Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД Ақпараттық жүйелердің және технологиялардың теориялық негіздері.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.32 Mб
Скачать

Сұрыптау

Автомобильдердің зауыттық бағамының кему реті бойынша алдыңғы кесте мәліметтерін сүрыптаңыз.

  • Кестедегі жазбаларды сүрыптауға болады. Ол үшін:

  • Сүрыптау жүргізілетін бағанды ерекшелеңіз(форма режимінде форманы ерекшелеңіз).

  • Жазбалар (Записи) менюіндегі Тез сүрыптау(Быстрая сортировка) және Өсуі бойынша (По возрастанию) немесе ішкі менюдегі Кемуі бойынша (По убыванию) таңдаңыз.

Саймандар панеліндегі " Өсуі бойынша "( По возрастанию) немесе "Кемуі бойынша " (По убыванию) батырмаларының біреуін басу керек.

5-сурет. Сұрыптау және топтастыру.

Іздеуді ұйымдастыру

Координаттар кестесі бойынша Координаттар кестесінің өрістерінен түратын Мекен-жайлар формасын жасаңыз. Бүл форманы кесте түрінде беріңіз және Василисаның телефоны мен мекен-жайын табыңыз.

Аты өрісіне курсорды орналастырамыз;

Түзету(Правка) менюіндегі Табу(Найти) командасын орындаймыз немесе Саймандар панеліндегі батырманы қолданамыз. Егер ашылған <Аты өрісіндегі іздеу > (Поиск в поле Имя) сұхбат терезесі форманы жауып тұрса, онда оны міндетті түрде «ысырыңыз».

Іздеу үлгісі ретінде Василиса- атын енгізіңіз. Сіздің жазбаңызда қайталанатын ат таңдаңыз. Алғашқы қадам(Первое вхождение) батырмасын басыңыз. Сіздің формаңызда, Іздеу(Поиск) терезесінің астында орналасқан, бірінші кезекте сәйкес аты бар жазба орналасады. Қараңыз, сол адрес пе жоқ па, әйтпесе программа сондай атпен тағы бір адресті табады (егер ондай болса). Осылайша, таңдалған атпен барлық адресатты қарап шығуға болады және керектісін табуға болады.

Егер сіз өз адресіңізді тапсаңыз, Іздеу(Поиск) сұхбат терезесін жабуға болады. Іздеу тек қана Аты өрісі (алдын-ала курсор орналастырылған өріс) мәліметтері арасында ғана жүзеге асырылады. Бұл - Іздеу облысы ауыстырғышы ағымдағы өріс жағдайында орналасқанда ғана іске асады. Егер ауыстырғышты Барлық өрістер жағдайына қойса, онда үлгімен сәйкес келу барлық бар өрістер бойынша тексерілетін болады.

Бұдан басқа, сіздің үлгімен сәйкес келетін әртүрлі варианттарды таңдауға мүмкіндігіңіз бар.

Сәйкес келу ашылған тізімінде үш мүмкіндіктің біреуін таңдауға болады:

  1. Өрістің кез келген бөлігімен - үлгінің сәйкес келуін өріс құрамының кез келген бөлігінен іздеуге болады. Мысалы, "Ира" үлгісі үшін "Кира" және "Ираида" табылған.

  2. Өріс бүтіндей - оның құрамы үлгімен толық сәйкес келеді.

  3. Өріс басынан бастап - үлгімен сәйкес келу өріс құрамының басынан бастап ізделеді. Мысалы, "Ира" - үлгісі үшін "Ираида" табылады, бірақ "Кира" емес.

Сондай-ақ іздеу бағытын анықтайтын да мүмкіншілік бар:

  • Жоғары қарай - ағымдағы жазбадан бірінші жазбаға қарай;

  • Төмен қарай - ағымдағы жазбадан соңғы жазбаға қарай.

Егер сіз символдар регистрін есепке ала отырып, іздеуді ұйымдастырғыңыз келсе, онда сәйкес жалаушаны қойыңыз.

Фильтрді жасау және қолдану

Мекен-жайлар формасын кесте түрінде беріп және барлық Василисалардың мекен-жайларын табыңыз.

Фильтр - бұл жазбаларды таңдап алу үшін немесе оларды сорттау үшін арналған шарттар жиынтығы.

  1. Форманы кестелер режимінде беріңіз.

  2. Жазбалар - Фильтрді өзгерту.(/Записи - Изменить фильтр/)командасын орындау. Бұл команда <Фильтр> терезесінде таңдау шартын беру үшін қажет. Саймандар панеліндегі батырманы қолдануға болады. <Фильтр> терезесінің жоғарғы бөлігінде МЕКЕН-ЖАИЛАР кестесінің өрістер тізімі шығады. Терезенің төменгі бөлігіне таңдау шарты енгізілетін бланк шығарылады.

  3. Бланкке таңдау шарты берілетін өріс Атын көрсетіңіз. Тізімнен өрісті таңдау үшін :

    1. Оны өрістер тізімінен тышқанмен сүйреп бланктің бірінші жолының алғашқы ұяшығына әкелеміз;

    2. Өрістер тізіміндегі өріс атына тышқанды екі рет шертеміз;

  1. Фильтр бланкісінің бірінші ұяшығына тышқанды шертіп, ашылған тізімнен өрісті таңдаймыз.

  2. Өріс бланкісіне таңдау шартын енгіземіз. Яғни, таңдау шарты бланкінің алғашқы ұяшығына сәйкес келу үлгісін (ізделетін атты) енгізіңіз .

  3. Әрі қарай жасалынған фильтрді форманың жазбаларына қолдану керек. Мұны келесі әрекеттердің бірімен орындауға болады:

  4. Жазбалар(Записи) менюіндегі Фильтрді қолдану командасын таңдау.

  5. Саймандар панелінен Фильтрді қолдану батырмасын басу. Тышқанның оң жақ батырмасын басып, көрсеткішті фильтр терезесіне орналастырып, тәуелді( контексті) менюден Фильтрді қолдану командасын таңдаймыз.

Нәтижесінде, берілген аты бар барлық адамдар тізімі шығады. Міне, мұндай тізім көз алдыңда тұрғанда,кімнің кім екенін оңай табуға болады.

Егер сіз барлық адресаттарды тағы көргіңіз келсе, онда Жазбалар (Записи) менюіндегі Барлық жазбаларды көрсету командасын таңдау немесе саймандар панеліндегі батырманы басу керек.

Егер сіз тағы сол бұрынғы фильтрді қолданғыңыз келсе, онда оны қайтадан баптаудың қажеті жоқ , Жазбалар(Записи) менюінен Фильтрді қолдану командасын орындау жеткілікті немесе саймандар панеліндегі батырманы басу керек.

Таңдау шарты өрнектерінде нұсқа операторларын қолдану рұқсат етіледі.

Кейбір нұсқа символдарын келтірейік.

(*) -жұлдызшасы кезкелген символдардың кезкелген тобын алмастырады; нұсқадағы бірінші немесе соңғы символ болуы мүмкін. «Вас*»-шарты болса , «Василиса», және «Василий», және «Васька» алынатын болады. Ал егер «*ова»-шарт болса, онда «ова» -ға аяқталатын барлық фамилиялар «Иванова», «Петрова» және т. б алынатын болады.

Сұрақ (?) белгісі- кезкелген бір символды алмастырады. Егер «М?ша» шарты болса, онда «Миша» және «Маша» алынатын болады.

Белгі (#) нөмірі- кезкелген бір символды алмастырады. «1#3» шартты берсек, онда «103», «113», «123»... табамыз.

Бақылау сұрақтар

  1. Кестелер режимінде форманы беру үшін қандай команданы орындау керек.

  2. Формада жазбаларды қалай сорттауға болады.

3.Таңдау шартын қанағаттандыратын жазбалар жиынтығын қалай шығаруға болады.

  1. Фильтрді қолданғаннан кейін , барлық бар жазбаларды қалай шығаруға болады.

  2. Үлгі бойынша мәліметтерді қалай табуға болады? Сәйкес келуді қалай табуға болады? Іздеу бағытын қалай көрсетуге болады? Регистрді есепке ала отырып ше?

7 лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Есептер

Мақсаты: Есептерді құру тәсілін үйрену

Тапсырмалар

1-тапсырма. Бағамдар кестесі бойынша Автоесеп жасаңыз.

БАҒАМДАР кестесі

Өнім

Су

Белоктар

Майлар

Углеводтар

Энергет Құндыл

1

Ірімшік

52,0

17,9

20,1

0

260

2

Иогурт

88,0

5,4

1,5

3,5

51

3

Кефир

91,4

3,1

0,1

3,8

30

4

Сүт

88,5

2,8

3,2

4,7

58

5

Кілегей

82,2

3,2

10,0

4,0

118

6

Сыр

40,0

23,4

30,0

0

371

2-тапсырма. АСТАНА қаласы бойынша азық-түліктердің бағамын көрсететін Автоесеп жасаңыз.

3-тапсырма. ОЙЫНДАР кестесі бойынша есеп жасау керек. Есеп тақырыбына доп суретін енгізу керек.

Материалдар мен құрал-жабдықтар: Access бағдарламасы

Жұмыстың орындалу реті

  1. Теориялық материалды игеру

  2. Жұмыстың орындалуы

  3. Есеп беру

Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы

  1. Бағдарлама мәтіні.

  2. Тестілеу нәтижесі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Глоссарий

Есептер

Есептер қағазға кестелерді шығару үшін немесе сұраныстар жұмысының нәтижелерін шығару үшін қажет. Есептер формаларға ұқсас болып келеді. ДБ(деректер базасы) ОТЧЁТ жапсырмасын таңдап, ЖАСАУ(СОЗДАТЬ) батырмасына шерту керек, сонда біз Мастер көмегімен немесе қолмен, автоматты түрде жасауға мүмкіндік беретін ЖАҢА ОТЧЁТ сұхбат терезесін ламыз. Әрі қарай отчет жасалатын кестенің немесе сұраныстың атын көрсету керек. Есептер формалар сияқты бөлімдерден тұрады, бірақ есептердегі бөлімдер формалардағыдан көп. Авто есеп жасап, және оны Конструктор режимінде ашып, есеп құрылымымен танысуға болады.

Есеп құрылымы 5 бөлімнен тұрады:

  • Есеп тақырыбы;

  • Жоғарғы колонтитул;

  • Мәліметтер облысы;

  • Төменгі колонтитул;

  • Есеп ескертпесі.

Тақырып бөлімі Есептің жалпы тақырыбын баспалау үшін қажет. Жоғарғы колонтитул бөлімі беттер нөмірлерін, тақырыпшаларды баспалау үшін қолдануға болады. Мәліметтер облысына мәліметтер кестесі өрістері құрамымен байланысты басқару элементтерін орналастырады. Бұл басқару элементтерінде принтерде кестедегі мәліметтерді шығару үшін қолданылады. Басқару элементтерін түзету және орналастыру бұрынғы формалар құрылымдарын жасағандай болады. Төменгі колонтитул бөлігінде жоғарғы колонтитул сияқты қолдануға болады, мысалы, Now() функциясын орналастыруға болады. Ол ағымдағы мерзімді көрсетеді және оны өріске орналастырады, ал есеп оны баспалау кезінде шығарады. Немесе бетке нөмір шығару үшін іштестірілген функцияларды Page(), Pages() қолдануға болады және оның санын - «Страница» & /Page/ & «из» & /Pages/ деп көрсетуге болады. Тырнақшаға алынған текст нақты мағынасында беріледі, ал & операторы тырнақшаға алынған тексті жапсыруға арналған. Ескерту бөлімі қосымша ақпаратты орналастыру үшін қолданылады.

Авто есеп жасау

Чемпионат кестесі бойынша есеп беті мен мерзімі көрсетілген ленталық Авто есеп жасау

  • МҚ (мәліметтер қоры) терезесінде Есеп жапсырмасын таңдау;

  • Жасау (Создать) батырмасында шерту; Ашылған Жаңа есеп (Новый отчет) сұхбат терезеде ленталық Авто есеп пунктін таңдау

  • Осы терезеде Жаңа есеп, ал арнайы өрісте Чемпионат кестесін көрсету;

  • Ок батырмасын басу;

  • Сұраныс атын беру.

Ескерту. Авто есептегі есеп беті мен мерзімі автоматты түрде жасалады.

Есеп тақырыбын көркемдеу

Алдыңғы есептегі жоғарғы колонтитулға бөлінетін сызық пен футбол добының суретін қойыңыз.

Сілтеме. Есепке сурет қою мен сызық жүргізу формалармен жұмыс істегендей жүргізіледі. (№5-ші тәжірибелік жұмыстағы, 3-ші тапсырманы қараңыз).

Сұраныс бойынша есеп жасау

Конструктор режимінде есеп жасау. ДИСК D001 прокатқа алған клиенттердің тізімін шығару.

Сілтеме. №4 -ші жұмыстың 2-ші тапсырмасында жасалған сұраныс негізінде есеп жасаңыз. Бұл сұраныс D001 дискісін алған клиенттер тізімін шығарып береді.

Ескерту. Есептердегі принтер болмаса да жасай беруге болады. Пуск/ Настройка/ Принтеры/ Установка принтера операциялық жүйелер командасының көмегімен бағдарламалық орнатуды орындаса жеткілікті, одан кейін принтер драйверін тіркеу керек.

Бақылау сұрақтары

  1. Есептер не үшін қажет?

  2. Есептің құрылымы қандай?

  3. Қандай режимдерде есеп жасалады?

  4. Форма құрылымының есеп құрылымынан айырмашылығы неде?

8 лабораториялық жұмыс

Тақырыбы: Жеке Деректер қорын жасау.

Мақсаты: Деректер қорын жасауда іс-тәжірибелерді нығайту.

Тапсырмалар

1. «Менің кітапханам» деректер базасын құрыңыз. Деректер базасын өзіңіздің кітапханаңыздағы кітаптар туралы мәліметтермен толтырыңыз.

«Менің кітапханам» деректер базасы

Өріс аты

Мәліметтер типі

Сипаттау

Код

Санауыш

Кілттік оріс

Автор

Мәтіндік

Автордың аты-жөні

Аты

Мәтіндік

Кітаптың аты

Сипаттама

Мәтіндік

Кітап жанры

Баспа

Мәтіндік

Баспа аты

Жыл

Сандық

Баспа

Тираж

Сандық

Тираж

2. Мәліметтерді енгізу үшін ыңғайлы форма жасаңыз.

  1. Барлық детективтердің авторларын табыңыз.

  2. Ең үлкен тиражды кітапты табыңдар.

  1. «Фирма» деректер базасын құрыңыз. Өріс аттары мен типтері жоғарыда мысалда келтірілген.

  2. Келесі шарттарды орындай отырып, тақырыпты өз бетінше таңдап, Деректер базасын жасаңыз:

  1. Мәліметтер кестесін жасаңыз.

  2. Мәліметтер енгізіңіз.

  3. Жазбаларды сұрыптаңыз.

  4. Кестелер арасындағы байланыс жасаңыз.

  5. Таңдамаға, параметрлі, есептеулері бар және қорытынды сұраныс жасаңыз.

  6. Форманы жасаңыз, оның тақырыбын көркемдеңіз. Осы формада есептелетін өріс жасаңыз.

  7. Формаға жазбаларды енгізіңіз.

  8. Есепті мерзімін және бетін көрсетіп дайындаңыз

  9. Істелген жұмыстың қорытындысын келтіріңіз.

Материалдар мен құрал-жабдықтар Access бағдарламасы

Жұмыстың орындалу реті

  1. Теориялық материалды игеру

  2. Жұмыстың орындалуы

  3. Есеп беру

Лабораториялық жұмыстың орындалуына есеп беру формасы

  1. Бағдарлама мәтіні.

  2. Тестілеу нәтижесі

  3. Бақылау сұрақтарына жауап беру.

Глоссарий

Реляциялық мәліметтер қоры

Реляциялық мәліметтер қоры ақпараттық жүйелерді есепке алу негізін құрайды. Ақпараттық жүйелерді есепке алу әдетте және бір ғана шамалы облыста ақпаратты өңдеу және сақтау үшін мамандандырылған. Мысалы:

  • Сұраныс- Тапсырыс;

  • Сатып алу - сату;

  • Электрондық анықтама;

  • Және т. б.

Деректер базаларын жобалау кезеңдері:

  • Ақпаратты жинақтау;

  • Бастапқы кестенің мәліметін бір кестеге жинақтау;

  • Кестенің бағандар тақырыптарын анықтау(Деректер базасы өрістері аттары);

  • Бастапқы мәліметтер үшін бөлек бағандар(өрістер) және бөлек бағандар(өрістер)-формулаларды орналастыру үшін;

  • Керегіне қарай кесте құрылымын өзгерту;

  • Жазбаларды толықтыру және алып тастау үшін формалар-қалар жасау

Деректер базаларында жазбаларды сұрыптау;

  • Керекті ақпаратты іздеу;

  • Қорытындылар келтіру;

  • Ақпаратқа талдау жасау;

  • Есеп жасау;

  • Есепті баспаға беру.

Деректер қорын жасау мысалы

Айталық, қандай да бір фирма кондитерлік өнімдерді сатумен айналысады делік. Бұл фирманың клиенттері болып мейрамханалар, кафелер, клубтар саналады. Алғашқыда «Фирма» деректер қоры келесідегідей өрістер тізімімен жасалады:

  • Заказ нөмірі;

  • Клиент коды;

  • Клиент аты;

  • Клиент адресі;

  • өнім коды;

  • өнім аты;

  • саны;

  • жеткізу мерзімі;

  • өнім бағасы;

  • құны.

Бұл деректер қорына декомпозиция жасаймыз, яғни оны кестелерге бөлеміз.

Бірінші өріс «Заказ нөмірі» басқа ешқандай өріспен байланыспаған, сондықтан оны әзірше қарастырмаймыз.

Екінші өріс «Клиент коды» «Клиент аты» және «Клиент адресі» өрістерімен байланысқан. Басқа өрістер бұл өрістен тәуелсіз.

Таңдалған өрістердің өзара байланысын талдаймыз. «Клиент аты» өрісі «Клиент коды» өрісінен толық тәуелді, себебі фирманың сәйкес құжаттарында клиент коды бойынша клиент туралы барлық мәліметті табуға болады. Дәл сол сияқты «Клиент адресі» өрісі «Клиент коды» өрісінен толық тәуелді. Бұдан басқа, «Клиент аты» және «Клиент адресі» бір-бірінен ешбір тәуелсіз.

Сонымен, біз «Клиент коды», «Клиент аты» және «Клиент адресі» өрістерімен бірінші «Клиенттер» кестесін алдық. Енді қалған өрістерді қарастырайық:

  • Заказ нөмірі;

  • өнім коды;

  • өнім аты;

  • саны;

  • жеткізу мерзімі;

  • өнім бағасы;

  • құны.

«Заказ нөмірі» өрісі басқа ешбір өріспен байланыспаған, сондықтан оның әзірге қажеті жоқ.

«Өнім коды» өрісі «Өнім аты» және «Өнім бағасы» өрістерімен байланысты, қалған өрістер бұл өрістен тәуелсіз.

Таңдалған өрістердің өзара байланысын талдаймыз. «Өнім аты» өрісі «Өнім коды» өрісінен толық тәуелді, себебі фирманың сәйкес құжаттарында өнім коды бойынша өнім туралы барлық мәліметті табуға болады. Дәл сол сияқты «Өнім бағасы» өрісі «Өнім коды» өрісінен толық тәуелді. Бұдан сірә, «Өнім аты» және «Өнім бағасы» бір-бірінен ешбір тәуелсіз болары хақ.

Сонымен, біз «Өнім коды», «Өнім аты» және «Өнім бағасы» өрістерімен екінші «Өнімдер» кестесін алдық.

Енді қалған өрістерді қарастырайық:

  • Заказ нөмірі;

  • саны;

  • жеткізу мерзімі;

  • құны.

Бұл өрістердің барлығы заказбен байланысты, себебі оның нөмірін, жеткізу мерзімін, өнім санын, құнын анықтайды. Бұдан «Заказ нөмірі» өрісі кілттік екенін көруге болады, өйткені фирманың сәйкес құжаттарында заказ нөмірі бойынша өнім санын және жеткізу мерзімін анықтауға болады. Заказ құны өнім бағасын оның санына көбейтумен анықталады және жалпы жағдайда заказдың сипаттамасы болып табылмайды, сондықтан «Құн» өрісін деректер қорының өрістер тізімінен шығарып тастау керек.

Бұдан басқа, біз «Заказ нөмірі», «Клиент коды», «Өнім коды», «Саны» «Жеткізу мерзімі» өрістері бар үшінші кесте «Заказдар» алдық.

Басқаша айтқанда, «Фирма» деректер қоры үш кестеге бөлінеді:

  • «Клиенттер»;

  • «Өнімдер»;

  • «Заказдар».

Бақылау сұрақтары

  1. Реляциялық деректер базасының ерекшелігі неде?

  2. Фильтр деген не?

  3. Фильтрді қалай жасауға болады?

  4. Бірінші кілт не үшін қажет?