- •1.1Минималды топырақ өңдеу мен жалға себу технологиясын күріш жүйесінде қолдану
- •1.2.Күріш шаруашылығында ылғал, ресурс үнемдегіш технологияларды тиімді енгізу үшін қажетті шаралар
- •1.3.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •1.5.Бағдарламаның орындалуы және нәтижелері
- •2.1Дақылдың ауыспалы егістегі орны
- •2.2. Қызылорда облысында пайдалануға рұқсат етілген күріш сортының сипаттамасы
- •2.3.Күріш тұқымына қойылатын негізгі талаптар
- •2.4. Күріш егісіндегі арамшөптермен күресу шаралары
- •3.1.Күріш зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын химиялық әдістер
- •4.1.Күріш ауспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары –бидай мен мақсарының жалға егу технологиясы
- •4.2.Минималды топырақ өңдеу технологиясын өндіріске ендіру нәтижелерінің қорытындысы
- •5. 1.Өндіріске ұсынымдар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
4.1.Күріш ауспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары –бидай мен мақсарының жалға егу технологиясы
Қызылорда облыс жағдайында күріш ауыспалы егісінде негізінен жоңышқа, түйежоңышқа және бүркеме дақыл ретінде бидай егіледі. Ал күріш егісі көлемінің қысқаруына байланысты дәнді дақылдардың жалпы өнімінде сақтандыру дақылдары ретінде, тары, сұлы, арпа, жүгері, сорго секілді дақылдардың да маңызы өте зор. Майлы дақылдар және әртараптандыру дақылдары ретінде мақсары секілді дақыл да назар аударарлық дақылдарға жатады.Алайда Қазақстандық Арал өңірі жағдайында бұл дақылдың жаңа әдістер қолданып өсіру технологиялары осы кезге дейін толық зерттелмеген. Сол себепті 2012-2014 жылдары біз мақсары және бидай әртараптандыру дақылдарының күріш ауыспалы егісінде жалға егіп өсіру технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу жөнінде зерттеу жұмыстарымен айналыстық.
Зерттеу жұмыстары бойынша тәжірибелер «Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу инсититуты» ЖШС-нің тәжірибе учаскесінде жүргізілді. Тәжірибелер екі-үш жылдық күріштіктен кейін немесе бірнеше жыл бос жатқан, дақылдар егілген жылы айналасындағы атыздарға күріш егілген атызға орналастырылды.
Топырақ өңдеу күзде сүдігер жырту, көктемде күріштік жерге жүргізілетін барлық операциялардан тұрады. Тек дақылдар егіліп болғаннан кейін атыздың ішкі периметрі бойынша және ұзынынан бір рет, енінен екі жерден суаруға және ыза суды қашыртқылауға арналған арықтар тартылды. Суару режимі атыз топырағының ылғалдылығына байланысты жүргізілді.
Дақылдарды ені 0,7м, биіктігі 16-18 см жалға, қатар аралығын 20-25 см етіп себу Үндістанда шығарылған әмбебап сепкішпен жүргізілді. Дақылдар тұқымы үш түрлі нормамен 2-4см тереңдікке сіңіріліп, көлемі 200-500 м2 мөлтектерге 3рет қайталанып жүйелі әдіспен орналастырылып, оңтайлы мерзімде (20-25сәірде ) себілді (5-сурет).
Өсу дәуірінде фенологиялық бақылаулар, дақылдар мен арамшөптер өсімдіктерінің санын анықтау жұмыстары жүргізілді(5-кесте).
5-кесте. Мақсары мен бидайды жалға егіп өсіргенде себу нормасына байланысты өсімдік жиілігі, арамшөппен ластануы және дақылдардың өнімділігі
Дақыл |
Тәжірибе нұсқасы |
Өсімдіктер саны,дана/м2 |
Өнімділігі, га/ц |
|
|||||||
тұқым себу тәсілі |
тұқым себу нормасы, кг/га |
негізгі дақыл |
Арамшөптердің, оның ішінде |
||||||||
қамыс |
қоға |
Күр-мек тектес |
Барлық арам-шөптер |
||||||||
Мақсары |
Қалып-тасқан |
30 |
31,8 |
- |
6 |
8 |
14 |
20,1 |
|
||
жалға егу |
10 |
16,5 |
- |
9 |
13 |
22 |
17,3 |
|
|||
15 |
22,3 |
- |
10 |
12 |
22 |
19,8 |
|
||||
20 |
27,6 |
- |
10 |
13 |
23 |
21,0 |
|
||||
Бидай |
Қалып-тасқан |
180 |
270,6 |
- |
2 |
8 |
10 |
23,8 |
|
||
жалға егу |
60 |
109,3 |
- |
18 |
25 |
43 |
21,3 |
|
|||
90 |
160,9 |
- |
12 |
16 |
28 |
24,7 |
|
||||
120 |
191,1 |
- |
11 |
14 |
25 |
31,0 |
|
||||
Бидайдың көгі себілгеннен кейін 10-12күн өткен соң, мақсарының15-17 күн өткен соң пайда болды. Өсімдіктер жиілігін анықтау нәтижелері жалға еккенде екі дақыл бойынша көлем бірлігіндегі ең көп өсімдік саны жоғарғы нормалы нұсқаларда байқалды. Мысалы, мақсары мен бидайдың себу нормасын 2 есеге көбейткенде өскіндер саны тиісінше 1,75 және 1,65 есеге көбейді.
Дақылдар егістігіндегі негізгі арамшөптер санын анықтау нәтижелері дақылдың себу нормасы мен арамшөптер өсімдіктерінің жиілігі арасында айтарлықтай заңдылық өзгерістер жоқтығын көрсетті. Тек қана бидай дақылының төменгі нормалармен ( 60-90 кг/га) себілген нұсқаларында 120 кг/га нұсқасымен салыстырғанда жалпы арашөптер саны тиісінше 18,0-3,0 дана/м2 көбірек болды.
Тәжірибелік егістіктерде жинау алдында өсімдік тығыздығы анықталып, өнім құрылымы элементтеріне биометриялық талдау жүргізілді. Нұсқалардағы дақыл өнімділігі әр мөлтекті жеке орып бастыру арқылы анықталды. Жинар алдында жалға еккен мақсары мен бидай өсімдіктерінің тығыздығы себу нормасына байланысты 15,3-25,3және 101,7-170,3дана/м2 аралығында болды. Биометриялық талдау бойынша өсімдік биіктігінің көрсеткіші себу нормасы көтерілген сайын 13,5-24,2 см төмендеп отырды.
Мақсары мен бидай дақылдарының өсімдіктері жалға еккенде жақсы бұтақтап, түптеп егінді жинар алдында дәстүрлі әдіспен еккен егістіктегі өсімдіктерден 1,5-2,0 есеге дейін кәрзинкелер мен масақтары көп болды. Нәтижесінде тұқым себу нормасын 1,5-2 есеге дейін кеміткенмен олардың өнімдері дәстүрлі әдіспен еккен егістіктен кем болған жоқ. Атап айтқанда мақсарының тұқым себу нормасы 15 кг/га болғанда, оның өнімділігі 19,8 га/ц болса, 20 га/кг болғанда ол көрсеткіш 21га/ц-ге жетті. Бұл дәстүрлі әдіспен 30 га/кг тұқым сепкен нұсқамен қатарлас көрсеткіш.
Дәл осындай жағдай бидай дақылында да қайталанды. Оның тұқым себу нормасын 1,5-2,0 есеге дейін кемітіп жалға еккенде өнімі тиісінше 24,7 және 31,0 га/ц болды. Ал дәстүрлі әдіспен тұқымды 180 га/кг нормасымен сепкенде 23,8 га/цөнім жиналды. Бұл екінші нұсқадан 7,2 га/ц-ге төмен. Дақылдардың тұқым себу нормасын 3 есеге дейін кеміткенде (10 га/кг және 60 га/кг) олардың өнімділігі дәстүрлі нұсқадан сәл төмендеу болды.
Қорыта айтқанда, жалға егу тәсілін мақсары,бидай дақылдарынөсіруге кеңінен пайдалануға болатынына жүргізілген тәжірибелер дәлел бола алады.
