- •Адам мәселесі
- •"Адам" ұғымы
- •Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар
- •4)Меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
- •Қызметтің сипаты
- •Адамның қызметінің мақсаты
- •Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар
- •Өмірдің мөні неде?
- •Бакыт дегенді қалай түсінеміз?
- •Қоғамды құраушы бөліктер.
- •Қоғамдық қатынастар.
- •Қоғамдық қатынастардың мазмұны
- •1. Мемлекет деп нені айтамыз?
- •Мемлекеттің түрлеріне, тарихи тұрпаттарына сипаттама беріңіздер.
- •Қоғамдық өмір аяларын атаңыздар.
- •Материалдық игілік өндірудің түпкі мақсаты
- •Еңбек нарқы, жалақы.
- •Бизнес және кәсіпкерлік
- •Қазақстанды мекен еткен ұлт және этностарға сипаттама беріңіздер.
- •Қазақ жеріне коныс тепкен түрлі этнос өкілдерінің осында келу тарихына көңіл аударыңыздар.
- •Автохтонды ұлт, диаспора, этнос терминдерінің қысқаша анықтамасын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
- •Адамдар өздерінің бірлескен қызметінде бірінің үстінен бірі билік жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?
- •Тарих сабақтарынан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, халық үғымына қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар.
- •Қайткенде халық өзінің қуатын сақтап қалады, өзін-өзі қорғай алатын күшке айналады?
- •Мемлекеттің атқаратын функцияларын өз сөздеріңізбен қысқаша тұжырымдап, дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.
- •Басқарудың президенттік республика мен парламенттік республика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңыздар.
- •Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы және тәуелсіздігі деген ұғымдар нені білдіреді?
- •7 )Ойын сабағы;
- •Өкілеттігі бар адамның заңды қолдануы.
- •Азаматтардың Конституция мен заңдарда тұжырымдалған, өздеріне берілген құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білуі.
- •Азаматтардың заңда белгіленген талаптардьі сақтауъи
- •Азаматтардың өздеріне тиесілі міндеттерді бұл-жытпай орындап отыруы.
Материалдық игілік өндірудің түпкі мақсаты
Еңбек нарқы, жалақы.
Бизнес және кәсіпкерлік
Материалдық игілік өндірудің түпкі мақсаты. Адам әрқашанда дамудың және өндірісті жетілдірудің басты факторы болтан және бола береді. Ғылыми-техникалық прогрестің жетілуімен қоғамдық өндірістегі адамның орны, оның атқаратын қызметі үлкен өзгерістерге ұшырауда.
Адамның рөлі мен мәні оның өндірістегі дара фактор екендігімен, өндірістік және барлық өзге қоғамдық қатынастардың субъектісі болуымен айқындалады. Адам өндіріс құрал-жабдықтарын жасайды және сол арқылы оларды өндіргіш күштердің элементтеріне айналдырады. Сондықтан жұмыс күші өндіргіш күштердің ең бастысы болып қала береді.
Еңбек нарқы, жалақы. Нарық дегеніміз — сатушылар мен сатып алушылардың өзара әрекеттестігі. Егер еңбек деп аталатын арнайы тауар туралы сөз қозғасақ, нарықтың бұл анықтамасына өзгеріс енгізуге болар еді. Бұл жұмысшының толып жатқан қасиеттеріне — еңбекке белгілі деңгейде қабілеті болуына, ынтасына, өмірлік тәжірибесіне, психо - физиологиялық ерекшеліктеріне, сондай-ақ бірегей адамдық тұлға ретінде көрінуіне байланысты.
Еңбек аясы — қоғамның экономикалық және әлеуметтік өмірінің маңызды және көп қырлы саласы. Ол жұмыс күші нарығын да және оның қоғамдык өндірісте пайдаланылуын да қамтиды. Еңбек нарығында жұмыс күші өзінің құнын айқындайды, сонымен қатар, оның жалдану шарттары, соның ішінде еңбекақы көлемі, еңбек жағдайлары, білім алу мүмкіндігі, кәсіпқойлық өсу, шұғылданушылық кепілдік т.б. айқындалады.
Еңбекақы дегеніміз—кәсіпорын ұжымы кызметінің нәтижелеріне тәуелді болып келетін, жұмысшының сіңірген еңбегінің саны мен сапасына сай алатын сыйы.
Жалақының екі түрі бар: мерзімді және кесімді. Мерзімді жалақы тиісінше екі түрге бөлінеді. Олардың біріншісі — жай мерзімді жалақы. Жалақының бұл түрі белгілі бір мерзім ішінде жұмыс атқарғаны үшін айлықақы (оклад) немесе тарифтік ставка түрінде төленеді. Жалақы төлеудің бұл жүйесі кең таралмаған. Екіншісі — мерзімдік-сыйақы түріндегі жалақы. Бұл — жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы ретінде төленеді. Жалақының бұл түрі еңбек өнімділігін, өндіріс тиімділігін, жұмыстың және өнімнің сапасын арттыруга септігін тигізеді.
Жұмыссыздық. Жұмыссыздық нарықтық экономиканың ажырамас нышаны болып табылады. Жұмыс-сыздык деп экономикалық белсенді тұрғындардың уақытша жұмыспен шұғылданбауын айтамыз. Бұл құбылыстың себептері көп.
Біріншіден, жаңа технологиялар мен жабдықтарды енгізу сияқты экономикадағы құрылымдық жылжулар артық жұмыс күшін қысқартуға итермелейді.
Екіншіден, экономикалық тоқырау немесе депрессия жұмыс берушілерді барлық ресурстарға, соның ішінде жұмыс күшіне де, қажеттілікті төмендетуге мәжбүр етеді.
Үшіншіден, еңбекке ақы төлеу жөніндегі мемлекет пен кәсіподақтардың жалақының төменгі деңгейін көтеруді талап еткен саясаты өндіріс шығынын арттырады және сонысымен жұмыс күшіне деген сұранысты азайтады.
Төртіншіден, экономиканың жекелеген салаларындағы маусымдық өзгерістер.
Бизнес және кәсіпкерлік. Бизнестің ең қарапайым айқындамасын осы терминнің өзінің этимологиясынан туындатуға болады. "Бизнес" сөзі ағылшын тілінен (business) аударғанда "іс" деген ұғымды білдіреді.
Алайда бизнес тек іс қана емес, бұл адамдар арасындагы немесе іске қатысушылар арасындагы іскерлік қатынастар. Іске қатыса отырып, адамдар іскер, екінші сөзбен айтқанда, бизнесші болып шығады.
Бизнес іскер адамдардың бәрін тартатын, олардың қызметтерін бір тұтастықка кіріктіретін жүйе ретінде көрініс береді.
Бизнес субъектілері:
өзінің тәуекелшілдігімен, экономикалық және заңды жауапкершілігімен іс-әрекетті бар ынтасымен жүзеге асырушы кәсіпкерлер;
кәсіпкерлер ұжымдары және кәсіпкерлер ассоциациялары;
жеке және ұжымдық тұтынушылар (кәсіпкерлер ұсынатын өнімді, жұмысты, қызметті), сонымен қоса, тұтынушылар одақтары мен ассоциациялары;
келісіммен немесе өзге негізде жалдану арқылы еңбек қызметін іске асыратын жұмыскерлер.
Бекіту кезеңі:
Адамның экономикадағы рөлін қалай түсінесіздер?
Еңбек ұғымына сипаттама беріңіздер.
Жалақының қандай түрлері бар, олар қалай тағайындалады?
Жұмыссыздық деген не, оның пайда болу себептерін атаңыздар.
Сабақты қорытындылау: Кәсіпкерлік деп кейбір адамдардың қоғамға қажетті тауарлар өндіру үрдісінде жерді, еңбекті және капиталды оңтайлы ұштастыра отырып, коммерциялық кәсіпорындар ұйымдастыру қабілеттерін айтамыз.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §15, 64-69 б.б.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық |
||
Сынып: 9 |
Сабақ: 14 |
Күні: |
Тақырыбы: Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып: 9 б Сабақ: 16 Күні:
Тақырыбы: _Қайталау «Адам және экономика»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың меңгеруге тиісті білім білік деңгейлерін тексеру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ.Қайталауға арналған сұрақтар:
Даралыққа сипаттама беріңіздер.
Қоршаған ортада абсолютті тең бөлшектердің болуы мүмкін емес екендігін негіздеңіздер.
Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
Қызметтің тұрапттары мен түрлері қандай?
Адамның іс-әрекетіне себепші болатын факторларды атаңыз?
Өмірдің мәні неде?
Бақыт дегенді қалай түсінеміз?
Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар деп ойлайсыздар?
Қоғам және оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңізді қысқаша тұжырымдаңыздар.
Адамдар қауымдастықтарының ұлтқа дейінгі формалары мен ұлт арасындагы мәнді айырмашылық неден көрініс береді?
"Халық" және "тұрғын" ұғымдарына қысқаша сипаттама беріңіздер.
Мемлекет деп нені айтамыз?
Мемлекеттің түрлеріне, тарихи тұрпаттарына сипаттама беріңіздер.
Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар деп ойлайсыздар?
Қоғам және оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңізді қысқаша тұжырымдаңыздар.
Адам мен адам, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындагы байланыстардың мәні неде?
Қазіргі Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Ақша қандай кызмет атқарады?
Тауардың құны мен бағасының арасындагы айырмашылықты атаңыздар.
Ұсыныс пен сұраныс заңын тұжырымдаңыздар.
Монополия мен бәсекенің айырмашылығы неде?
Адамның экономикадағы рөлін қалай түсінесіздер?
Еңбек ұғымына сипаттама беріңіздер.
Жалақының қандай түрлері бар, олар қалай тағайындалады?
Жұмыссыздық деген не, оның пайда болу себептерін атаңыздар.
Сабақты қорытындылау: Адам және экономика тараулары бойынша біз сіздермен қарастырдық
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § өткенді қайталау
Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып: 9 б Сабақ: 17 Күні:
Тақырыбы: _Тоқсандық сынақ «Адам және экономика»

ІІІ.Тоқсандық арналған сұрақтар:
Жеке адамның қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?
Өмірдің мәні неде?
"Халық" және "тұрғын" ұғымдарына қысқаша сипаттама беріңіздер.
Мемлекет деп нені айтамыз?
Жалақының қандай түрлері бар, олар қалай тағайындалады?
Ақша қандай кызмет атқарады?
Тауардың құны мен бағасының арасындагы айырмашылықты атаңыздар.
Адамның экономикадағы рөлін қалай түсінесіздер?
Еңбек ұғымына сипаттама беріңіздер.
Жұмыссыздық деген не, оның пайда болу себептерін атаңыздар.
Ақша қандай кызмет атқарады?
Тауардың құны мен бағасының арасындагы айырмашылықты атаңыздар.
Ұсыныс пен сұраныс заңын тұжырымдаңыздар.
Монополия мен бәсекенің айырмашылығы неде?
Адамның экономикадағы рөлін қалай түсінесіздер?
Еңбек ұғымына сипаттама беріңіздер.
Жалақының қандай түрлері бар, олар қалай тағайындалады?
Жұмыссыздық деген не, оның пайда болу себептерін атаңыздар.
Қоғам жөне оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңізді қысқаша тұжырымдаңыздар.
Адамдар қауымдастықтарының ұлтқа дейінгі формалары мен ұлт арасындагы мәнді айырмашылық неден көрініс береді?
Сабақты қорытындылау: Адам және экономика тараулары бойынша біз сіздермен қарастырдық
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § өткенді қайталау
Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып: 9 б Сабақ: 18 Күні:
Тақырыбы: _Қорытынды қайталау «Адам және экономика»

Сынып: 9 б Сабақ: 19 Күні:
Тақырыбы: Қоғамның әлеуметтік құрылымы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Құрылым (лат. structurи— құрылу) — жүйені құрайтын элементтердің реттілік формасы. Тұтастықтың қандайы болса да, белгілі бір құрауыштардан құралады. Ол құрауыштар бір-бірімен органикалық байланыста, тұрақты қатынаста болып отырады. Ал құрылым сол байланыстар мен қатынастардың бірлігі ретінде көрініс береді. Қазақстанның әлеуметтік құрылымы деп бүкіл ел азаматтарының түрлі белгілеріне қарай, бір-бірімен тұрақты қатынаста болатын топтарға жіктелуін айтамыз.
Қоғамды құрайтын әлеуметті тұрған жеріне қарай — қалалықтар және ауылдықтар; жасына қарай — балалар, жастар, орта жастағылар, кәрілер; жынысына қарай—ерлер, әйелдер; меншікке қатынасына қарай — байлар, кедейлер; кәсібіне қарай — фермерлер, жұмысшылар, кәсіпкерлер; біліміне қарай — зиялылар, жұмысшылар, шаруалар ("ақ жағалылар", "көк жағалылар");
Ұлтына қарай — қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, ұйғырлар, корейлер, өзбектер, поляктар, түріктер т.б. толып жатқан топтарға жіктеуге болады.
Топтар өздерін құраған адамдардың сандық мөлшеріне қарай — макротоптар және микротоптар болып бөлінеді. Макротоптареа (грек, makros — үлкен) — бүкіл қоғам, өркениет, ұлт сияқты ірі әлеуметтік тұтастықтар мен жүйелер жатады. Қазақстан халқы немесе қазақ ұлты макротоптардың мысалы бола алады. Микротоптарға (грек, mikros — кіші) — адамдардың бірігіп өмір сүруі мен еңбек ету үрдісінде құрылатын шағын топтар кіреді.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы. Қазіргі Қазақстан қоғамын құрайтын адамдар топтарын өзге өркениетті елдердегідей негізінен үш тапқа — жоғары тап, орта тап, төменгі тап деп бөліп қарастыру қабылданған. Оларға аса ірі меншік иелері, табысы мол мемлекеттік шенеуніктер кіреді.
Орта тап өкілдері қоғамдағы орны мен қызметінің алуан түрлілігіне орай қанағаттанарлық материал-дық деңгейде өмір сүреді. Ел тұрғындары арасындағы сандық үлесінің басымдығына, құрылымының күрделілігіне орай, орта таптың өзі: жоғары орта тап, ортаңғы орта тап және төменгі орта тап болып үш қабатқа жіктеледі.
Төменгі тап деп табыстары "тұтыну себеті" көрсет-кішінен көп аса қоймайтын, көпшілік жағдайда ол кемерден олқы түсіп жататын адамдардан тұратын әлеуметтік топтың айтамыз. Олардың арасында баспанасы бар не жоқ, түрлі төлемдерді әрең өтеп немесе өтей алмай жүрген, табыстары отбасы мүшелерін киіммен, тамақпен қамтамасыз етуге әрең жететін немесе жетпейтін азаматтар басым болады.
Тұрғындардың әлеуметтік қамтамасыз етілуі. Әлеу-меттік өмір аясы деп материалдық игіліктерді болу жолымен мемлекеттің әлеуметтік саясаты жүзеге асырылатын адамдар қауымының өмірлік қызмет аренасын айтамыз. Адамдардың материалдық-тұрмыстық мәселелеріне қатыстының бәрі қоғам өмірінің осы аясында шешіледі. Мемлекет қоғамның еңбекке қабілетсіз мүшелерін — жалғызбасты, ауру адамдарды, тағдырдың тауқыметімен асыраушысынан айырылғандарды, жетімдер мен мүгедектерді баспанамен, тамақпен, киіммен қамтамасыз етеді, медициналық және қызметтің басқа түрлерін көрсетеді, осы мәселелерді өз міндетіне алып, шешіп отырады. Қазіргі Қазақстан қоғамындагы әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең күрделісі — зейнеткерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету болып отыр.
1998 жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасында жаңа зейнет заңын енгізуге алып келді. Бұл заң бойынша жұмыс істейтін әр адам өзінің айлык жалақысының 10%-ын жеке зейнет қорына аударып отырады. Зейнет қоры азамат зейнетке шыққан кезге дейін жиналады. Жаңа заң бойынша зейнет жасы ерлер үшін — 63, әйелдер үшін 58 жас болып белгіленген.
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 16
Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып: 9 б Сабақ: 20 Күні:
Тақырыбы: Орта тапты қоғам
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Орта тапты қоғам туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Әлеуметтік саясаттың мақсаты. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты мақсаты — қоғамның әр мүшесін материалдық жағынан алаңсыз өмір сүретіндей деңгейде қамтамасыз ету болып табылады. Әр азамат өзінің қалыпты өмір сүруі мен денінің саулығына қажеттінің бәріне ие болуы керек. Олардың бастыларына жеткілікті мөлшердегі және жоғары кенеулі тамақ, замандастарынан кем түспейтін киім, жайлы баспана, жеке көлік, зиялы болса, шығармашылык жұмыс істеуге қажетті жабдықтар жатады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының түпкілікті мақсаты — орта тапты қоғам құру. Республика экономикасы дағдарыстан шығып, орнықты даму жолына түскеннен бастап, орта тап өкілдерінің саны да артып, кірісі де молая беруі тиіс.
Орта тапты қоғам деп мүшелерінің басым көпшілігі белгілі бір деңгейде материалдық және рухани қамтамасыз етілген қоғамды айтамыз. Орта тапты қоғам құруды әлеуметтік нысана етіп алудың қисыны осыдан туындайды. Демек, ондай қоғамның әлеуметтік құрылымына қатысты басты шарт — орта тап ел тұрғындарының басым көпшілігін құрайтындай болуы керек. Таңдаған кәсібімен айналысуға, шығармашылық жұмыс істеуге, отбасымен бірге жоғары деңгейде өмір сүруге мүмкіндігі бар адам қоғамның іргетасын шайқалтатын бұқаралық наразылықтарға қосылмайды.
Орта тапты қоғам құрудың кепілі — шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Өйткені орта және шағын кәсіпкерлік мемлекет экономикасының негізі ғана емес, халықтың басым көпшілігін құрайтын ең қалың әлеуметтік қабат болып табылады.
Әлеуметтік мобилъділік ұғымы адамдардың қоғамда қалыптасқан таптар мен қабаттар жүйесінде еркін орын ауыстыруын білдіреді. Адамдар өмір бойы бір таптың немесе топтың тұрақты өкілі болып қала алмайды. Адамдар өмірінің өзгеруіне толып жатқан факторлар әсер етеді. Адамдар білім алады, мамандықтарын өзгертеді, мемлекеттік лауазымдарға ие болады. Соның нәтижесінде адамдардың әлеуметтік ортадағы мәртебесі өзгеріп отырады.
Әлеуметтік мобильділіктің тік (вертикаль) және көлденең (горизонталь) қозғалу бағыттары болады. Кедей адамның байып кетуі немесе байдың кедейленіп қалуы; жұмысшының оку орнын бітіріп, дипломды маман болуы, сонан кейін өкілетті органдардың депутаттығына сайлануы; лауазымды адамның жауапқа тартылып, істі болуы — мобильділіктің тігінен қозғалу бағыттарына жатады. Көлденең қозғалу бағытына белгілі бір тап немесе топ өкілінің бұрынғы табыс көлемін сақтап, сол әлеуметтік мәртебесінде қала отырып, мамандыгын немесе кәсібін өзгертуі жатады.
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 17
Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып: 9 б Сабақ: 21 Күні:
Тақырыбы: Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан қоғамының ұлттық-этностық құрамы туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:Автохтонды ұлт және диаспоралар. Саяси құрылуы жағынан унитарлы мемлекет болғанымен, Қазақстан аумағында жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрып, еңбек етеді. Солардың ішінде мемлекеттің ұйытқысы, елді біріктіруші және оның саяси-әлеуметтік мәртебесін айқындаушы фактор ретінде көрінетіні — қазақ халқы.
Қазақстан үшін қазақтар — автохтонды ұлт. Өйткені олар этногенетикалық аумақта тарихи қалыптасқан, ежелгі дәуірден бері осында тұрып, өмір сүріп келе жатқан халық.
Кеңес билігі жылдарында өз жерінде ұлттық азшылық жағдайына ұшырап, "мың өліп, мың тірілген" қазақ халқы мемлекеттік тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезде республика тұрғындарының ішінде үлестік басымдыкка қол жеткізді. Қазіргі кездегі (2005 ж.) деректер бойынша, Қазақстанда тұратын Бұл бағытта мемлекет тарапынан бірнеше рет шағын несие таратылды.
Ұлтаралық қатынастар. Қазақстан мен Ресей арасындағы ұлтаралық қатынастарға Қазақстандағы орыс және Ресейдегі қазақ диаспоралары мәселелері — олардың азаматтық құқықтарын тең қорғау, ұлттык мәдениеттерін өркендету, тілдерін дамыту, дәстүрлері мен ғұрыптарын сақтау, қажет еткендеріне ерікті түрде тарихи отандарына оралуына жағдай жасау мәселелері кіреді.
Ұлт пен мемлекет сөздерінің көпшілік жағдайда бір ұғымды білдіруі — дүниежүзілік беталыс. Бұл өте дұрыс және болашақтық бағыт. Қазақстандағыдай көп ұлттылық жағдайында ешкімді ұлтына, ұлысына қарап алаламай, иық тіресе еңбек етіп, демократиялы, құқықты қоғам құруға жұмыла кірісудің маңызы зор. Кейінгі жылдарда Қазақстанда тұрған орыстар, украиндар, немістер, поляктар өз тарихи отандарына көшіп кете бастады. Бұл — ұлттық мемлекеттің келешегі үшін өте тиімсіз құбылыс. Өйткені тарихи отандарына қайтып кеткендер арасында ғалымдар, жоғары білікті мамандар, өз ісінің нағыз шеберлері, кәсіпқойлар көп еді.
Этносаралық қатынастар. Әлеуметтік мәселелерді қозғаған ғылыми-публицистикалық әдебиеттерде этнос (грек, ethnos—топ, тайпа) термит жиі қолданылады. Ол баста адамдар қауымдастығының тұрақсыз формалары — ру, тайпа, ұлыстарды білдірген бұл сөз, кейінірек ұлт ұғымында да қолданыла бастады. Отандык әлеумет-танушы ғалымдардың дені қазір этнос ұғымына республикада тұратын автохтонды ұлттан өзге этностық топтар мен диаспоралардың жиынтығын сыйғызады. Сонда этносаралық қатынастар дегеніміз — осылардың өзара қарым-қатынасы дегенді білдіреді.
Этносаралық қатынастарға түрлі диаспоралар өкіл-дерініц ел ішіндегі өзара байланыстары жатады. Қазір Қазақстанда украиндардың, татарлардың, түріктердің, немістердің, шешендердің, ингуштердің т.б. ұлт диаспораларының ұлттық-мәдени және тарихи ұйымдары мен орталықтары жұмыс.
Қазақстандық отаншылдық. Қазақстан Республикасы — өз аумағында тұратын барлық азаматтардың ортақ Отаны. Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазакстанды өз Отаным деп есептейтін барлық азаматтарды ұлтына, нәсіліне, тұрған жеріне, кызметіне, байлығына, жынысына, діни нанымдарына қарамастан, заң алдында тең субъект ретінде қарастырады және тең дәрежеде қорғайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: "Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан мемлекетінің көз-деп отырған аса маңызды идеологиялық міндеті — қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру" деп жариялаган болатын.
Жалпықазақстандық отаншылдық дегеніміз — шын мәніндегі ұлттық сүйіспеншілікке қайшы келмейтін түрлі ұлт адамдарының республика жерін мекендеген этностар тағдырының тұтастығын, гүлдену мүмкіндігін терең ұғынуы.
Бекіту кезеңі: