- •Адам мәселесі
- •"Адам" ұғымы
- •Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар
- •4)Меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
- •Қызметтің сипаты
- •Адамның қызметінің мақсаты
- •Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар
- •Өмірдің мөні неде?
- •Бакыт дегенді қалай түсінеміз?
- •Қоғамды құраушы бөліктер.
- •Қоғамдық қатынастар.
- •Қоғамдық қатынастардың мазмұны
- •1. Мемлекет деп нені айтамыз?
- •Мемлекеттің түрлеріне, тарихи тұрпаттарына сипаттама беріңіздер.
- •Қоғамдық өмір аяларын атаңыздар.
- •Материалдық игілік өндірудің түпкі мақсаты
- •Еңбек нарқы, жалақы.
- •Бизнес және кәсіпкерлік
- •Қазақстанды мекен еткен ұлт және этностарға сипаттама беріңіздер.
- •Қазақ жеріне коныс тепкен түрлі этнос өкілдерінің осында келу тарихына көңіл аударыңыздар.
- •Автохтонды ұлт, диаспора, этнос терминдерінің қысқаша анықтамасын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
- •Адамдар өздерінің бірлескен қызметінде бірінің үстінен бірі билік жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?
- •Тарих сабақтарынан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, халық үғымына қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар.
- •Қайткенде халық өзінің қуатын сақтап қалады, өзін-өзі қорғай алатын күшке айналады?
- •Мемлекеттің атқаратын функцияларын өз сөздеріңізбен қысқаша тұжырымдап, дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.
- •Басқарудың президенттік республика мен парламенттік республика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңыздар.
- •Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы және тәуелсіздігі деген ұғымдар нені білдіреді?
- •7 )Ойын сабағы;
- •Өкілеттігі бар адамның заңды қолдануы.
- •Азаматтардың Конституция мен заңдарда тұжырымдалған, өздеріне берілген құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білуі.
- •Азаматтардың заңда белгіленген талаптардьі сақтауъи
- •Азаматтардың өздеріне тиесілі міндеттерді бұл-жытпай орындап отыруы.
1. Мемлекет деп нені айтамыз?
Мемлекеттің түрлеріне, тарихи тұрпаттарына сипаттама беріңіздер.
Қоғамдық өмір аяларын атаңыздар.
Сабақты қорытындылау: Сондықтан әр зерттеуші қоғамды белгілі бір деңгейде ғана алып қарастырады. Біреулер қоғамды мемлекет, діни жүйе, мекеме ретінде қарастырса, енді біреулер оны түрлі әлеуметтік қауымдастықтар мен таптардың өзара әрекеттесуі түрғысынан зерттейді.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §8, 30-32 б.б.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық |
||
Сынып: 9 |
Сабақ: 10-11 |
Күні: |
Тақырыбы: Өркениет туралы түсінік.
Шығыс және Батыс өркениеттері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Өркениет туралы түсінік, Шығыс және Батыс өркениеттері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқул
ық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Өркениет туралы түсінік.
Шығыс өркениеті.
Батыс өркениеті.
Көшпенділер өркениеті.
"Өркениет" ұғымы. Өркениет дегенде, алдымен "мәдениет" ұғымы ойға оралады. Бұлардың мағыналық жағынан бірінің екіншісіне өте жақын болуынан көпшілік жағдайда ғалымдар оларды синоним сөздер ретінде қолданып та келді. Жалпылама мағынада алғанда, мәдениет— айналадағы нағыздықты жаңартуға, адамның мүмкіндігі мен қабілетін айқындауға шыңдауға бағытталған адамзаттың шығармашылық қызметі болып табылады.
Өркениетті дүниежүзілік тарихи үрдіске талдау жасай отырып, мәдениеттен бөле қарастыру жаңа дәуір зерттеушілерінен басталды. Қазіргі замандык әлеуметтанушылар, тарихшылар мен философтар қоғамның өркениеттілігін оның үш айқындаушы өлшемі — техниканың жетістігі, қоғамның әлеуметтік түзілімі және қоғамның ішкі ұйымдасуы мен негізделуі тұрғысынан бағалайды. Осы тұрғыдан алып топшылағанда, өркениет (лат. civilis — азаматтық, мемлекеттік) деп белгілі бір елдер мен халықтардыц тарихи дамудың белгілі бір кезеңіндегі материалдық, рухани және әлеуметтік өмірінің өзіне тән сапалық ерекшеліктерін айтамыз.
Шығыс өркениеті. Өркениеттер арасынан тарихшылар әлемнің әр өңірінде, дамудың түрлі кезеңдерінде өмір сүрген елдерді немесе елдер топтарын бөліп алып қарастырады. Олардың ішінде айрықша маңызы бар өркениеттер тобы ежелгі Үндістанды, Қытайды, Вавилонды (Бабыл), Египетті және Шығыстағы мұсылман мемлекеттерін құрайтын топтар жатады.
Мәдени қызмет саласында Шығыс өркениеті бір кезде іргесі қаланған мәдени үлгілердің, ғұрыптардың, әрекет тәсілдерінің, еңбек машықтарының алдын ала қалыптасқан сүрлеуімен жүрді, шығармашылықтың жеке сипатына жол берілмеді. Адамдарға жеке еркіндік жағдайы жасалмады, оларды сословиелік немесе касталық бекітуге тартатын тұрақты еңбек бөлінісіне қатыстылық орын алды.
Дүние жүзіндегі алғашқы университет Шығыста ашылды. Жаңа тарихқа дейінгі кезеңдегі ғылым мен өндіріс технологиясының теңдесі жоқ жаңалықтарының басым көпшілігі Шығыста пайда болды. Индустриалдық өркениеттің суырылып алға шығуына, кейіннен ғылым мен техниканың қарыштап дамуына кең жол аршып берген төрт ұлы жаңалық — қағаз, компас, оқ-дәрі, әлемнің гелиоцентрлік жүйесі — алдымен Шығыста пайда болды.
Батыс өркениеті. Біздің заманымызға дейінгі VIII— VI ғасырлардағы Грекияда өзгеше ақша айналысы жүйесі, нарық және саяси ұйымдасудың негізгі формасы — полис қалыптасты. Халықтардың егемендігі мен бостандығы, демократиялық формалары туралы идеялар көтерілді.
Ежелгі Рим өркениеті Батыс өркениетінің ішінде ерекше орын алады. Римде қазіргі заманғы құқықтың негізі қаланды және ол бірнеше ғасырға созылған уақыт ішінде орнықты. Римдегі құқық жүйесі мүліктік және шаруашылық қатынастарды реттейтін, меншікпен байланысты құқыктық нормалар жүйесінің шартты міндеткерлік пен жауапкершілікті қамтамасыз ету ережесін, мүлікті мирасқа қалдырудың жетілген нормаларын қамтыды. Римдік заңгерлер құқықты жеке адамдардың пайдасын көздейтін жеке құқық және Рим мемлекетінің жағдаятына қатысты жамиғаттық құқық деп екіге бөлді. Римде императорлардың заң шығарушы қызметі үлкен маңызға ие болды. "Конституция" деген жалпы атпен эдикттер, декреттер жарияланды, рескрипттер, мандаттар таратылды.
Жердегі адамзат қоғамының прогресі үшін теңдесі жоқ ұлы күш пен жаңа серпін бергендері — еркіндік пен теңдік идеяларының көтерілуі болды. Бұл идеялар туралы түсініктер өзін-өзі басқару — коммуна үшін ғасырларға созылған күрес үрдісінде қалыптасты. Парламенттік басқарудың қайнар көзі де осы идеялардан басталды.
Көшпенділер өркениеті. Қазіргі қазақтардың жөне Орталық Азия мен Еуропаның шығысын мекен еткен өзге түркі тілді халықтардың бірқатарының ата-бабалары — қыпшақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысқаны белгілі. Бұл көсіпті қыпшақтар өздерінен бұрын өмір сүрген сақ, ғүн тайпаларынан, кейін түрлі аттармен түрлі тармақтарға ыдырап, жеке ұлттардың негізін құраған түркі тайпаларынан мұра ретінде қабылдаған.
Көшпенділер өркениетін қоғамда орын алған рухани құндылықтар мен идеялар жүйесі тұрғысынан бағалау нағыз адами қасиеттер молшылығына бастады. Көшпенді халықтардың, соның ішінде қазақтардың өмірлік қызметі, әлеуметтік қатынастары, рухани өмірі ізгілікке, мейірімділікке, парасаттылыққа және басқа адамгершілік нышандарға толы. Оларды көшпенділердің әрбір әрекетінен де, сөзінен де көруге болады.
Көшпенділерде қылмыстың аз болуынан (жесір дауы, жер дауы немесе мүліктік қақтығыстар, барымта, төбелес сияқтылардан басқа, құқықтық жаза қолданылатын қылмыстардың болмауынан) мемлекеттік жазалаушы органдардың жұмысы жетілмеді. Бұқара тұрмысының қанағаттанарлық деңгейден төмен түспеуінен жергілікті билік иелеріне қарсы наразылык актілері — көтерілістер, толқулар, революциялар болмады.
Көшпенділерде қатыгездіктен гөрі мейірімділік, әділетсіздіктен бәрі әділеттілік, ездіктен бәрі ерлік, қайыршылықтан бәрі мырзалық, жұпынылықтан бәрі сәндік, мұңнан бәрі жайдарылық басым болды. Өмір сән-салтанатқа, толып жатқан мерейлі мерекелерге толы болды. Көшпенділер аштық, көтеріліс, сот, абақты, қайыршылық дегенді білген жоқ.
Сабақты қорытындылау: Көшпенділер өркениеті адами құндылықтар тұрғысьшан қарағанда бұқараның әлеуметтік-тұрмыстық мүдделерін бірқатар толығырақ қанағаттандыратын, қоғамда жайлы адамгершілік-моральдық ахуал жасап отыратын болды.
Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма беру: § 10
Пән: Адам. Қоғам. Құқық |
||
Сынып: 9 |
Сабақ: 12-13 |
Күні: |
Тақырыбы: Қазіргі замандық өркениет.
Ғаламдық проблемалар
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Дәстүрлі және индустриялық қоғамдар. Қазіргі заманғы өркениет туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Дәстүрлі және индустриалдық қоғамдар. Адамзат өркениеттері тарихи дамуы жағынан алып қарағанда: дәстүрлі, индустриалдық және постиндустриалдық қоғамдар болып бөлінеді.
Жоғары құрылымдық орнықтылығы және әлеуметтік-мәдени реттелуі дәстүрге негізделгендіктен, Шығыс өркениеттері дәстүрлі қоғамдар деп аталады.
Индустриалдық қоғам дегеніміз— қазіргі замандағы дамыған Қоғамдардың шығуын және сипатын айқындауда қолданылатын, оларды дәстүрлі қоғамдардан бөліп көрсететін, капиталисты қоғаммен қатар аталатын екі негізгі категорияның бірі—өнеркәсіпті қоғам деген ұғымды білдіреді.
XV ғасырда адамзат тарихында түбегейлі бетбұрыстар жасалды. Осы кезден бастап Еуропа суырылып алға шықты. Еуропалықтар Шығыстың қағаз жасау өнерін пайдалана отырып, кітап басу, ақпарат сақтау және оны тез таратуды жолға қойды. Шығыстың компасын пайдаланып, теңіздерде жүзді, жаңа құрлықтар ашты, оқ-дерісін пайдаланып, отарлар басып алды.
XVIII ғасырда құқықтық мемлекет құру және қоғамда құқықтық жағдайлар қалыптастыру негізінде экономикалық және саяси биліктерді бөлісу үрдісі басталды.
Қазіргі заманғы өркениет. Қазіргі заманғы өркениет XX ғасырдың соңы — XXI ғасырдың бас кезіндегі Жер планетасын мекендеген күллі адамзат қоғамы жасаған өркениетті айтамыз
Жердегі адамзат өркениеті саяси құрылымы жағынан Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше болып енген 191 федерациялық және унитарлық мемлекеттерден, олардың кейбіреулерін біріктіретін конфедерациялардан, экономикалық және әскери одақтардан, сондай-ақ ұлттық-мемлекеттік құрылуы анықталмаған 60 шақты аумақтан тұрады.
Қоғам және табиғат. Қоғам — дүниенің табиғаттан ерекшеленген бөлігі. Ол ерекшеленудің негізі қоғамның даму еркіндігінде, оның саналы, ерікті адамдардан құралуында.
Демек, бұл жерде ерекшелену туралы айту қоғамды табиғаттан мүлдем бөліп алып қарастыру дегенге саймаса керек:
Табиғат адам мен қоғамның заңдарынан тәуелсіз, стихиялы дамиды.
Адам қоғамы жасампаз, түрлеңдіруші, мәдениет жасаушы сапасында әрекет етеді. /Ерекшеленудің мәні осында. Солай болса да, адам мен қоғамды ешқашан табиғатқа қарсы қоюға болмайды.") Адам қоғамы мен табиғаттың арасындағы қатынастардың басты ұстанымы осымен айқындалуы керек. Адам табиғатты жаулап алушы, бағындырушы ретінде емес, оны қорғаушы, сақтаушы, табиғатты аялай отырып, оның ресурстарын пайдаланушы ретінде әрекет етуге міндетті.
Экология (грек, oikos — мекен, logos — ілім, сөз) — организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен өзара қатынасын зерттейтін ғылым.
Биосфера (грек, bios— өмір, sphaira — таралу аясы) — жер шарын мекендейтін барлық тірі организмдердің таралу аясы. Терминді 1875 жылы неміс ғалымы Э.Зюсс енгізген.)
Тіршілік бар жерде тұтыну бар. Тұтыну бар жерде таусылу, ластану, жарамсыздану бар. Тұтынудың қай түрі болсын, ерте ме, кеш пе, ресурсты үнемдеу мәселесін алға тартпай қоймайды. Ал жердегі табиғи ресурстардың бәрі таусылмайтын, шексіз еместігін, адамзаттың кейбір параметрлер бойынша апаттық жағдайға таяп келе жатқандығын ескерсек, экологиялық проблемалардың қазіргі заманғы өркениеттің ғаламдық проблемаларының бастысына айналып отырғанын түсінуге болады.
Қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын ұйымдар.
Адамдар табиғи ресурстарды үнемдеп пайдалану және оларды сақтау мәселелерімен айналыспай отырған жоқ. Жетпісінші жылдардан бастап экология мәселелері түрлі халықаралық кеңестер мен мәжілістерде күн тәртібіне белсенді қойылып келеді. Әсіресе Римдік клуб деп аталатын халықаралық ұйым мен ЮНЕСКО-ның ынтасы бойынша экология тақырыбына түрлі семинарлар өткізіліп жүр.
ЮНЕСКО (ағылш. United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization) — Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым жене мәдениет жөніндегі ұйымы.
Қазақстанда Семей атом полигонында болған жарылыстардың зардаптарын жою мен тұрғындардың денсаулығын сақтау жұмыстарымен белсенді айналысып жүрген "Невада—Семей", Арал теңізінің тартылуынан болып отырған кеселдердің салдарын жою және теңіз суын қалпына келтіру бағытында жұмыс істейтін комитет бар.
Бекіту кезеңі:
Қоғамды тұтас жүйе ретінде сипаттауға негіз болатын қандай факторлар деп ойлайсыздар?
Қоғам және оның құраушы бөліктері туралы түсініктеріңізді қысқаша тұжырымдаңыздар.
Адам мен адам, адам мен қоғам және қоғам мен табиғат арасындагы байланыстардың мәні неде?
4. Қазіргі Қазақстанның экологиялық жағдайы туралы ойларыңызды ортаға салыңыздар.
Сабақты қорытындылау: Соңғы жылдары экология мәселелерімен республика үкіметі қарамағындағы кейбір ведомстволар арнайы айналысады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §11,47-48 б.б.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық |
||
Сынып: 9 |
Сабақ: 14 |
Күні: |
Тақырыбы: Адамның және қоғамның материалдық қажеттіліктері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға адамның және қоғамның материалдық қажеттіліктері туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Адамның қажеттіліктері. Кез келген адамға қалыпты өмір сүру және даму үшін белгілі бір материалдық игіліктер қажет. Олардың қатарына: азық, киім, баспана, көлік тағы басқалар жатады. Сонымен қатар адамның қоғамнан тыс өмір сүре алмайтыны белгілі. Оған өзге адамдармен жүздесу, танысу, сыйласу, сүйіспеншілік сезімдері де тән. Осының бәрін біз қажеттілік дейміз. Қажеттіліктер адамның тілек-қалауын, эмоциясын, ойы мен еркінің бағыттарын айқындай отырып, оны белсенді әрекетке итермелейді.
Қажеттілік — организмнің қалыпты өмірлік қызметін қамтамасыз ету үшін керекті талаптарының қанағат-таңдырылмауымен шартталған және сол қажеттілікті өтеуге бағытталеан. Адамзаттың тарихи дамуының алғашқы кезеңінде адамдардың қажеттіліктері орай адамның қажеттіліктерін өтеуге бағытталған материалдық игіліктерді: күнделікті тұтынатын заттар және ұзақ мерзім бойы оларсыз күн көре алатын заттар деп белуге болады. Бұлардың
біріншісіне — тамақ, ауыз су, киім, баспана және сол сияқтылар жатады.
екіншісіне — қымбат және сәнді бұйымдар, көпшіліктің қолы жетпейтін автомобиль маркалары, виллалар жатады.
Адам тек материалдық қажеттіліктерін қанағаттандырумен шектеліп қалмайды. Қоғамның дамуы адамның әлеуметтік қажеттіліктерін үнемі алға тартып отырады. Белгілі америкалық ғалым А.Маслоу адамның қажеттіліктерінің құрылымын мейлінше айшықты анықтап берді. Ол ұсынған жүйе бойынша адамның кажеттіліктері бес топқа бөлінеді және маңыздылығының өсуіне сай ретпен орналасады. Олар мыналар:
физиологиялық қажеттіліктер (аштық, шөл, демалыс);
өзін қорғау қажеттілігі (қауіпсіздік, қорғану);
3) әлеуметтік қажеттіліктер (адамдармен қарым- қатынас, билік, махаббат);
4) тұлға ретінде танылу қажеттілігі (мәртебе, бедел);
5) өзін көрсету қажеттілігі (өзін-өзі дамыту, ойы мен санасындагыны жүзеге асыру).
Экономика. Экономика (грек, oikonomia — шаруашылықты жүргізу өнері) ұғымы алғашында үй шаруашылығын жүргізу туралы заң дегенді білдірген. Қазіргі кезде бұл ұғым одан әлдеқайда кең мағынада қолданылады. Экономика ұғымы материалдық игіліктер өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды сипаттайды. Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қаты-настарды айқындайды, олардың базисі болып табылады.
Еңбек бөлісі мен маманданудың пайда болып, дамуымен материалдық игілік өндірушілер бір-біріне тәуелділікке түседі. Еңбек бөлісінің дамуы жоғарылаған сайын, олардың арасындағы тәуелділік те күшейе түседі. Олардың әрекеттерін үйлестіру қажеттігі артады. Тауар өндірушілердің кызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруа-шылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттарды, меншіктік қатынастарды біріктіреді.
Өндіріс және өндіріс факторлары. Өндіріс — өзінің өміріне қажетті материалдық жағдайларды жасау мақсатымен адамның табиғатты белсенді жаңғырту үрдісі. Кез келген өнімді өндіру үшін төрт элемент керек. Олардың біріншісі — сол өнімді дайындайтын табиғи зат; екіншісі—өнімді дайындау үрдісінде пайдаланылатъш еңбек құралы; үшіншісі — адам еңбегі, оның мақсатты бағытталған қызметі; төртіншісі — аталған үш элементі өндіріске қосатын ұйымдастырушы. Экономика тілнде өндіріс факторлары деп аталатын бұл төрт элемент, тиісінше: жер, капитал, еңбек жэне кәсіпкерлік ұғымдарымен белгіленеді.
Жер ұғымы бұл жерде кәдуілгі біз аяқ басып жүрген жерден басқа өндірісте қолданылатын табиғи ресурстардың бәрін сыйғызады.
Капитал—өндірісті ұйымдастыру үшін жасалған, адамның қолымен өндірілген материалдық игіліктер мен өндіріс құралдарының жиынтығы. Капитал ақша қаражаты ретінде қолданылуы мүмкін. Еңбек дегеніміз — адам ресурсы, былайша айтқанда, жұмысшылар мен қызметкерлер, олардың білімі және тәжірибесі. Кәсіпкерлік-өндірісті ұйымдастыру қабілеті.
Бекіту кезеңі:
Адамның негізгі қажеттіліктерін атаңыздар.
Адамның қажеттіліктері неге үнемі өсіп отырады?
Экономикалық жүйе дегенді қалай түсінесіздер? Экономикалық жүйелердің негізгі тұрпаттарын атаңыздар.
5. Өндіріске анықтама беріңіздер, өндіріс факторларын атаңыздар.
Сабақты қорытындылау: Өндіріс әрқашанда қоғамдық сипатқа ие және қатынастардың екі түрін қамтиды. Олардың біріншісі өндіргіш күштер деп аталады. Ол адамдардың табиғатқа қатынасын білдіреді де, табиғатты өзгертуге бағытталған адамның дене және рухани күші ретінде көрініс береді. Екіншісі өндірістік қатынастар деген ұғыммен сипатталатын адамдардың өзара қатынастары болып табылады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §12, 51-55 б.б.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық |
||
Сынып: 9 |
Сабақ: 15 |
Күні: |
Тақырыбы: Тауар. Ақша. Тауар өндіру.
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Нарық және нарықтық қатынастар туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Тауар.
Нарық.
Ақша.
Құн және баға.
Сұраныс және ұсыныс заңы.
Бәсеке және монополия.
Тауар. Жоғарыда атап өткеніміздей, еңбек бөлінісінің дамуы тауар өндірісінің пайда болуына алып келді. Еңбек бөлінісі жағдайында әркім өзінің қолынан келгенін өндірді. Өндіруші өнімін келешекте өзіне қажетті өзге өнімге айырбастау ниетімен өндірді. Айырбас үшін арнайы өндірілетін өнім тауар деп аталады.
Нарықтық экономикада тауар ұғымы орталық ұғым. Нарықтың өзі тауар өндірісінің пайда болуына байланысты өмірге келді. Тауар — өндіруші өзге тауарға айырбастауға арналған өнім.
Нарық. Нарық ұғымының бірнеше анықтамасы бар. Батыстан келген "рынок" сөзі әуел баста сатушы мен сатып алушы кездесетін "орын" ұғымын білдірген. Қазіргі кезде "рыноктың" қазақша баламасы ретінде алынып жүрген "нарық" ұғымы кең мағынада қолданылады. Нарық - тауар өндірісі мен айналымы заңдары бойынша ұйымдастырылатын айырбасты сипаттайтын тауар қатынастарының жиынтығын білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда,
нарық дегеніміз—нақты тауарды сатушылар мен оны сатып алушылардың басын қосатын кез келген институт немесе механизм
Алғашында тауар айырбастау қарапайым формада, негізінен, баспа-бас (бартер) түрінде жүзеге асырылды. Мұндайда "сатушы" мен "сатып алушының" мүдделері үйлесе бермейтін. Кейде адамдарға өздеріне қажетті тауарды алу үшін бірнеше айырбас жасауларына тура келетін. Сонымен қатар ұтылып қалмау жағын ойластыру тағы керек. Мысалы, қой иесіне балта керек болды дейік. Бір қойды үш балтаға айырбастауға болады. Ал қой иесіне бір ғана балта керек. Бір балта үшін ол койын бере салмайтыны белгілі. Мұндай тығырықтан қалай шығуға болады? Оның бір-ақ жолы бар: өзге тауарлардың бәріне өлшем бола алатындай және сатушының бәрі кедергісіз қабылдайтын бір тауарды бекіту керек. Осылай ақша пайда болды.
Ақша. Ақша экономиканың даму тарихында "ерекше текті тауар" болып келді. Ақшаның ерекшелігі оның әмбебаптығынан, жалпыға танымал және нарыққа қатысушылардың бәріне бірдей тұрақты құндылыққа ие болуынан көрініс береді. Ақша өзге тауарларды бір-бірімен айырбастау үрдісінде делдал-тауар қызметін атқарды.
Сонымен ақша дегенміз—жалпыға бірдей балама ретінде қызмет ететін ерекше тауар. Ақшаның мәні оның атқаратын қызметінен көрініс береді. Ақша, негізінен, үш түрлі қызмет атқарады: 1) айналыс құралы ретінде қолданылады, ақшаға кез келген тауарды сатып алуға болады; 2) құн өлшемі ретінде қолданылады, ақшамен нарыққа ұсынылған кез келген тауардың құны өлшенеді; 3) қорлану қоры қызметін атқарады, егер тауар өндіруші тауарды сатқаннан түскен ақшаны өзге тауарларды сатып алуға ұзақ уақыт пайдаланбаса, ондай ақша қазына құрау қызметін атқарады.)
Құн және тауардың бағасы. Әр тауардың өз бағасы болады. Тауарды сатып ала отырып, біз оның сол үшін төленген белгілі бір ақша сомасындағы құнын танимыз. Міне, ақшамен бейнеленген осы құн оның бағасы болып шығады.
/ Келесі тұжырымдама бойынша, тауардың құы оны өндірушінің өндіріе факторлары ),(еңбек, жер, капитал және кәсіпкерлік) шығарған шығындарының жиынтығымен айқындалады. Мұндайда тауардың бағасы оның құнымен арадағы байланысын жояды, сатып алушының субъективті бағасымен айқындалады. Нарықта тауар сатып алушы адам өндірушінің шығындарын ескермейді, ол тек тауардың пайдалылығына мүдделі. Бұл жерде сатып алушының бағасы өндірушінің шығындарына қараганда әлдекайда маңызды болып шығады.
Ұсыныс және сұраныс заңы. Нарықтық баға құрылу үрдісінде сұраныс пен үұсыныс шешуші рөл атқарады. Сұраныс - деп сатып алушылардың уақыттың сол мезетінде сол бағаға белгілі бір көлемде тауар сатып алу қабілетін айтамыз. Бұл жерде қажеттіліктің бәрі сұраныс бола бермейтінін, тек оның сатып алушының ақша қаражатымен қамтамасыз ете алатын бөлігінің ғана сұраныс болып табылатынын ескеру керек.
{Монополия—кәсіпорынның немесе кәсіпорындар тобыныц нарықта билік жүргізуге, боғат бақылай жасай алатын және оны айқындайтын жагдайға ие болды.
Бекіту кезеңі:
Ақша қандай кызмет атқарады?
Тауардың құны мен бағасының арасындагы айырмашылықты атаңыздар.
Үсыныс пен сүраныс заңын түжырымдаңыздар.
Монополия мен бөсекенің айырмашылығы неде?
Сабақты қорытындылау: табиғи монополиялар мемлекеттің меншігінде болады немесе оның бақылауымен әрекет етеді. Табиғи монополиялардың болуы өндірістің ауқымымен байланысты, өндірісті ірілендіру нәтижесінде ресурстарды үнемдеу үрдісінде қол жететін ерекше тиімділікпен шарттандырылады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §13, 55-61 б.б.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық |
||
Сынып: 9 |
Сабақ: 16-17 |
Күні: |
Тақырыбы: Меншік және меншік түрлері
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Меншік және жекешелендіру туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Меншік. Бүкіл экономикалық жүйенің және экономика тетіктерінің қызмет ету заңдылықтарын түсінуде меншік қатынастары ерекше маңызга ие. Нарықтық және нарықтық емес экономикалық жүйелердегі меншіктік қатынастардың бір-бірінен түбегейлі айырмашылығы бар. Орталықтандырылған, нарықтық емес экономика мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке негізделеді, ал нарықтық бәсекеге құрылған экономика, ең алдымен, жеке меншікке негізделеді.
Жеке меншікке тек мүлік қана емес (киім, үй, автомобиль), адамдар арасындагы экономикалық қатынастар да жатады. Жеке меншік мүліктің (өндіріс құралдары, тұтыну заттары, ақша) белгілі бір субъектіге тән екендігін көрсетеді. Демек, ол сол мүліктің қожасы, иесі немесе толық билік жүргізушісі болып табылады. меншік — жеке адамдар мен фирмалардың жерді, капиталдық басқа активтерді алу, билеу, пайдалану, сату және мұраға қалдыру құқығы. Өндіріс факторларына (құрал, еңбек заты, ақпараттық және интеллектуалдық ресурстар, жер және басқалар) жеке меншік жөніндегі қатынастар әрқашанда өндірісті ұйымдастыруда айтарлықтай рөл атқарған. Меншіктік экономикалық қатынастар өндіріс факторларын пайдалану жөніндегі өндіріске қатысушылар арасындагы қатынастармен сипатталады. Демек, меншіктік экономикалық қатынастар тек меншік кіріс көзі ретінде қызмет ететін жағдайда ғана пайда болады.
Түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындар.
Кәсіпорын дегеніміз—қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен түсім түсіру мақсатында жұмыстар атқаратын және қызмет көрсететін, өнім өндіру үшін құрылған, өздігінен шаруашылық жүргізетін субъект. Кәсіпорындар қызметін өзінше жүргізеді, шығарған өнімін, түсірген пайдасын өзі жұмсайды.
Жалгерлік кәсіпорындар—мүлік иесі мен сол мүлікті жалға алған еңбек ұжымы арасындагы жалға беру туралы шарттың негізінде құрылады. Мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік билік органдарының өкімімен құрылады. Мемлекеттік көсіпорындардың мүлкі бюджеттік қаражат есебінен құрылады. Акционерлік қоғамдар — заңды немесе жеке тұлғалардың ерікті бірлестіктері — меншіктің аралас нысанындағы кәсіпорындардың бір түрі болып табылады. Акционерлік қоғамдардың мүлкі қоғамның жарғылық қорына қосқан акционерлердің салымдарынан құрылады. Әр акционер өз салымының мөлшерінде ғана тәуекелге барады және акционерлік қоғамның алан міндеттемелері бойынша жауап бермейді
Жекешелендіру. Жетпіс жылдан астам Қазақстанда әміршіл - әкімшілік экономика үстемдік жүргізді. 80-жылдардың басында Кеңес Одағын түгел қамтыған дағдарыс экономиканы реттеуді, мемлекеттік деңгейде қайта құруды, нарық қатынастарына өту қажеттігін алға тартты.
Нарыққа өту шаруашылық жүргізудің ескі жүйесін түбірімен қиратуды, соның ішінде, ең алдымен, меншік қатынастарын қайта қарауды көздейді. Өндіріс құрал-жабдықтарына монополиялық мемлекеттік меншік экономиканың дамуын тежейтін, өзінің әрекетімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделілігін төмендететін негізгі факторға айналды.
Жеке және ұжымдық шаруашылық жүргізуші субъектілерге мемлекеттік меншікті беру немесе сату арқылы меншік қатынастарын қайта құру жекешелендіру деп аталады. Жекешелендірумен қатар нарықтық қатынастарға өткен кезде меншікті мемлекет иелігінен алу да жүзеге асырылады.
Бекіту кезеңі:
Меншіктің қандай түрлері болады?
Кәсіпорындардың түрлерін атаңызда?
Сабақты қорытындылау: Жекешелендірумен қатар нарықтық қатынастарға өткен кезде меншікті мемлекет иелігінен алу да жүзеге асырылады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §14, 61-64 б.б.
Пән: Адам. Қоғам. Құқық |
||
Сынып: 9 |
Сабақ: 18 |
Күні: |
Тақырыбы: Экономикадағы адам факторы
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Адам және нарық туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
