- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Қазақтарда қандай би түрлері бар ?
Қазақтарда қандай билер бар ?
Қазақ халқында музыка өнерін дамытқан қайтаркерлер ?
Музыка өнерін дамытуға арналған арнайы оқу орындары болды ма ?
V. Бағалау:
Әбішев С. - __________;
Жақұпов Ә. - __________;
Нұржанова А. - __________;
Смағұлова Г. - __________;
Сұлтанова М. - __________;
Алашбаев Н. - __________.
VI. Үйге тапсырма: қосымша ақпарат қарастыру.
Сынып: 7 «а». Сабақ №: 65 Күні:_______________
Пәні: Ортағасысырлық Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік : Қазақстан аумағында ерте ортағасырларда болып отырған өзгерістерге баға бере отыра, оларға деген сипаттау жасау;
Дамытушылық : Оқушыларды ізденімпаздыққа баулу, оқушылардың ойлау қабілеті мен рухани байлығын дамыту, сөздерді оқытудың сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша талдай білуге үйрету;
Тәрбиелік : Оқушылардың бойында тақырып бойынша білімдерін тексере отырып оқушылардың шығармашылық қабілетін, ой – өрісін, тіл байлығын дамыту, отан сұйгіштікке тәрбиелеу, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақтарда музыка өнерінің алатын орны қандай болды ?
Музыка өнерінің майталмандарын атап көрсету.
Музыка аспаптарын атап көрсету.
Досымбет деген кім ? Оның музыка өнеріне қосқан үлесі ?
Жаңа сабақтың жоспары:
Қорытындылау.
III. Жаңа сабақ.
Б. з. д. I - II - б. з. V ғасырларда шығыстан батысқа қарай алғанда, Іледен Талас өзеніне дейін, солтүстіктен оңтүстікке қарай Балқаш көлінен Ыстықкөлге дейінгі аумақта Үйсін мемлекетіжайлады.
Осы кезеңнен бастап ежелгі түркі тайпалары мекендеген аймақта көшпелі мемлекеттердің қалыптасуы мен дамуы басталды. Түрік қағанаттарында мемлекеттілік одан әрі жетіле түсті.Билік қағанның қолында болды. Түркілік қағандар мемлекетінің басты белгісі болды. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саяси істерінің бәріне басшылық жүргізді.
Қағандар басқа мемлекеттерге шабуыл жасай отырып, билік құрды. Соғыс арқылы шекараларын кеңейтіп отырды. Бірақ даму барысында мемлекетті билеп отырған тайпадан күштіректайпалар шығып, соғыс ісін негізгі кәсібіне айналдырған мемлекеттер бірін-бірі ауыстырған.
Көшпелі мемлекеттер барлық өркениетті елдердегідей қалыптасқан бұрынғы әлеуметтік құрылымды сақтап қалды.
Түркі мемлекеттерінің құрылуында басқа көрші тайпалармен күрестің әсері айқын рөл атқарды. Бірінші кезекте отырықшы жер өңдеуші көршілерімен әскери қақтығыстар кезінде жекелеген тайпалар тайпалар одағына біріккен. Осылайша тайпа ішіндегі байланыстар нығайтылды. Сондай-ақ сыртқы қауыпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігі мемлекеттің құрылуына объективті себеп болды. Дегенмен таза отырықшы елдердегі мемлекеттермен салыстырғанда, орталық билік шектеулі еді. Онда әскери демократияның белгілері: әскери ақсүйектер кеңесі елеулі орынға ие болды. Барлық әскери-саяси басқару жүйесі өмір сүрудің көшпелі түріне қолайлы, көшпелі тұрмыстың ерекшелігіне бейімделген. Сондықтан басқарудыңәскери- әкімшілік жүйесі ерекше орын алады.
Ерте ортағасырлық мемлекеттерде дәстүрлі рулық-тайпалық ұйым: патриархатты отбасы — ру — тайпа — ел сақталып калды. Әрбір тайпаның өзінің белгілі аумағы болды. Жайылымдарды пайдалану және көші-қон жолдарын бөлу тайпа басшыларының құзырында болды. Бөліп берген үлестік жер, жайылымдар үшін тайпа көсемі жоғары билеушіге жыл сайын салық телеп тұрды.
Қоғамның қатардағы өкілдері, азат адамдар болды. Әскери-әкімшілік тұрғыдан ерте ортағасырлық мемлекеттер бірнеше үлестік-тайпаларға бөлінді немесе кейбір жағдайда 2 қанаттан (бөліктен) тұрды.
Көшпелі қоғамда тайпалар одағынан мемлекеттік құрылымға ету кезеңінде күшті әскери билік дәстүрі үлкен рөл атқарды. Үлес-тайпа билеушілері әрі әскери қолбасшы, әрі әкімшілікбасқарушысы болды. Әскери және әкімшілік биліктердің біріктірілуі олардың билеуші көсемдерінің саяси-экономикалық жағынан нығаюына әкелді. Мәселен, Қарлұқ қағанатындағыүлестік-тайпаның кейбір басшылары орталық билікті мойындамады. Олар қолайлы жағдай туғанда мемлекеттегі жоғары билікті басып алуға ұмтылды. Соның салдарынан билеуші әулетті ауыстыратын күштер олардың өз ортасынан өсіп шықты. Барлық тарихи кезенде Түрік, Түркеш, Қарлұқ, Оғыз, Қимақ, Қыпшақ, Қарахан мемлекеттерінің бірін-бірі ауыстырып отыруып, бір жағынан, осылай түсіндіруге болады. Екіншіден, мемлекеттік құрылымдардың санғасырлық әлеуметтік-мәдени дәстүрлері қалыптасты. Жоғарыда аталған мемлекеттік этно-саясибірлестіктер негізінде түркі халықтарының үнемі бірігіп бас қосуға ұмтылғанын анық көреміз.
Мемлекетті билеуші ақсүйектер тобында қатаң иерархия — қызмет адамдары мен әлеуметтік топтардың төменнен жоғары қарай бір-біріне бағыныштылық жүйесі қалыптасқапын байқаймыз.
Әлеуметтік жағынан ақсүйек тайпалар мен оларға бағынышты тәуелді тайпалар болып бөлінген. Бағыныштылық әскери міндеткерліктермен алым-салық төлеумен қатар жүрді. Түрік қағанатында билік лауазымы 20-дан астам сатыдан тұрды.
Жоғары билік мұрагерлік жолмен беріліп отырды. Хан мұрагеріне оның мөртаңбасы берілді. Бұл мөр таңба — мемлекеттіліктің нышаны болатын. Мұны ерте ортағасырлық мемлекеттердің мәнді белгілерінің бірі деп айтуға болады. VI—XIII ғасырларда Қазақстан аумағындағы ертедегі көшпелі түрік мемлекеттерінде мұрагерлік тікелей жолмен емес, сатылы түрде жүрді. Таққа үміткерлердің арасында жасы үлкендерінің артықшылығы көбірек.
Егер билеуші қайтыс болса, таққа бірінші тікелей оның баласы емес, жасы үлкен інісі отыра алатын. Ал кейін XIV—XV ғасырлардағы Қазақстандағы ортағасырлық мемлекеттерде бұрынғы "сатылы жүйемен" қатар хан билігіне тікелей баласы мұрагер болу дәстүрі пайда болды.
Көшпелілерде билеушінің бас ордасы — мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы. Өз кезегінде әр үлес билеушілерінің де қаған сияқты өз сарайлары, тұрақты ордалары бар. Әдетте, ірі үлестік жерлерді иеленушілер билеуші әулеттен болды. Олар жоғары билеушінің туған-туыстарынан тұрды. Жоғары басшы ішкі тәртіп пен шекараларды қорғауды, сотүкімдерінің және әдеттегі құқық нормаларының орындалуын қадағалады. Мемлекеттің бүкіл аумағы формальды түрде билеуші әулеттің меншігі болып есептелді. Мемлекеттік жерге қожалық ету құқығы тек жоғары билеушіде ғана еді.
Мемлекетке бағыныштылық әрқашан да алым-салық төлеуден көрінеді. Мемлекет өз қазынасын жергілікті халықтардан, сондай-ақ қол астындағы бағынышты аймақ халықтарының алынатын салық есебінен толтырып отырды. Қазақстан аумағындағы халықтар көшпелі мал шаруашылығымен қатар отырықшы жер шаруашылығымен, саудамен, қолөнерменайналысқаны белгілі. Отырықшы қоныстардағылар көбінесе кедейленген, малы жоқ көшпелілер еді. Отырықшылыққа көшу үдерісі де малға деген мүлік теңсіздігімен тікелей байланысты. Малынан айырылған көшпелілер отырықшылыққа көшуге мәжбүрленді. Сондықтан екі түрлі аймақтан алынатын салық та әр түрлі. Көшпелі және отырықшы халықтар үстемтайпаға мал және аң терісі, заттай алым түрінде салық, төледі. Мың адамға дейін жететін салық жинайтын арнаулы атты әскерлері болды. Тағы да осы жерде айта кететін жайт, — бұл ертедегі мемлекеттік бірлестіктердің экономикалық негізі екі түрлі қоғамның ұштасуынан пайда болды:
мал шаруашылығын көшпелі әдіспен жүргізуге негізделген қоғам;
отырықшы-егіншілік қоғам. Бұл екі дәстүрді асқан іскерлікпен біріктірген Қарахан мемлекеті.
