Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сын. .т. саб. ж. 4 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.97 Кб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Ы. Алтынсаринды сипаттау.

Ы. Алтынсарин

  1. Оның еңбектерін анықтап, көрсету.

  2. Ы. Алтынсаринның қоғамдық жұмысына баға беру.

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 43, оқу, мазмұндау.

Сынып: 8 «а». Сабақ №: 58 Күні:______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Қазақ әдебиетінің классигі, әдебиет саласында жұмыс істеген, ;

Дамытушылық: Оқушылардың әдеби шығармаларымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, автордың айтпақшы ойын түсіне білуге, қойылған сұраққа нақты, жүйелі түрде жауап қайтара алуға және тарихи оқиғаның мазмұны мен сипатын терең ұғынаға үйрету;

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсеңділік арттыру.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Ы. Алтынсаринның өмір жылдары ?

  2. Оның негізгі қызметі қандай болды ?

  3. Қазақ балаларына арналған оқу құралы ? Оның атауы ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Өмір жолы.

  2. Қызметі.

  3. Еңбектері. Оқу – ағарту ісінің басталуы.

III. Жаңа сабақ.

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер , либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай 10 тамыз 1845 ж. қазіргі Семей облысының Шыңғыс тауларында Қарқаралының аға сұлтаны Құнанбайдың төрт әйелінің бірі, екінші әйеліҰлжаннан туған.

Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. 

Абайдің “ Атадан алтау, анадан төртеу едім дейтіні осыдан. Болашақ ақын сабырлы мінезімен, кең пейілімен ел анасы атанған “кәрі әжесі” Зеренің таусылмайтын мол қазынадай аңыз ертегілерін естіп, абысын-ажынға жайлы, мінезі көнтерлі, әзіл-қалжыңга шебер, жөн-жобага жетік өз анасы Ұлжанның тәрбиесінде өсті. Абай әуелі ауылдағы Ғабитхан молдадан сауатын ашады да, 10 жасқа толған соң 3 жыл Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқиды. Бұл медреседе араб, парсы тілдерінде, негізінен, дін сабағы жүргізілетін еді. Құрбыларынан анағұрлым зейінді бала оқуға бар ықыласымен беріліп, үздік шәкіртатанады. Ол енді дін оқуын ғана місе тұтпай, білімін өз бетінше жетілдіруге ұмтылады. Сөйтіп көптеген шығыс ақындарының шығармаларымен, араб, иран, шағатай (ескі өзбек) тілінде жазылған ертегі, дастан, қиссалармен танысады, Шығыстың Низами, Науаи, Сәғди, Қожа Хафиз, Фзули сияқты ұлы ғұлама, классик ақындарына бауыр басады. Медресенің үшінші жылында Абай Семей қаласындағы “Приходская школаға” да қосымша түсіп, орысша сауатын аша бастайды. Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі 3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша да оқуы аяқталады.

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау»өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» 1882 ж. жазылған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.