- •Infs 53011 Ақпараттық жүйелердің және технологиялардың теориялық негіздері, инженерлік есептерді компьютерлік модельдеу (модульдің атауы және шифры)
- •(Пәннің коды және толық атауы )
- •Силлабус
- •Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жоспары бойынша сағаттардың бөлінуі
- •Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері
- •Оқу пәнінің сипаттамасы
- •Оқу пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері.
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Оқу нәтижелерін бағалау және бақылау
- •Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады
- •Оқу пәнінің саясаты
- •3 Глоссарий
- •Ғылыми-техникалық революция (ftp) - ғылымды қоғамдық өндірісті дамытудың жетекші факторына айналдыру негізінде өндіргіш күштерді түбегейлі, сапалық қайта құру.
- •Кибернетика–динамикалық жүйелермен басқарумен байланысты ақпараттық үдерістерді зерделейтін, табиғаттағы, қоғамдағы, тірі организмдердегі және машиналардағы басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым.
- •4. Дәріс тезистері.
- •Практикалық сабақтардың мазмұны және сағат бойынша жоспарлануы
- •Access деректер базасы құрылымы
- •Кестелер
- •Өрістер
- •Жазбалар.
- •Кестені жасау
- •Сұраныстар
- •Параметрлік сұраныс
- •Қорытынды сұраныс
- •Есептеулері бар сұраныстар
- •Таңдамаға сұранысты жасау(екі шартпен)
- •Параметрлік сұранысты жасау
- •Есептеулері бар сұранысты құру
- •Бастапқы және сыртқы кілттік өрістер
- •Мәліметтер схемасы
- •Байланысқан кестелерді қолдану.
- •Формалар
- •Мастер режимінде форманы жасау
- •Сұрыптау
- •Іздеуді ұйымдастыру
- •Фильтрді жасау және қолдану
- •Зертханалық жұмыс №9
- •Зертханалық жұмыс №10
- •Зертханалық жұмыс №11
- •Зертханалық жұмыс №12.
- •Зертханалық жұмыс №13
- •Зертханалық жұмыс №14
- •Зертханалық жұмыс №15. Тақырыбы: query мәліметтер жиыны.
- •Магистранттардың өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •6 Аралық және қорытынды бақылау сұрақтары
- •Өзгерістер мен толықтыруларды енгізу парағы
- •20__/20__ Оқу жылына
Білім алушылардың білімі, шеберлігі, дағдылары келесі жүйе бойынша бағаланады
Әріптік жүйе бойынша баға |
Баллдардың сандық эквиваленті |
Пайыздық көрсеткіші |
Дәстүрлі жүйе бойынша баға |
А |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Оқу пәнінің саясаты
«Ақпараттық жүйелердің және технологиялардың теориялық негіздері» пәні – элективті пән. Оку жүктемесінің көлемі 3 кредиттен тұрады, оның ішінде дәріс - 30сағат, практика, семинар – 15 сағат.
Пәнің талаптары: аудиториялық са6ақтарға міндетті түрде қатысу, мәселелерді, сұрақтарды талқылауға белсене қатысу, дәрістер мен зертханалық сабақтарына оқу-әдістемелік құрал және негізгі әдебиет бойынша алдын-ала дайындалу, СӨЖ тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау, бакылаудын барлық туріне қатысу (ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмаларын тексеру, аралық бақылау, қорытынды бақылау).
Дайындаған ___________ Баегизова А.С.
(қолы) (Ф.А.Ж.)
Кафедра отырысында қарастырылды, хаттама № 11 « 27 » 06. 2015 ж.
3 Глоссарий
Ғылыми-техникалық революция (ftp) - ғылымды қоғамдық өндірісті дамытудың жетекші факторына айналдыру негізінде өндіргіш күштерді түбегейлі, сапалық қайта құру.
«Жүйе» ұғымы білімнің әртүрлі салаларында кеңінен пайдаланыла бастады және ғылыми білімнің белгілі бір даму сатыларында жүйелер теориясы дербес ғылым болып қалыптасты.
Жүйелік талдау қағидаттарының бірінде - кез келген элемент я кейбір жүйеде ішкі жүйе болуы мүмкін, я осындай санаттардағы объектілер жиынының арасында ішкі жүйе болуы мүмкін екендігі туралы айтатын жүйелілік заңда көрініс тапты.
Кибернетика–динамикалық жүйелермен басқарумен байланысты ақпараттық үдерістерді зерделейтін, табиғаттағы, қоғамдағы, тірі организмдердегі және машиналардағы басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым.
Кибернетикалық тәсілдеме- кибернетика қағидаттары негізінде, жекелей алғанда, тікелей және кері байланыстарды анықтау, басқару үдерістерін зерделеу, жүйелер элементтерін әлдебір «қара жәшіктер» (олардың кіретін және шығатын ақпараты ғана зерттеушіге қолжетімді, ал ішкі құрылғы белгісіз болуы мүмкін жүйе) ретінде жүйелер элементтерін қарастыру көмегімен жүйелерді зерттеу.
Еліктемелік модельдеу - зерделенетін жүйе, нақты жүйені жеткілікті дәлдікпен сипаттайтын модельмен алмастырылатын және осы жүйе туралы ақпараттар алу мақсатында онымен эксперименттер жүргізілетін зерттеу әдісі.
Агенттік модельдеу- атқарымдық динамикасы жаһандық ережелермен және заңдармен емес (модельдеудің өзге парадигмаларындағы сияқты), керісінше, осы жаһандық ережелер мен заңдар, топтар мүшелерінің жеке белсенділіктерінің нәтижесі болып саналатын кездегі ережелермен және зандармен анықталатын, орталықтандырылмаған (децентрализованных) жүйелерді зерттеу үшін пайдаланылатын еліктемелік модельдеудегі салыстырмалы (1990 - 2000-ші жылдар) жаңа бағыты.
Жүйелік динамика - зерттелетін жүйелер үшін уақыт аралығында бір параметрлердің өзге параметрлерге себептік байланыстары мен жаһандық әсерлерінің графикалық диаграммалары құрылатын, содан кейін осы диаграммалар негізінде жасалган модель компьютерде имитацияланған модельдеу парадигмасы.
Хабар - ақпаратты көрсету, беру формасы болып саналатын, түпкі алфавит символдарының жиынтығы.
Алфавит қолдану тәртібі белгіленген символдар жиыны.
Стохастикалық дабылдар ақпараттар мен дабылдарды беру теорияларында берілген сипаттамалармен-корреляциялық атқарымдармен және спектрлік тығыздықтармен берілген кездейсоқ үдерістерді жүзеге асыру.
Жүктелген желі бұл - нақты сервер мен клиент үшін ҒТР сервисінің өнімділігін тексерудің неғұрлым қызықты жағдайы.
Статистикалық кодтау хабарлар көздерінің артықтығын жоюға мүмкіндік беретін кодтау
Базистік атқарымдар дабыл соған өзара бөлінетін, жекелеген спектрлік құраушылар.
Кодтық қашықтық кодтың кез келген екі комбинациялары бір-бірінен өзгешеленетін символдардың ең аз санының, артықсыздық кодтарын анықтай алмайтыны, оның үстіне қателерді түзей алмайтыны.
Сызықтық кодтар тексерілетін символдар ақпараттық символдардың сызықтық комбинациялары болып көрсетілетін кодтар.
Автоматтандырылған программалау жүйесі. Берілген есептің формалды сипаттамасы бойынша программа құратын инструментальдық программалық құрал.
Авторлық жүйелер – интерфейстік қосымшасы бар, пайдаланушы өзінің пәндік саласындағы информациямен толтыра алатын біріктірілген орта.
Аналогтық-цифрлық түрлендіргіш (АЦП) – датчиктен берілген аналогтық түрдегі сигналды цифрлық сигналдарға түрлендіретін арнаулы плата
Аппараттық жабдықтама (архитектура) – компьютерге қатысты техникалық құрылғылар мен жабдықтардың жиынтығы.
Адрес пішіні - (1) машина командасындағы адрес өрістерінің орналасуы мен саны. (2) адресте элементтердің орналасуы мен саны.
Адрес өрісі - адрестерді немесе операндтардың мәндерін алу үшін қажетті информацияны, адресті қамтитын машина командаларының кез келген өрісі.
Байт. Ақпараттың өлшем бірлігі. Ол 8 биттен тұрады және тұтас өңделеді.
Деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ) – компьютер көмегімен белгілі бір сала бойынша үлкен деректер базасын (қорын) құрып сақтауға, ондағы деректерді реттеуге, сұрыптауға және қажет деректі іздеуге мүмкіндік беретін программалар жүйесі.
Деректер - (1) фактілерді, ұғымдарды, инструкцияларды тасымалдауға, интерпретациялауға немесе адаммен немесе автоматты тәсілмен өңдеуге қолайлы түрде көрсету. (2) Информация, шама үшін синоним.
Екілік цифр (бит) - (1) нөлмен немесе бірмен көрсетілетін информация бірлігі; (2) (1)-мағынада информацияның бірлігін сақтай алатын компьютер жадысының элементі;
Ақпараттық жүйелер – үлкен көлемді ақпараттарды сақтау, өңдеу, іздеу және оларды ұйымдастыру жұмыстарын жасайтын программалар.
Интеллектуальдық деректер базасы - деректерге қатынау табиғи тiлде немесе табиғи тiлге жуық сұратулар тiлiнде жүзеге асырылатын деректер базасы.
Код - (1) белгілі мағынаны білдіретін символ немесе биттер жинағы; (2) программалау тілінде немесе тілдік процессормен қалыптастырылған пішінде көрсетілген инструкциялар мен деректер анықтамалары; (3) программаны программалау тілінде бенелеу.
Кодтау - (1) информацияны белгілі бір символдар көмегімен бейнелеу; (2) программаны программалау тілінде көрсету процесі. (3) жоба спецификациясынан логика мен деректерді программалау тіліндегі бейнелеуге түрлендіру.
