- •Адам мәселесі
- •"Адам" ұғымы
- •Адам бойындағы табиғи және әлеуметтік нышандар
- •4)Меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;
- •Қызметтің сипаты
- •Адамның қызметінің мақсаты
- •Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар
- •Өмірдің мөні неде?
- •Бакыт дегенді қалай түсінеміз?
- •Қоғамды құраушы бөліктер.
- •Қоғамдық қатынастар.
- •Қоғамдық қатынастардың мазмұны
- •1. Мемлекет деп нені айтамыз?
- •Мемлекеттің түрлеріне, тарихи тұрпаттарына сипаттама беріңіздер.
- •Қоғамдық өмір аяларын атаңыздар.
- •Материалдық игілік өндірудің түпкі мақсаты
- •Еңбек нарқы, жалақы.
- •Бизнес және кәсіпкерлік
- •Қазақстанды мекен еткен ұлт және этностарға сипаттама беріңіздер.
- •Қазақ жеріне коныс тепкен түрлі этнос өкілдерінің осында келу тарихына көңіл аударыңыздар.
- •Автохтонды ұлт, диаспора, этнос терминдерінің қысқаша анықтамасын дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
- •Адамдар өздерінің бірлескен қызметінде бірінің үстінен бірі билік жүргізбей-ақ іс тындыра ала ма?
- •Тарих сабақтарынан алған білімдеріңізді пайдалана отырып, халық үғымына қатысты ойларыңызды ортаға салыңыздар.
- •Қайткенде халық өзінің қуатын сақтап қалады, өзін-өзі қорғай алатын күшке айналады?
- •Мемлекеттің атқаратын функцияларын өз сөздеріңізбен қысқаша тұжырымдап, дәптерлеріңізге жазып қойыңыздар.
- •Басқарудың президенттік республика мен парламенттік республика формалары арасындағы ұқсастықтар мен ұстанымды айырмаларды атаңыздар.
- •Мемлекеттік биліктің бірлігі, жоғарылығы және тәуелсіздігі деген ұғымдар нені білдіреді?
- •7 )Ойын сабағы;
- •Өкілеттігі бар адамның заңды қолдануы.
- •Азаматтардың Конституция мен заңдарда тұжырымдалған, өздеріне берілген құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білуі.
- •Азаматтардың заңда белгіленген талаптардьі сақтауъи
- •Азаматтардың өздеріне тиесілі міндеттерді бұл-жытпай орындап отыруы.
Қызметтің сипаты
Адамның қызметінің мақсаты
Қызмет етуге құлшыныс тудыратын факторлар
"Қабілет" дегеніміз — тұлғаның қызмет түрлерін атқару амалдары мен тәсілдерін тез, терең және орнықты меңгеруінен көрініс табатын, адамның оларды игеру мүмкіндігін шарттастыратын ішкі психологиялық, реттеуші қыз-метін атқару мүмкіндіктерін көрсететін дара-психология-лық ерекшелігі.
Қабілет жеке адамның өзгелермен арақатынастарының күрделі жүйесінде, түрлі қызметтер атқару үрдісінде қалыптасады. Іс-әрекеттің кейбір нақты түрін атқару кезінде байқалатын қабілеттің түрлі құрауыштардан тұратын кешенді құрылымы болады. Бұл кең таралған есе қайтару (компенсация) құбылысымен байланысты: іс-әрекеттің кейбір түрлерін атқаруға қажетті жоғары қабілеттілікке кейбір құрауыштардың салыстырмалы әлсіз немесе мүлдем болмауы жағдайында өзге құрауыштарды дамыту арқылы қол жеткізуге болады.
Дарынның сипаттамасы. Қабілетті дамытудың сапалык деңгейі дарын және даналық үғымдарымен беріледі. Дарын дen жаңалығымен, жоғары жетістігімен және қоғамдың маңыздылығымен ерекшеленетін іс-әрекеттің өңімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттердің жиынтығын айтамыз.
Дарынның жүздеген типтері мен түрлері болады. Адамзат үшін олардың бәрі қажет. Ол абсолютті есту немесе көру, әдеттен тыс үйлестірушішк (құрылым жасай алу, құрастырғыштық), найзағайдың жарқылындай жылдам реакция немесе көркем шығармашылыққа деген қабілеттілік болуы мүмкін. Мақсат осындай дарындарды қайткенде ертерек оятуда, сол дарынға сай әуестікті дарытуда болса керек.
Көптеген зерттеушілер дарынның балаға ата тегі арқылы берілетінін қуаттайды. Олардың тұжырым-дауынша, белгісіз бір тылсым күш жоғалмай, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын сияқты. Мұны куәландыратын айғақтар да аз емес.
Бүған қарсы айғақтар да жоқ емес. Ата тегінде көрнекті тұлғалар болмаған қарапайым адамдардан шыққан данышпандар да жеткілікті.
Адамның зияттық (интеллектуалдық) ресурстары. Канадалық патофизиолог Г.Селъе ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру туралы кітабында атом ядросында қаншалықты физикалық энергия болса, адамның миында соншалықты ойлау энергиясы бар деген тұжырымға келген екен. Демек, теориялық тұрғыдан қарағанда адамның мүмкіндігі шексіз.
Физиологтардың жорамалдауынша, адамның миы 15 млрд жүйке клеткаларынан — нейрондардан тұрады. Алайда адамдар ойлау қуатының осындай мол қорының өте аз мөлшерін ғана пайдаланады.
Жад және оның мүмкіндігі. Жад—іс-әрекет барысында қайтадан пайдалану мүмкіндігін тудыратын немесе оны сана аясында қайта жаңғыртатын бұрынғы тәжірибені ұымдастыру және сақтау үдерісі.
Жад субъектінің өткенін қазіргісімен және келешегімен байланыстырады, дамыту мен оқытуга негіз болатын аса маңызды танымдық функция атқарады. Жад ұзақ мерзімдік, қысқа мерзімдік жүйешелерге және сенсорлық
(лат. sensus — сезім, сезіну) деп аталатын гипотетикалық жүйешеге бөлінеді.
Мысалы, Юлий Цезарь, Александр Македонский, парсы патшасы Кир 30 мыңдай жауынгерлерін атымен атап және түстеп білген екен. Әйгілі Фемистокл грек астанасында тұратын 20000 адамның аттарын атап, түстерінен тани білген. А.Сенека байланыссыз 2000 сөзді бір естігеннен қайтадан сол ретпен айтып бере алған. Математик Леонард Эйлер жүзге дейінгі барлық санның алғашқы алты дәрежесін жатқа білген. Академик С.А. Чаплыгин жене шахматшы Гарри Каспаров бес жыл бұрын кездейсоқ бір рет қоңыраулатқан телефонный, нөмірін есінде сақтай алған.
Зият (интеллект; лат. intellectus—тану, түсіну, талқы) — адамның ойлауға, тануға рационалды қабілеттілігі: Жалпылама алғанда, бұл ұғым тұлғаның ақылы мен ойын дамытуға қатысты қолданылады. Зияттың табиғаты сезім, ерік, түйсік, елестету сияқты рухани қабілеттерден өзгеше болады.
Қазіргі заманғы психологияда зият ұғымы көбінесе тұлғаның жеке-типология лық даму ерекшеліктерін зерттейтін теорияда қолданылады. Адамның зиятты-лығын айқындайтын ұғым бар. Ол зияттылық коэффициенті (ағылш. Intellectual quotent, қысқаша — IQ) делінеді.
Сабақты қорытындылау: IQ — түрлі тестілерді негізге ала отырып жасалған ақылды дамыту көрсеткіші, жеке адамда бар білім мен мағлұматтылық деңгейі. Көпшілік психологтардың пайымдауы бойынша, негізінен, IQ жеке адамның өзі жинақтаған білім деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Оқушыларды бағалау:
Үйге тапсырма беру: §4, Ой толғау
Пән: Адам. Қоғам. Құқық |
||
Сынып: 9 |
Сабақ: 6-7 |
Күні: |
Тақырыбы: Адам өмірінің мәні
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
Білімділік: Оқушыларға Өмір және оның мәні туралы жүйелі білім беру
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау
Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;
Құрал – жабдықтар: оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:
Өмірдің мәні
"Бақыт" түсінігі
Адасу
Өмірдің мәні. "Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?" деген сұраққа кім болса да: "Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды", — деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші.
Ұлы Абайдың жас ұрпаққа: "Атаның ұлы болма, адамның ұлы бол" деп өсиет қалдырғаны белгілі.
Адамның өмірінің мәні оның іс-әрекеттерінің негізгі мақсаты мен мрратынан турады деген қағидаға ден қойып келгені мәлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мәнін жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдык нормаларды бейнелейтін реттеуші ұғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мәнін белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек.
"Бақыт" түсінігі. Өмірдің мәні туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол — бақыт туралы 22 ұғым. "Өмірдің мәні оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті әрі жылы естіретіні содан болса керек.
Бақыт дегеніміз —аданың өзінің болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушылығына сәйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің адамдың мұратына жету үйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялық формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің калай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-бағалык сипат алады. Бақыттың мазмұны әр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты.
Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тәтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.
Көптеген адамдар бақытты махаббатпен байланыстырады. Махаббат жолында бүкіл өмірін, байлығын, мансабын сарп еткендер де аз емес. Осы жерде қазақтың батырлық жырлары мен лиро-эпостарының кейіпкерлерін еске түсірейікші. Қыз Құртқа үшін Қобыланды, Гүлбаршын сұлу үшін Алпамыс, Қыз Жібек үшін Төлеген, Баян сұлу үіпін Қозы Көрпеш өздері сүйген арулар үшін өмірлерін қиюға да дайына еді.
Бақыт деген — адамға оның өзінен жоғары тұрған, белгісіз бір күштердің сыйы емес. Бақытты болу немесе бола алмау — адамның маңдайына бұйырған үлес немесе тағдырына алдын ала жазылып қойылған бағдарлама да емес. Бақытты болу әр адамның өз еркі, демек, бақытты бола білу әр адамның өз қолында.
Адасу. Еңбектен, махаббаттан, табиғаттың сұлулығынан немесе достар арасындағы толық түсіністікті сыр шертісулерден тыс калган адам бақытты өзге жактан іздейді. Адасу осыдан басталады. Алдымен шылым шегуден, спирттік ішімдіктен жанға сая табу кейін есірткі қабылдауға үласуы әбден мүмкін. Уландырғыш заттар бастағы бар ауыртпалықты белгілі бір мезетке ысырып тастағандай әсер етіп, көңілдің хошын келтіретіні рас. Есірткі қабылдаған адамда іштей қанағаттанғандық сезім пайда болып, қайғы мен мүң ұмытылып, көңілі көтеріліп, айналасы қызылды-жасылды түске енеді. Бірақ жасанды бақыт ұзаққа бармайды. Есірткі денеге жайылып, оның уыты тарқағаннан кейін адам қайтадан бейжай күйге түседі. Ол бұрынғыдан да қатты қиналады: іштей құлазу, жалғыздық сезімі пайда болады. Бұдан құтылудың жолы біреу-ақ — қайтадан қажетті мөлшерін қабылдаса, бәрі сонымен шешілетіндей көрінеді. Адам қайтадан есірткі іздейді. Осылай жалғаса береді. Адамның өзін-өзі іштей ірітіп-шірітуі осылай басталады.
Адамның өзін-өзі өлтіру құбылысын суицид дейді. Кейбір психолог ғалымдардың жорамалдауынша, жастарды суицидке итермелейтін факторлардың бірі — бұқаралық сипат алған әділетсіздік. Жеке адамның әділетсіздігі — қоғам әділетсіздігінің құрамдас бөлігі. Қоғамда демократиялылық пен жариялылықтың болмауы оның кейбір мүшесін еріксіз әділетсіз жолдарға түсуге итермелейді.
Бекіту кезеңі:
