- •Адам мәселесі
- •"Адам" ұғымы
- •Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар
- •4)Меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
- •Қызметтің сипаты
- •Адамның қызметінің мақсаты
- •Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар
- •Қоғамды құраушы бөліктер.
- •Қоғамдық қатынастар.
- •Қоғамдық қатынастардың мазмұны
- •Өмірдің мөні неде?
- •Бакыт дегенді қалай түсінеміз?
- •1. Мемлекет деп нені айтамыз?
- •Мемлекеттің түрлеріне, тарихи тұрпаттарына сипаттама беріңіздер.
- •Қоғамдық өмір аяларын атаңыздар.
- •Материалдық игілік өндірудің түпкі мақсаты
- •Еңбек нарқы, жалақы.
- •Бизнес және кәсіпкерлік
- •Қазақстанды мекен еткен ұлт және этностарға сипаттама беріңіздер.
- •Қазақ жеріне коныс тепкен түрлі этнос өкілдерінің осында келу тарихына көңіл аударыңыздар.
- •Автохтонды ұлт, диаспора, этнос терминдерінің қысқаша анықтамасын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
- •Адамдар өздерінің бірлескен қызметінде бірінің үстінен бірі билік жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?
- •Тарих сабақтарынан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, халық үғымына қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар.
- •Қайткенде халық өзінің қуатын сақтап қалады, өзін-өзі қорғай алатын күшке айналады?
- •Мемлекеттің атқаратын функцияларын өз сөздеріңізбен қысқаша тұжырымдап, дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.
- •Басқарудың президенттік республика мен парламенттік республика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңыздар.
- •Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы және тәуелсіздігі деген ұғымдар нені білдіреді?
- •7 )Ойын сабағы;
- •Өкілеттігі бар адамның заңды қолдануы.
- •Азаматтардың Конституция мен заңдарда тұжырымдалған, өздеріне берілген құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білуі.
- •Азаматтардың заңда белгіленген талаптардьі сақтауъи
- •Азаматтардың өздеріне тиесілі міндеттерді бұл-жытпай орындап отыруы.
Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы және тәуелсіздігі деген ұғымдар нені білдіреді?
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 28
Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып: 9 б Сабақ: 31 Күні:
Тақырыбы: І жартыжылдық сынақ «Әлеуметтік, қоғам саясаты»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Сынаққа арналған сұрақтар:
Қазақстанды мекен еткен ұлт және этностарға сипаттама беріңіздер.
Қазақ жеріне коныс тепкен түрлі этнос өкілдерінің осында келу тарихына көңіл аударыңыздар.
Автохтонды ұлт, диаспора, этнос терминдерінің қысқаша анықтамасын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
Адамдар өздерінің бірлескен қызметінде бірінің үстінен бірі билік жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?
Тарих сабақтарынан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, халық үғымына қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Қайткенде халық өзінің қуатын сақтап қалады, өзін-өзі қорғай алатын күшке айналады?
Мемлекеттің атқаратын функцияларын өз сөздеріңізбен қысқаша тұжырымдап, дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.
Басқарудың президенттік республика мен парламенттік республика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңыздар.
Саяси партия мен қоғамдық ұйымдардың арасындағы ұстанымды айырманы атаңыздар.
Қазақстанның саяси сахнасында әрекет ететін саяси партияларды атаңыздар және оларды мәтінде аталған түрлер бойынша саралаңыздар.
Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы және тәуелсіздігі деген ұғымдар нені білдіреді?
Демократиялық режімдер жағдайындағы БАҚ-тың қызметін әңгімел еңіздер.
Бұқаралық ақпарат құралдарын, әдетте, "төртінші билік" деп атайды. Оның мәні неде деп ойлайсыздар?
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер
Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып: 9 б Сабақ: 32 Күні:
Тақырыбы: Қорытынды қайталау сабағы «Қоғам саясаты»
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Қайталауға арналған сұрақтар:
Құрылым деген не?
Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы қандай?
Қазақстан Республикасының Зейнет ақы туралы не білесің?
Орта тап қоғамы деген не?
Ұлт және диаспора деген не?
Ұлтаралық қатынастар деген не?
Этноаралық қатынастар деген не?
Отбасы басты мақсаты қандай?
Неке туралы не білесің?
Моногамды және полигамия отбасы деген не?
Отбасының атқаратын функциясы қандай?
Саясат деген не?
Саяси жүйе деген не?
Демократия ұғымы
Мемлекеттік функциялары қандай?
Мемлекетті басқару формасы қандай?
Унитарлы мемлекет
Саяси партиялар туралы не білесің?
Саяси партиялардың атқаратын қызметі қандай?
Саяси мәдениет деген не?
Егемендік және тәуелсіздік дегенді қалай түсіненсің?
Құқықтық мемлекет
Әлеуметтік мемлекет
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер
Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып: 9 б Сабақ: 33 Күні:
Тақырыбы: Құқық туралы жалпы түсінік
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Құқық туралы жалпы түсінік туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Қоғамда өмір сүретін адамдардың өздерін ұстау ережелерінің жиынтығын әлеуметтік нормалар дейміз (грек. socitas — қоғам, лат. norma — ереже, үлгі).
Құқықтық нормалар. Құқыктың пайда болуы мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты. Мемлекет тарапынан бақылауға алынған, нормативтік актілерде нақтыланған, орындалу тетігі қалыптастырылған нормалар болғандықтан, құқық ережелерін сақтау мемлекеттің барлық азаматтары үшін міндетті болып табылады. Құқұық дегеніміз — мемлекет тарапынан заңдастырылған және қорғалатын, жалпыға бірдей міндетті нормалар жүйесі.
Құқық негіздеріне мемлекеттің басты негізгі заңы — Конституциясы, салалық заңдары және басқа құқық нормалары тұжырымдалған мемлекеттік нормативті актілері жатады. Құқықтың мазмұны құқықтык нормалардың жиынтығынан тұрады.
Құқықтың ерекшелігі — оның нормалары бұзылған жағдайда кінәлінің заңды жауапқа тартылатынында. Ал моральдық тәртіпті бұзғаны үшін адам заңды жауапкершілікке тартылмайды, бірақ көпшіліктің назарына ілігеді, айналасына жағымсыз пікір туғызады.
Діни нормалар. Түрлі діндердің міндеттелетін қағидалары, ережелері, салттары болады. Діни нормалардың қайнарлары — Құран, Библия басқа қасиетті кітаптар. Кейбір елдерде діни нормалардың заңды күші бар.
Ғұрып нормалары деп ұзақ уақыт бойы адамдар арасындағы қатынастарды реттеу үшін қолданылып келген ұстану ережелерін айтамыз. Олардың кейбіреулері мемлекеттің араласуынсыз қоғамда қалыптасып кеткен. Мұндайда ғұрып нормаларын бұзуға қоғам тарапынан да, мемлекеттік органдар тарапынан да мәжбүрлеу қолдануға түрткі болуы мүмкін.
Кортюративтік нормалар қоғамдык ұйымдардың жарғыларымен, ережелерімен, басқа актілерімен орнатылады. Корпоративтік нормалар тек олардың өздерінің құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін айқындайды. Корпоративтік нормалар саяси партиялардың, кәсіподак және жастар мен балалар ұйымдарының, әскердің, полицияның жарғыларында жазылады.
Мемлекет пен оның органдары тарапынан құқыктық нормалардың орындалуы, заңдардың бұзылмауы қадағаланды. Құқыктық тәртіпті қорғайтын, заңды бұзушыларды жауапқа тартатын арнаулы органдар — полиция, сот, прокуратура, әскер құрылды.
Құқық жүйесі үш құрауыштан — құқықтан, құқыктық идеологиядан және құқықтық мекемелердің қызметінен тұрады. Құқық — мемлекет тағайындаған және мемлекетте әрекет ететін құқық нормаларының жүйесі. Құқықтық нормалар тек заңдардан ғана тұрмайды, басқа нормативтік құқыктық актілерде де көрсетіледі. Мемлекеттік органдарға нормативтік құқыктық актілер қабылдау құқығы берілген. Президент — нормативтік жарлықтар, Үкімет — нормативтік қаулылар, министрліктер — нормативтік бұйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар — нормативтік шешімдер қабылдайды.
Құқық және заң. Құқық жүйесінде заңдар ерекше орын алады. Заңға мемлекеттік биліктің жоғары органы — парламент қабылдаған нормативтік актілер жатады. Заң — ең жоғары юрисдикциялық күш. Заңдар адамның құқықтық мәртебесін анықтайды.
Капитализм тұсында ғана жұмысшылар мен шаруалар азаматтық мәртебеге ие болды, бірақ өмір сүру үшін олар жеке кәсіпкерлерге жалданды.
Француз революциясының негізгі құжаты — "Адам мен азамат құқықтарының декларациясы" (1789) тарихта тұңғыш рет азаматтардың заң алдындағы теңдігін, жеке адамның бас бостандығын жариялады
Бекіту кезеңі:
Әлеуметтік норма мен құқықтық норма ұғымдарының арасын ажыратып көрсетіңіздер.
Құқық пен заң арасында қандай байланыс бар?
Діни нормалардың ерекшеліктері қандай?
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 29
Пән: Адам, қоғам, құқық
Сынып: 9 б Сабақ: 34 Күні:
Тақырыбы: Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Түркі құқықтық жүйесінің негіздері. Қазақ халқының мемлекеті мен құқықтық жүйесі Қазақстанның ұлан-ғайыр өлкесін мекендеген көшпелі тайпалар — сақтардың, олардан кейінгі үйсіндер мен қаңлылардың қоғамдық құрылысындағы әскери демократиялық үрдістерден бастау алады. Мысалы, біздің заманымыздың бас кезінде Қазақстан жерін қоныстанған ғұндардың жоғарғы өкімет билігі рубасылар кеңесінде болды. Кеңес патшаға бағынды. Мемлекет белгілі деңгейде қалыптасқан құқықтық нормаларға сүйеніп жұмыс істеді.
"Төру" ұғымы XVI ғасырға дейін қолданылып келді де, соның негізінде "Төре бітігі" деп аталатын заңдар жинағы қабылданды. Бұл жинақ армян әрпімен жазылған. Құқықтық акт мағынасындағы "төру" ұғымы осман түріктері мен Венгриядағы мадиярларда сақталып қалған.
Түрік қағанатында экономика мен сауданың дамығандығы "тауар" деген ұғымның қалыптасуынан көрінеді. Бұл сөз XIII ғасырдағы түркі ескерткіштерінде кездеседі. Қазір де "тауар", "табыс" дегенді білдіретін бұл сөз М.Қашқаридың сөздігінде "мал-мүлік", "өндірілген өнім" деген ұғымдарды білдіретіні айтылады. Тауарға байланысты қатынастар заңмен реттеліп отырды. Тауарды сатуға, сатып алуға, біреуге мұра етіп қалдыруға болатын еді.
1206 жылы тарихқа танымал заңдар жинағы — "Шыңгыс ханның жасасы" пайда болды. Бұл заң жаулап алынған елдердің бәріне қолданылып, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастарын реттеді. Әр өлкеде хан тұқымынан шыққандар билейтін ұлыстар құрылды. "Жаса" бойынша басыбайлық тәртіп орнатылды. Әскери және құқықтық тәртіпті бұзушыларга өлім жазасы қолданылды. Біртұтас салық жүйесі белгіленді.
Ұлттық құқықтық жүйенің орнығуы. Қазақ халқының ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы XV ғасырдың орта шенінде қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі Жәнібектің — баласы Қасым хан есімімен байланысты. Қасымның тұсында Қазақ хандығы күшті мемлекетке айналды.
"Қасым ханның қасқа жолы" бес бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде малға, мүлікке және жерге байланысты қатынастар баяндалады. Екінші бөлімде түрлі қылмыстар мен оларға қолданылатын жазалар тұжырымдалған. Үшінші бөлім — әскери қызмет атқару ережелеріне және әскер тәртібін бұзушыларға берілетін жазаларға арналған. Төртінші бөлімге елшілік қатынастарды реттейтін нормалар — елшілерді тағайындау, басқа елдердің елшілерін қабылдау, шет мемлекеттер өкілдерімен келіссөз жүргізу рәсімдері енгізілген. Соңғы — бесінші бөлімде аруақтарға арнап ас беру, түрлі той-думандар, тағы басқа дәстүрлі шараларды өткізу тәртібі айтылады.
Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқыктық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім хан болды. Ол әскери міндетті атқару ережелерін күшейтті, әскер тәртібін бұзушыларға қолданылатын жазаны қатайтты. Бұл жоңғарлардың шапқыншылық әрекеттерінен қорғану қажеттігінен туындаған еді. Қалған мәселелерде Есім хан бұрынғы құқықтық ғүрыптар мен заңдарды сақтап қалды. Сондықтан оған халық "Есім ханның ескі жолы" деген ат берді.
Қазақтың құқық жүйесіне келесі елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680—1715) болды. Ол "Жеті жарғы" деп аталған, өзіндік бір кодекс пішініндегі құқықтық нормалардың сындарлы тұжырымдарын жасады. "Жеті жарғыда" бірсыпыра жаңа, прогресті құқықтық ережелер бар.
Кек алудың "қанға — қан" деген түріне тыйым салынды. Кісі өлтірген немесе соққыға жығып, денеге жарақат түсірген жағдайда төленетін күнның мөлшері нақтыланды. Билік басындағы сұлтандар мен билердің өктемдігіне шектеу қойылды. Қоғамның кедей топтарының әлеуметтік жағынан қорғалуын қамтамасыз ететін құқыктық нормалар енгізілді. Байлар кедей туыстарына сауын беруге, көші-кон кезінде көлік жағынан көмектесуге тиісті болды. Апатты жағдайға ұшырап, күйзеліп қалған адамдарға көмектесу міндеттелді.
Құқықтың ұлттық нышандарының қандай элементтерін қазіргі құқық жүйесіне енгізуге болар еді деп есептейсіздер?
Қазіргі ұлттық құқықтық жүйеден орын алған мұсылмандық, монғолдық және қазақы элементтерді атаңыздар.
Сабақты қорытындылау: Тақырыпты пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 30
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 35 |
Күні: |
Тақырыбы: Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және олардың қорғалуы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары және олардың қорғалуы туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Адамның құқықтары мен бостандықтары туралы халық-аралық-құқықтық құжаттар жекелеген мемлекеттердің заңдарына ықпалын тигізіп отырады. Халықаралық құқық қорғау ұйымдарына мүше болып кірген ел халықаралық құқық нормаларын өз аумағында бұлжыт-пай орындап отыруға міндетті. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты сақтау ұйымына мүше болып кіргендіктен, осы ұйымдардың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау хақындағы құжаттарын мойындайды және оларда қойылатын талаптарды орындап отырады.
Қазақстан Республикасында адам құқыктары мен бостандықтарын айқындайтын құқықтық нормалар мен ережелер халықаралық құқыктың құрамдас бөлігі болып табылады. БҰҰ-ның Жарғысында "Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сөзсіз сақтау және тану әрбір мемлекеттің қүұметті борышы мен міндеті болып табылады" деп жарияланған. Осы Жарғыға сәйкес әрбір мемлекет өз аумағында тұратын барлық адамдардың құқықтары мен бостандыктарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге, адамды кемсітушілікке жол бермеуге тиіс.
Халықаралық құқықтың актілер Қазақстан Республикасындағы заң шығарудың қайнар көзі болып табылады. Қазақстан Республикасы халықаралық құқық қағидалары мен нормаларын құрметтейді және олардың негізгі қағидаларын іс жүзінде басшылыққа алады. Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетіміздің құқықтық жүйесін алықаралық құқыктық жүйенің құрамдас бөлігі деп таниды.
"Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы". БҰҰ-ның Бас ассамблеясы 1948 жылы "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын" қабылдаған болатын. Қазір бұл құжат өркениетті адамзат түгел мойындаған, адам атаулының бәріне бірдей, дүние жүзінің прогресшіл күштері түгел таныған, адам құқықтары туралы негізгі құжат болып табылады.
Декларация мәтінінен орын алған адам құқықтарын сипатына қарай үш топка жіктеуге болады. Бірінші топка адамдардың табиғи және тумысынан жазылған құқықтары жатады. Адамның өмір сүру құқығы, оның жеке басының бостандығы, құлдықтан азат болу құқықтары осының мысалдары. Әр адамның туылғаннан пешенесіне жазылған, қасиетті және қастерлі құқыктарына ешкімнің қол сұғуға қақысы жоқ. Адамды азапқа салуға, оған өрескел қаталдық көрсетуге немесе оның намысын қорлайтын шаралар қолдануға, оның жеке өміріне қол сұғуға тыйым салынады. Адамның арына, абыройына тиетін әрекеттерге, оның тұрғын орнына басып кіруге, мүлкіне қол сұғуға жол берілмеуі тиіс.
Екінші топқа азаматтыққа байланысты құқықтар мен бостандықтар жатады. Бұлар — адамның азаматтық алу, еркін жүру, тұрғылықты жерін таңдап алу, некеге отыру, отбасын құру, баспана иесі болу, ұждан бостандығы; шерулерге қатысу; мемлекет істерін басқаруға қатысу құқықтары.
Үшінші топка — экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жатады. Бұлар — адамның еңбек ету, өз қалауы бойынша жұмыс таңдау, еңбегіне сай ақы алу, меншік иесі болу, кәсіптік одақтарға бірігу, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына қатысу, демалу, білім алу, адамға лайық тұрмыс құру құқықтары.
1966 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы экономикалық, саяси және мәдени құқықтар туралы шарттар қабылдады. Бұл шарттар "Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының" ережелері негізінде қабылданды. Оларды жүзеге асырудың кепілдіктерін қарастыратын, адам құқықтарының сақталуын бақылап отыратын арнайы комитет құрылды. Бұл комитетке шартқа қосылған мемлекеттердің өкілдері сайланатын болды. Оған қатысушылар мемлекет ішінде адам құқықтарының қорғалуы жайында комитетке ұдайы баяндап отырады. Сонымен бірге комитет шартқа қосылған мемлекеттердегі адам құқығының қорғалу жайын өз тарапынан тексеріп отырады.
Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы.
Конституцияда, басқа да заңдарда аталған азаматтардың құқықтары мен бостандықтары оларға заңды мүмкіндіктер береді. Ол мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін кепілдіктер қажет. Кепілдіктер мемлекет тарапынан жасалып, оның қадағалауында, бақылауында болады. Соның негізінде әр азамат заңда көрсетілген құқықтарын өзінің, халқының игілігіне пайдалана алады.
Азаматтарда сот арқылы қорғайтын құқық пен бостандықтан басқа да құқық пен бостандықтар бар. Оларға еңбек ету, білім алу, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық сақтау құқығы мен бостандығы жатады.
Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу кепілдіктері. Азаматтардың құқықтары мен бостандыктарына ең негізгі кепілдік — оның құқықтары мен бостандықтарына шек қоюшылықты болдырмау. Құқық пен бостандыққа шек қою немесе олардан айыру жағдайлары тек қана конституцияда көрсетіледі. Конституция бойынша адамды құқығы мен бостандығынан айыру немесе шектеу төтенше жағдайда және уақытша ғана қолданылады.
Азаматтардың құқығы мен бостандығына негізгі кепілдік беретіндер — өздеріне осындай міндеттер жүктелген және оны іс жүзіне асыратын мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар болып табылады. Барлық мемлекеттік органдар азаматтардың құқығы мен бостандығын пайдалануына жағдай жасау үшін құрылған. Олардың негізгі мұратының өзі сол — азаматтардың заңды құқыктарын қорғау үшін қызмет ету.
Бекіту кезеңі:
Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесіздер?
Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалу тетіктерін қалай жетілдіруге болады?
Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін органдарды атаңыздар.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §31
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 36 |
Күні: |
Тақырыбы: Азаматтық.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Азаматтық туралы жалпы түсінік. Азаматтық туралы мәселе — адам мен қоғам арасындағы қатынастарда ежелден маңызды орын алатын, әр елде әр түрлі көрініс беретін, үнемі құбылтуларға ұшырап отыратын, түрлі саяси жанжалдардың да ұйытқысы болып келген, аса күрделі мәселелердің бірі. Азаматтыққа қатысты мәселелер үнемі қақтығысқан жақтардың негізгі талас объектісі болып отырады. Мемлекеттің федерациялы немесе конфедерациялы құрылымдары үрдісінде азаматтыққа байланысты туындайтын шектесулер өте жиі ұшырасып отырады.
Азаматтық деп белгілі бір мемлекеттің заңдылықтарымен орнықтырылған құқықтарды пайдаланып, міндеттерді атқаратын, сондықтан да құқықтары мемлекет тарапынан қорғалатын адамның сол мемлекетке тәнділігін айтамыз. Басқарудың монархиялық формасындағы мемлекеттерде "азаматтық" орнына "бодандық" термині қолданылады.
Азаматтық алу және одан айыру тәртібі мемлекеттің заңдарымен реттеледі. Түрлі мемлекеттерде адамның дүниеге келе сала азаматтық алуы табиғилау немесе тамырландыру қағидаларымен жүзеге асырылады. Әдетте, тұмысынан азаматтық алу мәселесі екі қағидаға сүйеніп шешілуі мүмкін. Оның біріншісі — ұлттық немесе "қан құқығы" (jus sanguinis) деп аталынған қағидамен азаматтық алу. Мұндайда баланың азаматтығы, өзге жерде туылғанына қарамастан, оның ата-анасының азаматтығынан туындайды. Азаматтық алудың екінші түрі — аумақтык немесе "топырақ құқығы" (jus soli) делінетін ұстаным бойынша анықталады. Мұндай жағдайда баланың азаматтығы ата-анасының азамат-тығымен емес, туған жеріне (еліне) байланысты айқындалады.
Қазақстан Республикасындағы азаматтық — мемлекет ретіндегі Қазақстан Республикасы мен адам арасындағы олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіретін саяси-құқықтық байланысы болып табылады. Азаматтық мемлекет пен жеке адамның өзара тұракты қарым-қатынасы ретінде сипатталады. Азамат дегеніміз — мемлекетке тәнділігімен айқындалатын заңды тұлға. Соған орай Қазақстан Республикасы адам алдында жауапты, оның ел ішінде белгіленген құқықтары мен бостандықтарын мойындайды әрі оны қорғайды және республикадан тыс жерлерде де оны қорғап, қамқорлық жасауға кепілдік береді.
Қос азаматтық. Қазақстан мемлекетінің әлеуметтік негізін онымен тұрақты саяси және құқықтық байланысы бар азаматтар құрайды. Белгілі бір жағдайларда Қазақстан азаматы басқа бір мемлекеттің азаматтыгын қатар алуы мүмкін. Адамның мұндай жағдайы қос азаматтық деп аталады. Қазақстан Республикасының Конституциясы республика азаматының басқа бір мемлекетке азамат болғанын мойындамайды. Соған қарамастан, азаматтықтың пайда болуы жөніндегі өзге мемлекеттердің заңдарынан туындап жататын жағдайларға байланысты қос азаматтық пайда болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу және азаматтықтан шығу. "Қазақстан Республикасының азаматтық туралы" Заңы бойынша: осы заң күшіне енген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып танылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішті президент қарайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш мынадай жағдайларда қабылданбайды:
халықаралық құқықта қаралған, адамзатқа қарсы қылмыс жасағандар;
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шыққандар;
Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын бұзуға шақырғандар;
халықтың денсаулығынына, мемлекеттің қауіпсіздігіне қатысты заңды бұзғандар;
мемлекетаралық, ұлтаралық және діни өшпенділік отын тұтатқандар;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің атқаратын жұмысына қарсы шыққандар;
террорлық әрекеті үшін сотталғандар;
сот ерекше қауіпті деп таныған ауыр қылмыстылар;
— басқа мемлекетте азаматтығы барлар.
Азаматтықты куәландыратын құжат — куәлікпен төлқұжат болып табылады. Адам 16 жасқа толғанға дейін оның азаматтығы әкесі мен шешесінің біреуінің төлқұжатымен және өзінің тууы туралы куәлігімен расталады.
Бекіту кезеңі:
Азаматтық алу үрдісіндегі "қан құқығы" және "топырақ құқығы" ұстанымдарының қайсысы жән деп есептейсіздер?
Қос азаматтық туралы пікір алмасыңыздар.
Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш қандай жағдайларда қабылданбайды?
Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 32
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 37 |
Күні: |
Тақырыбы: Құқықтық мемлекет
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Құқықтық мемлекет туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Құқықтық мемлекет дегеніміз - құқық жүйесі қалыптасқан, заң бәрінен жоғары туратын, заң талаптарының барлық субъектілерге міндеттілігі қамтамасыз етілетін, мемлекеттік органдар мен мекемелердің қызметі тугелдей қабылданған заңдарға негізделіп жургізілетін мемлекет.
Құқықтық мемлекеттің белгілері. Құқыктық мем-лекеттің ең басты және айқын белгісі — заң бәрінен де жоғары тұрып, қоғамдық өмірде үстемдік етеді. Қоғамдық өмірдің барлық маңызды жақтары заң арқылы реттеліп отырады. Конституция бойынша заң шығарушы билік органы осыған ыңғайлап құрылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан Республикасының Парламенті қызметінің заң шығарушылық және оны жүзеге асырушылық сипаттары айқындалған. Парламент аса маңызды қоғамдык қатынастарды реттейтін, жеке және заңды тұлғалардың құқық субъектілігін айқындайтын, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік бола алатын, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ұйымдастырылуы мен олардың қызметінің сипатын көрсететін, мемлекеттік және әскери қызметтің мәніне қатысты қағидалар мен нормаларды белгілейтін заңдар шығаруы керек.
Заң шығару — парламенттің төл қызметі. Бұл миссиясын Парламент ешбір өзге органға бермеуі керек және өзінің шығарған заңдарымен, нормативтік актілерімен қоғам өмірінің негізгі жақтарын тегіс қамтуы керек.
Кейде заң шығару құқығының ел Президентіне уақытша берілуі құқықтык мемлекетте де болуы мүмкін. Қоғам өмірі өте күрделі, онда да түрлі алдын ала қарастырылмаған жағдайларға ұшырасып отырады. Саяси дағдарыстар кезінде парламент таратылып жіберілетін жағдайлар болады немесе парламент толық құраммен кезекті демалысқа шығарылады.
Құқыктық мемлекеттің тағы бір маңызды қағидасы — барлық мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғаларға заң талаптарының орындалуын міндеттеуі. Заңдардың өзін қабылдайтын мемлекет пен оның органдары болғандықтан, заң талаптарын орындаттыру міндеттерін де, алдымен, сол мемлекеттің өзі мойнына алуы керек.
Бұқараның құқықтық мәдениеті. Құқықтык мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі — азаматтардың заңдарды мүлтіксіз сақтауы. Азаматтар өз құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, заңдарды, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді жақсы білуі қажет. Ол үшін Конституцияны, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысы бар заңдарды, барлық нормативтік-құқықтың актілерді баспасөз бетінде жариялап отыру қарастырылған. Заңдарды баспасөз бетінде жариялау оларды қолданудың алғышарты болып табылады. Мұның азаматтарды құқықтық жағынан сауаттандыру үрдісіндегі маңызы зор. Конституциялық ереже азаматтардың құқықтары мен міндеттері нақты-ланған салалық актілердің мазмұнының жұртшылыққа жеткізілуін қамтамасыз етуді талап етеді.
Соттардың тәуелсіздігі. Құқықтық мемлекеттің келесі маңызды қағидаларының бірі — соттардың тәуелсіздігінің баянды етілуі болып табылады. Құқықтық мемлекетте сот мемлекеттік биліктің үш тармағының біреуі болып саналады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында жазылғандай, "судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады". Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді. Соттың ісіне қол сұғу, билігіне араласу заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.
Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 33
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 38 |
Күні: |
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылымы ме мазмұны
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясының құрылымы ме мазмұны туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Конституция — мемлекеттің Негізгі заңы. Адам қоғамының заңсыз өмір сүре алмайтыны белгілі. Дамыған демократиялы елдерде әрекет ететін заңдар мыңдап саналады. Сол заңдардың бәрінің бастау алар негізі — Конституция болып табылады.
Өркениетті қоғам конституциялық заңдылыққа бағына отырып дамиды. Мемлекет түрлері көп болса да, олардың бәріне ортақ белгілері болады. Конституцияда мемлекеттік құрылым түрлері (унитарлык, федерация немесе конфедерация), мемлекетті басқарудың (монархия елде республика) формалары анықталады, мемлекеттің жоғары органдарының құрылымы, азаматтардың негізгі құқыктары, бостандықтары мен міндеттері көрсетіледі. Мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы ретінде Конституция бүкіл заң шығару ісінің қайнар көзі болып табылады.
Конституция (лат. constitutio—құрылу, өкім) — қоғамдың және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттің Негізгі заңы.
Конституцияны жасауға саясатшылардың, философтардың, әлеуметтанушылардың, құқықтанушылардың, мәдениеттанушылардың, тарихшылардың, экономистердің, өзге де мамандық иелерінің және қарапайым халықтың бірнеше ұрпағы қатысады. Оның жасалу үрдісі кейде ондаған жылдарға созылуы мүмкін. Сондықтан мемлекеттік даналықтың жинақталған нышанының көрінісі ретіндегі Конституцияны қабылдау аса зор жауапкершілікті қажет етеді. Бүкіл қоғамның тағдырын айқындайтын Негізгі заң болғандықтан, Конституцияға өзгеріс енгізу реттілігі де өте қатаң және ондай әрекет жиі қайталана бермейді. Батыстың классикалық демократиялы кейбір елдері жүздеген жылдар бойы конституцияларын өзгертпей, орнықты өмір сүріп келеді.
1993 жылғы Конституцияның қабылдануы және оның мәні. 1991 жылы 16 желтоксанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық заң қабылдап, Қазақстанның халықаралық құқықтық субъект ретінде жария етілуі елдің тәуелсіздік мәртебесіне сай заңын — Конституциясын қабылдау қажеттігін туғызды. 1993 жылы 28 каңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының Негізгі заңы — Конституциясы қабылданды.
1995 жылғы Конституция. 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдум Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады. Онда мемлекеттік және қоғамдык құрылыстың ұйымдастырылуы жөне болашаққа бағдар ұстай отырып қызмет ету ұстанымдары белгіленген. Адамның азаматтың конституциялық мәртебесі, бүкіл халықтың мәртебесі, мемлекеттік билік пен мемлекеттің әлеуметтік базасының қайнар көзі ретіндегі адам мен азаматтың құқықтары, бостандықтары және міндеттері баян етілген.
Көп ұлтты Қазақстан қоғамының жағдайында "халық" деген ұғымға қазақ ұлтымен қатар барлық ұлттық диаспоралар мен этностар өкілдері де кіреді. Қазақ ұлты мемлекеттің, яғни бүкіл халықтың әлеуметтік базасының үйытқысы болғанымен, оған айрықша құқықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени артықшылықтар берілмейді.
Қазақ тілінің мемлекеттік мертебесін артықшылық деп санауға болмайды. Өйткені, ол қазақ тілінің табиғи құқығы. Егер Қазақстанның байырғы тұрғындары қазақтар бола тұра, ол халықтың тілінің мемлекеттік мәртебесі болмаса, онда ол тілді қолданушылардың құқығы табанға тапталған болып шығар еді.
Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы халық деп танылуы оның мазмұндык мәнін ашып береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы: "Біз... Қазақстан халқы... осы Конституцияны қабылдаймыз" деген сөздермен басталады. Қазақстан халқы оны референдумда қабылдады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толыктырулар республикалык референдум аркылы енгізілуі мүмкін. Былайша айтқанда, халык Конституцияны кабылдап кана коймайды, ол Консти-туцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені де шешеді. Референдум өткізу жөнінде шешімді Президент қабылдайды. Егер Президент Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу мәселесін Парламенттің қарауына беру туралы шешім қабылдаса, онда референдум өткізілмейді. 1998 жылы және 2007 жылы Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу осылай жүзеге асты.
Конституцияның құрылымы және мазмүны. Қазақстан Республикасының Конституциясы 9 бөлімнен, 98 баптан. Бөлімдер:
I бөлім "Жалпы ережелер"
IІ бөлім "Адам және азамат"
III бөлімде Президенттің,
IV бөлімде Парламенттің,
V бөлімде Үкімет
VI бөлімде Конституциялық Кеңес
VII бөлімде соттар мен сот төрелігі
VIII бөлімде жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX бөлімде қорытынды және өтпелі ережелер
Конституцияның маңызды ерекшелігі — ол бір жағынан, мемлекеттің, ал екінші жағынан, қоғамның Негізгі заңы болып табылады. Мұның өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретіндегі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі халыктың мәртебесімен байланысты.
Конституцияның жоғары заңдық күші. Қазакстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдык күші бар. Мүның мәні — мемлекеттік органдар кабылдайтын заңдар мен нормативтік актілер Конституцияға кайшы келмейтін болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болса да — жергілікті органдар да, орталык органдар да, кез келген лауазымды түлға, барлық азаматтар, олардың бірлестіктері Конституция қағидаларын сақтауы керек.
Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 34
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 39 |
Күні: |
Тақырыбы: Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адамның жеке бас бостандығы мен абыройы туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Адамның жеке бас бостандығы мен өмірі. Адамның басының қоғамдағы жағдайы — мемлекеттің даму деңгейін білдіретін көрсеткіш. Қазақстан Республикасының Конституциясында басқа заңдарында азаматтардың бас бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Егер өзінің өміріне, денсаулығына, қадіріне нұсқан келетін жағдай болса, адам мемлекеттік органдардан қорғаныс іздеуге, заң бойынша көмек сұрауға, президенттің өзіне шағым етуіне құқылы. Мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар азаматтың құқығына заңсыз қол сұғылуына жол бермеу шараларын қарастыруға міндетті.
Адамның ең қарапайым да табиғи қүқьны — өмір сүру күқығы болып табылады. ҚР Конституциясы бойынша ешкімнің өз бетінше азаматты өмір сүру құқығынан айыруға, адам өмірін жоюға хақысы жоқ.
Лауазымды адам — сот, тергеуші өзінің қызмет бабын пайдаланып, адам бостандығына заңсыз қол сүқса, ол өзінің өкілеттігін заңсыз қолданғаны үшін жауапқа тартылады. Айыпталушыдан күш жұмсау арқылы алынған айғақтың заңды күші болмайды.
Сот және тергеу жұмыстарында куәгердің көрсетуінің маңызы зор. Куәгер тергеу үрдісінде, сотта айғақ болудан бас тарта алады.
Ұждан бостандығының негізгі кепілдігі — діни бірлестіктердің мемлекеттен ажыратылуы. Мемлекет, оның органдары, лауазым иелері діни бірлестіктердің қызметіне араласпайды, нендей бір дінге немесе дінге сенбеушілерге артықшылық бермейді. Сонымен бірге Конституция діннің қоғамдағы орнын анықтап береді. ҚР Конституциясы бойынша республикада діни негіздегі партиялар құруға жол берілмеуі түрлі дінге сенушілердің өзара тыныштықта, татулықта болуын қамтамасыз етуге тиіс.
Адамның ары мен абыройы. Конституция адамныц өнегелі сапасы — оныц ары мен абыройын жоғары ұстайды. Барлық халықтарда да ар мен абырой кісінің жоғары бағалайтын құндылықтарының бірі саналады. Қазақ халқының "малым — жанымның садағасы, жаным — арымның садағасы" деген мақалы да арды аса қастерлеуінің көрінісі болып табылады. Адамгершілікке негізделген қоғамда ар мен намыс заң жүзінде қорғалады.
Заң бойынша, біреуді қорлау — қылмыс деп танылады. Тіл тигізу — жалпы адамзаттық ұстаным қағидасынан алып қарағанда, адамның қадірін қорлау болып табылады. Заң жеке адамның арын, ұжданын және абыройын қорғаумен бірге, оның өміріне басқа біреудің озбырлық жасауына да жол бермейді.
Тұрғын үйге полиция қызметкері "қылмыс жасады" деген күдікті адамның ізіне түскенде және қылмыскер қоғамдық тәртіпке, адамның қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайда ғана кіре алады.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 35
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 40 |
Күні: |
Тақырыбы: Саяси құқықтар мен бостандықтар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға саяси құқықтар мен бостандықтар туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Азаматтардың сайлау және сайлану құқықтары. Азаматтардың саяси құқықтары мен бостандықтарына азамат пен мемлекет арасындағы қатынастардан туындайтын, азаматтың билікке қатысу жағдайларының айқындалуынан көрініс беретін құқықтар мен бостандықтар жатады. Олар басқару және демократия мәселелерімен тығыз байланысты. Азаматтардың ауыл, аудан, облыс, республика көлеміндегі саяси оқиғаларға араласу, мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндіктері неғұрлым мол болса, қоғамның демократиялану ауқымы да соғұрлым кең деп санауға болады. Демократиялық мемлекет құру мақсатымен Қазақстан азаматтарының саяси маңыздағы кең көлемдегі құқығына, бостандықтарына кепілдік берілген.
Мемлекетті ұйымдастырудың ең маңызды мәселесі — өкілетті органдарды құру. Төменнен жоғарыға дейін қалыптасатын өкілдік органдарды құруға азаматтар көбіне тікелей, кейде жанама қатысады. Өкілетті органдарды сайлау жалпы азаматтарга бірдей болып табылады.
Саясатты жасайтын саясаткерлер — мемлекеттік билікті жүзеге асырушылар, демек, президент, парламент пен жергілікті билік органдарының депутаттары, үкімет және сот органдарының басшы және жауапты қызметкерлері, түрлі деңгейлердегі өкімдер.
Азаматтардың саяси құқығына мемлекеттік органдарда қызмет ету мүмкіндігі де жатады. Мемлекеттік қызмет туралы мәселе конституциялық деңгейде алғаш рет көтеріліп отыр.
Мемлекеттік қызмет, оған кадр ұсыну және орналастыру құқықтарын билік басындағы адамдардың, топтардың иеленіп алуына жол беруге болмайды. Кадрларды таңдау және іріктеу олардың іскерлігіне, саланың технологиясын жете меңгергендігіне, қабілеттілігіне, кәсіпқойлығына, мәдениеттілігіне, адамдарды басқара білу өнеріне, өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқара алатындығына қарай жүргізілуі керек.
Қоғамдық бірлестіктер өздерінің жарғылары бойынша жұмыс істеп жатса, заңды бұзбаса, онда ешбір мемлекеттік орган олардың жұмысына бөгет жасай алмайды. Егер қоғамдық бірлестік, оның басшылары өзінің жарғысында көрсетілген қызметтерінен тыс шаралармен айналысса немесе заң қағидаларын бұзса, онда құқық қорғау органдары оларды қылмыстық, әкімшілік және материалдық жауапқа тартады.
Саяси мақсаттар көздеп құрылған қоғамдық бірлестіктер (саяси партиялар, қозғалыстар т.б.) — прокуратуралар мен соттардың жанында, қарулы күштер бөлімшелерінде, мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдардың жанында өздерінің бастауыш ұйымдарын құра алмайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары азаматтардың құқығы мен бостандығын жариялай отырып, оларды іс жүзіне асыруды да қарастырады. Құқық пен бостандықтың кепілдіктері түрлі шектеулерді жою арқылы жасалады. Азаматтың құқығы мен бостандығына шек қою тек заңда көрсетілген жағдайларда ғана, оған өкілеттігі бар органдар арқылы жүзеге асырылады. ҚР Конституциясы бойынша азаматтардың құқығы мен бостандығына мынадай жағдайларда шек қойылуы мүмкін:
а) азамат басқа азаматтың құқығы мен бостандығына нұқсан келтірсе, құқық тәртібін бұзғандығы үшін жауапқа тартылады.
ә) қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан шаралардың іске асырылуы барысында азаматтардың кейбір қүқықтары мен бостандықтарына уақытша шек қойылуы мүмкін
б) заңға сәйкес конституциялық құрылысты, азаматтықты немесе мемлекеттікті қорғау мақсатымен, әскери құпияны сақтау үшін кейбір жағдайларда азаматтардың кейбір құқыгы мен бостандығы шектеледі.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §36
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 41 |
Күні: |
Тақырыбы: Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Экономикалық және әлеуметтік құқықтар мен бостандықтар туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары: Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуіне орай Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі бағыттары мыналар:
қоғамның қажетін қанағаттандыру үшін мемлекеттік және жеке меншікке негізделген экономика құру;
кәсіпкерліктің кез келген түрін қолдау, солардың ішінде, әсіресе материалдық игіліктерді өндіретін салаларына, құрылыс, тасымал, жеке сауда салаларына артықшылық беру. Нарықтық экономика меншік иелерін, өндіріс құралдарына жеке меншікті қалыптастырады.
Меншік иесінің құқықтары. Меншік құқығын төмендегідей үшке бөліп қарастыруға болады:
а) ие болу құқығы;
ә) пайдалану құқығы;
б) өкімдік құқығы.
Ие болу құқығы деп азаматтың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерге заңды түрде ие болуын айтамыз. Оған азаматтың жеке меншік үйі, саяжайы, автомобилі, ақшасы, түрлі заттары т.б. жатады.
Пайдалану құқығына жеке өндіріс құралдарын пайдаланып, меншік объектіден түсім түсіру, техника мен технологияны пайдалану құқығы жатады.
Өкімдік құқығы азаматтың өз меншігіндегі мүлікті сатуы, жалға беруі, мұра етіп қалдыруы, әлдекімге қайтарымсыз сыйлауы түрінде көрініс береді.
Азаматтың жеке меншігі ата-бабаларынан мұра ретінде қалған мүліктерден, түрлі жолдармен алынған рухани байлықтардан, сыйлықтардан, бағалы қағаздардан т.б. құралады.
Кәсіпкерлікпен айналысу. Азаматтардың жеке кәсіпкерлікпен айналысуы — экономикалық бостандыкты іске асырудың бір формасы, нарықтық экономикаға көшуді қамтамасыз етудің негізі шартының бірі. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау жөнінде арнайы заңы бар. "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар..." деп көрсетілген Қазақстан Республикасьшьщ Конституциясыннда.
Кәсіпкерлік дегеніміз — түрлі тауарларға, қызмет көрсетуге сұранымды қанағаттандыруға бағытталған азаматтардың қызметі. Қазақстан Республикасының кез келген азаматы өзіне ұнаған, өзінің қолынан келетін кез келген кәсіппен шұғылдана алады. Азаматтардан тек қоршаған ортаны — жерді, суды, ауаны, өсімдіктерді басқа табиғи игіліктерді бүлдірмеу талап етіледі. Керісінше болған жағдайда — қоғамға, табиғатқа зиян келтіріліп жатса, ондай кәсіпкерлік қызмет заңды түрде тоқтатылады.
Еркін еңбек ету құқығы. Еркін еңбек ету құқығы азаматтардың негізгі құқықтарының бірі болып табылады. Еңбек ету құқығы деп еңбекке қабілеті бар адамның өзіне ұнаған кәсіппен айналысып, өз еңбегінің жемісін көріп, өмір сүруге қажетті табыс табу құқығын айтады. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша "әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар".
Азаматтардың демалу құқығы. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары бойынша жұмыстан бос уақыты адамның өз еркімен демалатын уақыты болып саналады. Демалыс уақыты — жұмыс аяқталғаннан келесі жұмыс күні басталғанға дейінгі уақыт, апталық демалыс күндері, Конституция бойынша белгіленген мейрам күндері, жылдық кезекті еңбек демалысы жатады.
Азаматтардың тұрғын үй алу құқығы. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша азаматтар баспана салуға, сатып алуға, белгіленген тәртіптер бойынша мемлекеттің тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқылы. Кімді болса да баспанасынан шығарып тастауға тыйым салынады.
Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы. Азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы олардың өмір сүру құқығымен сабақтасып жатыр. Адам дені сау болғанда ғана толыққанды бақытты өмір сүре алады. Денсаулық адамға еңбек етуге, табыс тауып, материалдық жағдайын қамтамасыздандыруға, Отанын қорғауға, отбасын құрып, ұрпақ өсіруге мүмкіндік береді. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясы "адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды".
Азаматтардың денсаулынын сақтаудың негізі — қоршаған табиғи ортаны ластанудан қорғау, халыққа медициналық қызмет көрсетуді жақсарту болып табылады.
Азаматтардың білім алуға құқығы. Қазақстан Республикасында жалпы орта білім алуға барлық азаматтар міндетті. Сонымен қоса, азамат кәсіптік білім беретін оқу орындарында — училищелерде, колледждерде, лицейлерде өз қалауы бойынша мамандық ала алады. Азаматтың жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруына да ешкім бөгет жасамайды.
Әрине, білім алудың негізгі бір шарты бар. Білім алу құқығын іске асыру үшін азамат оқу орнына түсу емтихандарын тапсырып, конкурста жеңіп шығуы керек. Мемлекет қарамағындағы оқу орындарында азаматтар тегін білім алады. Жақсы оқығандарға стипендия төленеді, қалада тұрмайтын студенттерге жатақханадан орын беріледі. Конституция мемлекеттік білім жүйесімен қоса жеке меншікті білім мекемелерінің — мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының болуын қуаттайды.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 37
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ:42 |
Күні: |
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының азаматтарының міндеттері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Азаматқа көптеген құқыктық міндеттер жүктеледі. Оларды Конституцияда көрсетілген және Конституциядан туындайтын міндеттер деп бөлуге болады. Конституциялық міндеттер негізгі болып есептеледі де, оған Конституцияны сайлау және онда тұжырымдалған қағидаларды бұлжытпай орындау міндеттері жатады.
Конституциялық нормаларды сақтамау дегеніміз — мемлекеттің дербестігі мен тәуелсіздігіне қол сұғу, мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыс істеуіне, оның халықаралық беделіне және ішкі-сыртқы байланыс қызметіне нұқсан келтіру болып табылады. Сондықтан Конституцияны құрметтеу және оның қағидаларын сөзсіз сақтау — әр азаматтың қасиетті борышы болып есептеледі.
Азаматтың конституциялык міндеті — біріншіден, республиканың заңын сақтаудан, екіншіден, оның өзіне жүктелген міндетті орындаудан туады. Заң талаптарын қанағаттандыру үшін азамат заңның өзін білуі қажет. Іс жүзінде көптеген азаматтар ол заңдарды біле бермейді. Азаматтардың әрқайсысы өзіне, өзінің атқарып жүрген жұмысына байланысты заңдарды оқып-біліп, оны сақтауға тиіс.
Қоғамның өзге мүшелерінің құқығын, бостандығын сыйлау, ары мен абыройын құрметтеу. Азаматтың конституциялық міндеттерінің бірі — басқа адамдар құқығын, бостандығын, ары мен абыройын құрметтеуден тұрады. Азаматтардың құқығы, бостандығы, абыройы, ар-ұжданы оның баға жетпес байлығы болып табылады. Адамның өмірінен, денсаулығына, жеке басының бостан-дығынан асқан құндылық жоқ. Сондықтан басқаның құқығы мен бостандығын құрметтеу қажет және ол адамның өзі тәртіпті, тәрбиелі, мәдениетті және әрбір адам заңмен қорғалатындығын терең түсінуі тиіс.
Салық төлеушілердің міндеттері. Салық, алым, баж салығы — салық төлеушілерден міндетті түрде жиналып алынатын ақшалай қаражат. Салық жинау жұмысымен республикалық және жергілікті мекемелер айналысады. Төленетін салықтың мөлшерін және оны жинау ережелерін Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді және оған өзгерістер енгізе алады. Оның мөлшері мен төленетін міндетті уақыты заң бойынша анықталады. Салықтар, алымдар мен баж салығын жеке адамдар да, мекемелер де, сол сияқты шетелден келгендер де толеуге міндетті.
Азаматтардың Отан қорғау міндеті. Халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрлі түсінігі бойынша — Отан қорғау ең қасиетті борыш болып табылады. Ал қазіргі заң тұрғысынан келгенде де Қазақстан Республикасын қорғау — республика азаматтарының конституциялық міндеті екендігі айтылған.
Әскери қызметтің түрлері төмендегідей:
солдаттардың, матростардың, сержанттар мен старшиналардың мерзімді әскери қызметі;
солдат, матрос, сержант, старшина лауазымында шарт бойынша атқаратын әскери қызмет;
шарт бойынша әйелдердің атқаратын әскери қызметі;
әскери оқу орындарындағы курсанттардың әскери қызметі;
прапорщиктер мен мичмандардың әскери қызметі;
офицерлер құрамының әскери қызметі.
Қазақстан Республикасының заңы бойынша Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын әр адам әскери міндетін атқаруы керек. Қалыптасқан жағдайларға байланысты және түрлі себептермен азаматтың әскери міндетінен босатылу мүмкіндіктері де бар. Олар мыналар:
16 жасқа толмаған және 50 жастан асқан ерлер;
18 жасқа толмаған және 40 жастан асқан әйелдер;
— денсаулығының нашар болуынан әскери қызмет атқаруға жарамайтындар.
Қазақстан мемлекеті — ұлтына, жынысына, дініне, әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлық азаматтардың ортақ және өз Отаны.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 38
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 43 |
Күні: |
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Президенті
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы сәуірдегі сессиясының ұйғаруымен Қазақ КСР-і президенті қызметін тағайындау туралы заң қабылданды. Осы заң бойынша президентті Жоғарғы Кеңес сайлауы керек болды.
Президент (лат. praesidens — алда отырған, бастаушы)
а) басқарудың республикалық формасындағы елдердің сайланып қойылған мемлекет басшысы. Парламенттік республикаларда президентті парламент немесе оның ерекше алқасы сайлайды, президенттік республикаларда тура жене жанама сайлау арқылы халық сайлайды;
ә) қайсыбір қоғамдық мекемелердің жетекшісі.
Президенттің билік органдарымен байланысы. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы елімізді президенттік басқару формасындағы мемлекет деп, Президентті мемлекет басшысы деп жариялады. Дүние жүзі елдерінің көпшілігінде қабылданғандай, біздің республикамызда да мемлекеттік билік заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну ұстанымына негізделіп құрылды.
Президент заң күші бар жарлық қабылдай алады. Егер Парламент қалыпты жұмыс істей алмайтын болса немесе Үкіметпен, Жоғарғы сотпен келіспеушіліктер болса, онда Президент Парламентті таратып жібере алады.
Вето (лат. veto — тыйым саламын) — ежелгі Рим империясында Рим магистратының өзге магистраттардың жарлықтары мен әрекеттеріне тыйым салуы, мемлекет басшысының заңды орган қабылдаған заң жобасын әрекетке қосудан бас тарту құқығы. Мұндай ерекше құқық, әдетте, мемлекет басшысына беріледі. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері вето құқығын пайдалана алады.
Президент Парламенттің келісімімен премьер-министрді:
Республикалық банктің төрағасын тағайындайды.
Президент Парламент Сенатының келісі-мімен республиканың Бас прокурорын
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын тағайындайды.
Президенттің халықаралық қызмет аясы. Президенттің халықаралық келіссөздер жүргізетін және халықаралық шарттарға қол қоятын құқығы бар. Ол шарттар Парламент бекіткеннен кейін заң күшіне енеді. Бұл халықаралық шарттарға заңды күш беру (ратификация) деп аталады.
Парламенттің қызметіне Президент, Президенттің қызметіне Парламент әсер етіп отырады.
Президенттің құзыреті. Президент атқарушы билік тармағына: Үкіметке, жергілікті атқару органдарына тікелей ыкпал етеді. Президент:
премьер-министр лауазымына адам ұсынады;
Үкіметтің құрылымын анықтайды;
министрлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
министрліктерді, мемлекеттік комитеттерді құрады және таратады;
— Үкімет мүшелерінен ант қабылдайды;
— Үкіметтің ерекше маңызды мәселелер жөніндегі отырыстарына төрағалық етеді;
Мәжіліске заң жобаларын енгізу жөнінде үкіметке тапсырма береді;
Үкімет шешімдерінің күшін жояды немесе тоқтата тұрады.
Президент жергілікті атқарушы органдардың жұмысына да басшылық етеді. Ол облыстық әкімдерді тағайындайды және жұмысынан босатады. Қажет болған жағдайда әкімдердің шешімін тоқтата тұрады. Әкімдер Президенттің облыстардағы тікелей өкілі болғандықтан, өздерінің жұмыстары үшін Президенттің алдында жауапты. Президент әкімдермен кеңес өткізеді, олардың жергілікті жердегі жұмысы туралы, заңдарды қалай орындап, өз міндеттерін қалай атқарып жатқандары жайлы есептерін тыңдайды.
Президенттің сот билігіне де қатысы бар: ол Жоғары Сот кеңесін құрып, оның төрағасы болады. Жоғары Сот кеңесі Жоғарғы сот төрағасын тағайындайды. Жоғарғы соттың алқа төрағалары мен Жоғарғы сот судьяларының кандидатураларын қарап, оларды Сенаттың сайлауына ұсынады. Ал облыстык соттардың төрағаларын, облыстық сот алқаларының төрағаларын Президент Жоғары Сот кеңесінің ұсынысымен бекітеді. Алайда Президенттің сот органдарын жасақтауға тікелей қатысы оның судьялардың қылмыстык және азаматтық істерді қарауына әсер ете алмайды. Судьялар сот істерін қараған кезде ешкімге тәуелді болмай, тек қана заңға бағынады.
Президенттің басқа да өкілеттіктері болады. Солардың бірі — мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелері бойынша референдум (бүкілхалықтық дауыс беру) өткізу күкығы. Референдум — халықтың мемлекетті басқару ісіне тікелей қатысуының бір түрі.
Референдум (лат. referendum — хабарлауға тиістінің бәрі) — мемлекетте құқықта сайлаушылар корпусының конституциялык, заңдық және басқа ішкі-сыртқы мәселелер бойынша түпкілікті шешім қабылдауы. Конституциялық болғанда конституция немесе оған енгізілген өзгерістер бүкілхалықтық дауысқа салынады.
Өзінің өкілеттігін пайдалана отырып, Президент жарлықтар мен өкімдер шығарады. Президент шығарған жарлықтарының нормативтік және нормативтік емес түрлері болады. Нормативтік деп аталатын жарлықтарда құқық нормалары, яғни мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін айқындайтын ережелер жинақталады.
Президент мемлекет басшысы болғандықтан, елдің ішінде де, халықаралық қатынастарда да халық пен мемлекет атынан сөйлеуге құқықты. Сондықтан Президенттің абыройы, ары, қадірі қорғалады. Халықтың қалаулысы ретінде Президент халық мүддесіне қызмет етеді. Сол себептен де, ол сайланғаннан кейін, қызметіне кіріспестен бұрын халыққа ант береді.
Бекіту кезеңі:
Президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі, атқаратын функциясы қандай?
Президенттің атқарушы билік тармағына: Үкіметке, жергілікті атқару органдарына тікелей ықпалы туралы пікір алмасыңыздар.
Бүкілхалықтық референдумның шешімі ең әділ және халықтың өзінің түпкілікті мүдделерін қорғайтын шешім бола ала ма?
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 39
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 44 |
Күні: |
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Парламенті
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Парламенті туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Парламент жене оның құрамы. Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасьшдағы заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. Ол екі палатадан: Сенат пен Мәжілістен тұрады.
Парламент (франц. parler, parlement, ағылш. parliament — сөйлеу) — жоғары өкілетті орган. Парламенттің екі палаталы жене бір палаталы құрылымдары болуы мүмкін. Әдетте, құрылымы федерациялық нысандағы мемлекеттер екі палаталы парламент құрады. Төменгі палата-лар және бір палаталы парламентер төте дауыс беру мен сайланады.
Сенат жене оның құрамы. Сенат — Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғарғы палатасы.
Сенат (лат. senatus, түбірі senex—қария) — Ежелгі Римде мемлекеттің жоғары органдарының бірі. Сенат патрицийлер тұқымынан шыққан ақсақалдар кеңесінен бастау алады. Қазір көптеген елдер парламенттерінің жоғарғы палаталары осылай аталады. Сенат кейбір елдерде төте (АҚШ, Италия) немесе көп сатылы (Франция) дауыс берумен сайланады. Кейбір елдерде Сенаттың құрамын жартылай немесе тұтасымен мемлекет басшысы тағайындайды.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты екі жолмен жасақталады.
Әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және республиканың астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан;
Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындаган жеті депутаттан түрады.
Қазақстан Республикасының кемінде 5 жыл азаматы болған, 30 жасқа толған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың немесе республика астанасының аумағында кемінде 3 жыл тұрақты тұрған азамат Сенатқа депутат бола алады.
Мәжілістің қазіргі құрамы бір мандатты аумақтық сайлау округтерінен сайланатын 67 депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады. Мәжіліске жасы жиырма 25-ке толған республика азаматы депутат бола алады.
Парламенттің алғашқы сессиясында палаталардың бірлескен отырысында депутаттар Қазақстан халқына ант береді.
Депутаттық сұрау салу депутаттың мемлекеттік органның лауазымды тұлғасына осы органның немее сол лауазымды адамның құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде Парламент сессиясында түсініктеме беруін немесе өзінің көзқарасын баяндауын ресми түрде сұраған талабы болып табылады.
Парламент депутаты премьер-министр мен Үкімет мүшелеріне, Ұлттык банктің төрағасына, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне, Бас прокурорға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасына, Республикалық бюджеттің атқарылуын тексеру жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы мен мүшелеріне депутаттық сүрау салуға құқылы.
Лауазымды адам сұрауға жауапты Парламенттің немесе палатаның пленарлық отырысында береді. Депутаттың сұрау салуына қайтарылған жауап пен оны талқылаудың қорытындысы бойынша Парламент немесе оның палатасы қаулы қабылдайды.
Депутаттардың топтарға бірігіп жұмыс жүргізуі. Депутаттар Парламентте мынадай бірлестіктер құра алады:
Фракция—депутаттардың ұйымдасқан тобы. Бұл саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің атынан құрылып, заңда белгіленген тәртіп бойынша тіркелген топ болуы мүмкін. Ол Парламентте саяси партияның немесе өзге қоғамдық бірлестіктің мүддесін білдіру мақсатында құрылады;
Депутаттық топ—депутаттардьщ өз өкілеттігін жүзеге асыру, сайлау округтерінде бірлесіп жұмыс істеу үшін құрылатын бірлестігі.
Депутат өз жүмысында ешкімге де тәуелді болмауы керек. Депутаттык міндеттерді орындауға кедергі жасау мақсатымен депутатка немесе оның жақын туыстарына кай түрде де ықпал жасау әрекеті заңды түрде айып-талады. Депутаттар алдындағы өз міндеттерін орында-майтын, оған көрінеу жалған ақпарат беретін, депутат кызметінің кепілдігін бүзатын мемлекеттік органдар мен қоғамдык бірлестіктердің, жергілікті өзін-өзі баскару органдарының, үйымдарының лауазымды адамдары жауапка тартылады.
Парламенттің жүмыс тәртібі. Парламент өзінің жұмысын сессия тәртібімен жүргізеді. Сессия палата-лардың біріккен және оңаша Палаталарынан, Палата бюроларынан, Палаталардың тұрақты комитеттері мен бірлескен комиссияларынан тұрады. Жаңадан сайланған Парламенттің бірінші сессиясын сайлау корытындылары жарияланғаннан және әр палата депутаттарының үштен екісі сайланғаннан кейін отыз күннен асырмай Республика Президенті шақырады. Парламент сессиясы Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында ашылып, сондай отырыста жабылады.
Мәжіліс пен Сенат бірлескен отырыста басқа да маңызды мәселелерді шешеді.
Заң жобаларының даярлануы және қабылдануы.
Мәжіліс заң жобасын мұқият қарайды. Жобаның әрбір бабы, әрбір ережесі жеке талқыланады. Сонан соң дауысқа салынады. Егер Мәжіліс депутаттарының жартысынан астамы заң жобасын қуаттап дауыс берсе, ол қабылданды деп саналады. Содан кейін заң жобасы Сенаттың қарауына жіберіледі. Онда да заң жобасы түбегейлі талқыланудан өтіп, одан әрі жобаның қабылдану немесе қабылданбау мәселесі дауысқа қою арқылы шешіледі. Егер Сенат депутаттарының жартысынан көбі заң жобасын жақтап дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледі. Осыдан кейін заңға Президент қол қояды, сонда жоба заңдық күшіне енеді.
Конституция да былай деп жазылған: зандар азаматтардың құқығы, бостандыктары мен міндеттері, меншік, салык салу, мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен кызмет істеуі, мемлекеттік және әскери кызмет, білім беру, денсаулық сактау, қоршаған ортаны сақтау, қорғаныс пен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б. мәселелері бойынша қабылданады.
Парламент жұмысы демократиялық негізде жүргізіледі. Заң жобаларын өзірлеуге кәсіпқой заңгерлер, экономистер, социологтар, инженерлер, дәрігерлер т.б. қатыстырылады. Мәселені алдын ала талқылау үшін Мәжіліс пен Сенат парламенттік тыңдаулар өткізеді, оған ғалымдар, мемлекеттік органдар қызметкерлері, жұртшылық, радио, теледидар, газет өкілдері шақырылады.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 40
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 45 |
Күні: |
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының Үкіметі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Қазақстан Республикасының үкіметі. Үкімет — атқарушы биліктің жоғары органы. Ол орталық және жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады, солардың қызметіне басшылық етеді. Үкіметті Президент құрады, құрылымы мен құрамын бекітеді. Үкімет мүшелері Қазақстанның халқы мен Президентше ант береді. Атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне Республика министрліктері мен комитеттері, жергілікті — облыстық, аудандық, қалалық және қалалық-аудандык әкімшіліктер кіреді.
Атқарушы биліктің жоғары органы ретінде Үкіметке кең өкілеттіктер берілген. Олар ҚР Конституциясында және Президенттің 1995 жылгы "Қазақстан Республикасының үкіметі туралы" конституциялық заң күші бар жарлынында бекітілген. Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық бағдарларын айқындайды; экономикалық бағдарламаларды әзірлейді, республикалық бюджетті және оның атқарылуын қамтамасыз етеді; республиканың қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды белгілеп, жүзеге асырады.
Әлеуметтік салада Үкімет еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтік жағынан қорғау, мемлекеттің әлеуметтік қамсыздандыру саясатын жүзеге асырады; аймақтардың әлеуметтік даму мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етеді; жастар, дене тәрбиесі мен спорт, туризм, әлеуметтік әріптестік проблемаларының шешілуіне ықпал етеді.
Ғылым, техника, білім жөне мәдениет саласында Үкімет ғылыми-техникалық даму жоспарларын жасап, жүзеге асырады; ғылым мен техниканы, мәдениетті, білімді дамыту, жаңа технологияны енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты анықтап, жүзеге асырады.
Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативтік-кеңесшілік органдарды құрады және таратады; министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді; олардың Президент пен Үкімет заңдарын, актілерін орындауына бақылау жасайды; министрлердің орынбасарларын лауазымға тағайындайды және одан босатады; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі қызметіне басшылық жасайды, олардың заңдарды атқаруын бақылайды.
Үкімет Президенттің және Үкіметтің өзінің шығарған заңдары мен актілерінің орындалуын бақылайды, министрліктер, мемлекеттік комитеттер және Үкіметке кірмейтін орталық органдар туралы ережелерді, олардың құрылымын, орталық аппараттары мен жергілікті органдарын ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының көлемін бекітеді.
Бұған жатпайтын тек Қаржы салымы комитеті ғана. Ол Үкіметке кірмейді. Оның мәртебесін Үкімет емес, заң қабылдау жолымен Парламент анықтайды. Мұндай ерекшелік экономиканы өркендетудегі қаржы салымының айрықша маңызымен және қаржыны бір органның қолында шоғырландыру қажеттігімен байланысты.
Министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден және Үкіметке кірмейтін орталық атқарушы органдардан басқа да республикалық органдар құрылады. Олар ведомстволар деп аталады. Үкімет ведомстволардың қызмет саласын, өкілеттігін және жауапкершілігін айқындайтын нормативтік актілер қабылдайды: ведомстволарды ұстауға республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының мөлшерін анықтайды; ведомстволардың басшыларын лауазымға тағайындайды және одан босатады.
Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөздер жүргізу және үкіметаралық келісімдерге қол қою туралы шешімдер қабылдайды; республиканың шетелдік мемлекеттермен, халыкаралық және өңірлік ұйымдармен өзара қатынастарының дамытылуын қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөніндегі шараларды талдап жасайды; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен арадағы ынтымақтастыкты жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Парламент пен Президент жүзеге асыратын заң шығарушылық үрдіске қатынасады, өз құзыретінің шеңберінде шешімдер қабылдайды, министрліктер мен ведомстволардың және атқарушы биліктің жергілікті органдарының қызметін бақылайды.
Үкіметтің заң шығаруға қатысуы. Үкіметте заң шығарушылық ынта құқығы болады. Ол өзінің құзіретіне кіретін барлық мәселелер бойынша заң жобаларын жасап, оларды Мәжілістің қарауына енгізуге құқылы.
Үкіметті басқару және жауаптылық. Үкіметті премьер-министр басқарады. Оның өкілеттіктері Конституцияда және Президенттің Үкімет туралы Жарлығында бекітілген. Премьер-министрдің мынадай өкілет-тіктері бар:
— Үкіметтің жұмысын басқарады және өзінің орынбасарлары мен Үкімет мүшелері арасында қызметтік міндеттерді бөліп береді;
Президентпен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы сотпен, Бас прокуратурамен, басқа да мемлекеттік органдармен арадағы қатынастарда үкімет атынан өкілдік етеді немесе үкімет өкілдігін тапсырады;
халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етеді немесе өкілдік тапсырады және үкіметаралык шарттар мен келісімдерге қол қояды;
министрліктерді, мемлекеттік комитеттерді, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру, тарату туралы Республика Президентше ұсыныстар енгізеді;
Үкімет қызметінің негізгі бағыттары туралы және аса маңызды шешімдер туралы Президентке баяндайды;
— Үкімет мүшелерінің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдайды. Премьер-министр өзіне заң бойынша жүктелген басқа да өкілеттіктерді орындайды.
Үкіметтің Президентпен қатынасы. Үкімет өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты болады. Үкімет өз бағдарламасының, Президент тапсырмаларының орындалуы туралы, өз қызметінің басқа да бағыттары туралы Президентке үнемі хабарлап тұрады.
Үкіметтің Парламентпен қатынасы. Үкіметтің заң шығару құқығы Парламент Мәжілісінде жүзеге асырылады. Үкімет заң жобасын Мәжіліске тиісті қаулы арқылы енгізеді. Үкімет өзінің жұмысын Парламентте қабылданған конституциялык және жай заңдарға сүйеніп құрады.
Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен қатынасы. Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен: аудандық, қалалық және облыстық әкімдермен белгілі бір қатынастары қалыптасады. Үкімет атқарушы биліктің жоғары буыны болғандықтан, оның жергілікті атқарушы органдармен арадағы қатынастары "билік — бағыну" ұстанымы бойынша құрылады.
Жергілікті билік органдары. Жергілікті мемлекеттік басқаруды Мәслихат деп аталатын жергілікті өкілді және атқару органдары жүзеге асырады. Мәслихаттар астана, ерекше мәртебелі қала, облыс, аудан және қала аумақтарында құрылады. Мәслихат депутаттарын азаматтар жалпыға бірдей тең, төте және жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайлайды.
Мәслихат депутаты болып Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған азаматы сайлана алады.
Мәслихат аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды бекітеді; өкімдердің, жергілікті атқару органдарының басқа да басшыларының есептерін қарайды; жергілікті заемдар мен облигацияларды шығару және тарату туралы шешімдер қабылдайды. Жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша түрлі комиссиялардың құрамын жасақтап, бекітеді. Қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
Мәслихат өз аумағындағы жерді, орманды, су қорларын, жануарлар дүниесін қорғау; сауданы ұйымдастыру, сауда тәртібін сақтау; қоғамдық төртіпті, өрт және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету; аумақта санитариялық тазалықты сақтау; қоғамдық көлікті пайдалану; үй хайуандарын ұстау шараларын жүзеге асыруга тікелей араласады.
Мәслихат жылына кемінде торт рет сессияға жиналады.
Жергілікті атқарушы орган — әкімшіліктің құрамына әкім, оның орынбасарлары, әкімнің аппараты, басқар-малары мен бөлімдері кіреді. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы атқару органдарының бірыңғай жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: § 41
Пән: Адам, қоғам, құқық |
Сынып: 9 б |
Сабақ: 46 |
Күні: |
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы сот билігі
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасындағы сот билігі туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2)біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3)Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау;
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ-жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;
