Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. .т. саб. ж. 4 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.33 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Оқушыларды 2 топқа бөлу:

1 топ – мал шаруашылығы.

2 топ – жер шаруашылығы.

Осы шаруашылықтың 2 саласына жататын аймақтар, яғни таралуы, нені өсірілетінің анықтау. Құрал-жабдықтарды анықтау.

  1. Металлдан қазақ халқы нені жасады ?

  2. Үйге қажетті құрал – жабдықтарды көрсету.

V. Бағалау:

Әбішев С. - __________;

Жақұпов Ә. - __________;

Нұржанова А. - __________;

Смағұлова Г. - __________;

Сұлтанова М. - __________;

Алашбаев Н. - __________.

VI. Үйге тапсырма: материалдық мәдениетіне шолу, қайталау.

Сынып: 7 «а». Сабақ №: 60 Күні:_______________

Пәні: Ортағасысырлық Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Батырлық және лирикалық эпостар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға Қазақ хандығының рухани мәдениет саласына жататын әдебиет саласын толығырақ яғни эпостарды қарастыра келе, олар туралы білім қалыптастыру;

Дамытушылық : Тақырыпқа сәйкес тест, тірек - сызбалар құра білуге, картамен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдылану.

Тәрбиелік : Оқушыларға қазақ әдебиетінің эпос саласы туралы білім қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақтарда кең таралған шаруашылық түрлері ?

  2. Зергерлер деген кімдер ?

  3. Оқушыларды 2 топқа бөліп, мал мен жер шаруашылығын сипаттау беріледі.

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Эпос дегеніміз не ?

  2. Батырлық эпос.

  3. Ғашықтық эпос.

III. Жаңа сабақ.

Эпос (грекше ероз—баян, әңгімелеу, тарихтап айгу) — к ө р к е м ә д- е б и е т т і ң б а й ы р ғ ы, н е гі з г і т е к т е р і н і ң б і р і, д ә л і р е к а й т қ а н д а, ө м і р ш ы н д ы ғ ы н м е й л і н ш е м о л қ а м т ы п, к е ң с у р е т т е й т і н, а д а м м і н е з і н м ү м к і н д і г і н ш е т е р е ң а ш -ып, ж а н-ж а қ т ы т а н ыт а т ы н і р г е л і, к ү р д е л і ж а н р.

Осындай теориялық анықтамаға келмес бұрын профессор Л. И. Тимо-феев эпосты термин ретінде екі түрге бөліп алады да, алдымен “әдеби-тарихтық мағынада эпос — халық поэмалары мен ертегілері (орыстың халық эпосы, көне дүние эпосы т. б.)”* — деп түсіндіреді. Мұнда да үлкен логика бар: әдебиет теориясында эпос жанр атанғанмен, әдебиет тарихында халық дастандары, айталық, “Қобланды батыр”, “Ер Тарғын”, “Қамбар батыр” сияқты батырлар жыры екені рас. 

Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі.

Батырлық жырлар байырғы көне эпостың жалғасы ретінде дами отырып, қоғамдық қарым-қатынастың, саяси-әлеум. жағдайлардың өзгеруіне, бұрынғы жекелеген рулар мен тайпалардың біртіндеп халық болып құрала бастауына сәйкес қалыптасты. Осыған байланысты бұрынғы мифтік түсініктердің іргетасы сөгілді. Қайшылық, күрес идеясының түпқазығы болып бұрынғы кездегідей дию-перілер емес, енді адамдар дүниесіндегі (басқа діндегі, тілдегі, мемлекеттегі) қайшылықтар тақырыбы алынды.

Лиро-эпостық жырлар ғашықтық жырлар - лирикалық әрі эпикалық шығарма. Оқиға желісі бірін-бірі құлай сүйген екі жас арасындағы махаббатқа құрылады. Көпшілігінің оқиғасы сүйгеніне қосылуды аңсаған, жастарға ескі салт-сана қарсы тұрып, мерт қылумен аяқталады. Лиро-эпостық жырларларда халықтың тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, наным-сенімі, көңіл-күйі көбірек суреттеледі. Оларда реалистік және романтикалық көріністер сабақтаса келіп, реалистік әдіс басым жатады. лиро- эпостық жырларда кейіпкерлер батырлар емес, карапайым адамдар. Екі жастың бір -біріне деген сүйіспешілігін жырлайтын эпостарда, негізінен, махаббат отына жанған қыз бен жігіттің қосыла алмай, трагедияға ұшыраған тағдыры баяндалады. Әдетте, олардың бақытына кедергі болатын нәрсе -ата- аналардың қарсылығы немесе қызға ғашық басқа жігіттің жауыздығы , иә болмаса екі рудың араздығы болып көрсетіледі.

Ғашықтық жырлар көркем фольклордың даму барысында батырлық эпостан кештеу қалыптасқан, бірақ бұл қаһармандық жыр мүлде өшіп, оның орнына романдық эпос келді деген сөз емес, Эпостың бұл екі түрі көп уақыт бірге , бір -бірімен байланыса, қатарласа дамыған. Ұқсастықтары да аз емес. Олардың жалпы поэтикалық сипаты ұқсас. Айталық, сюжеттік құрылымдардың бір типті болып келуі, образдар жүйесіндегі біркелкілік, өлең құрылысы мен бейнелеуіш құралдардың біртектілігі секілді белгілер эпостың екі түрінде де кездеседі. Ғашыктык жырлар көп вариантты болып келеді Оның себебі көп замандар бүл жырлар ауыздан- ауызға тарап, біреуден біреу жаттап алу арқылы кейінгі ұрпаққа жетіп баспаға іліккен.