Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. Қ.н. САБАҚ ЖОСП-ЛАРЫ 2.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
  1. Өмірдің мөні неде?

  2. Бакыт дегенді қалай түсінеміз?

Сабақты қорытындылау: Адамның төзімділігінде шек жоқ. Адам ақылдың, ойдың, сезімнің ғана емес, сонымен қоса ол төзімнің де кеніші. Адамның бойында керемет тәни күш пен қуат та бар. Адам рухани қиындықпен қатар, тәни ауыртпалықтың қандайына да төтеп бере алады.

Адамға еркіндік, демократия, материалдык және рухани байлық керек. Бірақ оларды жасау әркімнің өз қолында.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §5-6, Еркін жазу

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 8

Күні:

Тақырыбы: Қоғам ұғымы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға қоғам ұғымы туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  1. Қоғамды құраушы бөліктер.

  2. Қоғамдық қатынастар.

  3. Қоғамдық қатынастардың мазмұны

Бүкіл планетаға қатысты алып Карағанда, бұл ұғымды "адамзат қоғамы" деп айтамыз. Бұл жердегі жүздеген мемлекеттерде миллиардтаған адамның "Жер" деп аталатын аспан денесінде, бір планетаның өкілі ретінде бірігіп өмір сүруін, өзгелермен санасып тіршілік етуін, өзіндік өркениет жасауын білдіреді.

Қоғам дегеніміз — материалдық дүниенің бір бөлшегі ретіндегі адамдардың табиғатпен бір-бірімен өзара байланыста бола отырып, бірлесу формасы болып шығады.

Қоғамды құраушы бөліктер.

Қоғамдар қызметіне қарай толып жатқан өрекет түрлерімен — саясатпен, шаруашылықтың белгілі бір түрімен, саудамен, табиғатты қорғаумен, мәдени және рухани шаралармен айналысуы мүмкін. Барлық қоғамның әлеуметтік негізі, түпкілікті ұясы — отбасы болып табылады.

Қоғамдық қатынастар.

Әлеуметтік топтасулар арасындағы немесе адамдар арасындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени қарым-қатынастар қоғамдық қатынастар деп аталады.

Қоғамдық қатынастардың мазмұны. Мазмұнына қарай коғамдық қатынастар материалдық және рухани қатынастарға жіктеледі. Қоғам тіршілігіне қажеттінің бәрін табиғаттан алатын болғандықтан, ол қоршаған ортамен тығыз байланыста өмір сүреді. Материалдық игіліктер өндіру адам қоғамының өмір сүруі мен дамуының негізі болып табылады. Сондықтан өндірістік қатынастар саяси, құқықтық, адамгершілік, діни және басқа қатынастардың сипатына тура әсер етіп отырады.

Бағыты жағынан қоғамдық қатынастарды:

а) адам мен адам арасындағы;

ө) қоғам мен жеке адам арасындағы;

б) қоғам мен коғам арасындағы;

в) қоғам мен табиғат арасындағы қатынастарға бөліп қарастыруға болады.

Адамдар қауымдастықтарының ұлтқа дейінгі формалары. Қоғам көп қырлы, күрделі объект. Сондықтан оны зерттеу әдістері де алуан түрлі. Солардық бірі-адамдардың бірлесіп өмір сүруінің тарихи даму сатыларын қарастыру.

Адамдардың бірігіп өмір сүруінің тарихи формаларын: ұлтқа дейінгі және ұлт деп екіге жіктеп қарастыру қабылданған. Ұлтқа дейінгі қауымдастықтарға ру, тайпа, ұлыс жатады.

Ру—туыстық байланыстар арқылы топтасқан адамдар қауымдастығының өркениетке дейінгі экономикалық қатынастарға негізделген формасы. Ол ежелгі адамдардың экономикалық қатынастарын арқау ете отырып қалыптасады.

Тайпа — адамдар қауымдастығының рудан жоғарғы сатысы. Тайпаның түзілуіне рулық қатынастар негіз болды. Тайпаны да көсемдері, ақсақалдары басқарды, белгілі бір аумақты мекендеп, өздеріне тән кәсіппен шұғылданды, ортақ тілі, дәстүрлері болды. Мүліктік теңсіздіктің шығуы, ақсүйектердің халық бұқарасынан ажырауы, қолбасылар рөлінің артуы тайпаның ыдырауына себеп болды.

Ұлыс —адамдар қауымдастығының тайпадан кейінгі ұлттың түзілімінің алдындағы баспалдақта турған сатысы.

Ұлт — белгілі бір аумақты мекен еткен, өзіне тән шаруашылық жүргізу ерекшелігі бар, өзінің тарихи салт-дәстүрлері қалыптасқан, тілі, мәдениеті, ұттық психологиясы айшықтана көрініс беретін адамдар қауымдастығының орнықты формасы

Халық. Қазақстан халқы дегенде, біздің ойымызға республика аумағын мекен еткен қазақ ұлтының және одан өзге этностар мен диаспоралар өкілдерінің жиынтығы оралады.

Халық деп белгілі бір географиялық ортаға (әкімшілік бірлікте, мемлекетте, елде, елдер тобында, өңірде) тұрып, әлеуметтік белсенді және жүйелі әрекет ете алатын, азаматтығы бар қоғам мүшелерінің жиынтығын айтамыз.

Бекіту кезеңі:

  1. Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар деп ойлайсыздар?

  2. Қоғам жөне оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңізді қысқаша тұжырымдаңыздар.

Сабақты қорытындылау: Бүкіл планетаға қатысты алып Карағанда, бұл ұғымды "адамзат қоғамы" деп айтамыз. Бұл жердегі жүздеген мемлекеттерде миллиардтаған адамның "Жер" деп аталатын аспан денесінде, бір планетаның өкілі ретінде бірігіп өмір сүруін, өзгелермен санасып тіршілік етуін, өзіндік өркениет жасауын білдіреді.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §7, 3-6 тапсырма

Пән: Адам. Қоғам. Құқық

Сынып: 9

Сабақ: 9

Күні:

Тақырыбы: Мемлекет

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға мемлекет туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

  • Мемлекет деген не? Мемлекеттің түрлері, Тарихи тұрпаттары. Қоғамдық өмір аялары.

Мемлекет ұғымы. Мемлекет саяси-құқықтық ғылымдардың зерттеу объектісі болып табылады. Мемлекет өзінің мыңдаған жылдарға созылған тарихи даму үрдісінде саясатшылар тарапынан түрліше бағаланып келеді. Мемлекеттің анықтамасын да түрлі көзқарастағы саяси қайраткерлер түрліше тұжырымдайды.

Ежелгі грек философы Демокрит: "Мемлекет жалпыға бірдей игілік пен әділеттілік әкелуі керек", — деп есептеген екен. Оның пайымдауынша: "Жақсы басқарылатын мемлекет — үлкен тірек, ол сақталып тұрғанда, онда бәрі де болады — бәрі тұтас болады, ол құлағанда, онымен бірге бәрі де өледі".

Қазіргі заманғы философтар мен әлеуметтанушылардың пайымдауынша, мемлекет — қоғамныц саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік жүйесін бірізділікке түсіретін, қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт болып табылады.

Мемлекеттің белгілері мыналар:

  • мемлекеттің орталық және жергілікті билік органдары жүйесі болады, оған заңды, атқарушы және сот органдары, әскер, полиция жатады;

  • мемлекеттің тұрғындары әкімшілік-аумақтық бірлестіктерге (облыс, аудан, ауыл...) бөлінеді (ол бірліктер әр елде түрліше аталады);

— мемлекеттің шекарасы анық белгіленген аумағы болады;

  • мемлекеттің ең маңызды белгісі — оның өзге мемлекеттерден тәуелсіздігі, егемендігі;

  • мемлекет ескерді, полицияны, сотты, басқа мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтін шенеуніктерді ұстау үшін салық жинайды;

— мемлекет заңдар жене басқа нормативтік-құқықтық актілер шығарады, солардың көмегімен қоғамда тертіп орнатады.

Мемлекеттің түрлері. Мемлекеттер иелік етіп отырған жер көлеміне және тұрғындарының санына қарай көптеген түрлерге бөлінеді.

Аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекет — Ресей Федерациясы (17 млн км2-ден астам), одан кейінгі орындарды тиісінше Канада (10 млн км2 шамасында), Қытай (9,6 млн км2), АҚШ (9,4 млн км2), Бразилия (8,5 млн км2), Аустралия (7,7 млн км2), Үндістан (3,3 млн км2), Аргентина (2,8 млн км2), Қазақстан (2,7 млн км2) иеленеді.

Дүние жүзіндегі жоғары дамыған, экономикасы қуатты елдердің көбінің иемденіп отырған жерлерінің көлемі, салыстырмалы түрде алғанда, жоғарыда аталған елдердікінен едәуір аз.

Тұрғындарының саны жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекетке Қытай (1,3 млрд адам) жатады. Үндістан (1 млрд), АҚШ (272 млн), Бразилия (161 млн), Ресей Федерациясы (147 млн), Пекстан (140 млн), Жапония (122 млн), Бангладеш (120 млн), Нигерия (111 млн) орналасады. Батые Еуропаның ірі елдерінде тұрғындар саны 20 млн-нан 81 млн-ға дейін ауытқып отырады (1999 жылдың меліметтері).

Мемлекеттің типтері. Мемлекеттер типі жағынан: аграрлық жөне индустриалдық болып бөлінеді. Аграрлық мемлекеттер өз кезегінде құлиеленуші және феодалдық болып екі сатыға жіктеледі.

Құлиеленуншгік құрылыс орнағаннан бастап, мемлекет адамдар қауымдастықтарын бір орталыққа бағындырып, басқарып отыратын жоғарғы билікті иеленуші құрылымға айналды. Құлиеленуші мемлекет тұсындағы негізгі билік жүргізуші тап — құл иелері, ал өндіргіш күш ретінде көрінген тап —құлдар болды. Құлиеленуші мемлекеттерге Ежелгі Египет, Грекия, Рим, Урарту, Үнді, Қытай мемлекеттері жатады.

Қоғамдық өмір аялары. Қоғамдык өмір аяларын тұтас жүйені құрайтын жүйешелер ретінде қарастыруға болады. Әдетте, қоғамдык өмір аяларын: экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени деп төртке бөліп қарастыру қабылданған. Өйткені адамның кез келген әрекетінің, санасының, өзге дүниемен қатынасының мәнін жоғарыда аталған төрт аяның шеңберіне сыйғызуға болады.

Қоғам өмірінің экономикалық аясы шеңберінде белгілі бір экономикалық уклад негізінде өндірісті ұйымдастыру, өндірістік қатынастар, адамның еңбегі, соған тиісті алатын материалдық игіліктері — тұрғын үймен, киіммен, тамақпен, көлікпен, тағы басқа заттармен қамтамасыз етілу мәселелері қарастырылады.

Қоғам өмірінің әлеуметтік аясы қоғам мүшелерінің толып жатқан макро және микротоптарға бөлінуін, сондай-ақ топ пен топ, топ пен тұтас қоғам, топ пен жеке адам, жеке адам мен тұтас қоғам арасындағы қатынастарды қамтиды

Қоғам өмірінің саяси аясына мемлекет және мемлекетті басқару, билік, саяси құрылым, идеология, қоғамдық-саяси бірлестіктер және олардың қызметі, мемлекетті басқару органдары (парламент, үкімет, сот билігі), сайлау жөне референдум өткізу мәселелері қамтылады.

Қоғам өмірінің мәдени-рухани аясы қоғамдық сана формаларының — ғылымның, білімнің, өнердің дамуын және олардың өзара байланыстарын қамтиды.

Бекіту кезеңі: