Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
8 сын. .т. саб. ж. 4 чтв 2013-14.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
85.97 Кб
Скачать

Сынып: 8 «а». Сабақ №: 53 Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстанның ХІХ ғасыдағы болып өткен реформалары, толқуларына, әр түрлі тарихи оқиғаларына баға беру, қазақ халқының өзінің тәуелсіздігі үшін күресі туралы білім қалыптастыру;

Дамытушылық: Қазақстанның ХІХ ғасырдағы екінші жартысындағы саяси, экономикалық-әлеуметтік өмірі туралы айта келе оқушыларда салыстыры, сараптау, саралау дағдыларын қалыптастыру;

Тәрбиелік: Қазақстанның аумағында болып өткен, жүргізілген саяси реформалар, оқиғалар туралы айта келе оқушыларда өз елін, сүю, құрметтеу, өз елінің тағдырына жанашырлықпен қарауды үйрету.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсеңділік арттыру.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақ халқының ХІХ ғасырдың соңындағы азаттық күресінің себебі қандай болды ?

  2. ХІХ ғасырдағы 80-90 жылдардағы реформалардың қабылдану себебі қандай болды ?

  3. 1867-1868 ж.ж. реформалардың жаңарту керектігі неден өрніс тапты ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. ХІХ ғасырдың 1 ширегіндегі Қазақстан мәдениеті.

  2. 1867-1867 ж.ж. реформалар және олардың маңызы.

  3. ХІХ ғасырдың 2 жартысы, осы кезеңнің ерекшелігі.

III. Жаңа сабақ.

Қазақтардың XVIII-XIX ғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай-күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталады. Оның дамуы барысына көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор ретінде көшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ. Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шарушылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнерімен байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі мал шаруашылығына күрдені еңбек құралдары керек болған жоқ.

1837-1847 жылдар аралығында қазақтар Кенесары Қасымұлы қоластында бірікті. Қазақтардың басқа да көтерілістері болды. Бірақ осы көтерілістің – ұлт-азаттық соғысқа айналуына орай оның маңызы орасан зор.

ХІХ ғасырдың 60 – жылдарындағы Ресей империясы Қазақстанды жаулап алуды толығымен аяқтап, қазақ жеріне отаршылдық жүйені қалыптастырды. Шын мәнінде Қазақстанда хандық билікті жоюға бағытталған (Бөкей Ордасынан басқа) 1822-1824 жж. Сібір, Орынбор казакткры туралы Жарғы патша үкіметінің және жеке казактардың да тарапынан қазақ жерін ашық отарлауына жол ашып берді.

ІІ Александр 1867 жылы 11 – шілдеде «Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша Ережеге», 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығын басқарудың уақытша Ережесіне» қол қойды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Қазақстандағы жүргізілген 1867-1868 жылғы реформалар бойынша қандай өзгерістер еңгізілді ?

  2. Басқару құрылыс өзгеріске ұшырады ма ? Егер ұшыраса қандай шендер қосылды ?

  3. Қазақтардың ХІХ ғасырдағы мәдениет саласында қандай салалар болды ? Мәдениет саласында көрнекті өкілдерін атандар ?

  4. ХІХ ғасырдағы 80-90 жылдарындағы көтерілістердің аймақтарын көрсету.

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: қайталау.

Сынып: 8 «а». Сабақ №: 54 Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанды зерттеу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Ресейге қосылудың оң жағынан сипаттауды ұсына отырып, Қазақстан аумағын ғылыми зерттеудің ерекшеліктері, ғалымдары, ОГҚ-ның рөлін көрсету;

Дамытушылық: Оқушыларға Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан, мәдени және т.б. салалардан зерттеу ісінің маңызын көрсету;

Тәрбиелік: Оқушыларға білім мен ғылым қашан, қай кезде болса да адамдарға өте қажет екендігін түсіндіре отырып, оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсеңділік арттыру.

Сабақтың жоспары : I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Оқушылармен амандасу.

  • Оқушыларды түгендеу.

  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қазақстанда жүргізілген реформалардың маңызы қандай ?

  2. Қазақ халқының реформаларға көзқарасы қандай болды ? Халық реформаларды қалай қабылдады ?

  3. Қазақстанда ХІХ ғасырда ән-күй өнері қалай дамыды ?

Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Қазақстанның мәдени саласын зерттеу ісі.

  2. Қазақстанды физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу ісі.

  3. Саяси қонысаударушылардың зерттеу ісіне қатысуы.