2. Қасым Аманжолов – сан қырлы талант иесі

Қасым қалың жұртшылыққа өзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де танылған. Шешесі Айғанша аздап ән салады екен, «Қыз Жібек» секілді жырлардыжатқа айтқан. Соның әсері ме, анасының айтуына қарағанда, Қасым жылағанда,бесікті сықырлататын. Жеті айда жүріп кеткен мазасыз бала болған екен.Ән-күйге, өнерге деген құштарлық Қасымды 1935-36 жылдары Оралдажаңадан ашылған қазақ театрында әртіс болып қызмет істеуге құлшындырған.Осы жылдар ақын өміріндегі ұмытылмас қызықты да аяулы шақтар болып, жадындажатталып қалады. Әр алуан музыкалық аспаптарда еркін ойнап, домбыра,мандолина, т.б. шекті аспаптардан әуен әуелеткен ақын қызулы думан, жаңаорта, аяулы жандар арасында рухани есейеді. Бойында буырқанған ақындықдарыны айқын белгі беріп, өлеңдері жұртшылық назарына ілігеді. Соныменбірге әншілік, әртістік қабілеті де осы кезде танылады. Театр топтарынұйымдастырып қана қоймай әрі әртіс, әрі көркемдік жетекшісі болған Қасым өзінің өмірлік тәжірибесін де, ақын, өнерпаз ретінде көркемдік тәжірибесінде молайтқан.Ол өз өлеңіне ән шығаруды өте қызық көрген. "Дариға", "Туған ел" атты өлеңдері бүгінгі жақсы әндер тізіміне қосылады. Қ.Аманжоловтың бірінші өлеңдер жинағы 1938 жылы "Өмір сыры" деген атпен шықты. 1940 жылы Қасым Маяковскийдің он шақты өлеңін аударып 1941 жылы "Бар дауыспен" деген атпен жеке жинақ етіп жариялады.Қ.Аманжолов шығармашылығына айрықша қуатты ықпал еткен -I.Жансүгіров поэзиясы. Мағжан поэзиясы отызыншы жылдарда қатты қысымғаұшырап, Бернияздың жырлары тағы да жарық көрмей, поэзияның көркемдік әлеміжүдеп-жадап қалған кезде Ілиястың сергек серпінді, асау арынды жырлары,психологиялық талдау арқылы кейіпкердің жан дүниесін еркін шарлағанпоэмалары дүниеге келді. Ұлттық тілдің орасан байлығын емін-еркін қолдануы,телегей-теңіз қазынасын жарқыратып танытуы сол тұстағы жас Қасымға әсеретпей қалуы, талғампаз жас дарынның оған назар аудармай жүруі мүмкінеместі.Алайда Қ.Аманжолов ізденістері ырықсыз, соқыр еліктеу емес, саналытүрде дәстүрден үлгі алумен бірге өзінің үнін танытуға, табуға дегенықыласпен басым. Белгілі үлгілермен өзін салыстыра жарысқа салады. Ақынныңөз замандастарымен жарысқа түскендей жазған өлеңдері де бар екені белгілі.Соның бір мысалы– Ә.Сәрсенбаевтың «Ақша бұлтынан» кейін дүниеге келген«Ақша бұлт» атты өлеңі. Ә.Тәжібаевтың «Сырдариясымен» де жарыса өлеңжазылған. Келтірілген мысалдар – ақын нәр алған айтулы мектептердің әралуандығының дәлелі. Ұлттық құндылықтардың қайталанбас көркемдік әлеміҚ.Аманжолов поэзиясының тың өріс, жаңа айдынға шығуына зор ықпал жасады.Ақын шығармашылығының құнарына, әуен-сарын, бояу алуандығына игі ықпалеткен тағы бір өнімді фактор – орыс және басқа да халықтар өкілдерініңпоэзиясы.Пушкин, Лермонтов, Маяковский, сондай-ақ отызыншы жылдардан бастапбірге жүрген достарының бірі Ғ.Слановтың айтуынша, ол «Аталған ақындарғақоса Шевченко, Байрон, Руставели, Низами шығармаларын көп аударды. Осыданкейін-ақ Қасымның ақындығы күшейіп жүре берді». Сөйтіп, ақындықтәжірибесінің молаюына, өмірді көркемдік тұрғыдан тануына, өзіндікмәнерінің қалыптасуына аударманың да айрықша септігі тиген.1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы ақынның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қ.Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды.Қ. Аманжолов тек қана лирик емес, сонымен қоса эпик ақын. "Дүние қандай жап-жарық", "Сақыпжамал", "Күйім тасып барады, күйім тасып", "Жаным сәулем, еркешім, қызыл гүлім" атты өлеңдері Қасымның лириктігін танытса, "Ақын өлімі туралы аңыз", "Боран", "Біздің дастан", "Жамбыл тойында" атты поэмалары оның эпиктігінің дәлелі.Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясынық жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді.

Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. "Үстімде сұр шинелім", "Мартбек", "Жеңіс дауысы", "Орал", "Ертіс", "Сибирь", "Сарыарқа" сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал "Елге хат", "Достар қайда жүрсіңдер?", "Ағайға" деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды. Қасым көп өлеңінде өзінің ақындық портретін жасайды, жасағанда шабыт үстіндегі, тебіреніс күйдегі, жыр туғызып отырған қалпын әулиедей көріп, қасиеттей суреттейді. Қазақ поэзиясында ақындық процесті Қасымдай дәл суреттеген, нақты бейнелеген шебер кемде-кем.

Ертісті суреттеп келіп: Жаһанның жатқан бұл бір көк жойқыны, Ерке қып, еркелетіп қойған мұны. Тербеліп толқынында, ән сап өскен, Қайтіп те сорлы болсын қазақ ұлы! – дегенде де, неге қазақ қана, неге Кеңес ұлы емес» дескен. Сарыарқа сап-сары алтын жүзген нұрға, Қоналқы мекен болған сан ғасырға, Сайран тау, самал жайлау, сырнайлы өзен, Лебімен олар тартып, шықсаң қырға…

Сарыарқа, сағындырдың атамекен, Сардала – анам едің құшағың кең. Тұсыңнан тоқтай алмай барам өтіп, Артта – сен, алда – майдан, қайтсем екен?

Осы өлеңге жабысқанда, мықты жабыс­ты, «мынау майданға барарында әлі толқып жүр, барсам ба екен, бармасам ба екен» дейді, «қайтсем екен», – деп әрі-сәрі болады», – десті. Және «Сарыарқа», «Ертіс» деген сөздерден қазақ иісі шығады, баяғы бір қазағы айта беретін» деді. «Подполковник Әлпинге» деген өлеңде:

Құттықтаймын бірімен майдың, Подполковник жолдас Әлпин, Біздің аға жан еді жойқын, Жымия күліп оқыр, бәлкім, Балтырын таңған, сұр шинель киген, Осы бір солдат өтер өрттен. Тасқындай еркін поэзиясымен, Шығар бір барып келешектен,

– дегенде де, ол қазақ офицері үшін мақтанатыны рас және өзінің де ақындық күшін сонда-ақ бағалауы да бар. Осы өлеңге де «қазақтан басқа под­полковникті неге көрмейді» дескен ғой. – Ой, Днепро, Днепро! – деген бір дауыс, Шыққандай жердің өзегін жарып. Тебірентіп ойды, қайнатып намыс, Жаңғыра тиді аспанға барып. Алдағы жеңіс нұр шұғыласындай, Үстінде майдан ту болып шалқып, Ұмтылдық біздер батысқа қарай, Дауыл боп ұйтқып, өрт болып шалқып, – деп басталып, аяқталмай қалған Кеңес Одағының батыры Мартбек Мамыраев туралы дастаны өзінің қуаты мен түр өлшемі жағынан болашақ атақты поэмасы «Абдолланы» еске түсіреді, соған әзірліктей көрінеді. Осыдан осылай ол соғыс суретін, оның көрініс-бейнесін «батальные сцены» салуға құштарланғанын байқайсыз. Құйрығы алтын снаряд, оқтар, Кезіп жүр көкті дамылсыз ұшып, Кеудеңе келіп, қонуға құштар Тұмсығы сүйрік қадала түсіп… – Ат! – деді Мартбек, – айнала бұрқат! Тілгіле оқпен құрсауын жаудың. Желпініп сол кез қақты кеп қанат Бүркіті қайсар Ала бір таудың…

Қасымның негізгі ойы – қазақ солдатының жоғарыда айтқан соғыстағы ерлік сипатын беру болса, оны ол кейінгі шығармаларында «Елге хат», «Абдолла», «Дариға», т.б. өлеңдерінде тамаша орындап шықса, Қасымның қырсық сыншылары «майданда ылғи қазақтар ғана батыр, ылғи жеңіп жүреді, бәрі соның ақынның қазақшылдығынан» деген. Менің әдейі Қасымның өзге шығармалары емес, бір кезде ұлтшылдық дәлеліне жұмсалған, шындығында, қазақтық ұлы мақтаныш жа­йында айтылған өлеңдерді алуым тегін емес, ол – бір кезде Қасым неге ұлтшыл атанды деген сұраққа жолшыбай жауап беріп отыру. Жауап беретін себебім – сонау бастан бастап Қасым кітаптарының шығарушысы болып келген, соған куәгер болған қызметім барын айтып отыру.

«Менің бір бар еді ерке тентек ұлым, Өлі ме, тірі ме екен сол құлыным?» – Дейтіндей болдың ғой сен, туған елім, Жоғалдың зым-зия боп, шықпай үнім. Арада өтті үш жыл ойран-топыр, Теңіздей тебіренді қала мен қыр. Шарықтап аспаныңда жүрген шығар, Қанатын от шарпыған өлең мен жыр.

Көре алмай содан менің қаршығамды, «Қан болып, жатыр ма, – деп, – құшып шаңды?»– Астынан алақанның алыс қарап, Іздер ме ата қазақ – ақсақалды?

Бармын мен, бұл дүниеде жүрмін тірі, «Жоқсың» деп жала жабар қудың бірі. Түссем де отқа, суға тозар емен, Солдаттың етігіндей жаным сірі!

Осынау Қасымның ең күшті өлеңдерінің бірін – «Елге хатын» түгін қалдырмай рахат­тана оқып шыққың келеді де тұрады. Мұнда терең сағыныш, ата алдындағы жауап­кершілік, қазақы жігіттік, перзенттік борыш, мұңлы сезім, тәкаппар намыс – бәрі тұр.

Есімде жөнелгенім қанды жолға, Туған жер қимағандай мені сонда, Жалтақтап, жалпақ дала қарай бердің – Жүгіріп, еріп зорға эшелонға.

Секілді сынып құлап аққан жұлдыз, Мен кеттім қарауытып үнсіз-тілсіз. Білмедім қош дерімді, күт дерімді – Елестеп екі жақтан мыстан мен қыз.

Айнала нұрға шомып бір керемет, Ашылды жайнап сол кез ғажап сурет. Болдым мен туып-өскен тау, даламды Көргендей тұңғыш рет не соңғы рет.

Бұл ғажайып сиқыр өлеңді, ақындық қуатты, қиял топшысын жай сөзбен баяндау мүмкін емес. Бұдан Қасымның біз қазір танып отырған бөлекше ақындық тұлғасын, жалпы қазақ поэзиясының осы арқылы басқаша сапаға көше бастағанын көруге болады. Бұл өлең – атақты «Абдолла» поэмасына апаратын жолдағы шашылған асыл маржандардың тағы да бірі.

Мен кеттім, сол кеткеннен кеттім ұзақ, Базарға келіп түстім қанды қасып, Бір долы от ауызды, темір тісті Қыршын жас өмірлерді жатты асап.

Немене айтып-айтпай көрген азап Қалмадым қирап-қаусап тек жалғыз-ақ. Мың есе білдірдің ғой қадіріңді, Атыңнан айналайын, ата қазақ!

одан әрі: Жылытып бауырымды ып-ыстық қан, Кезімде елі досты барып құшқан, Үстіме сен кеп төніп тұрғандай-ақ Болушы ең атамекен Қазақстан!

Туған ел, бұл дүниеде сен болмасаң, Өзімді отқа атар ем әлдеқашан, Сен деген қасиетті бір махаббат Жүр сақтап, көкірегіме жуытпай шаң. Түткілеп жапырағын оқ жегенде, Қараушы ем аянышпен сорлы еменге, Жанымның жаннат тауын жалын шарпып, Достарым, сол емендей болдым мен де.

Осы жолдардан ақынның бар ішкі сарайы, мұңы мен сағынышы – бәрі көз алдыңа келеді. «Түткілеп жапырағын оқ жегенде» дегенді тек Қасым ақындығы ғана айтып отыр, көзіңе елестетіп айтады…

Сырылдап қос өкпесі, іздеп жемтік, Самолет сумаң етіп, келсе жетіп, Бұлттағы долы сайтан найзасындай Қадалса қара бомба жерге кеп тік. Осының бәрі қазақ өлеңіндегі бұрын болмаған өзгеше соғыстың бейнесі емес пе? Манағы соғыс суреті (батальная сцена) дегеніміз – осы. Кең далам, дастарқаным – атамекен, Зейінді асқар тауым, көкірегі кең, Лебіңмен оттай ыстық тартасың кеп, Тіріліп іздегендей мені әкем.

Жалбыр тон жетім болып жүргенімде Көтеріп, қаратып ең мені күнге, Әкем де, анам да сен, туған елім, Сен үшін ырысым да, қасіретім де, – дейді ақын.

«Туған елге хат» деген осынау қысқа-қысқа өлеңнен тұратын сыр-толғау, бір өзі – бір поэма, ақынның соғыс күнделігіндей әсер береді. Менің бұл өлеңге ұзақ тоқтайтын тағы бір себебім, соңғы кезде жазылған мақалаларда бұған зерттеушілер көп тоқтамай келеді. Біріншіден, бұл өлең Қасымның бұдан кейінгі жазатын атақты шығармаларының негізгі тұлғасы, программасы секілді. Екіншіден, Қасымды «ұлтшыл» дегенде негізінен дәлелді осы кейінгі оқушылардың аттап кету себебі де осыдан болар. Үшіншіден, Қасымның қазақты қалай сүйгендігін, даласын қалай ардақтағандығын көрсететін, оның біз айтып отырған «ұлттық мінезді» ақын екендігіне де дәлел өлең – осы.

Жанымды күйдірсем де жалынға сап, Қасқыр боп таласа да мені азап, Туған жер топырағында тіп-тік өскен Қара емен қасарысқан мен бір қазақ, – дейді.

Қасым Аманжоловтың азаматтық сарыны күшті, адамды сүю, оның ісіне қуану, қоғамға, қауымға пайда келтіру парыз деген рухта жазылған лирикалық өлеңдері аса көркем, тартымды.Ду ете қалған өрттің алғашқы жалынына іліккендердің бірі – ақын Қасым Аманжолов. Кеше ғана таңдайларын қағып, аузының суы құрып, өлеңдерін Құрандай жаттап жүргендер сол білгіштеріне салып, енді бүгін әшкерелегіштер тобына қосылды. Шынында, Қасым шығармашылығынан олар айтқан «ұлтшылдықты» оп-оңай табу­ға болатын еді. Өйткені ол барлық өлеңінде туған Қазақстанды, қарапайым да еркөңіл туған қазағын жырлайды, екі өлеңінің бірінен «қазақ» деген сөз шығады және оны жырлағанда барлық жүрек, жан қуатын, шабытын аямай, сыншылар айтқандай, беріле, өртене, езіле, еңірей жылай немесе қуана, мәз бола жырлайды. Ақында алаң жоқ, жалтақтау, өлшеп-тамызу, өзін шектеу жоқ. «Дүниеде қазақтан артық халық жоқ», «Қазақстаннан артық жер жоқ» дегенге әшкерелегіштер дәлел іздеп алысқа барған жоқ, далаға шыға салып терген жемістей оған мысалдарды аяқастынан тауып алып жатты. Ал, шындығында, «ұлтшылдық» деген не, ұлтын сүю деген не? – бұған толық анықтаманы осы күнге дейін берген де, іздеген де ешкім жоқ. Ау, өз халқын сүймеген – өзгені сүйіп оңдыра ма? – деп сұрай қалсаң: – «Отанды сүю керек, бәрін бірдей көру керек, оңашалаған ұят болады», – деп ақылгөйситіндер осы күнде де бар.Енді біз негізгі тақырып – Қасым Аманжоловтың ұлттық ақын екендігіне ойыса бастайық. Ұлттық ақын болу үшін, бәлкім, бір кезде «ұлтшыл» атанғандығы немесе ұлт туралы аса көп жазғандығы түгелдей дәлел бола алмас. Виссарион Белинский Пушкинді «орыстың ұлттық ақыны» дегенде оның «орыс» деген сөзді қайта-қайта айтуы үшін емес, орыс рухын, орыс жаны мен көңілін, халық ретінде тарихи даму баспалдақтарын, балаң кезі мен дана кезін, тілі мен дінін, мінездегі жайсаңдық пен осалдығын – қысқасы, орыстың ұлттық қасиетін қам­титын, өзгеде жоқ, өзінен бұрынғы да, кейінде де жоқ, тек Пушкинде бар данышпандықпен бір жерге тоғыстыруында деп айтқан. Енді сөзді Қасымның өзіне береміз.

Сүйем сені, туған ел – атамекен, Абзал анам – сенсің ғой құшағың кең. Жер мен Көктің жаннаты – бір өзіңсің, Сенен артық не табам, қайда кетем? – деп бастайды ол 1940 жылғы «Атамекен» өлеңінде. Ол енді осы жүйеде алысқа, қиянға тартады. Алдында – Қазақстан, туған ел, өскен жер. Бер жағында – соғыс. Қош бол, досым, жақыным, Уақыт тығыз, сөз қысқа. Кетіп бара жатырмын Сұрапыл бір соғысқа.

Қоян емен, адаммын, Қайтып бұғып жатармын. «Жаны тәтті жаманның» Сыналар күні мақалдың. Қош бол, досым, сөз қысқа. Зіл боп ойым, мен кеттім, Сұрапыл бір соғысқа!

Бұл – жалғыз Қасым емес, бүкіл қазақтың соғысқа аттануы, психологиясы, көңіл-жайы, мақалы да өзінікі. Осы өлеңге жабысқанда «сыншылар»: «неге оның ойы зіл болып кетеді, ойында жағымсыз бірдеме болғаны ғой», – деген. Бұдан кейінгі «Ғалиға жауап», «Ғабдоллаға хат» деген өлеңдері жай хат формасында аталғаны болмаса, бұлар да – сол соғыс күнделігі, тарихы мен болмысы, суреті толып тұрған поэзия інжулері. Жұрттың көбі не себепті екенін білмеймін, хат секілді қарағандықтан ба, атүсті аттап өте береді. Ал шынында өлеңнің көкесі, Қасым ақындығының керемет көрінісі осыларда ғой.

Қатқан мұз көкірегімде қан аралас, Балқып бір кетті тамып, боп ыстық жас. От шашқан жанар таудай тебірендім Түксиген түсі суық едім құз-тас. Елден алған бір кішкене хатқа деген қуа­ныш сезімі осылай-ақ суреттелер. Мұнда ақын­ның соғыстағы жан жағдайы, соғыс пси­хологиясы, күресуші солдат бейнесі тұр ғой. Қан қатқан қанатымдай шинелімді, Қайыра серпіп, ашып көкірегімді, Құшып бір тұрғандаймын нақ осы кез Назымды, сырымды айтып мен елімді.

Қараймын отты көзбен жан-жағыма, Ой тастап арттағыма, алдағыма, Қарлыққан соғыс даусын киіп-жарып, Құйқылжып күй келеді құлағыма. *** Туған ел, сен дегенде жаным жайлау, Орнашы зердеме кеп, ұлы Алатау, Құйылшы жүрегіме Есіл мен Сыр, Өтейін қаптатып сел, қиратып жау.

Ал осында хат дейін десең, Ғалиға тікелей арналған сөз жоқ қой, Ғали арқылы ол туған жермен, елмен сырласып отыр. Тек хат иесіне сөз арасында ғана оралып келіп отырады.

Көңілімді тебіренттің, ақын аға, Жыршы емен жалтақтағыш, жалтырама, Елімнің солдатымын қарапайым, Сөз шайнап тұрғаным жоқ сахнада, – дейді ол.

Соңғы жолда әдеттегі бос мылжыңды «сөз шайнау» деп бірінші рет Қасым айтып отыр. Елестетіп көріңіз, қандай күшті, әсерлі теңеу! Қасым ақындығының құдіреті сол – ылғи да буырқанған, тасқындаған сезім арасынан ғажайып тосын, жаңа сөздер мен теңеулер ытқып-ытқып, шығып қалып отырады.

Құлдықтың құрсауы емес – баста бөркім, Табиғат бөбегімен өскен еркін. Жүрегім торда отырған емес тоты, – Күлем бе, жылаймын ба – тек өз еркім.

Ақынның туған елінен кейінгі ең асыл байлығы – рухының азаттығы, еркіндігі, яғни осы күнгі жариялылық, еркіндікті Қасым – баяғыда-ақ туғаннан, жаратылысынан сүйген адам. Оның жауларының ызасын келтіргені де – оның осы қайсарлығы. Ол – біз секілді «ну, ладно!» демеген кісі.

Жасырмаймын, жасымнан тентек өстім, Қайтара алмас бетімді менің ешкім, Найзағайдай жарқылдап жүрдім талай Ортасында дулаған төбелестің, – деген ол ең алғашқы өлеңдерінің бірінде. Тағы да сол алғашқы жырларында: Ойпырмай, батыл сөзді көп айтамын, – Тұзсыздың тұзы татыр деп айтамын, –деген еді.

Ақын мінезіндегі ерекшеліктерге байланысты мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болар еді, негізгі тақырыптан – ақынның ұлтқа, халыққа деген махаббатынан алыстап кетуге болмай тұр. Қасым көп өлеңінде өзінің ақындық портретін жасайды, жасағанда шабыт үстіндегі, тебіреніс күйдегі, жыр туғызып отырған қалпын әулиедей көріп, қасиеттей суреттейді. Қазақ поэзиясында ақындық процесті Қасымдай дәл суреттеген, нақты бейнелеген шебер кемде-кем. Оны тек Мағжан мен Ілиястан ғана кездестіруге болады.

Дүние қандай жап-жарық, Осындай ма еді бұрын да? Байқамаппын аңғарып Ойдың тапшылығында. Дүние қандай жап-жарық, Көңілім неге жабырқау? – Көкірегіме дақ салып, Кетті ме соғыс апырм-ау?..

Иә, ол жарық, нұрлы дүниеге ғашық еді. Оның ең соңғы өлеңдерінің бірі де – «Нұрлы дүние» атанушы еді. Осы сексен жылдығына арнап шыққан кітаптың аты да – «Нұрлы дүние». Сайып келгенде, Қасымның қазақсыз, қазақ сахарасынсыз бірде-бір өлеңі жоқ. Солардың бәрінде ол қазақтың ұлттық бейнесін жасайды.

Сен неміссің – мен қазақпын, Сен айтқандай, «азиатпын». Сен аспаннан «жұлдыз» қақтың, Мен далада түйе бақтым. Енді мынау, қарайсың тек Дәрменің жоқ, көзіңмен жеп, Арланасың, қорланасың «Тұтқын болдым тағыға», – деп.

Егерде мен түссем қолға, Қамар ең-ау темір торға, Олай болмай, былай болды Біздің бақыт, сіздің зорға.

Сонау бір ауыр күрес жолынан зорға сытылып шығып, елге оралған ақын: Жақсы екен ғой Алматым, Алтын үйек астанам, Осы екен ғой жаннатың Атам қазақ аңсаған! Келдім сені сағынып, Алтын ұям – Алматым. Кең көшеңде басар нық, Мен бір ақын – солдатың.

От пен темір сайысқан, Келдім майдан төрінен, Жер құшам деп, көр құшқан Жау жерінен келдім мен.

Күлкі, жасы аралас Ақын да бір жас бала, Тербет өзің, мауқың бас.

Алтын бесік астана! – деп қандай мәз-мейрам, қандай егіле-төгіле қуанады ақын. Күлкісі, қолын шапақтағаны, дауысы естіліп тұр ғой. Енді біраздан соң сөйткен астанасынан баспана таба алмайтынын қайдан білсін, байғұс ақын. Иә, ол – басқа әңгіме. Қымбатты жыр достары, Қасымның жанашырлары! Мен ақынның атақты жырларына, шығармашылығының биік шыңдары – «Абдолла», «Ақын өлімі туралы аңыз», «Біздің дастан», «Құпия қыз», «Дариға», «Туған жер», «Өзім туралы толғау» деген шығармаларына тоқталғаным жоқ, оларды өзге зерттеушілер де, менің өзім де бірнеше рет жазғанбыз. Солардың барлығының да негізгі тақырыбы – күні бойы біз айтып отырған Ата қазақ, атамекен, батырлар, ақындар елі, барқыт тау, бал бұлақ, сырнайлы өзен, жасыл жайлау екені бәрімізге аян.

Қазақстан – дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін. Бұл далада атам қолға ту алған, Бұл даланы анам жаспен суарған. Бұл далаға жылап келіп, уанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

Алайда Қ.Аманжолов ізденістері ырықсыз, соқыр еліктеу емес, саналытүрде дәстүрден үлгі алумен бірге өзінің үнін танытуға, табуға дегенықыласпен басым. Белгілі үлгілермен өзін салыстыра жарысқа салады. Ақынныңөз замандастарымен жарысқа түскендей жазған өлеңдері де бар екені белгілі.Соның бір мысалы– Ә.Сәрсенбаевтың «Ақша бұлтынан» кейін дүниеге келген

«Ақша бұлт» атты өлеңі. Ә.Тәжібаевтың «Сырдариясымен» де жарыса өлеңжазылған.Келтірілген мысалдар – ақын нәр алған айтулы мектептердің әралуандығының дәлелі. Ұлттық құндылықтардың қайталанбас көркемдік әлеміҚ.Аманжолов поэзиясының тың өріс, жаңа айдынға шығуына зор ықпал жасады.Ақын шығармашылығының құнарына, әуен-сарын, бояу алуандығына игі ықпалеткен тағы бір өнімді фактор – орыс және басқа да халықтар өкілдерініңпоэзиясы.Пушкин, Лермонтов, Маяковский, сондай-ақ отызыншы жылдардан бастапбірге жүрген достарының бірі Ғ.Слановтың айтуынша, ол «Аталған ақындарғақоса Шевченко, Байрон, Руставели, Низами шығармаларын көп аударды. Осыданкейін-ақ Қасымның ақындығы күшейіп жүре берді». Сөйтіп, ақындықтәжірибесінің молаюына, өмірді көркемдік тұрғыдан тануына, өзіндікмәнерінің қалыптасуына аударманың да айрықша септігі тиген.Қ.Аманжолов шығармашылығына тікелей әсер еткен жемісті, игі ықпалдардың бірі – әдеби сын, әдебиеттану. Қасымның өнерге, өлеңге, өзіне қояр талабының үнемі өрлеп отыруына орыс сынының да, сонымен бірге, төл әдеби сынның да үлесі зор болғаны талассыз. Ақын үнемі іздеп хабарласып, пікірлесіп тұратын белгілі сыншы-ғалым Есмағанбет Ысмайыловтың айтуынша: «Соғыстан кейінгі дәуірлердеҚасымның өз бетімен оқуы бір жүйеге түскен болатын. Нақты зерттеп, тереңдейоқыған біркелкі авторлары орыстың революцияшыл-демократтары –Белинский,Чернышевский, Добролюбов, Писарев және Плеханов шығармаларын оқу үстіндебір күні маған Белинскийдің Гогольге жазған хатының қазақша аудармасын оқыпберді. Терең ойға толы, өткір жалынды леппен, күрделі әдебиет тіліменжазылған Белинский шығармасына қазақ тілінің сөз байлығын, сөйлемқұрамдарын сондайлық дәл жеткізе пайдаланған Қасымның жазушылық,аудармашылық шеберлігіне қайран қалдым.Ол Белинскийдің «Александр Пушкиннің шығармалары» атты еңбегінқадағалап оқып, өзіне керекті жерлерін сызып, кейде кітаптың беттерінежазып отырған» . Қандайда болсын қаламгердің шығармашылық әлемі, туындыларыныңэстетикалық сипаты, көркемдік дәрежесі ең алдымен автордың талғамына, өзінеөзі талап қоя білуіне тікелей тәуелді екенін ескерсек, Қасымның өзіне биікталап қоятынын өлеңдері мен поэмаларының, шығармаларының жылдан жылғаширап, көркемдік қуаты кемелдене, концептуалдық әлемінің кеңейе түсуіненкөреміз.Ақын өлеңдерінің лирикалық кейіпкері көңіл күйіне қарай алуанкейіпте көрінеді. Бірде өр, тәкаппар, енді бірде үлбіреген нәзік соншалықсезімтал. Дегенмен арқыраған асау арын, буырқанған бұла күш, дауылды екпінлирикалық кейіпкердің жанына жақын. Өршіген өрттің аспанды шарпыған жалыны,тебіренген телегейдің көк пен жердің арасын шайқағандай жойқын сұрапылы.Қалыптағыдан тыс осындай адуын, асқақ сезім лирикалық кейіпкердің табиғатында, ақын рухының сыр-сипатын да аңғартады.

І І ТАРАУ. ҚАСЫМ МАНЖОЛОВ – ЖАУЫНГЕР АҚЫН . 1.1.Ақынның соғыс жылдарындағы поэзиясының тақырыптарының ерекшеліктері мен маңызы

Қасымның қасымдық атағын шығарған осынау алапат соғыс, халық трагедиясын, оның ішінде қазақтық қасиетті жырлаған дауылды, нажағайлы, нөсерлі өлеңдері еді. Соғысты дәл өзінің ішіне кіріп алып жырлау – сонау Махамбет дәстүрі, үлгісі болса, енді одан жүз есе үлкен де апатты соғысты жырлау, ондағы қазақ бейнесін жасау поэзияда негізінен Қасым Аманжолов үлесіне тиді деген артық сөз емес. Ақын 1933 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясынық жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді.Соғыс майданында жүріп Қасым көптеген лирикалы өлең жазған. "Үстімде сұр шинелім", "Мартбек", "Жеңіс дауысы", "Орал", "Ертіс", "Сибирь", "Сарыарқа" сияқты өлеңдері туған жердің сыр-сипатын, сұлулық бейнесін, соғыс өмірін суреттейді. Ал "Елге хат", "Достар қайда жүрсіңдер?", "Ағайға" деген өлеңдері туған елді, дос жорандарын, ағайын-туыстарын сағынған солдаттың сезім дүниесін жырлайды.1933 жылы міндетті әскер қатарына алынып, оны сол Орал қаласында өтейді.Алғашқы өлеңдерін Қ. Аманжолов Семейде жазған. Олар қабырға газетіне ғана басылып жүрген. Кейін ол дәптері жоғалып кеткен. Сондықтан 1930 жылдарға дейін жазған өлеңдері сақталмаған. 1930 жылы жазған өлеңдері өзі қызмет істеп жүрген "Лениншіл жас", "Қызыл әскер" және "Пионер" газеттерінде жарияланған.Қ. Аманжоловтың ақын, азамат болып қалыптасуына Орал қаласы үлкен әсер етті. Осы қалада ол ең алғашқы махаббат, жастық жырларын жазды. 1935 жылы әскер қызметінен босасымен Қасым Оралдың театр труппасын ұйымдастырып, өзі көркем басқарушысы болады. Бұл труппа тез өсіп, аз уақыт ішінде театр болып құрылды. Мұндағы ақынның еңбегі өте зор еді. Осы кездері Қ.Аманжоловтың ақындық, әншілік, артистік таланты жұртшылыққа танылды.Ұлы Отан соғысы жылдарында Қ.Аманжолов майданның нағыз қызу ортасында болды. Оның елін, халқын, жарын сүйген ыстық махаббатты, жалынды лирикалық өлеңдері осы тұста туады. “Ұлы Отан соғысы туралы” (1948), “Елге хат” (1944), “Үстімде сұр шинелім” (1944) деген және басқа көптеген өлеңдерінде ақын елге төнген қауіпті халық болып қаһар төккенде ғана жеңіске жетуге болатынын адал ұл жүрегімен жырлайды. "Күлемін де жылаймын" атты өлеңінде Қасым өзінің ойшыл, сыршыл ақын екенін танытады.

Білмеген жан өлерін

Қайтіп сүйер өмірді;

Білмей қайғы келерін,

Қайтіп болар көңілді?

Бұл жолдарда мақал-мәтелге айналып кететін шынайы философиялық пікір жатыр. Дүниеге бір келіп, бір кетпек бар. Соны байыптаған адам ғана өмірдің қадірін біледі, шексіз сүйеді. Сүйгендіктен де өмірді ұзартудың, қолдан келсе мәңгілік етудің қамын жейді.Поэзия халықтың рухын көрсетеді. Ақын үшін табиғат – жан досы, оның қымбаттысы. Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім, оның алдындағы азаматтық борышы. Патриоттық сезім, Отан сүйгіштік Қасым Аманжоловтың, әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы поэзиясының арқауы, ерекше сипаты.Ақын таланты ұлы Отан соғысы майданында толысты. Ол қазақ әдебиетіндегі әскери лириканы туғызып, қалыптастырып, жетілдіру жолында үлкен мектептен өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қ.Аманжолов майданның нағыз қызу ортасында болды. Елін, халқын, жарын сүйген ыстық махаббатты, жалынды лирикалы өлеңдері осы тұста туады. Енді біз негізгі тақырып – Қасым Аманжоловтың ұлттық ақын екендігіне ойыса бастайық. Ұлттық ақын болу үшін, бәлкім, бір кезде «ұлтшыл» атанғандығы немесе ұлт туралы аса көп жазғандығы түгелдей дәлел бола алмас.Виссарион Белинский Пушкинді «орыстың ұлттық ақыны» дегенде оның «орыс» деген сөзді қайта-қайта айтуы үшін емес, орыс рухын, орыс жаны мен көңілін, халық ретінде тарихи даму баспалдақтарын, балаң кезі мен дана кезін, тілі мен дінін, мінездегі жайсаңдық пен осалдығын – қысқасы, орыстың ұлттық қасиетін қам­титын, өзгеде жоқ, өзінен бұрынғы да, кейінде де жоқ, тек Пушкинде бар данышпандықпен бір жерге тоғыстыруында деп айтқан. Енді сөзді Қасымның өзіне береміз.

Сүйем сені, туған ел – атамекен, Абзал анам – сенсің ғой құшағың кең. Жер мен Көктің жаннаты – бір өзіңсің, Сенен артық не табам, қайда кетем? – деп бастайды ол 1940 жылғы «Атамекен» өлеңінде. Ол енді осы жүйеде алысқа, қиянға тартады. Алдында – Қазақстан, туған ел, өскен жер. Бер жағында – соғыс. Қош бол, досым, жақыным, Уақыт тығыз, сөз қысқа. Кетіп бара жатырмын Сұрапыл бір соғысқа.

Қоян емен, адаммын, Қайтып бұғып жатармын. «Жаны тәтті жаманның» Сыналар күні мақалдың. Қош бол, досым, сөз қысқа. Зіл боп ойым, мен кеттім, Сұрапыл бір соғысқа!

Бұл – жалғыз Қасым емес, бүкіл қазақтың соғысқа аттануы, психологиясы, көңіл-жайы, мақалы да өзінікі. Осы өлеңге жабысқанда «сыншылар»: «неге оның ойы зіл болып кетеді, ойында жағымсыз бірдеме болғаны ғой», – деген. Қасекең Ұлы Отан соғысында қазақтың қалай соғысқаны туралы да үлкен сұраққа әдемі жауап береді. Жай декларация емес, от ішіндегі ғаламат сурет, өмір мен өлімнің арпалысын, сол арпалыстағы қазақтың жолбарыс жүрегін айызыңды қандыра жырлайды. Қасекең Ұлы Отан соғысында қазақтың қалай соғысқаны туралы да үлкен сұраққа әдемі жауап береді. Жай декларация емес, от ішіндегі ғаламат сурет, өмір мен өлімнің арпалысын, сол арпалыстағы қазақтың жолбарыс жүрегін айызыңды қандыра жырлайды.

Тағы да: Сарыарқа, самал тау, сырнайлы өзен, Сағындың сен де мені – айтпай сезем, Айбарлы ақсақалым – Алатауым, Күт мені сабырлы оймен, түңілме сен!

Құс болып ұшар жырым ой-қырыңда, Қонақтар сенің алтын тұғырыңда. Қымбаттым, халқым деген махаббатым Сенемін, қалмас шіріп қабырымда, – дейді ол. Ылғи да өлеңінен от шашырап отыратын Қасым ұста қос өкпесі көріктей гүрілдеп, жалаңаш жүрегі дүрс-дүрс соққанын осы жолдардан анық көруге болады. Өмірге достықты, өлімге қастықты барлық өлеңінің күре тамырындай тақырып етіп үнемі айтып отырады. Өлім деген – арсыз сөз, Қайдан маған болдың кез? Өлім –жауым. Өмір –дос, Неге өлейін бостан-бос.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]