Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Полистердің пайда болуы қандай кезге келеді ?

  2. Кесте толтыру.

    Орналасқан жері

    Афины

    Билік кімдердің қолында болды ?

    Шаруашылық, мәдени дамуындағы ерекшеліктер

  3. Сызбаны толтыру.

Афины

Ақсүйектер:

1)

2)

3)

Демостар:

1)

2)

3)

  1. Грек-парсы соғысын сипаттандар.

  2. Македонияның ықпалы неден көрініс тапты ?

V. Бағалау: Серебренников А.:________ Шайкен Н.:__________

VI. Үйге тапсырма: параграф 24-25, оқу, Афины мемлекетінде қоғам қайраткелерін қарастыру.

Сынып: 6 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Ежелгі дүние тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Спарта.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Спарта туралы, әсіресе спартандық тәрбие не екенін туралы , олардыңқоғамдық құрылымы туралы, олардың сыртқы саясаты туралы білім қалыптастыру;

  • Оқушыларға спарталықтар туралы айта келе олардың бірлестігінің күші туралы айта келе оқушыларды топ болып білім қиыншылықтарын жеңуге үйрету;

  • Оқушыларды патриоттық бағытта тәрбиелеу, олардың грек халқының грек-парсы соғысына спартандықтардың қосқан үлесі туралы аңгімелей отыра олардың өзге халықтардың мемлекет құру ісіне құметпен қарауды үйрету.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: шағын дәріс, сұрақ-жауап, белсеңділік арттыру.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Софокл кім. Оның қоғам қатынастырының дамуына қосқан үлесі қандай ?

  2. Периклге баға беру ?

  3. Демос дегеніміз не – ұйым ба әлде қоғамдық бірлестік ?

  4. Грек демосының және аристократияның қарым-қатынасы қандай болды ? Сипаттандар.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Ежелгі Спартаның орналасуы. Табиғи жағдайы.

  2. Спартаның құрылымы.

  3. Спартандықтардың тәрбие ісінің ерекшеліктері.

III. Жаңа сабақ.

Ежелгі Спарта. Спарта мемлекеті Балқан түбегінің оңтүстік бөлігіндегі Пелопоннес аймағында орналасқан. Б.з.б. XII ғасырда Оңтүстік Грекия жеріне дорийліктер басып кірген. Олар Лакониканы жаулап алып, Спарта мемлекетінің негізін қалаған. Спарталықтар бірте-бірте осы аймақты жаулай бастаған. Б.з.б.VII ғасырдың ортасында Мессения алқабын да басып алды.

Лаконика мен Мессенияның барлық жері спарталықтарға теңдей бөлініп берілді. Олар бағындырған халқының көбін илоттарға айналдырды. Спартада басыбайлы бағыныштыларды илоттар деп атаған. Әр спарталықтың жер үлестері болған. Бұл жерлерді илоттарға өңдеткен. Спартадағы жоғарғы ұйым ақсақалдар кеңесі болды. Ақсақалдар кеңесінің мүшелері халық жиналысында сайланған. Оның құрамы 30 адамнан тұрды. Олардың екеуі патша, ал, 28-і ауқатты ақсүйектер еді. Халық жиналысы айына бір рет жиналып, мәжіліс құрған. Онда соғыс, бейбітшілік және аса маңызды мемлекеттік мәселелер қаралып, шешіліп отырған. Сонымен бірге заңды бұзған тәртіпсіздерді жазаға тартып соттаған.

Спартада өкімет билігі патшаның қолында болды. Ол әскербасы болып есептелінді. Сондықтан соғыс кезінде спарталықтар патшаға мүлтіксіз бағынды. Спарталықтар ақсақалдардың ақылы мен өмірлік тәжірибесін құрметтеді. Спарта мемлекетін ауқатты шонжарлардан тұрған азғана адамдар басқарған. Оны олигархия деп атайды. (Олигархия – грек сөзі, аз адамдардың билеуі).

Спартада жастарды тәрбиелеуге ерекше мән берген. Оларды, Спарта мемлекетінің келешегі – жастарды төзімді, мықты етіп тәрбиелеген. Спарталар қарапайым, қысқа, түсінікті сөйлеген. Олар көп уақытын дене шынықтыруға жұмсайтын. Сондықтан жастайынан төзімді болуға үйренген.