- •II Үй тапсырмасын тексеру.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Үндістан түбегі қайда орналасқан ?
Үндістанда қандай ірі өзендер бар ?
Шаруашылықтың дамуына әсер еткен фактор ?
Маурия әулеті туралы айтып беріндер ?
Үндістандағы ежелг мемлекеттердің пайда болу туралы не білесіндер ?
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Не білдім ?
Не үйрендім ?
Не үйренгім келеді ?
V. Бағалау: Серебренников А.:________ Шайкен Н.:__________
VI. Үйге тапсырма: параграф 18 оқу, Үндістандағы әлеуметтік құрылыс бөліктеріне анықтама.
Сынып: 6 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________
Пән: Ежелгі дүние тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Үнді мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға Үнді мемлекетінің мәдениеті, орталықтанған мемлекеттің құрылуы, шаруашылығы мен әлеуметтік жіктелуі туралы білім беру;
Мәтінмен жұмыс істеу, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың ой-өрісін, көркем сөз шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, Оқушылардың өзге елдердің мәдениеті туралы түсініктерін тереңдетіп, алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру, өз беттерінше ойлау қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды білім алуға, еңбексүйгіштікке тәрбилеу, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдісі: шағын дәріс, сұрақ-жауап.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үндістан түбегі қай аумақта орналасқан ?
Жалпы Үнді түбегінің табиғат жағдайлары туралы айтынздар.
Ежелгі Үдістан түбегінде орталықтанған мемлекеттің атауы.
Жаңа сабақтың жоспары:
Үндістанның табиғат жағдалары мен орналасу.
«Махабхарата», «Рамаяна» эпостары.
Ману заңдары туралы мәлімет.
Діндік ахуал.
Өнер білімі мен алғашқы білім негіздері.
III. Жаңа сабақ.
Үндістан – ежелгі дүниедегі ән мен жырға өте бай елдердің бірі. Бізге ежелгі заманнан «Махабхарата» және «Рамаяна» атты жырлар келді, осы әдебиет ескерткіш туындыларынан біз үнділіктердің тұрмысы, шаруашылығы, салт-дәстүрлер туралы көп мәлімет алуға болады. «Махабхарата» дасанынан он тайпа билік үшін күресі туралы баяндалған. Олардан кейінрек екі тайпа қалыптасты. Біреуі кауравтар, ал екіншісі пандавтар. Екі жақтың соғысы 18 күнге созылды. Осы соғысқа тіпті құдайлардың өзі де қатысты. Нәтижесінде пандавтар жеңіске жетіп, ұзақ жылдарға бейбітшілік орнатады. «Махабхарата» 18 кітаптан тұрады. Онда үнділіктердің Ганг өзені бойындағы алғашқы мемлекеттердің құрылу туралы шын оқиғалар көрініс тапқан. «Рамаяна» дастанының оқиғалары елдің оңтүстігінде болып өтті. Дастанда Рама атты адамның ерліктері туралы айтылған.
«Ману заңдары» - бүкіл әлемдегі мәдени даму жетістіктерінің бірі. Үнділіктер бүкіл адамзаттың арғы-атасы Манудың заңдар жинағын құрастырғаны туралы, адамдардың басқару үйесі, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, әдет-ғұрыптары туралы делінген. Заңдар жинағындағы басқару жүйесінде, патшалар – адамдардың ішіндегі ең қасиетті билеуші, адамдар оны тындап, заңдарын мойындаған. Салық жинау функциясы да ішіне кірді. Заң бойынша кшатрийлерден тұрақты әскер құрылды. Заңда қылмыстардың түрлері, олар бойынша берілетін жазалар белгіленген. Сонымен заңдарда үнділіктердің төрт тұйық тобы, олардың міндеттері мен құқықтары сипатталған.
Ежелгі Үндістанда алғашында әр түрлі құдайларға табыну кең таралды. Брахмаға табыну құдайлардың ішінде көп тарады. Әлеуметтік жағдайларға байланысты үнділіктер жаңа дінді ойлап тапты. Осы дін – будда діні.
Бізге дейін жеткен ежелгі үнділіктердің тамаша туындылары діни сарайлар – храмдар болып отыр. Олардың екі түрі болды - 1-шісі ашық жердегі тастан, кірпіштен тұрғызылған ғибадатханалар, 2-шісі үңгір ішіндегі храмдар.
