Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оспэ тг бжг сра жауабымен 2-6 кезе.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
233.47 Кб
Скачать

Билет№1

1. Ах1,2 Р1,2 Ма2 Ме12 немесе 0

Ма - сүт бездерінің жетілуі

Ма2 – емшек және емшек үрпі шеңбері конус түрінде шошайған, сүт бездері біршама көтеріңкі.

Р – қасағаның түктенуі

Р1,2 – қасаға түктері бірең сараң немесе сирек өскен.

Ах – қолтықтың түктенуі

Ах1,2 – қолтық түктері бірең сараң немесе сирек өскен.

Ме – алғашқы етеккірдің пайда болған уақыты: егер жоқ болса - Ме0, ал он екі жаста пайда болса - Ме12.

2. Бас шеңберін сантиметрлік лентамен өлшейді. Бас шеңберін алдыңғы қас үсті доғамен, артқы желке дөңіне лентаны қою арқылы өлшейміз. Лентаның нөл санын алдыңғы қас үсті доғаға қойып оны сол қолмен ұстаймыз, оң қолмен лентаны туралап алып алдымен оң шекеге, одан кейін желкеге, одан кейін сол шеке арқылы алдыңғы қас үсті доғаға қайта әкелеміз.

Билет№2

1. Ах0 Р0

Ах – қолтықтың түктенуі, егер түк жоқ болса - Ах0

Р – қасағаның түктенуі, егер түк жоқ болса - Р0

2. Кеуде торы шеңберін сантиметрлік лентамен өлшейді. Кеуде шеңберін тыныш тұрған кезде, ауаны барынша ішке жұтқан шақта және ауаны барынша іштен сыртқа шығарған шақта өлшейді. Екі қол екі жаққа көтеріліп тұрған кезде, лентаны артқы жауырынның төменгі бұрышына қойып аламыз. Одан кейін екі қолды жайлап түсіреміз. Лента қолды түсіргеннен кейін сырғып, жауырынның төменгі бұрышының астына түседі.

Алдыңғы жақтан лента көкірек безінің тұсынан өтеді.

Билет№3

1. Ах2,3 Р2,3 Ма2,3 Ме13

Ма – сүт бездерінің жетілуі

Ма2,3 – емшек және емшек үрпі шеңбері конус түрінде шошайған, сүт бездері үлкен кеңістікке көтерілген.

Р – қасағаның түктенуі

Р2,3 – қасаға үшбұрышы түгел түктенген

Ах – қолтықтың түктенуі

Ах2,3 – қолтық шұңқыры түгел түктенген

Ме – алғашқы етеккірдің пайда болған уақыты

Ме13 - алғашқы етеккірдің пайда болған уақыты он үш жас

2. Қол бұлшық етінің күші, бұлшық еттің даму дәрежесін көрсетеді. Ол қол динамометрімен өлшенеді. Тексерілуші тік тұрып, динамометрді алақанымен барынша қысып ұстаған күйінше, қолын біршама алға, одан кейін жанына созады.

Билет№4

1. Ах1 Р1V0,1L0,1

P – қасағаның түктенуі

P1 – қасаға түктері бірең сараң, қысқа болып өскен.

Ax – қолтықтың түктенуі

Ax1 – қолтық түктері бірең сараң өскен

V – дауыстың мутациялануы

V0 – дауыс өзгеріссіз

V1 – дауыс өзгерген

L – жұтқыншақтың жетілуі

L0 – пальпация кезінде бары білінбейді

L1 – пальпация кезінде бары білінеді, бірақ көзге байқалмайды.

2. Бел үшбұрышы дегеніміз бел деңгейіндегі үшбұрыштың ұшы, дене мен қолдың ішкі беткейі арасындағы үш бұрышты құрайтын кеңістік. Қалыпты жағдайда үшбұрыштар түрі бойынша бірдей және биіктігі бойынша тең, яғни симметриялық болуы тиіс. Тізе жамбас буындарындағы туа біткен тайып кету жағдайларында ассиметрия байқалады.

Билет№5

1. Ах2,3 Р3 Ма3Menses

Ма – сүт бездерінің жетілуі

Ма3 – емшек және емшек үрпі шеңбері конус түрінде шошайған, сүт бездері үлкен кеңістікке көтерілген.

Р – қасағаның түктенуі

Р3 – қасаға үшбұрышы түгел түктенген

Ах – қолтықтың түктенуі

Ах2,3 – қолтық шұңқыры түгел түктенген

Ме – алғашқы етеккірдің пайда болған уақыты

Menses – етеккір келу уақыты бірқалыпты

2. Дұрыс дене бітімінде, мойын және бел иілімдері тереңдігінің көрсеткіштері мәні жағынан ұқсас болады, кіші мектеп жасындағыларда 3-4см шамасында, ал орта және жоғарғы мектеп жасындағыларда 4-5,5см шамасында болады. Өлшеу кезінде денені тік ұстап, басты көтеріп, иықтарын жазып, екеуін бір деңгейде ұстап, ішті тартып, аяқтарды түзу қойып тұру керек.