- •II. Үй тапсырмасын тексеру.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •III. Жаңа сабақ.
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
- •IV. Жаңа сабақты бекіту.
- •V. Бағалау:
IV. Жаңа сабақты бекіту.
Патша өкіметінің Қазақстанға қатысты саясатын сипаттандар.
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында Қазақстанда қандай шаруашылық салалары дамыды ?
Шетел елдер арасынан қай елдер үлкен қызығушылық танытты ?
Еуропалықтардың ықпалымен Қазақстанда қандай өнеркәсіп орындары ашылды ?
Еуропалық қаржы акционерлерді атап шығындар ?
V. Бағалау:
1) Аңдасова Қ. - ________;
2) Рамазанов А. - ________.
VI. Үйге тапсырма: мазмұндау.
Сынып: 8 «а». Сабақ №: 65 Күні:______________
Пән: Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси жағдай.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның ХХ ғасырдағы саяси жағдайы, Қазақстанда болған саяси жаңалықтар туралы түсінік қалыптастыру;
Дамытушылық: Оқушылардың әдеби шығармаларымен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, автордың айтпақшы ойын түсіне білуге, қойылған сұраққа нақты, жүйелі түрде жауап қайтара алуға және тарихи оқиғаның мазмұны мен сипатын терең ұғынаға үйрету;
Тәрбиелік: Оқушыларды еңбексүйгіштікке, өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: аралас.
Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсеңділік арттыру.
Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Қазақстанға ХХ ғ-дың басында қандай елдер аса үлкен қызығушылық танытты ?
Л. Уркварт деген кім ? Ол қай елден шыққан ?
Шетел капиталы негізінен қандай салаларға енді ?
Жаңа сабақтың жоспары:
ХХ ғасырдағы Қазақстанға сипаттама.
III. Жаңа сабақ.
XX ғасыр басындағы бүкіл Ресей империясын қамтыған саяси оқиғалардың Қазақстанға да үлкен ықпалы тиді. Осы тарихи окиғаларға белсенді түрде араласкан Әлихан Бөкейханов 1905 жыл жөнінде «бүкіл дала саясат аясына тартылып, азаттық ушін қозғалыс тасқыны құрсауына енді», — деп жазды.
Кеңестік тарих ғылымында 1905 - 1907 жылдардағы революциялық қозғалыстың Қазақстанға, қазақ коғамына тигізген ықпалын талдауда тарихи деректерді белгілі бір даяр теориялық қалыптарға салып сұрыптау, сондай-ақ метрополиядағы оқиғалардың ел өміріне ықпалын асыра бағалау орын алды. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс Ресейдегі большевиктерпартиясы бастаған пролетарлық қозғалыстың табиғи одақтасы, олай болса, ұлт-азаттық қозғалыстың өз мақсатына жетуі — Ресейдегі пролетариат диктатурасының орнауына тікелей тәуелді-тін. Ал қоғамдық дамуда мешеулік танытқан «түземдіктер» үшін орыс мәдениетінің прогресшіл рөлін тәптіштеп баяндап, қайталап отыру бұл тұжырымның логикалық іиегі болуға тиіс еді.
Ресей үкіметінің XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезіндегі (1917 ж. дейін) қазақ жерін отарлау шаралары қазақ даласына үлкен нәубет әкелген болатын. Осы мезгілде 45 млн га егіншілікке жарамды құнарлы жер қазақ әскерінің, орыс және басқа еуропалык қоныс аударушылардың, сондай-ақ мемлекеттің пайдасына өтті. Бұл барлық қазақ жерінің 16%-ға жуығы. 1896—1916 жылдар ішінде Қазақстанға 1,4 млн-нан астам келімсектер, яғни империяның азиялық бөлігіне қоныс аударушылардың үштен бірі келіп орналасты. Өкінішке орай ішкі Ресейден, Сібірден қазақ жеріне қоныс аударған орыс бұқарасы, белгілі дәрежеде, отарлау саясатының құрбанына айналды, «жайлы мекен, жұмак жер» үшін өзі сияқты басқа жұрт бұқарасын құнарлы жерінен, ата қонысынан айыруға атсалысты.
Егіншілікке жарамды қазақ жерінің үлкен бөлігінің қоныс аударушыларға өтуі, жайылым жолдарында орыс қоныстарының ііайда болуы дөстүрлі казак шаруашылығын күйзеліске ұшыратты. «Қазіргі уақтта, өкінішке орай, — деп жазды Жетісу қазақтары облыс губернаторы атына жолдаған хатында, — қазақтардың басым көпшіліғінің кедейленгені сонша, олардың бір орыннан екінші орынға көшіп-конуға қуаты жок, сондықтан да олар жерге біржола шөкті, ал мұндайларды қазақтар «жатақтар» деп атайды». Мұндай құбылыс барлық қазақ облыстарына тән болатын.
Қазақстанда қалыптаскан жер мөселесі басым түрде зиялылардан тұрған ұлттық саяси топтың қалыптасуына, оның тез жетіліп саяси күшке айналуына түрткі болды. «Жер дауы» оның қызметінің негізгі арқауына айналды.
