Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет шыгару.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.37 Mб
Скачать

Мазмұны

I.Кіріспе............................................................................................................2

II.Негізгі бөлім.........................................................................................................4

1.1. Минималды топырақ өңдеу мен жалға себу технологиясын күріш жүйесінде қолдану………………………………………………………………..4

1.2 Күріш шаруашылығында ылғал, ресурс үнемдегіш технологияларды тиімді енгізу үшін қажетті шаралар……...………………………………………5

1.3.Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері…………………………………….7

1.4.Іс-шараларды іске асыру орны…………………………………………...…..8

1.5.Бағдарламаның орындалу және нәтижелері………………………………...9

2.1.Дақылдың ауыспалы егістегі орны..........................................................10

2.2.Қызылорда облысында пайдалануға рұқсат етілген күріш сорттарының сипаттамасы………………………………………………………...……………11

2.3.Күріш тұқымына қойылатын негізгі талаптар…………………………….12

2.4.Күріш егісіндегі арамшөптермен күресу шаралары ………….………….14

3.1.Күріш зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын химиялық әдістер………………………………………………………………………….....15

3.2.Күріш егістігі топырағын қолданыстағы дәстүрлі және минималды өңдеу. ............................................................................................................................17

4.1.Күріш ауыспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары-бидай мен мақсарыны жалға егу технологиясы……………………………………………23

4.2.Минималды топырақ өңдеу технологиясын өндіріске ендіру нәтижелерінің қортындысы …………………………………………………….27

5.1.Өндіріске ұсынымдар…………………………………………………….....28

III.Қорытынды.......................................................................................................31

6.1.Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………….32

Кіріспе

Қазіргі кезде күріш егісінің көлемі экологиялық қолайлы және экономикалық тиімді деңгейде -70,0-75,0 мың.га болып тұрақталды.Осы көлемдегі күріш егісі бір жағынан Қазақстанның күрішке сұранысын қамтамасыз етсе (күріш шаруашылығы Қазақстанның ауылшаруашылық салаларының ішінде азық-түлік қауыпсіздігі толық қамтамасыз етілген салалардың бірі),екінші жағынан –оны жердің мелиоративтік жағдайын жақсартушы дақыл ретінде пайдалануға болады.Ал күріш егісі көлемін одан әрі қысқарту инженерлік дайындалған жерлердің апаттық жағдайға дейін тұздануына әкеліп соғуы мүмкін.

Аймақта қолданылып жүрген күріш шаруашылығы технологиялары техникалық жағынан да ,қаржылық жағынан да тиімділігі өте төмен.Мысалы, қолданыстағы күріш өсіру технологиясы бойынша себуге дейін 13 технологиялық операция ,ал кем дегенде 7 операция қолдану ұсынылады.Соған қарамастан арам шөптермен агротехникалық жолмен күресу деңгейі өте төмен, топырақ ылғалдылығының шығыны жоғары, сонымен қатар осы жұмыстарды атқаруға пайданылатын ауыл шаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектері мен жұмсалатын жанар-жағар майдың қымбат болуынан өндірілген күріш салысының өзіндік құны өте жоғары . Оған қосымша күріш атыздарының тегіс болмауынан га 35мың м3-тан жоғары су жұмсалады.Бұл тиісті жұмсалатын судан 1,5еседен артық.

Қазақстандық Арал өңіріндегі өсімдік шаруашылығының дамуын сараптау,оның болашақта су ресурстарының шектеулілігі жөнінен қазіргіден де қиын жағдайда дамитынын, ал ауыл шарауашылық өндірісіне және ауылдағы тауар өндірушілерге бөлінетін инвестиция, салыстырмалы түрде, төмен деңгейде жүретінін, және ол негізінен аз шығын жұмсалатын технологиялар мен жаңалықтарға бөлінетінін көрсетті.

Сондықтан, күріш шаруашылығын тиімді дамыту үшін күріш өндірісінің тұрақты дамуын күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарын өсірідің жалға (жүйектеп) егу технологиясы негізінде қысқартылған немесе кезектеп суаруды қолданып су және ресурс үнемдегіш технологияларды енгізу арқылы қол жеткізу көкейкесті мәселе болып отыр.Бұл технология төмендетілген себу нормасын қолдануға,суару мерзімін қысқартуға және суару суын үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы секілді технология күріште де, атап айтқанда Үндістан мен Кореяда қолданылады.Ал Қазақстан жағдайында 2009-2011жылдары бұл технология күріш,арпа, және қытай бұршағын өсіруге қолданылды.Жүргізілген тәжірибелер суаруға кететін су шығынын айтарлықтай (40%-ға дейін )кемітіп, себу нормасын екі және одан да көп азайтып, топырақ өңдеуге жеткізетінін көрсетті.

2014-2016 жылдары жалға егу технологиясын күріш ауыспалы егісінде негізгі дақылдардың бірінен саналатын мақсары ен бидай өсіруге қолдану ерекшеліктері зерттелді.

Сонымен қатар Қазақстанда күріш өсіру технологиясын одан әрі жетілдру мақсатында топырақты минималды өңдеуде КПН-4,0 культиваторын пайдаланып Ы.Жақаев атындағы Қазақ КШҒЗИ-да алғаш рет жүргізілген тәжірбиелер тек қана өнімділікті арттырып қоймай,сонымен қатар суаруға кететін су шығынын 25%-ға дейін кемітіп, себу нормасын 20%-ға азайтып, топырақ өңдеуге және жанар-жағар майға жұмсалатын шығынды бірнеше есе кемітуге болатынын көрсетті.Бұл жағдайда топырақ бетінің тегістігі бірнеше жылдар бойы бұзылмайды және атыз арамшөптен тазарады.Күрішті осы технология бойынша өсіру облыстың суармалы жерлеріндегі өсімдік шаруашылығы рентабельділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

1.1Минималды топырақ өңдеу мен жалға себу технологиясын күріш жүйесінде қолдану

Қазіргі кезде әлемдік практикада күріштің топырағын минималды өңдеудің түрлі модификациялары әзірленген. Солардың бірі –күріштік жердің топырағын өңдеуді барынша азайту үшін тамырының топыраққа терң бойламай өсетініне байланысты, топырақты бір рет өңдеу болып табылады. Бұл технология бойынша күріштік топырағын аздап өңдеу арқылы өсіруде топырақты түренсіз,қайырмасыз соқалармен (плугтармен) және чизель-культиваторлармен бірнеше рет терең өңдеудің орнына күріштік танабында машиналарды мейлінше аз жүргізіп белсенді жұмысшы органдары бар фреза немесе ауыр дискілі құралдармен өңдеуге алмастыру көзделеді . Арам шөптермен күресу мәселесі оларды себер адында арандатып суарып, артынан механикалық жолмен жо, болмаса жүйелі немесе түйіскіш гербицидтерді қолданып жою арқылы шешіледі.

Алайда осы минималды технологияға көшу үшін міндетті түрде топырақты тегістеп,арамшөптерді жою, қолайлы алғы дақылдар егу секілді ауқымды дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл технологияға көшу нәтижесі тек 3-4 жылдан кейін барып айқын көрінеді. Сондықтан бұл минималды технологияны барлық жағдайда қолдана беретін кемшіліксіз, топырақты жыртуда қолданатын дәстүрлі технологияны толық алмастыратын технология деп қараму керек.

Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ-ы ұсынып отырған топырақты минималды өңдеу технологиясы жоғарыда айтылған технологиядан мүлдем өзгеше және жаңа технологияда бұрын күріш жүйесінде қолданылмаған КПН-4.0 культваторы қолданылып, арамшөппен күрес, топырақ бетінің тегістігін ұзақ жылдар бойы сақтау, су ресурс үнемдеу арқылы өндірілген өнімнің өзіндік құнын төмендету сияқты келелі мәселелер өзінің оң шешімін табады. Оған қосымша гектар шығымдылығы артады.Күріштік топырағын минималды өңдеу көбіне ылғал үнемдегіштен гөрі ресурс үнемдегіш технологияға жатады, өйткені облыс жағдайында күрішті себер алдындағы топырақ ылғалдылығы күріш көгін алуда шешуші рөл атқармайды.Дегенмен тегістігі бұзылмаған жерде суды қалың ұстаудың қажеттілігі болмайтындықтан күріш дақылына қажетті су деңгейін 10-12cм-де, кейде одан да төмен ұстау арқылы да суарылатын суды 15-18%-ға үнемдеуге болады.Ал күріш ауыспалы егісі дақылдарын өсіруде аталмыш технология топырақты қайта-қайта өңдеуді қажет етпейтіндіктен және аз уақыттың ішінде жылдам атқарылатындықтан ылғал үнемдеуге бірден-бір септігін тигізетіні анық.

1.2.Күріш шаруашылығында ылғал, ресурс үнемдегіш технологияларды тиімді енгізу үшін қажетті шаралар

Қазіргі кезде күріштік атыздарды суару кезінде орташа су деңгейі қажетті 10-12см орнына 22-25 шамасында ұсталады.Күріштік атыздардағы су деңгейінің тым көтеріліп кетуі суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайының нашарлауына, өнімнің төмендеуіне,суару нормасы мен күріштің өсу дәуірінің көбеюіне әсер ететін негізгі фактордың бірі. Ал атыздағы су деңгейін көбейтудің басты себебі-топырақ бетінің тегіс болмауы.

Күріш егу практикасында тегістеу кезіндегі орындалған жұмыс дәлдігі 2,5-3,0см болуы тиіс.Тегістелген топырақ бетінің см болуы тиіс.Тегістелген топырақ бетінің 3см дейін ауытқуы бар жер көлемі жалпы көлемінің 95%-нан кем болмауы тиіс. Тегістік ауытқуы 5см болатын жер көлемі атыз көлемінің 5%-нан аспауы керек.Алайда іс жүзінде күріш өсіретін шаруашылықтардың көбіне атыз бетінің нақты ауытқу нүктелері белгіленген құрылыстық нормалар мен ережелердегі шектеуден жоғары болып 10-15см дейін жетеді.Бұл жағдайда талап ететін қажетті су тереңдігі сақтау мүмкін емес.Сондықтан атыз беті тегістігінің қанағаттанғысыз жағдайы күріш өнімділігінің одан әрі жөғарлауының шектейтін және суарау суының шығынын жоғарылататын негізгі фактор болып саналады.Дұрыс тегістелмеген атызда гектарына су 6-10мың м3 артық жұмсалады.Осы тұрғыда атыз бетінің тегістігі неге бұзылады?-деген сұрақтың туындауы заңды. Күріш жүйесіне инженерлік-тегістеу жұмыстарын толық жүргізіп өндіріске бергенде атыздардағы топырақ бетінің тегістігі 1-2см деңгейінде болады.Осы жерлерді егіс егуге пайдалану үшін топырақ өңдеу,оның ішінде жер жырту жұмыстарын жүргізу барысында тегістік 10-15см-ге, кейде одан да көп ауытқиды.Дегенмен көптеген шығындар жұмсау (эксплауатациялық немесе кезекті тегістеу) арқылы біршама тегістікке қол жеткізуге болады.Ал,2,5-3,0см-ге жекізу өте қиын,бірақ қажетті шара.

Топырақ бетінің тегістігі 2,5-3,0 см күріш атыздарының артықшылықтары:

  • егістіктегі өсімдіктер тез көктеп шығып, біркелкі піседі;

  • егістіктің арамшөптермен ластануы азаяды;

  • суармалы суды таяз ұстау арқылы арқылы су үнемделеді;

  • биік жерлерде болатын қайта тұздану болмайды;

  • терең жерлерде жүретін батпақтану процесі тежеледі;

  • минералды тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшері және агротехникалық тәсілдер тиімділігі едәуір артады;

  • дестелегіштер мен жинаушылар жұмыс істеуі үшін жақсы жағдай жасалады, бұл өз кезегінде, жинау кезінде дәннің ысырап болуын азайтады;

  • топырақты өңдегенде атыз бетінің одан әрі деформациялану процесі азаяды;

  • күріштен кейінгі дақылдардың өсіп дамуына қолайлы жағдай туады.

Сондықтан,ұсынылған технологияларды ұтымды енгізу үшін атыз бетіне күрделі немесе эксплуатациялық тегістеу жұмыстарын ауыспалы егісте жоңышқа қыртысымен бұзғаннан кейін 8жылда кемінде 1рет жүргізу керек.Қалған жылдары осы тегістікті бұзбайтын топырақ бетін минималды өңдейтін техникаларды пайдаланған тиімді.Алдын-ала инструменттік және бақылау съмкаларын жүргізу арқылы тегістеуді күзде немесе көктемде тұқым себер алдында орындайды.

Күрделі немесе эксплуатациялық тегістеуде 2-2,5см дәлікпен жұмыс істейтін лазерлік тегістегіш қолдану өте тиімді болады.Қызылорда облысында қазіргі таңда Италияда шығытын Мага лазерлік тегістегіштері бар.

Сонымен қатар бірнеше жылдар бойы атыз бетінің тегістігін бұзбау үшін және атыздағы су қалыңдығы мен технологиялық суды қашыртқылауды реттеу жағдайын жақсарту үшін міндетті түрде топырақты өңдеу соқамен емес (соқамен жыртқанда атыздарда жалдар немесе арықшалар пайда болады,ол қосымша тағыда тегістеуді қажет етеді) КПН-4,0 культиваторымен атқарылу тиіс және коллекторлық-қашыртқы желісін өсімдіктер мен қайырдан тазалау қажет.