- •1.1Минималды топырақ өңдеу мен жалға себу технологиясын күріш жүйесінде қолдану
- •1.2.Күріш шаруашылығында ылғал, ресурс үнемдегіш технологияларды тиімді енгізу үшін қажетті шаралар
- •1.3.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •1.5.Бағдарламаның орындалуы және нәтижелері
- •2.1Дақылдың ауыспалы егістегі орны
- •2.2. Қызылорда облысында пайдалануға рұқсат етілген күріш сортының сипаттамасы
- •2.3.Күріш тұқымына қойылатын негізгі талаптар
- •2.4. Күріш егісіндегі арамшөптермен күресу шаралары
- •3.1.Күріш зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын химиялық әдістер
- •4.1.Күріш ауспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары –бидай мен мақсарының жалға егу технологиясы
- •4.2.Минималды топырақ өңдеу технологиясын өндіріске ендіру нәтижелерінің қорытындысы
- •5. 1.Өндіріске ұсынымдар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.4. Күріш егісіндегі арамшөптермен күресу шаралары
Қамыс және күрмек тектес арамшөптерді жоюға қарсы топырақ өңдеутәсілі – күзде 27-30 см тереңдікке аудара сүдігер жырту (осылай жыртылғанда арамшөп тұқымдары қарықтың ұлтанына түсіп көміліп қалады және мұндай тереңдіктен көктеп шыға алмайды) жұмыстарын көктемде 16-18 см тереңдіккеаудармай қайырмасыз жыртумен жалғастырады (тереңге түскен арамшөптұқымын жоғары шығармау үшін).
Батпақты арамшөптермен (қоға, доңыз қоға, т.б.) ластанған жерлерді өңдеу – күзде 14-16 см тереңдікке аудара сүдігер жыртылады, яғни топырақбетіне арамшөп түйнектерінің неғұрлым көп шығуына жағдай жасалынады(топырақ бетіне шығып қалған түйнектер күзгі-көктемгі желге қағылып, қысқы аязға ұрынып, өніп шығу қабілеті азаяды). Соңынан көктемде бұл жерлерқайтадан 25-27 см тереңдікке айдалады (жердің бетіне шығып қалғантүйнектер қарық ұлтанына түсіп, өліп қалады).
2-сурет.Күріш егісіндегі арамшөптер
3-сурет. Қоға өсімдігі.
Қазіргі қалыптасқан жағдайда арамшөптерге қарсы химиялық тәсілдеркеңінен қолданылады. Институт ғалымдары сынақтан өткізген биологиялықтиімділігі 94,4-98,9% құрайтын Гулливер, Номини, Рейнбоу, Солито сияқты жүйелі гербицидтер арамшөптердің негізгі екі тобын: күрмек тектестер менқоғаны жою үшін ұсынылады. Олардың қолдану мөлшері Гулливер – 0,020-0,030 кг/га, Номини – 0,075-0,09 л/га, Рейнбоу – 1,0-1,4 л/га, Солито – 1,0-1,5л/га. Ерте жиналатын дақылдарды жинағаннан кейін атызды арандатып суарып, арамшөптердің шығуына жағдай туғызу және оларды жаппай жоятынгербицидтер қолданып жою.
3.1.Күріш зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын химиялық әдістер
Күріш зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын химиялық әдістер Күріш өскіні пайда болғаннан бастап ауру тамыр жүйесін зақымдайды,тамыр қоңыр тартып шіриді, жіңішкереді нәтижесінде тамыры шіріген өскін қурап қалады. (4-сурет)
4-сурет. Күріш зиянкестері
Жәндіктер мен шаянтектестердің келтіретін зиянының сипатына байланысты оларды төмендегі топтарға бөлуге болады.
1. Себілген дәнді зақымдайтын жәндік, оларға: күріш масасы;
2. Күріштің тамыр жүйесін, күріш көгін зақымдайтын, оларға: жағалықшыбын, щитень және лептестерия;
3. Күріштің буын және сабағын зақымдайтын, оларға: сабақ көбелегі,күріш масасы, швед шыбыны және бұзаубас;
4. Жапырақты зақымдайтын, оларға: күріш масасы, арпаның үңгішыбыны, сабақ көбелегі, азиялық шегіртке, кәдімгі және тұзды топырақлетуньясы, қара цикадка, жапырақ кеміргіш түнгі көбелек, асық биті;
5. Шашақтағы дәнді зақымдайтын, оларға: кандала, трипс жәнеторғайлар жатады.
Жағалық шыбын – облыс шаруашылықтарының барлығында дерлік таралған, олардың саны көп және зияндылығы көптігімен сипатталады. Жағалық шыбын су жағаларында өсіп-өнетін зиянды жәндіктер тобынажатады. Үлкен шыбындарының ұзындығы 4 мм-ге жетеді. Төсі мен бауырыжасыл, ал аяқтары қызғылт-жасыл, қанаттары ұзын. Шыбынның дернәсілі күңгірт-сарғыш, денесі 12 сегменттен тұрады.Есейген дернәсілдің ұзындығы 7 мм-ге жетеді, денесінің құйрығы түтіктәріздес. Дернәсіл өз вегетациясында 3 рет түлейді.
Күріш өскінін, көгін зақымдайтын зиянкестерге және ауруларға қарсы өңдеуді бірге жүргізуге болады. Соңғы жылдары сынақтан өткен Колфугосупер 20% бір литрін, каратэнің 0,1 литрін қосып өңдейді. Тұқым өңдеу жұмыстары арнайы жасалған ПСШ-5, ПС-10, Мобитокссупер машиналарында өңделеді. Күріштің көктеу кезеңінде жағалық шыбынға қарсы атыз жағасына жақын зиянкестердің көп кездесетін жерлерін Каратэ 5%, Димилин 0,1 литр,Актеллик 500 (0,5 л/га) препараттарымен өңдейді. Кейінгі жылдары өндірістік сынақтан өткен (2006-2008 ж.ж.) Атлант, Колосал, Колфуго супер 20%, РексДуо 49,7%, Импакт жаңа фунгицидтерін күріштің өсу дәуірінде пайда болатынпирикуляриоз, фузариоз, альтернариоз ауруларына қарсы қолданады. Зерттеу нәтижесі бойынша оларды өндірісте келесі мөлшерде қолдануұсынылады: Атлант 0,7-0,9 л/га, Колосал к.э. 0,75 л/га, Колфуго супер 20% 2,0-3,0 л/га, Рекс Дуо 49,7 % к.с. 0,3-0,4 л/га, Импакт 1,0-1,5 л/га.
КПН-4,0 культиваторы күзде сүдігер жүргізіліп үлгермеген, жаңадан ашылған,тегістелген жерлерге жүргізілді(4-сурет).Облыста қалыптасқан топырақ дайындаудың 7-8 операциясының: сүдігер жырту, ерте көктемде дискілеу,тегістеу, тыңайтқыш беру, соқамен аудармай жырту,дискілеу,тырмалау, таптаудың орнына 4 операция: тыңайтқыш беру, КПН-4.0 культиваторымен 15см тереңдікке өңдеу(қопсыту), дискілеу,тырмалау, жүргізілді.Ерте егілетін дақылдар: арпа-55 га,сұлы-10га, бидай-5 га және таза жоңышқа -20га жерге («Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ»ЖШС) егілді.
Топырақ
өңдеу алдында гектарына N30 P 60 мөлшерінде
минералды тыңайтқыш берілді.Ізінше
культиватормен өңделіп (4-сурет),
дискіленіп,тырмаланды да дақылдар
тұқымы себілді. Ал күріш дақылы үшін
сәуір айының үшінші онкүндігі (25-нен
кейін) мен мамыр айының 20-сы аралығында
гектарына N30 P 60мөлшерінде минералды
тыңайтқыш беріліп,соңынан КПН-4,0
культиваторымен 15см тереңдікке өңделді
соңынан дискіленіп, тырмаланды.Ізінше
1-3сөтке ішінде тұқым себіліп суға толық
бастырылды. Атыздарға алғашқы суды
12-15см дейін алса, күріштің көгін алу
кезінен пісу дәуіріне дейін оны 10-12см,
кейде 8-10 см-ге дейін төмендетіп ұстауға
қол жетті.Нәтижесінде қалыптасқан күріш
суару технологиясында кездесетін су
деңгейін қалың ұстау (тегіс емес биік
жерлерде су деңгейін 8-10см-ге жеткізу
үшін басқа жерлерде суды 20-25 см, кейде
одан да жоғары амалсыз ұстайды),
қайта-қайта атыздардан суды тастау,
қайтадан атызға су алу (күріштің түптеу
дәуірінде, минералды тыңайтқыштар мен
гербицидтер беру кезінде) сияқты
жұмыстарды,тегістігі бұзылмаған КПН-4,0
культиваторымен өңдегенде жер бетінің
тегістігі толық сақталады) атыздарда
жүргізу қажеттілігі болған жоқ. Су
шығынын анықтау үшін әрбір атызға
қойылатын арнайы жабдық-құралдың
болмауынан математикалық есептеу жолы
арқылы күріш дақылына суарылатын су
шығыны 18-20%-ға төмендегені анықталды.
Күріш егу алдында және оны күтіп-баптау мен жинау кезінде жобаны атқаруға қатысушылар шаруашылықтарға бірнеше рет іс- сапарға барып қажетті бақылау,талдау жұмыстарын (Майсурян, Воробьев әдістемелері бойынша) жүргізді. Алғашқы күріштің шығымы мен атыздардың арамшөптермен ластануы жайлы мәлімет алынды(1-кесте).
1-кесте.Топырақ өңдеу әдістерінің атыздардың арамшөппен ластануына және күріштің көктеп шығуына әсері
Шаруашылықтар атауы |
Қолданылған технологиялар |
Арамшөп (қамыс), саны(м2дана) |
Көктеп шыққан күріш өсімдігі, м2 дана
|
Домалақ өңгіштік % |
|||
Өңдегенге дейін |
Өңдегеннен кейін |
||||||
«Шаған Жер» ЖШС |
Қалыптасқан |
33 |
10 |
224 |
32,0 |
||
Минималды |
32 |
0 |
231 |
33,0 |
|||
«Ырза Агро» ЖШС |
Қалыптасқан |
24 |
7 |
215 |
30,7 |
||
Минималды |
25 |
3 |
227 |
32,4 |
|||
«Мағжан и К» ЖШС |
Қалыптасқан |
27 |
5 |
226 |
32,8 |
||
Минималды |
28 |
1 |
243 |
34,7 |
|||
«Ы.Жақаев атындағы ҚКШҒЗИ» ЖШС |
Қалыптасқан |
32 |
8 |
227 |
32,4 |
||
Минималды |
31 |
2 |
238 |
34,0 |
|||
1-кестеде көрсетілгендей жоба жұмыстары арнайы қамыспен қатты ластанған танаптарға орналастырылды.Атап айтқанда, топырақ өңдеу алдында жасалған санақ жұмыстары бойынша атыздарды орташа 24-33 м2/дана қамыс болды. Оны қалыптасқан технология бойынша өңдегенде 5-10 м2/дана қамыс қалса,КПН-4,0 культиваторымен өңдегенде 1-3 м2/дана ғана болды. Ал себілген тұқымның (7,0 млн/га) тиісінше 215-224 және 230-243 м2/дана дәні көктеп шықты.Яғни тұқымның далалық өнгіштігі қалыптастқан технологияны қолданғанда 30,7-32,8% аралығында болса, минималды технологияны қолданғанда ол орташа аралығында болса, минималды технологияны қолданғанда ол орташа 33,0-34,7% дейін артты.Бұл мәліметтер КПН-4,0 культиваторымен топырақты өңдегенде арамшөп тамырларының толық қиылатынына және топырақ бетінің тегіс болуына байланысты су деңгейінің төмен болуынан тұқымның өнгіштігінің артатынына дәлел бола алады. Сонымен қатар тегіс жерде су деңгейін 10-12см-ден артық ұстауды қажет етпейтін жаңа технологияны қолданғанда күріш өсімдіктерінің піскенге дейін сақталуы да артатыны дәлелденді(2-кесте).
2-кесте.Топырақ өңдеу әдістерінің күріш өсімдігінің пісу дәуіріне дейін сақталуына әсері
Шаруашылықтар атауы |
Қолданылған технологиялар |
Күріштік ору алдындағы арамшөп (қамыс), саны(м2дана) |
Күріштің пісу дәуіріне дейін сақталуы |
|
м2 дана |
% |
|||
«Шаған Жер» ЖШС |
Қалыптасқан |
13 |
204,7 |
91,4 |
Минималды |
2 |
221,5 |
95,4 |
|
«Ырза Агро» ЖШС |
Қалыптасқан |
10
|
191,4 |
89,0 |
Минималды |
5 |
213,6 |
94,1 |
|
«Мағжан и К» ЖШС |
Қалыптасқан |
8 |
209,5 |
92,7 |
Минималды |
2 |
235,7 |
97,0 |
|
«Ы.Жақаев атындағы ҚКШҒЗИ» ЖШС |
Қалыптасқан |
11 |
204,5 |
90,1 |
Минималды |
4 |
229,2 |
96,3 |
|
Әртүрлі топырақ өңдеу технологиясын қолданғанда атыздағы арамшөп саны да әр түрлі болды.Атап айтқанда қолданыстағы технология бойынша жер өңдегенде күріштің пісу дәуіріне дейін 8-13м2 дана қамыс болса, минималды өңдегенде оның саны 2-5м2/данаға дейін азайды(5,6 –сурет). Ал күріш өсімдігінің сақталуы жаңа технология қолданған жерде 94,1-97,0%-ға жетіп, қалыптасқан технологиядан 4,5-6,2%-ға артты.
Бұл технология өңір фермерлеріне тиімді болып келеді.Себебі топырақ өңдейтін техникаларға кететін ЖЖМ-ға, қосалқы бөлшектерге, техника жалдауға, тракторшылардың жалақысына т.б. жұмсалатын шығындар дәстүрлі технологиямен салыстырғанда бірнеше есе төмен (3-кесте).
3-кесте. Топырақты дәстүрлі және минималды өңдеу кезіндегі ЖЖМ шығыны
Жұмыс түрі |
ЖЖМ-дың шығыны,л/га |
ЖЖМ бағасы, теңге/га (110теңге/л болғанда) |
Айырмасы , теңге |
||||
Дәс- түрлі тех-да |
Мини- малдытех-да |
Дәс- түрлі тех-да |
Мини- малдытех-да |
||||
1.Сүдігер жырту (25-27см) |
22 |
- |
2420 |
- |
+2420 |
||
2.2 рет дискілеу (БДТ -7,0) |
18 |
- |
1980 |
- |
+1980 |
||
3.Эксплуатациялық тегістеу |
44 |
- |
4840 |
- |
+4840 |
||
4.Минералды тыңайтқыш беру(2рет) |
5,4 |
5,4 |
594 |
594 |
- |
||
5.Соқамен16-18см-ге аудармай жырту |
18 |
- |
1980 |
- |
+1980 |
||
6.Дискілеу (БДТ-7,0) |
18 |
18 |
1980 |
1980 |
- |
||
7.Ағымдағы тегістеу |
22 |
- |
2420 |
- |
+2420 |
||
8.КПН-4,0 куль-н өңдеу |
- |
15 |
- |
1650 |
-1650 |
||
9.Тырмалау |
5,4 |
5,4 |
594 |
594 |
- |
||
10.Таптау |
2,5 |
- |
275 |
- |
+144 |
||
11.Тұқым себу |
2,5 |
2,5 |
275 |
275 |
- |
||
ЖЖМ-ға жұмсалған барлық шығын |
157,8 |
46,3 |
17358 |
5093 |
12265 |
||
Қалыптасқан технология бойынша техникамен атқарылатын жұмыстарға гектарына орташа 157,8 л ЖЖМ жұмсалатын болса, оның бағасы 17358 теңге,жаңа технологияда барлығы 46,3 л ЖЖМ жұмсалады, бағасы 5093 теңге. Яғни тек ЖЖМ-дан гектарына 12265 теңге үнемдеуге болады.
Ал келесі жылдары күріш себуге қалыпты технология бойынша қаралған топырақ өңдеу жұмыстарының барлығы да қайталанатын болса, минималды технология бойынша эксплуатациялық тегістеу (жалпы тегістеу) жұмыстарын жүргізу қажеттілігі болмағандықтан оған жұмсалатын ЖЖМ шығыны –орташа 44л/га немесе 4840 теңге үнемделеді.
Жоғарыда аталған факторлар күріш өсіру технологиясында су, ресурс үнемдеу арқылы шығынды азайтып,қол жетіп жүрген деңгейде немесе одан да жоғары өнім алуға болатынына мүмкіндік бар екеніне дәлел бола алады.
4-кесте. Күріш өсіру технологияларының жұмсалған шығынға және күріш өніміне әсері (тиімділігі)
Жаңа тенология енгізілген шаруашылық аттары |
Егіс көлемі, га |
1га жұмсалған шығыны,теңге |
Алынған өнім,га/ц |
Үнемделген қаражат |
||||
қалып тасқан тех-да |
жаңа тех-да |
қалып тасқан тех-да |
жаңа тех-да |
га/ теңге |
жалпы көлемі, мың теңге |
|||
«Шаған Жер» ЖШС |
300 |
150000 |
130000 |
45,0 |
49,7 |
43500 |
13050,0 |
|
«Ырза Агро» ЖШС |
100 |
150000 |
130000 |
40,3 |
43,6 |
36500 |
3650,0 |
|
«Мағжан и К» ЖШС |
10 |
150000 |
130000 |
50,0 |
53,9 |
39500 |
395,0 |
|
«Ы.Жақаев Атындағы ҚКШҒЗИ» ЖШС |
500 |
150000 |
130000 |
37,1 |
40,0 |
34500 |
17250,0 |
|
Барлығы |
910 |
- |
- |
|
|
|
34345,0 |
|
Ескерту: күріш саласының сатылу бағасы 50теңге /кг деп алынды және экономикалық тиімділікті есептегенде ЖЖМ-ға қосалқы бөлшектерге, жөндеуге, механизаторлардың жалақысына кететін шығындар есептеліп, орташа 130000 га/теңге болды, ал қалыптасқан технологияда бұл көрсеткіш орташа 150000 теңгені құрады. |
||||||||
Кестеде көрсетілгендей, жаңа технология енгізілген барлық шаруашылықтарда қалыптасқан технологиямен салыстырғанда күріш өнімі орташа 2,9-4,7 га/ц жоғары болды, алшығын керсінше 20000 га /теңгеге төмен болды. Облыс бойынша «Топырақ өңдеуді минимализациялау арқылы күріш және әртараптандыру дақылдарын өсірудің су, ресурсүнемдеу технологиясын ендіру» нәтижесінде енгізілген шаруашылықтар гектарына 34,5-43,5 мың теңге, ал жалпы көлемге (910 га) 34346 мың теңге қаражат пайда тапты. Оған қосымша,топырақты КПН-4,0 культиваторымен өңдеуге уақыт қалыптасқан технологияға кететін уақыттан 2,5-3 есе аз жұмсалатынына байланысты күрішті себу, суға бастыру жұмыстарын агротехникалық талаптарға толық сай уақыттарда өткізуге мүмкіндік туады.
