- •1.1Минималды топырақ өңдеу мен жалға себу технологиясын күріш жүйесінде қолдану
- •1.2.Күріш шаруашылығында ылғал, ресурс үнемдегіш технологияларды тиімді енгізу үшін қажетті шаралар
- •1.3.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
- •1.5.Бағдарламаның орындалуы және нәтижелері
- •2.1Дақылдың ауыспалы егістегі орны
- •2.2. Қызылорда облысында пайдалануға рұқсат етілген күріш сортының сипаттамасы
- •2.3.Күріш тұқымына қойылатын негізгі талаптар
- •2.4. Күріш егісіндегі арамшөптермен күресу шаралары
- •3.1.Күріш зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын химиялық әдістер
- •4.1.Күріш ауспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары –бидай мен мақсарының жалға егу технологиясы
- •4.2.Минималды топырақ өңдеу технологиясын өндіріске ендіру нәтижелерінің қорытындысы
- •5. 1.Өндіріске ұсынымдар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.3.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Мақсаты:
Күріш және күріш ауыспалы егіс дақылдарын өсіруде су ресурс үнемдеу технологиясын ендіру негізінде және олардың түсімін арттыру арқылы өнімнің өзіндік құнын кеміту.Күріш жүйесі жағдайында культиватор КПН-4.0 арқылы алғаш рет топырақты аудармай өңдеу жүйесі қолданылады,ол жанар-жағар май шығынын 25-30%-ға,су шығынын 18-20%-ға кемітеді және топырақты тұқым себу алдындағы өңдеу жұмыстарының тиімділгін кемінде 25-30%-ға, ал дақылдар өнімділігін 10-15%-ға арттырады.Оған қосымша культиваторды қолданған жылдары топырақ бетінің тегістігі бұзылмайды.
Міндеттері:
-ерте пісетін дақылдарды (бидай,сұлы,арпа,жоңышқа)егу алдында топырақты КПН-4.0 культиваторымен өңдеу,тырмалап,тұқым себу:
-күрішті егу алдында топырақтыКПН-4.0 культиваторымен өңдеу,тырмалап,тұқым себу:
-дақылдардың өсу дәуірінде және күтіп-баптау кезінде жасалатын агротехникалық шаралардың дұрыс орындалуын қадағалау:
-егіншілерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету:
-алынған нәтижелерін сараптау:
-үнемдеу көрсеткішін анықтау:
-жаңа минималды топырақ өңдеу технологиясын өндірісте қолдану жайлы ұсынымдар жасау.
1.4.Іс-шараларды іске асыру орны
«Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Мағжан и К» ЖШС, «Шаған жер» ЖШС, «Ырза Агро»ЖШС.
1.5.Бағдарламаның орындалуы және нәтижелері
Күріш егістігі топырағын қолданыстағы дәстүрлі және минималды өңдеу
Топырақ өңдеу міндеттері:
-қатты топырақты қопсыту және аэразациялау (ауа мен байыту);
-алғы дақылдың қалдықтарын органикалық тыңайтқыш ретінде топыраққа сіңіру;
-танапты оңтайлы суландырумен қамтамасыз ету үшін тегістеу;
-күріштің қуатты тамыр жүйесін қалыптастыру және біркелкі өсуін қамтамасыз ету үшін топырақты дайындау;
-арамшөптермен күресу.
Топырақты қолданыстағы дәстүрмен дайындау төмендегі ең қажет(минимум) операциялардан тұрады:
1.Топырақты 25-27 см тереңдікке аудара жырту.
2.Сүдігерді көктемде БДТ-7.0 ауыр дискілі тырмалармен дискілеп-тырмалау (2-3 рет жүріп).
3.Танап бетін эксплуататциялық тегістеу.
4.Минералды тыңайтқыш беру:фосфорды толық (100%), азотты -30-50% мөлшерде .
5.Минералды тыңайтқыштарды сіңіру үшін 16-18см тереңдікке соқамен аудармай жырту.
6.БДТ-7.0 ауыр дискілерімен топырақ бетіндегі тоң кесектерді майдалау.
7.Топырақ бетін жеңіл тегістеу(малалау).
8.Танаптың бетін БЗТУ-6 қолданып, 2 рет тырамалау.
9.ЗКК-6.0 шығыршықты таптауышты қолданып таптау.
10.Қатарлы, тар қатарлы тәсілімен 1,5-2,0 см тереңдікке сіңіріп себу немесе шашып себу тәсілімен сеуіп,жеңіл тырмалар немесе загортачтар (шынжырлар) қолданып сіңіру.
Күріштік жер топырағын минималды өңдеудің тиімділігін зерттеу 2016ж Ы.Жақаев атындағы Қазақ КШҒЗИ- ның тәжірибе учаскісінде жүргізілді.Топырақ өңдеудің төмендегідей түрлері зерттелді:
1.Көктемде 22-24см тереңдікке аудара жырту+дискілеу+тегістеу+дискілеу+ тырмалау+ шығырықты таптауышпен таптау+ тұқым себу.
2.КПН-4,0 культиваторымен12см тереңдікке өңдеу+тырмалау+тұқым себу.3.КПН-4,0 культиваторымен 15см тереңдікке өңдеу+тырмалау+тұқым себу.4.КПН-4,0 культиваторымен 18см тереңдікке өңдеу+тырмалау+тұқым себу.5.КПН-4,0 культиваторымен 21см тереңдікке өңдеу+тырмалау+тұқым себу.
6.Тырмалау+тұқым себу.
КПН-4,0 культиваторы Қазақ ауыл шаруашылығын механизациялау және электрлендіру ғылыми-зерттеу институтында әзірленіп, Қазақстанның басқа аймақтарында қолданылып жүрген техника.Ал күріш жүйесінде бірінші рет сынақтан өтіп,қолданысқа ұсынылды(2-сурет).
Зерттеу нәтижелері бойынша экономикалық және экологиялық тұрғыдан санағанда 2 және 3нұсқалардың, яғни топырақты КПН-4,0 культиваторымен 12-15см тереңдікке өңдеу тиімділігі жоғары болды. Сондықтан минималды топырақ өңдеу технологиясын өндіріске енгізу барысында жоғарыдағы ерекшеленген нұсқалар қолданылды.
Ерте көктемде Алматы қаласындағы « Қазақ ауыл шаруашылығын механизациялау және электрлендіру ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нен бұрынғы пайдаланыстағы КПН-4.0 культиваторына 10 дана пышақ және жаңадан 2 дана КПН-4.0 культиваторы алынды.Жаңадан алынған КПН-4.0 культиваторының « Шаған Жер» ЖШС-не екіншісі «Мағжан иК» ЖШС-не берілді. Дәл осындай культиватордың біреуін «Ырза Агро»ЖШС-і өз қаражатына сатып алып, институтта жасалған технология бойынша көктемгі егіс жұмыстарына пайдаланды.Жалпы облыс бойынша аталмыш жоба жоспардағы 500 гектардың 1000 гектар жерге енгізілді.Атап айтқанда «Шаған Жер» ЖШС-нде 300 га,«Ырза Агро» ЖШС-нде 100 га,«Мағжан иК» ЖШС-нде 500 га жерге күріш егу алдында, ал 90 га жерге арпа, сұлы, бидай, жоңышқа егу алдында топырақ КПН-4.0 культиваторымен өңделіп, тұқым себілді.
Сонымен қатар жаңа КПН-4,0 культиваторы «Су ресурстарының азаюы жағдайында «Шаған Жер» ЖШС- нде күріш ауыспалы егісінің мелиоративтік жағдайын жақсартуға бағытталған инновациялық шараларды қолдану» суды тиімді пайдаланудың пилоттық жобасы бойынша да 15га жерге қолданылды.Топырақты өңдеу,тыңайтқыш беру,суға бастыру,егістікті күтіп-баптау,жинау жұмыстарына жоба жетекшілері мен атқарушылары бірнеше рет қатысып ғылыми-өндірістік көмектерін дер кезінде беріп тұрды.Атап айтқанда,топырақты өңдеу тереңдігі, атыздарда су деңгейін ұстау,т.б. сияқты сұрақтарға толық жауаптар берілді.Оған қосымша КПН-4,0 культиваторының ерекшеліктері, оның жұмыс атқару барысында топырақты қалай өңдейтіні, егістіктегі арамшөптерді қалай жоятыны, жалпы тиімділігі жайлы «Қызылорда білім тарату орталығында» бірнеше рет семинарлар ұйымдастырылып, лекциялар оқылды,танаптарда тікелей көрсетілді(3-сурет).
