Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6 сын. Д.т. 3 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
74 Кб
Скачать
☆

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Не білдім ?

  2. Не үйрендім ?

  3. Не үйренгім келеді ?

V. Бағалау: Серебренников А.:________ Шайкен Н.:__________

VI. Үйге тапсырма: 14, 15, 16, 17 параграфтарды оқу, қайталау.

Тапсырма кезеңі.

Кесте толтыру

Кушан патшалары

Ішкі саясаты

Сыртқы саясаты

Сызба-нұсқаны толтыру.

Парфиядағы басқару жүйесі.

О

Б.з.д. 330 ж.

Б.з.д. 329 ж.

қиғалармен жұмыс.

Б.з.д. 328 ж.

Сынып: 6 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Ежелгі дүние тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Үндістан.

Сабақтың мақсаты:

  • Оқушыларға Үндістан түбегінің табиғат жағдайлары, орталықтанған мемлекеттің құрылуы, шаруашылығы мен әлеуметтік жіктелуі туралы білім беру;

  • Мәтінмен жұмыс істеу, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін, көркем сөз шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • Оқушыларды білім алуға, еңбексүйгіштікке тәрбилеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: шағын дәріс, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Бактрия елі қазіргі қай мемлекеттердің аумағында орналасқан ?

  2. Бакртия мемлекеті туралы мәлімет қай деректерде берілген ?

  3. Манихей діні қай ежелгі елде мемлекеттік дін ретінде болды ?

  4. Парфиялықардың сақ тайпаларымен қарым-қатынасы ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Үндістанның табиғат жағдалары мен орналасу.

  2. Үндістан жеріндегі алғашқы қалалар.

  3. Үнді мемлекетінің құрылуы.

  4. Шаруашылығы.

  5. Әлеуметтік қатынастар.

III. Жаңа сабақ.

Азияның оңтүстігіндегі үшбұрыштана теңізге сұғына еніп жатқан үлкен түбек Үндістан түбегі деп аталады. Оның оңтүстігін Үнді мұхитының теңіздері мен шығанақтары қоршап жатыр. Отралық бөлігінде Декан таулы үстірті орналасқан. Гималай тауларынан бастау алатын 2 ірі өзен бар. Ганг солтүстіктен басталып, оңтүстік-шығысқа қарай ағады. Үнді өзені солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр. Осы ірі өзендерге қоалқы өзендер қосылады, сол себепті осы аймақты Пенджаб – «Бес өзен елі» деп атайды. Үндістанда әр түрлі тастардың, металл кендерінің, ағаш өнімдерінің көп болуы шаруашылықтың еркін дамуына мүмкіндік береді. Үнді және Ганг өзендерінің бойында егістік алқаптары жатты. Егіншіліктің суармалы түрі дамыды.

Үндістан түбегін адамдар ежелден бастап өзінің мекен ретінде пайдаланды. Темір дәуірдің соңына қарай ірі өзендердің бойындағы аймақта шаруашылық жеткілікті деңгейде болды. Дәл осы аймақта Үндістандағы алғашқы қалалар мен елді мекендер пайда бола бастады. Бұл б.з.д. ІІ мыңжылдықтың басы еді. Археологтар Үнді өзенінің бойында Хараппа мен Мохенджа-Даро қалаларын тапты. Қалалардағы үйлер 2 қабатты болды. Тас тұрғыға салынған. Әрбір үйде хауыз (бассейн), қойма болған. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде жануарлардың сүйектері көптеп кездеседі. Бұл мал шаруашылығының дамығандығын көрсетеді. Металлдардан алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы кездеседі. Бұл айырбастың болғандығын дәлелдейді. Қызықты дүниенің бірі – жазудың болғандығы. Үнді жазуында 400-дей иероглифтер болды. Үнді өзенінің бойынан б.з.д. ІІ мыңжылдықтың басында алғашқы қауымдық құрылыстың жоғары сатыда болғандығын көрсетеді, сол себепті оны Үнді өркениеті деп атайды.

Ганг өзенінің жоғары және орта ағысы бойында шаруашылықдами түсті. Бұған б.з.д. І мыңжылдықтың басында темірді пайдаланудың басталуы үлкен әсер етті. Темірден шаруашылыққа қажетті құрал-саймандар жасалынды. Шаруашылықтың дамуы мүліктік және әлеуметтік жіктелуін тереңдеді. Бұрынғы ру-тайпалық құрылыс бірте-бірте мемлекеттік ұйымға айнала берді. Тайпа көсемдері өз билігін мұрагерлік түрімен ауыстырды. Сөйтіп раджа – тайпа көсемі, дара билеушіге, әміршіге айналды. Б.з.д. VI ғасырға дейін Үндістан солтүстігінде бірнеше ұсақ мемлекеттік бірлестіктер қалыптаты. Олардың ішінен Магадха атты мемлекет б.з.д. VI ғасырдан бастап күшейіп, кеңейе түсті. Б.з.д. VI ғ-дың соңына қарай Магадха билеушілері бүкіл Ганг өзені бойын өзіне бағындырды. Сөйтіп Viагадха ірі мемлекетке айналды. Содан соң Магадха астанасында бүлік болды. Оны Чандрагупта есімдіадам ұйымдастырды. Магадха билеушісін құлатып ол Маурия әулетінің негізін құрды. Үндістан жерінде орталықтанған мемлекет құру Ашок билеушісі кезінде ғана жүзеге асты.

Бір орталыққа біріккен мемлекеттегі шаруашылығының дамуына мүмкіндік берді. Егіншілік кең түрде ами бастады. Суландыру жүйесін қалыптастыруға көп күш пайдаланылды. Қалалар саны көбейді. Қолөнер кең қанат жайды. Сауда саттық құрлық және теңіз арқылы жүзеге асты. Үнді қоғамы касталарға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, шудралар және

Тапсырма кезеңі

Үндістандағы шаруашылық түрлеріне сипаттама:

Егіншілік –

Мал шаруашылығы –

Үндістандағы мемлекеттердің пайда болу туралы –