Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7 сын. .т. саб. ж. 4 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.33 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қазақ халқында қандай музыкалық аспаптар бар ? Қандай аспаптардыбілесіндер ?

  2. Қазақ халқында жараулардың орны қандай болды ?

  3. Ақын-жырауларды ата ?

  4. Ежелден келе жатқан қандай музыкалық аспаптарды аспаптарды білесіндер ?

V. Бағалау:

Әбішев С. - __________;

Жақұпов Ә. - __________;

Нұржанова А. - __________;

Смағұлова Г. - __________;

Сұлтанова М. - __________;

Алашбаев Н. - __________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 50, оқу, мазмұндау.

Сынып: 7 «а». Сабақ №: 63 Күні:_______________

Пәні: Ортағасысырлық Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ әдеби тілінің қалыптасуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымен таныстыру, бтүсінік қалыптастыру;

Дамытушылық : Оқушыларды ізденімпаздыққа баулу, оқушылардың ойлау қабілеті мен рухани байлығын дамыту, сөздерді оқытудың сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша талдай білуге үйрету;

Тәрбиелік : Оқушылардың бойында тақырып бойынша білімдерін тексере отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой – өрісін, тіл байлығын дамыту, отан сұйгіштікке тәрбиелеу, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақтарда қандай ақын-жыраулар бар ?

  2. Ақын-жыраулар мемлекеттік қызметке араласты ма ?

  3. Музыка өнері қазақтарда қандай орын алды ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақ тілінің қалыптасуы.

III. Жаңа сабақ.

Қазақ әдеби тілінің тарихы, әдеби тілдің қапыптасып, дамуы алдымен қоғамдық ой-сананың кемелденуіне, халықтың мәдени өрлеуіне, әсіресе көркем әдебиеттің кең өріс апуына тікелей байланысты. Өйткені, көркем әдебиет тілі таңдаулы сөз үлгілерін, жетістіктерін жинақтай отыра жалпыға ортақ тілдік нормалардың қалыптасуына әсер етіп, әдеби тілдің негізгі тірегі қызметін атқарады. Сондықтан әдеби тілдің қалыптасу тарихын қазақтың тел көркем әдебиетінің бастапқы көрініс беруінен іздеу қажет. Алайда қазақ филологиясында қазақтың профессионал көркем әдебиетінің тарихы женінде әр кез әр қилы пікір айтылды. Кейбір еңбектерде қазақ әдебиетінің апғашқы нұсқаларын V-VIII ғасырдан іздеу бағыты байқалады. Әрине, қазақ халқы өз алдына XV ғасырдың орта тұсында отау тіккенімен, оның құрамына енген ру, тайплық одақтардың (үйсін, қаңлы, дулат, қыпшақ, арғын, найман, алшын т. б.) тарихы тым әріде. Түркі халықтарының орхон-енисей, талас жазбалары (V-VIII ғасыр), ерте ортағасырлық "Құтадгу білік" (XI ғасыр), кейінгі ортағасырлық "Мұхаббатнама" (XIV ғасыр) тәрізді әдеби жәдігерліктері болған. Ерте кездердегі жазба әдеби тіл мен халық тілінің өзара байланысын көрсететін М. Қашқаридың "Диван лүғат ит-түрік" (XI ғасыр), "Кодекс Куманикус" (XIII ғасыр), "Оғызнама" (XIV ғасыр) сияқты ескерткіштері де бар. Бұл аталған мұраларға өзге де түркі халықтары тәрізді қазақ халқының құрамына енген ру, тайпапардың да қатысы болғандығы даусыз. Сондықтан аталған көне түркі, орта түркі дәуірлеріне қатысты жазба үлгілердің қазақ тілі тарихын зерттеуде, қазақ тілінің ертедегі жайкүйін сипаттауда, сондай-ақ қазақ әдебиетіндегі керкемдік ой-тәжірибенің бастау жолдарын анықтауда маңызы айрықша. Қазақ халқының ез алдына дербес отау тігіп, халық болып қалыптаса бастаған кезі XV ғасыр десек, оның арғы-бергі кезеңдерінде қазақ халқында жазу-сызу немесе сауатты адамдар болмады деудің қисыны келмейді. Сол кездегі шағатай аталған немесе ортаазиялық түркі тілі қазақ қоғамының әр түрлі мәдени қажетін өтуде үлкен роль атқарғаны белгілі. Бірақ бұл жазба әдеби тіл де қазақтың халықтық тіліне негізделген төл әдеби тілі емес, түркі халықтарына ортақ тіл болатын. Осы атапған ортаазиялық түркі әдеби тіліне тән жазба үлгілердің ішінде дәуірі жағынан да, тілдік ерекшеліктері жағынан да қазақ тіліне жақыны — Қадырғали Жалайыридың "Жамиғат тауариғы" (XVI ғасыр) мен Әбілғазы Баһадүрдың "Түрік шежіресі" (XVII ғасыр). Ал бұдан кейінгі кезеңдердегі қазақ хандарымен сұлтандарының сырт елдермен, өзара жазысқан қатынас қағаздары мен хаттарында (XVIII ғасыр) қазақ тілінің элементтерін қолдану тұрақты сипат ала бастады.