- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Қазақ хандығының 16 ғ-ғы басқарған хан ?
Есім хан қайтыс болғаннан кейін қандай жағдай қалыптасты ?
Қазақ хандығының сыртқы саясаттың ерекшеліктері. Осы жылдары қарым-қатынастың ушығуы байқалуда.
V. Бағалау:
Әбішев С. - __________;
Жақұпов Ә. - __________;
Нұржанова А. - __________;
Смағұлова Г. - __________;
Сұлтанова М. - __________;
Алашбаев Н. - __________.
VI. Үйге тапсырма: Есім ханнан кейін хандар туралы мәлімет қарастыру.
Сынып: 7 «а». Сабақ №: 56 Күні:_______________
Пәні: Ортағасысырлық Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Тәуке ханның билік құруы және оның заңдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Оқушылардың ұлттық мемлекет тарихындағы кесек тұлғаның бірі - Есім ханның немересі, Салқам Жәңгірдің баласы Тәуке хан халқының мықты тұғыры биік бір орталыққа бағынған мемлекет болуына мол қажыр - қайратын жұмсаған. Ханның көреген қасиетімен мықты ел болғанын, Қазақ хандығының Тәуке тұсындағы ішкі - сыртқы саясаты, көрші елдермен қарым - қатынасы туралы қосымша құжаттармен таныстыра отырып тарихи білік - білігін дамыту;
Дамытушылық : Тақырыпқа сәйкес тест, тірек - сызбалар құра білуге, картамен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдылану.
Тәрбиелік : Қазақ тарихында Тәуке хандай құдіретті саясаткер және көреген мемлекет қайраткерінің халқына сіңірген тарихы еңбегін бағалай білуге оқыта отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
17 ғасырдар қазақтар қандай халықтармен қарым-өатынаста болды ?
Қазақ хандығы мен Сібір хандығы арасындағы қарым-қатынас ерекшелігі ?
Ресей мемлекетімен қарым-қатынас күшейту ерекшеліктері ?
Ортағасырлық хандықтармен қарым-қатынастардың шиеленісу себебі ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Көреген мемлекет қайраткері, ақылды дипломат, қазақтың құдіретті ханы – Тәуке хан.
Тәуке хан қарсаңындағы ахуал.
Тәукенің хан болуы.
«Жеті жарғы» заңының қабылдануы, мазмұны, тарихи сипаты.
III. Жаңа сабақ.
Тәуке хан кім? Қазақ хандығының ханы Есімнің немересі, Салқам Жәңгірдің ұлы. Көреген мемлекет қайраткері, «Қазақтың Ликругі» атанған. «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман»
1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Оның негізгі баптарының мазмұны: қанға қан алу, яғни біревдің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға 1000 қой, әйелге 500); ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылыққа өлім жазасы кесіледі, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады; денеге зақым келтірсе, оған сәйкес құн төленеді (бас бармақ 100 қой, шынашақ 20 қой); егер әйел ерін өлтірсе өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса жазадан босатылады); төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді; егер ері әйелін өлтірсе, әйел құнын төлейді.
