Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
9 сын. Қ.н. САБАҚ ЖОСП-ЛАРЫ 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.17 Mб
Скачать
  1. Өкілеттігі бар адамның заңды қолдануы.

  2. Азаматтардың Конституция мен заңдарда тұжырымдалған, өздеріне берілген құқықтары мен бостандықтарын пайдалана білуі.

Азаматтарға берілген құқықтар мен бостандықтар— олардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін берілген мүмкіндіктер. Ол мүмкіндіктерді пайдалану немесе пайдаланбау олардың өз ер-кінде. Солай болса да, мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық пайдалануына мүдделі. Өйткені, білім туралы заң бойынша азаматтардың бәрінің толық орта білім алуы, кәпшілігінің жоғары білімді болуы бүкіл қоғамның білім деңгейі жоғарыльнының көрсеткіші болар еді. Ондай қоғамның келешегі жарқын болмак. Ал азаматтардың сайлау және сайлану құқықтарын толық пайдалануы — сайлауға жаппай қатысуы, кандидаттардың бағдарламаларын зерттеп, ішінен тиімдісін таңдай алуы, қоғамның келешегіне пайдалы бағдарламаларды іріктей білуі, сондай бағдарламаларды жасаған кандидаттарға дауыс беріп, кейін олардың әр қадамын қадағалап отыруы, сонысымен қоғамда заңдылықтарды орнатуға ат салысуы құқықтық қоғам құру үшін ең қажетті шарттар болып табылады.

  1. Азаматтардың заңда белгіленген талаптардьі сақтауъи

Заң адамдардың қоғамға қауіпті,- зиянды әрекеттер істеуіне тыйым салады. Азаматтар заңды түрде тыйым салынған әрекеттерді істемеуі керек.

  1. Азаматтардың өздеріне тиесілі міндеттерді бұл-жытпай орындап отыруы.

Азаматтарға толып жатқан міндеттер жүктелген. Қоғамның алға жылжуы қоғам мүшелерінің өз міндеттерін орындап отыруына тікелей байланысты. Азаматтық міндеттердің орындалуы — азаматтардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарының кепілі. Сондықтан міндеттердің орындалуы құқықтық өлшемге лайықтылықтың басты өлшемдерінің бірі болып табылады.

Азаматтық құқық ұғымы. Қоғам мүшелерін әрекетінің сипатына қарай: материалдық игілік ондірушілер және материалдық емес салада істеушілер деп екіге бөліп карастыру қалыптаскан. Қоғам мүшелерінің белгілі бір бөлігі материалдық игіліктер өндірумен тікелей айналысады. Ал материалдық игілік өндірмейтін салаларда істейтін адамдар еңбегінің маңызын да кемітуге бол­майды. Қоғамның материалдык игіліктерін оның мүшелерінің бәрі, бүкіл қоғам тұтынады. Соның нәтижесінде өндіруші мен тұтынушы арасында белгілі бір қатынас қалыптасады. Мүліктік қатынастардың қоғамдық маңызына қарай мемлекет бұған қатынасушылардың құқық-тары мен міндеттерін белгілейді.

Материалдық игіліктерге адамның өмірлік қызметінде пайдаланатын мүліктік және табиғи құндылықтар — үй, киім, көлік, еңбек құралдары, жер, су, қазба байлықтар, өсімдіктер дүниесі т.б. жатады. Осылардың ішіндегі азаматтардың меншігіндегі мүліктік құндылықтар азаматтардың құқықтық объектісі болып табылады. Мемлекеттік меншіктегі объектілер — жолдар, өзендер, көлдер, ұлттық кітапханалар, жабайы аңдар дүниесі т.б.

Мүліктік емес құндылықтарға адамның өмірі, денсаулығы, жеке адамның қадірі, ары, атағы, абыройы, іскерлігі, жеке және отбасы құпиясы, өз есіміне құқығы, авторлық құқығы және басқалар жатады.

Азаматтық-құқықтық қатынастар. Материалдық объектілер адамдар арасында туатын азаматтық-құқықтық қатынастардың қайнары ретінде қызмет етеді. Адамдар өздеріне міндеттер ала отырып, азаматтық­ құқықтық қатынастарға түседі.

Мәміле — адамдардың азаматтық құқық пен өзара міндеткерліктерді орнатуға, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері.

Меміле ауызша немесе жазбаша түрде жасалуы мүмкін. Мемілеге келушілердің қағаз жүзінде міндеттеме алысулары немесе мәмілелерін нотариалды куәландыру жазбаша мәміле түрінде жасалады. Куәлан-дырусыз жазбаша мәміле, кем дегенде, 25 еңбекақы мөлшеріндегі бағалыктарға жасалады. Келісуші жақтардың бірі 14 жасқа толмаған болса, меміленің күші болмайды.

Азаматтық-құқықтық іс қозғау үшін мынадай шарттар болуы керек:

а) құқыққа қарсы әрекет;

ә) жауапкердің кінәсі;

б) шьнын келтірілуі;

в) құқыққа қарсы әрекеттің жауапкері мен келтірілген шығын арасындагы себептік байланыс.

Азаматтық құқық субъектілері. Азаматтық-құқықтық байланыстың субъектісі жеке адам ғана емес, адамдар ұжымы да болуы мүмкін. Азаматтық құқық субъектісі болатын ұйымдар мен кәсіпорындар заңды тұлға деп аталады. Азаматтық құқықтық байланыстың субъектісі болуға азаматтьны жоқ адамдар немесе шетелдіктер де құқылы.

Заң кәмелеттік жасқа толмағандар белгілі жасқа жеткенде құқығын кеңейтуді қарастырады. Олардың аты­нан келісімді ата-анасы немесе асыраған, қамқорлыққа алған адам жасайды. 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер өздерінің еңбекақыларын, басқа да табыстарын өздері қалауынша жұмсай алады. 14 жастан бастап жасөспірімнің ішінара әрекет қабілеттілігі пайда болады және өзіне алған міндетті орындау қабілеті де көрініс береді. 18 жасқа толғаннан бастап әрекет қабілеттілігі толық түрде көрінеді.

Бекіту кезеңі:

  1. Құқық бұзушылықтың мәніне тереңірек үңіліп, қысқаша сипаттама беріңіздер.

  2. Азаматтық-құқықтық қатынастар аясында қарастырылатын объектілерге нелер жатады?

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 45

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 50

Күні:

Тақырыбы: Тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілік

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілік туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Еңбек және тәртіп жауапкершілігі. Еңбекке қабілетті әр адам қайда және қандай жұмыспен шұғылданатының өзі шешеді. Мемлекеттік, қоғамдық немесе жеке меншік мекемелерде жұмысшының құқық мен міндеттері еңбек туралы зандарға сай шешіледі. Конституция азаматқа еңбек бостандьның, мамандықтың, кәсіптің түрін таңдауға еркіндік құқығы береді. Азаматтар заңды түрде тыйым салынбаған еңбектің кез келген түрімен шұғылдана алады.

Заң еңбекпен байланысты салада алалаушылыққа тыйым салады. Әр азамат өзінің еңбек жөніндегі құқығын басқалармен тең пайдалана алады. Ешкімнің еңбек туралы құқығына шек келтірілмейді, жұмысқа орналасу кезінде ешкім өзінің жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне және басқа да жағдайына қарай артықшылықты пайдалана алмайды.

Сонымен бірге еңбек құқығына шек келтіру деп саналмайтын жағдайлар да бар. Жұмысқа қабылданарда адамның мамандығы, кәсіпті меңгеру шеберлігі ескеріледі. Жұмыс үрдісінде азаматтың іскерлігі, жұмысының сапасы, нәтижесі есепке алынуы мүмкін.

Адам жұмысқа қабылданарда немесе жұмыс үрдісінде алалаушылыққа душар болса, онда ол сотқа шағынуға құқылы. Сот алалаушылық фактісін тапқанда, азаматты арашалайтын шешім қабылдайды, кінәліден жапа шегушінің зияны өндіріліп алынады.

Еңбек жағдайы қауіпсіздік пен гигиеналық талаптарға сай болуы керек. Еңбектің бір түрін атқарған адамдар бірдей еңбекақы алуы керек. Еңбекақы мөлшері заң белгілеген мөлшерден кем болмауы тиіс. Жұмыс уақытының ұзақтығы заңмен белгіленеді, жұмыс беруші оны өз еркімен ұзарта алмайды. Жұмысшы демалыс күндері, мейрам күндері, жыл сайынғы кезекті еңбек демалысы кезінде демалуға құқылы. Жұмысшының өз қалауынша мамандығын өзгертуге, біліктілігін көтеруге құқығы бар.

Заңда белгіленгеніндей, азамат 15 жасқа толған соң еңбек ету туралы жұмыс берушімен шарт жасасуға құқығы бар. 14 жасқа толғандар еңбек туралы шартты ата-анасының немесе қамқорлыққа алған кісінің келісімімен жасаса алады.

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қысқарған жұмыс уақыты бойынша еңбек ете алады және еңбек ақысы қысқартылмайды. 15-тен 16 жасқа дейінгі жұмысшылар, сондай-ақ 14-тен 15 жасқа дейінгі оқушылар үшін апталық еңбек уақытының ұзақтығы 24 сағаттан аспауы тиіс. 16 жастан 18 жасқа дейінгілерге апталық жұмыс уақытының ұзақтығы — 36 сағат. 18 жасқа толмаған жұмысшыларды түнгі жұмысқа және жұмыс уақытынан тыс жұмысқа пайдалануға болмайды.

Жүмыс берушінің төмендегідей құқықтары бар:

заңға сәйкес еңбек шартын жасасуға, оны өзгертуге немесе тоқтатуға;

— ұжымдық шарт жасасуға;

— еңбек шарты бойынша жұмысшыдан еңбектің орындалуын талап етуге;

  • өзіне келтірілген зиянды өндіріп беруді жұмысшыдан талап етуге.

Заң жұмыс берушіге төмендегідей міндеттер жүктейді:

  • жұмысшыға қалыпты өндіріс жағдайын туғызу;

  • еңбекті қорғаудың нормасы мен ережесін орындап отыру, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария ережелерін сақтау;

  • жұмысшыны ұжымдық шартпен, еңбек туралы нормативтік актімен таныстыру.

Әр жұмысшы өзінің:

  • еңбек міндетін сапалы және адал орындауға;

  • еңбек тәртібін сақтауға;

  • жұмыс берушінің мүлкіне ұқыпты қарауға;

  • еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын орындауга міндетті.

Жұмыс тәртпібін бұзушылықтың мынадай белгілері бар:

— жұмысшының еңбек тәртібі ережелерін бұзуы;

  • өзінің еңбек міндетін дәлелсіз себептермен орындамауы немесе нормативтік актіде, өзінің еңбек шартында көрсетілген міндеттерді нашар орындауы;

  • жұмыс берушіге, ұжымға, қоғамға немесе мемле­кетке зиян келтіруі.

Еңбек тәртібін бұзушыға жаза қолданылады. Бүл жерде бір тәртіп бұзушылық үшін бір рет қана шара қолданылатынын ескерген жөн. Тәртіптік жауапкершіліктің екі түрі бар: жалпы және арнайы.

Арнайы тәртіптік жауапкершілік жұмысы ерекше сипаттағы мемлекеттік органдарда (ішкі істер туралы, ұлттық қауіпсіздік туралы т.б.), сондай-ақ ерекше жұмыс санаттарын атқаратын мекемелердің жарғыларында белгіленеді.

Жалпы тәртіптік жауапкершілік ішкі еңбек ережелерінде белгіленеді. Заңда жалпы тәртіптік жазалардың сөгіс беру, айып салу (егер ол еңбек шартында көрсетілген болса), жұмыстан босату түрлері көрсетілген. Тәртіптік шара тәртіп бұзушылық айғағы анықталғаннан кейін, бір ай ішінде қолданылуы тиіс.

Әкімшілік-құқықтық жауапкершілік. Заңдық жауапкершіліктің ерекше түрі әкімшілік жауапкершілік болып табылады. Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқықты бұзғандар тартылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз — мемлекеттік басқару институттарында, мекемелер мен кәсіпорындарда, қоғамдық орындарда белгіленген тәртіптерді бұзудың салдарынан болатын, адам құқықтары мен бостандықтарына кесел келтіру формасында көрініс беретін құқық бұзушылықтың ерекше түрі.

Әкімшілік жаза адамның құқығына, мүлкіне шектеу жасалатын (ақшалай айып, мүлкін тәркілеу) мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Заң жүзінде әкімшілік жазаның төмендегідей түрлері қарастырылған: ескерту; айып салу; тәртіп бұзушының айлық табысын еске ала отырып, ол келтірген шығынды өндіріп алу; тәртіп бұзушыдан құндылықты қайтарып алу; тәртіп бұзушының жұмсаған құралын мәжбүрлеу жолымен алу; тәркілеу; тәртіп бұзушыны арнайы құқығынан айыру; еңбекпен түзеу; әкімшілік тұтқындау (соттың шешімі бойынша).

Әкімшілік жазаны арнайы органдар, жаза қолдануға құқылы лауазымды адамдар, жол полициясы, санитариялық инспекция, балық күзеті және т.б. сондай-ақ, сот тағайындайды.

Сабақты қорытындылау: Тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 46

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 51

Күні:

Тақырыбы: ІІІ тоқсандық сынақ «Конституция»

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Сынаққа арналған сұрақтар:

  1. Қандай халықаралық құқық қорғау ұйымдарын білесіздер?

  2. Адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалу тетіктерін қалай жетілдіруге болады?

  3. Қазақстанда адам құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін органдарды атаңыздар.

  4. Азаматтық алу үрдісіндегі "қан құқығы" және "топырақ құқығы" ұстанымдарының қайсысы жән деп есептейсіздер?

  5. Қос азаматтық туралы пікір алмасыңыздар.

  6. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш қандай жағдайларда қабылданбайды?

  7. Президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі, атқаратын функциясы қандай?

  8. Президенттің атқарушы билік тармағына: Үкіметке, жергілікті атқару органдарына тікелей ықпалы туралы пікір алмасыңыздар.

  9. Бүкілхалықтық референдумның шешімі ең әділ және халықтың өзінің түпкілікті мүдделерін қорғайтын шешім бола ала ма?

  10. Құқық бұзушылықтың мәніне тереңірек үңіліп, қысқаша сипаттама беріңіздер.

  11. Азаматтық-құқықтық қатынастар аясында қарастырылатын объектілерге нелер жатады?

  12. Қазақстан Парламенті қандай палаталардан тұрады?

  13. Палаталардың құрамы қандай және олар қалай сайланады немесе тағайындалады?

  14. Парламенттің тәуелсіз болуының қоғам дамуындағы маңызына сипаттама беріңіздер.

  15. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атқаратын қызметін атаңыздар.

  16. Үкіметті кім басқарады, оның өкілеттіктері қандай?

  17. Үкіметтің өзге де мемлекеттік билік органдарымен арақатынасына сипаттама беріңіздер.

  18. Соттың мақсаты мен міндеттері қандай?

  19. Соттардың тәуелсіздігі дегенді қалай түсінесіздер?

  20. Сот төрелігі деген не?

  21. Конституциялық Кеңес не үшін қажет және ол қандай функциялар атқарады?

  22. Конституциялық Кеңестің құрамын жасақтауда демокра­тиялық қағидалар неден көрініс береді?

  23. Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды қай жылы?

  24. Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы қашан қабылданды және неше бөлімнен, баптан тұрады?

  25. Қазақстан Республикасының Конституциясына қай жылдар өзгерістер мен толықтырулар енгізді?

Сабақты қорытындылау:

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 52

Күні:

Тақырыбы: Қорытынды қайталау сабағы «Конституция және құқық бұзушылық»

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Қазақстан Республикасының азаматтығын алу үшін өтініш қандай жағдайларда қабылданбайды?

  2. Президенттің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны, рөлі, атқаратын функциясы қандай?

  3. Президенттің атқарушы билік тармағына: Үкіметке, жергілікті атқару органдарына тікелей ықпалы туралы пікір алмасыңыздар.

  4. Бүкілхалықтық референдумның шешімі ең әділ және халықтың өзінің түпкілікті мүдделерін қорғайтын шешім бола ала ма?

  5. Құқық бұзушылықтың мәніне тереңірек үңіліп, қысқаша сипаттама беріңіздер.

  6. Азаматтық-құқықтық қатынастар аясында қарастырылатын объектілерге нелер жатады?

  7. Қазақстан Парламенті қандай палаталардан тұрады?

  8. Палаталардың құрамы қандай және олар қалай сайланады немесе тағайындалады?

  9. Парламенттің тәуелсіз болуының қоғам дамуындағы маңызына сипаттама беріңіздер.

  10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атқаратын қызметін атаңыздар.

  11. Үкіметті кім басқарады, оның өкілеттіктері қандай?

  12. Үкіметтің өзге де мемлекеттік билік органдарымен арақатынасына сипаттама беріңіздер.

  13. Соттың мақсаты мен міндеттері қандай?

  14. Соттардың тәуелсіздігі дегенді қалай түсінесіздер?

  15. Сот төрелігі деген не?

  16. Конституциялық Кеңес не үшін қажет және ол қандай функциялар атқарады?

  17. Конституциялық Кеңестің құрамын жасақтауда демокра­тиялық қағидалар неден көрініс береді?

  18. Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды қай жылы?

  19. Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы қашан қабылданды және неше бөлімнен, баптан тұрады?

  20. Қазақстан Республикасының Конституциясына қай жылдар өзгерістер мен толықтырулар енгізді?

Сабақты қорытындылау:

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 53

Күні:

Тақырыбы: Қылмыстық құқық құрылымы мен функциялары

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қылмыстық құқық құрылымы мен функциялары туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Қылмыстық құқық деген не? Қылмыстық құқық — адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтың жеке саласы. Қылмыстық құқык нормасы арқылы қоғамдық қатынастардың реттелуі қылмыс істеуге байланысты, қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында көрініс береді. Қылмыстық құқық жазамен қорқытып, тыйым салынуға тиіс әрекеттердің істелуінен туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қыл­мыстық құқық нормасы азаматтарға қылмыстық әрекеттермен қиянат келтірілгенде, олардан адамның қорғануына байланысты қатынастарды ретке келтіреді.

Қылмыстық құқық — жалпы құқық жүйесінің негізгі саласы және жеке тәртіп. Ол қылмыстың не екенін, қылмыстық жауапкершілікті, жаза және жаза жүйелерін, жазаны тағайындаудың реттілігі мен шарттарын, сондай-ақ қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босатуды белгілейтін заңдылық нормаларының жиынтығы болып табылады. Құқықтың басқа салалары сияқты қылмыстық құқықтың да негізгі заңдылык базасы — Қазақстан Республикасының Конституциясы.

Қылмыстық құқық қылмыс істелуіне байланысты адамдар арасында немесе адам мен қоғам арасында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Қылмыстық құқықтық қатынастардың субъектілері болып, бір жағынан — қылмыс істеген адам немесе адамдар тобы, екінші жағынан — қылмысы үшін соларға мемлекет атынан шара қолданатын мемлекеттік құқық қорғау және құқықтық жаза қолдану органдары есептеледі. Белгілі бір әрекетті немесе әрекетсіздікті қылмыс қатарына жатқызу, оған жаза тағайындау, қоғамға, жеке адамға және мемлекетке қарсы қылмыстық әрекетті болдырмау, бола қалса, ол үшін қылмыстық жауапқа тартатын нормаларды белгілеу — мемлекеттің құзыреті.

Қылмыстық құқықтың құрылымы. Қылмыстық құқық

  • Жалпы бөлімде қылмыс пен жаза туралы ұғым; қылмыстық заңның түсінігі, міндеттері; қылмыстық жауапкершілік негізі; қылмыстың құрамы туралы түсінік; қылмыстық заңның кеңістіктегі және мезгілдегі күші; әрекеттің қоғамға қауіптілігін жоятын жайлар; сондай-ақ, қылмыс істеу, қылмысқа қатысу, жазаның мақсаты, жүйелері, жаза тағайындау; қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату жағдайлары қарастырылады.

  • Ерекше бөлімде нақты қылмыс құрамдары және олар үшін белгіленетін жаза түрлері көрсетіледі.

Қылмыстық құқықтың функциялары. Қылмыстық құқық функцияларына: қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік маңызы жатады. Қылмыстық құқықтың негізгі функцияларына:

  • адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау;

  • қоғамдық тәртіпті сақтау және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • қоршаған ортаны бүлінуден қорғау;

  • Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын сақтау;

  • қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау;

  • бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу жатады. Бүл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауапкершілік негіздері белгіленеді;

  • жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті әрекеттердің қылмыстық мәні айқындалады;

  • кінәлілерге жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтың ықпал ету шаралары белгіленеді.

Қылмыстық құқықтың қағидалары. Қылмыстық құқық өзінің алға қойған функцияларын тек қана белгілі бір қылмыстық-құқықтық қағидаларды сақтау негізінде жүзеге асыра алады. Қылмыстық-құқықтық қағидалар заң шығарушыға, құқық қорғау және қолдану орган­дары мен азаматтарға қылмысқа қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және міндетті ережелердің көрінісі болып табылады. Олардың негізгілері мыналар:

— Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде халықаралық қылмыстық құқықтың жалпыға ортақ қағидалары мен нормаларының толық ескерілуі;

— қылмыстық заңның Конституцияға негізделуі;

— қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол бермеу;

— азаматтардың заң мен сот алдында теңдігі;

  • ешкімнің жауапкершіліктен құтылмайтындығы;

  • әділеттілік ұстанымы;

  • ізгілік ұстанымы.

Құқықтың салалық жүйесі. Өмірде түрлі қоғамдық қатынастарды заңдық нормаларға сәйкес құқықтың салалары реттейді. Құқықтың салалары өзара байла­нысты, қоғамдық өмірде белгілі бір салада реттелетін нормалардың жиынтыгын құрайды.

Тапсырмалар

  1. "Қылмыстық құқық" ұғымына жазбаша сипаттама жазыңыздар.

  2. Қылмыстық құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерін салыстырып қараңыздар.

3. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаларын атап көрсетіңіздер.

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 47

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 54

Күні:

Тақырыбы: Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қылмыс және қылмыстық жауапкершілік туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Қылмыс. Қоғамда қылмыстың жасалу себептері ішінде кедейшілік, жұмыссыздық, мәдениеттің төмендігі, адамгершіліктен азғындау, отбасылық тәрбиенің дәрменсіздігі, маскүнемдіктің етек алуы, нашақорлық, порнографияның кері ықпалы, құқық қорғау органдары қызметінің қанағатсыздығы т.б. факторларды атауға болады.

Қылмыс көпшілік жағдайда жеке адамға қарсы жасалады. Қоғамның өзі жеке адамдардан құралатындықтан, нақты бір адамға қарсы жасалған қылмысты қоғамға қарсы жасалған қылмыс ретінде тану орынды.

Қылмыс қасақана немесе байқаусызда жасалуы мүмкін. Қасақана жасалған қылмыс — тікелей не жанама түрде болып бөлінеді. Адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра, қылмысқа барса, бұл саналы түрде, қасақана жасалған қылмыс болып саналады.

Қылмыс дегеніміз заң қылмыс деп танитын әрекет немесе әрекетсіздік. Әрекет дегеніміз — қылмыскердің адамға немесе қоғамға қарсы жасаған зиянды қимылдарының жиынтығы.

Әрекетсіздік дегеніміз — азаматтың қылмыстың дайындалып немесе жасалып жатқанын біле тұра, оның алдын алу бағытында әрекет жасамауы, заңда көрсетілген азаматтык міндетін орындамауы.

Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі. Азамат 14 жастан бастап қылмыстың кісі өлтіру; денсаулығына зиян келтіру; әйел зорлау; тонау; ұрлау; бұзақылықтың ауыр түрін жасау; мемлекеттік немесе жеке меншіктік мүлікті жою; қаруды, әскери оқ-дәріні ұстау; адам ұрлау; қорқыту; терроризм; аманаттыққа тұтқындау; вандализм; уландырғып заттарды ұрлау т.б. түрлері үшін жауапқа тартылады.

Кәмелеттік жасқа толмаса да, 16 жастан асқан жасөспірім кез келген қылмысы үшін жауапқа тартылады. Кәмелеттік жасқа толмағандарға айып салу; белгілі бір кәсіппен айналысу еркінен айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; тәртібін түзету жұмыстары; тұтқындау; еркінен айыру т.б. жазалары қолданылады.

Сот 18 жасқа толмаған қылмыскердің ісіне неғұрлым парасатты, байыппен, сабырлылықпен қарауға тиіс. Егер сот қылмыскерге тәрбиелік шараның өзі де жеткілікті деп тапса, оны құқық бұзушылық жазадан босатуы да мүмкін. Ондай жағдайда оған мәжбүр ету түріндегі тәрбиелік шара қолданылуы мүмкін.

Қажетті қорғану деп қылмыскердің қауіпті әрекетінен оның өзіне зардап шектіре отырып қорғануды айтамыз.

Қылмыс үшін жазалау. Қылмыскер өзінің жасаған қылмысы үшін белгілі бір жаза тартады. Жазалар алуан түрлі болады: қылмыскер бас еркінен айырылады, азап шегеді. Мұндай жазалар қолданылмаса, қылмыскердің жаза тартуының мәні болмас еді.

Жазаның мынадай түрлері бар:

  • айып салу (айыптың мөлшерін сот белгілейді);

  • құқықтан айыру (істеп жүрген қызметі құқығынан, лауазымды орнынан алу);

  • қоғамдық жұмысқа тарту (сотталған адамды өзінің негізгі жұмысынан тыс қоғамдық пайдалы еңбекке тарту);

  • еңбекпен түзету жұмысы (сотталған адам сотта белгіленген мерзімде өзінің жұмыс орнында еңбек етіп өтейді);

  • бас бостандығын шектеу (сотталушыны арнайы орында, қоғамнан оңашаламай үстау);

  • тұтқындау (сотталушыны қоғамнан қатаң түрде оңашалау);

  • әскери тәртіп бөлімінде ұстау (әскери қылмыс жасағаны үшін қолданылады);

  • бас бостандығынан айыру (сотталушыны қоғамнан оңашалау, түзету колониясына, абақтыға орналастыру);

  • өлім жазасы (сирек қолданылатын, ең ауыр жаза);

  • сотталушының мүлкін тәркілеу (сотталушының мүлкін түгелдей немесе оның белгілі бір бөлігін төлемсіз, мәжбүрлеу жолымен мемлекет меншігіне алу).

Қылмыскердің кінәсін жеңілдететін жағдайлар. ҚР Қылмыстық кодексінде, қажетіне қарай, қылмыс жасаушының кінәсін жеңілдететін жағдайлар да қарастырылған. Олардың негізгілері мыналар:

  • кінәлі істеген қылмысының зардабын өзі жойса;

  • адам қылмысқа отбасы ауырлыны жағдайында, тағдыр басқа салған тауқымет салдарынан барса;

  • қылмыс әлдекімнің мәжбүрлеуінен — қорқытуынан, материалдық жағынан тәуелді етуінен жасалса;

  • қылмыс жәбірленушінің шектен асқан, жөнсіз әрекеті салдарынан туған терең толқыныс пен тебіреніс үстінде жасалса;

  • адам аңдаусызда жасап алған қылмысына шын жүректен қатты өкінсе;

  • қылмыс қажетті қорғаныс кезінде, қылмыскерді ұстау, бұйрықты орындау кезінде жасалса.

Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын жағдай­лар: ҚР Қылмыстық кодексінде, қажетіне қарай, қылмыс жасаушының кінәсін ауырлататын жағдайлар да қарастырылған.

Олардың негізгілері мыналар:

  • қылмысты бұрын қылмыс жасаған адам қайталап жасаса;

  • қылмысты адамдар тобы ұйымдасқан түрде жасаса;

  • қылмыс жас балаға, қарт адамға қарсы және адамның дәрменсіз жағдайында жасалса;

  • қылмыстың арты ауыр зардапқа әкеліп соқтырса (адам өлімі, көп мөлшердегі бағалы заттардың жойылуы т.б.);

  • қылмыска балалар немесе психикалық кемтар адам­дар тартылса;

  • қылмыс ерекше қатыгездікпен, жәбірленушіні қорлау, оның қадірін, арын аяққа басу әрекеттерімен жасалса;

— қылмыс табиғат апаты немесе басқа да төтенше жағдайды бүркемеленіп жасалса;

— қылмыстан қоршаған ортага зиян келтірілсе;

— қылмыс адамның уландырғыш заттар мен ішімдікті қолданған күйінде жасалса;

—қылмыскер қылмыс үстінде ерекше белсенділік көрсетсе;

— қылмыс от қаруды, жарылғыш және техникалық құралдарды пайдаланып жасалса;

— қылмыс кәсіби антын бұза отырып жасалса;

— қылмыс киім формасын немесе өкілеттілікті куәландыратын құжатты пайдалана отырып жасалса.

Қылмыс тұрпаттары. Қылмыс сипатына қарай төмендегідей тұрпаттарға жіктеледі:

  • адамның жеке басына қарсы қылмыс;

  • адамның және азаматтың конституция­лық құқығы мен бостандығына қарсы қылмыс;

  • консти­туциялық құрылыстың негізі мен мемлекет қауіпсіздігіне қарсы қылмыс;

  • экономикалық қызмет саласындағы қыл­мыс;

  • меншікке қарсы қылмыс;

  • халықтың денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыс;

  • әскери қылмыстар;

  • қоғамдық кауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстар.

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 48

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 55

Күні:

Тақырыбы: Қорытынды қайталау сабағы «Құқықбұзушылық»

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Құқық бұзушылықтың мәніне тереңірек үңіліп, қысқаша сипаттама беріңіздер.

  2. Азаматтық-құқықтық қатынастар аясында қарастырылатын объектілерге нелер жатады?

  3. Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің еңбек жағдайларына қатысты талаптардың іс жүзінде қолданылу мүмкіндіктері туралы пікір алыңыздар.

  4. Еңбек туралы заң мен әкімшілік кодекстің баптарын оқып шығып, өздеріңізге қажеттілерін жазып алыңыздар.

  5. Болашақ мамандықтарыңыздың тәртіптік және әкімшілік-құқықтық жауапкершілігі туралыне білесің?

  6. Қылмыстық құқық" ұғымына жете мән бере отырып, жазбаша сипаттама жазыңыздар.

  7. Қылмыстық құқықтың жалпы және ерекше бөлімдерін салыстырып қараңыздар.

  8. Қылмыстық құқықтың міндеттері мен қағидаларын атап көрсетіңіздер.

  9. Қазақстан Республикасының қылмысқа қатысты заңдарының және қылмыс жасағандарды жазалаудың негізгі қағидалары қандай?

  10. Жаза қандай мақсаттармен тағайындалады?

Сабақты қорытындылау:

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 56-57

Күні:

Тақырыбы: Мораль және құқық

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Мораль және құқық туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Мораль — қоғамдық сананың формасы. Адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік нормаларға сай ұстайды. Олардың өзгелерге қатынасын айқындайтын әдептік сапалары болады. Ол сапалар: ізеттілік, ибалылық, мейірбандық, әділеттілік, ізгі ниеттілік сияқты моральдық санаттардан көрініс табады. Қоғамдық идеялардың құрамдас бөлігі ретінде көрінетін мораль, сонымен бірге, адамдардың қызметінде және тұрмыстағы өзара қатынастарында басшылыққа алатын қағидалары. Бұл қағидалар адамның адамгершілікке лайықты немесе лайықсыз әрекет етуін, өмірде неге ұмтылып, неден іргесін аулақ салуы қажет екендігін белгілеп отырады.

Мораль (лат. moralis — әдет-ғұрып) — адамдардың бір-бірімен және қоғаммен қатыпастарын, өздерін ұстауын реттеп отыратын әлеуметтік институт, қоғамдық сананың бір формасы.

Мораль немесе адамгершілік туралы ілімді әдеп (этика) дейді. Ол моральдық нормалардың шығу тегін, мәнін және қолданылу тетіктерін зерттейді, оларды түсіндіреді, адамның қылығын адамгершілік талаптар тұрғысынан бағалау өлшемдерін анықтап береді. Мораль күнделікті өмірде болып жататын адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге қажетті ұстанымдарды белгілейді. Ал бұлар жан-жақты және үйлесімді дамыған адамды қалыптастырудың пәрменді құралы.

Моральдық тазалық— адамгершіліктің ең биік шыңы. Әдеп пен мораль адамдардың әрекеттерінен, өзара қатынастарынан шығады. Себебі жақсылық пен жамандық, ізгілік пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, борыш пен жауапсыздық, арлылық пен арсыздық, ұждандық пен ұждансыздық адамның мінезі мен әрекетінен көрініс береді. Ал бұлар жеке және қоғамдық сипатта көрінуі мүмкін.

Моральдың негізгі атқаратын функциясы — адам мен адам және адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу, осыны өзгелерге үлгі етіп, келесі ұрпақка тәжірибе қылып жеткізу. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайтындықтан, өзі жинақтаған барлық рухани игіліктерін, соның ішінде моральдың-адамгершілік тәжірибелерін өзінен кейінгілерге — жас ұрпақ өкілдеріне қалдырып отырады. Дүниеге келіп, өмір жолын бастаған жас адам өзіне қажетті рухани байлықтың бәрін өзі жасай алмайды, өзгелер, алдыңғы ұрпақ өкілдері жасап кеткен мұраны пайдаланады, сонымен қоса, оны сақтайды және үнемі жетілдіріп отырады. Осы тұста жеке адамның алдына тартылған моральдық мұрадан таңдап ала білу қажеттігі туады, ол моральдық мұрат іздейді.

Моральдың қоғамдағы функциясы. Мораль қоғамда реттеушілік, танымдық және тәрбиелік қызмет атқарады.

Мораль адамның қоғамда өзін ұстауын барлық салада реттейді. Адамгершілікті мұрат адамға өмір сүруде жалпы бағыт береді және өзін ұстау нормасын түзуге қызмет етеді.

Моральдың танымдық функциясының мәні — адамның рухани өлемін зерттей отырып, оны дұрыс талғамға және қылыққа үйретуінде. Өмірдің мәніне моральдық көзқарас, адамның өзінің кемелдігін және қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінуі тұлға дүниетанымының құрамдас бөлігі ретінде көрінеді.

Мораль жене құқық: әрекет аялары. Моральдың құқықтан мәнділік айырмашылығы мынада: мораль — жазылмаған қағидалардың жиынтығы, сондықтан ол қоғамдық пікірмен реттеледі. Құқық мемлекеттегі жазылып, қабылданған заңдылыктар жүйесін құрайды, сондықтан ол мемлекеттің ықпалымен, билік орындарының араласуымен жүзеге асырылады. Бұлардың алдыңғысына адамдардың ыңғайсыз жағдайға түсіп, өз кінәсін мойындауы адам санасында басты рөл атқарса, соңғысына жазалау, күштеу (айып, абақты) түрінде қол-данылатын заң ықпал етеді.

Моральдың идеялық мазмұнының негізі — "ізгілік" немесе "зұлымдық", "жақсы" немесе "жаман" деген қатынастарды көрсетуінен туындайды. Егер адамның қылығы адамгершілік ұстанымдарына сәйкес келмесе, онда ол ішінен ыңғайсызданып, өз әрекетін тез түзеуге тырысады. Бұл, әрине, ұятты жоғары қоятын адамдарға тән. Ал ұятпен санаспайтындар мұндай ұстанымдарды бұзып жүрсе де, одан ешқандай ыңғайсызданбауы мүмкін. Ондай адамның қылығы қоғамдық талқылауға ұшырап, пікір тудырады. Моральдың қоғамдық өмірді реттеушілігі осыдан көрініс береді. Моральдық қағидаларды бұзған адамдарға қоғам қарсылық көрсетіп, оны өз ортасынан аластауға тырысады. Ал моральдық норманы сақтаушы адамдарды қоғам сыйлайды, қолдайды.

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 49

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 58

Күні:

Тақырыбы: Моральдың негізгі санаттары

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Моральдың негізгі санаттары туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Моральды бағалау ұғымдары. Адамның өзін ұстауына жетекшілік етуге қатысты мораль санаттары (категориялары) деп аталатын бағалаушы ұғымдар қолданылады. Олардың негізгілеріне ізгілік, зұлымдық, парыз, жауапкершілік, ар-намыс, абырой жатады. Санат белгілі бір сапалық қасиетті білдіреді. Ол күптарлық (жақсы) яки келеңсіз (жаман) қасиет болуы мүмкін.

Ізгілік пен зұлымдықморальдың негізгі бағалаушы ұғымдары. Олардың мәні салыстырмалылығынан көрі-неді. Мысалы, ізгілік пен зұлымдықтың санат ретіндегі мәртебесі бірдей, ал бағалаушы ұғым ретіндегі мәндері қарама-қарсы: ізгілік жақсы қасиетті көрсеткенде, зұлымдық жаман қасиетті көрсетеді. Осы ұғымдар арқылы адамдардың әрекеттері не "жақсы" немесе "жаман" деген баға алады.

Жақсылық жасау — ізгілік, ал жамандық жасау — зұлымдық. Әлем халықтарының фольклорында, көркем әдебиет шығармаларында ізгілік пен зұлымдық арасындағы бітіспес күрес көрсетіледі. Адамдардың басым көпшілігі ізгілік жағында, оның жеңгенін қалайды. Оның себебі, ол бастан адам жаратылысының, ізгіліктілігінен болса керек. Бірақ ізгіліктің орнай қоюы оңайға түспейді. Өйткені, ізгілік ашық қимылдайды, зұлымдық — өтірікті, қулықты, сатқындықты пайдаланады, мақсатына жету үшін құрал таңдамайды, жасырын әрекет етеді.

Ізгілік — ешқандай марапаттауды күтпейді, ол адалдықпен жан байлығының арқасында жасалынады.

Зұлымдықтабиғи және қоғамдық болып белінеді. Олардың біріншісіне: жер сілкіну, сел, дауыл, түрлі аурулар, табиғат апаттары жатады. Адамдардың қоғам өміріне қатысуымен жасалатын зорлық, кек, күншілдік сияқты қылықтар қоғамдық зұлымдыққа жатады. Жер бетінде болып жататын соғыстар, төңкерістер, құлдық миллиондаған адамдардың еркінен тыс азап шегіп, зұлымдықты бастарынан өткізуге мәжбүр етті. Өштесудің, агрессияның, жаппай қырудың, тонаушылықтың қауіптілігі сонда, ол отбасы, ұлт, халық, ел, мемлекет сияқты жоғары құндылықтарды жоюға бағытталады.

Моральдық парыз. Моралъдық парыз (немесе борыш) адамныц өзгелердің отбасының, ұжымның, топтың, ұлттың және қоғамның алдындағы міндеттілігін айқындайды және қоғамның объективті дамуынан пайда болады. Моральдық парызды түсінумен, онымен есеп-тесумен, өзінің әрекетін осыған бағындырумен адамдардың моральдық санасының деңгейі анықталады. Мораль­дық парыз — адамның алдына қоғам қоятын міндет. Бұл міндет қоғамның тарихи дамуына сай өзгеріп отырады.

Өмірде адамдардың моральдык борышы мен оның жеке бас мүдделері үйлесе бермейді. Кейде адам бір нәрсені канша ұнатпаса да, оны істеуге мәжбүр болады. Адамның моральдық парызды орындауы, алдымен, өзгелер үшін керек.

Ар тұлғаныц өзін-өзі моралъдық бақылауына қабілеттілігініц формасы ретінде көрініс беретін әдептпік санайтын. Парыз бен мотивке қарағанда ардың өзгешелігі адамның қоғам алдындағы жауапкершілігін түсіну негізінде істе-ген әрекеттерін өзі бағалауды қоса қамтуынан көрінеді. Ар адамның намысын, абыройын кетірмеуге тырысуы сияқты, адамды өз әрекетімен өзін сыйлаттыруды көздейді, сонымен қоса, тұлғаның қоғамдық қызметке толық берілуін міндеттейді. Қоғамның объективті қажеттіліктерінен туындайтындықтан, ар адамды өзінің де, өзгенің де пікіріне сын көзбен қараттырады, адамды өз әрекетіне ғана емес, айналада болып жатқанның бәріне жауапкер-шілікпен қарауға итермелейді.

Намыс — моральдық сананың кең таралған ұғымдарының бірі. Ар сияқты, бұл да әдептік санатқа жатады, жеке адамның өзінің қоғамдағы мәртебесін тұтынуын және қоғам тарапынан оның мойындалуын көрсетеді. Өзінің мазмұны мен сипаты жағынан намыс ұғымы абырой ұғымына жақын. Жеке адамның өзіне-өзінің және қоғамның жеке адамға қатынасының формасы ретінде көрініс беретін намыс, қадір сияқты адамның өзін ұстауын және айналасындағылардың оған қатынасын ретке келтіреді. Абырой — моральға қатысты алғанда, адамдардың теңдігін негізге алса, намыстың өлшемдері өр адамның әлеуметтік жағдайларына сәйкес ажыратылады. Әркімнің намысының және оны қорғау мүмкіндігінің деңгейі әр түрлі болады.

Абырой — тұлғаның өзінің жеке басын бағалауын көрсететін, адамның өзіне өзінің және қоғам жеке адамның моралъдық қатынасын бейнелейтін моральдық сана әдептік санат. Адамның өз абыройын тұңғыш оның өзіне-өзі қоятын талаптарына негізделіп, тұлғаның өзін-өзі бақылау формасында көрініс береді. Адам өзінің абыройға кетірмеуді көздей отырып, бұл тұрғыда қоғам жағынан қойылып отырған талаптарды тыңғылықты орындауға тырысады.

Эгоизм (латын, ego — мен) — әзімшілдік, жеке басының мүддесін басқа адамдардың мүддесінен, қозамдық мүддеден артық санайтын қағида. Өзімшілдік жағымсыз қасиет деп бағаланады. Бірақ феодалдық қоғамның сословиелік-иерархиялық ұйымдарымен күресі кезінде "адам бақытты болуға құқықты" деп ұран көтерген шақта өзімтттілдіктің белгілі рөл атқарғаны бар.

Альтруизм (франц. altruisme, латын. alter — басқа, бөтен) — қара басының қамын ойламай, басқаларға қамқорлық етуді уағыздайтын адамгершілікті қағида. Альтруизм — мағынасы жағынан өзімшілдікке қарама-қарсы санат.

Моральдық мұрат. Әр адамның көңілінде өзі нысана еткен, ардақ тұтатын бейне болады. Әсіресе жастар жағы ондай мұраттарға көбірек бой алдырады. Моральдық мұрат адамның өзі өмірде көріп, кездесіп жүрген қадірлі адамдардың бейнесінде, кейде көркем шығармалардың кейіпкері, өнер шеберлері кейпінде болуы мүмкін.

Моральдық мұрат (грек, idea— түр, бейне, түсінік, ұғым) — бойына жоғары деңгейдегі үлгі боларлықтай моральдық қасиеттерді жинақтаған тұлға бейнесінде көрініс берешін адамгершілік жетпілгендік туралы түсінік. Ол топтың адамгершілік өлшемдері мен қоғамдык мұрат сәйкес келеді.

Мұрат қоғамдық құбылыс. Қоғам өзгерген сайын ол да өзгеріп отырады. XVIII ғасырдың әйел мұратын қазіргі ғасыр әйел мүратымен салыстыруға болмайды. Қазіргі әйел — кәсіпкер, зиялы, мақсаткер адам. Қазір жеке адамның қасиеттерін де басқаша бағалаймыз. Әр қоғамда бағалау өлшемдері әр түрлі болған. Орта ғасырлардағы серілерге, хандарға, батырларға, билерге, шешендерге немесе қайта өрлеу дәуіріндегі ақсүйектерге қойылатын мұрат талаптарын қазіргі ұрпаққа қоя алмаймыз.

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 50

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 59

Күні:

Тақырыбы: Мәдениет және оның қоғамдық ролі

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Мәдениет және оның қоғамдық ролі туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Мәдениет деп нені айтамыз? Мәдениет ұғымы алғашында адамның табиғатқа ықпал етуін, табиғат күштерін бағындырып, өзінің көздеген мақсатына жетуін көрсетуге қолданылды. Мәдениет халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығын, адамның рухани ізденістерін, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандарын жинақтайды. Адамзаттың рухы, келбеті, еркі, бостандығы, тарихи санасы, жады, философиялық жүйелері, рәміздері, өмірлік сабақтары, діні, тілі, ділі, мұраты, бәрі мәдениетпен біте қайнасып жатыр.

Мәдениет материалдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін адамның өмірі мен әрекетін ұйымдас-тыру тәсілі, қоғам мен адамның тарихи даму деңгейі.

Материальдық және рухани мәдениет жетістіктерінің жиынтығы мәдени игіліктерді құрайды. Оларға: техника мен құрал-жабдықтар, тұрмыстық мәдениет заттары, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар жатады. Мәдени игіліктердің ішіндегі ең елеулісі — көркемөнер. Көркемөнер — мәдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын білдіретін факторлардың бірі. Көркемөнер адамды сұлулыққа ұмтылдырады.

Мәдени әрекет деп мәдени игіліктерді өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған әлеуметтік шараларды айтады. Мұндай игіліктерді жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде адамның мұқтаждары мен мәдени қажеттіліктері қарастырылады. Олардың қатарына мыналарды жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гуманизмге ынта және басқалары.

Мәдени орта — мәдениет туындыларын туғызатын, тарататын және пайдаланатын белгілі бір аумақта өмір сүретін әлеуметтік топ. Мәдени ортаның жалпы мәдени деңгейі жалпыадамзаттық мәдениет жетістіктерін пайдалану және өздерінің мәдени туындыларын өндіру мүмкіндігіне, топ мүшелерінің материалдық қамтамасыздығына, тіліне, діліне, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. Мәдени орта мәдениеттің коммуникациялық қатынасымен байланысты. Ол заттық-материалдық игіліктермен жабдықталған ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады.

Материалдық мәдениет. Материалдық мәдениет адам өмірінің материалдық аяда қол жеткізген жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. Оған адамның биологиялық өмірін қамтамасыз етуге қажетті игіліктер — азық, киім, баспана, еңбек және қатынас құралдары т.б. жатады.

Материалдық мәдениетке тарихи және мәдени ескерткіштер де кіреді. Республикамыз тарихи ескерткіштерге өте бай.

Бүгінгі күні 18,5 мың тарихи ескерткіш орындары анықталып отыр. Оның ішінде 13,5 мыңы құжаттандырылып, 3,1 мыңнан астамы мемлекеттік қорғауға алынды. 205 республикалық. дәрежедегі ескерткіштер бар.

Олардың ішінде Қорқыт-ата мемориалдық кешені, Орда ескерткіші, Қожа Ахмет Йасауи кесенесі, Ш.Уәлиханов кешені, Жидебай әдеби-мемориалдық корығы, Черкасск қорғаны бар.

Тарихи мәдени заттык мұраның бірі — Түркістандағы тайқазан. Қазанның сыртына араб әріптерімен үш қатар мәтін жазылған, онда Темірдің бұл казанды Қожа Ахметке арнағаны көрсетілген. Жазуда "Адамды сыйла, адамгершілікті әз тұт" деген сөздер бар. Шеберлік пен бейнелеу өнерінің үлгісі ретінде 1935 жылы Санкт-Петербургтегі Эрмитажға қойылған қазан 54 жылдан кейін, 1989 жылы қайта құтты орнына қайтарылды. Алты ғасыр жасаған тайқазанды құйған адамдардың астрономия, математика, физика, химия дан мол хабары болғандығы, металл өңдеу технологиясын жетік білгендігі көрінеді.

Рухани мәдениет. Рухани мәдениет белгілі бір қоғамда өмір сүріп жатқан адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау үрдісіндегі білімінен, білігінен, кәсіпқойлығынан, қадірінен, адамшылығынан, тәрбиелілігінен, зиялылығынан, қарапайымдылығынан көрініс береді. Сонымен бірге адамдардың сезім дүниесі, демократиялылығы, жүздесу мәдениеті рухани мәдениеттің элементтері болып табылады.

Рухани мәдениет деп жеке адамның білім қорын, меңгерген ғылымын, ақылын, ойлау тәсілін, көркемөнерді игеруін, әлеуметтік- психологиялық біліктілігін айтамыз. Көркем әдебиет пен өнерді меңгеру, сұлулықты ажырата алу —жеке адамның руханилығының өлшемдері. Көркем әдебиет адамның эстетикалық талғамын, рухани және адамгершілік бейнесін қалыптастырады.

Мәдениеттің атқаратын негізгі функциялары. Қоғамда мәдениет төмендегідей маңызды функциялар атқарады:

Мәдениет адамды рухани қалыптастырады. Мәдениеттің бұл функциясы оның негізгі мазмұнымен тікелей байланысты. Жеке адам — өзі өмір сүріп жатқан қоғамның, нақтылай айтсақ, сол қоғам жасаған мәдениеттің туындысы.

Мәдениет сабақтастырушы функция атқарады. Қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады.

Мәдениеттің танымдық функциясы, негізінен, оның біліммен арақатынасынан туындайды. Білімділік — мәде­ниеттіліктің маңызды алғышарты. Дегенмен бұл екі ұғымның арасында белгілі алшақтык та бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық әрекет мәдениетке үлкен нұқсан келтіруі мүмкін.

Мәдениеттің реттеуші функциясы оның адамның бойында болуға тиісті сапалықтарды барлық жағынан реттей алуынан көрінеді. Мәдениетті адам — білімі өз заманының деңгейіне, киімі сол кездегі сән үлгісіне, мінезі сол қоғамның адамгершілік талаптарына сай келетін адам.

Мәдениеттің коммуиикативтік функциясы мәдениеттің қоғамда атқаратын негізгі функцияларьшың бірі. Мәдени туынды қанша асыл болғанымен, егер ол рухани азық дәрежесіне белгілі бір себептермен жетпей жатса, онда ол мәдени айналыстан шығып қалады. Адам мекен етпеген үй қаңырап бос тұрады, пойыз жүрмейтін жол — жай темір мен ағаштың үйіндісі, ешкім оқымайтын кітап — шаң басып жатқан қағаз.

"мәдениет дегеніміз — адамзат баласының ақыл-ойы, маңдай тері, қажырлы еңбегі, мұның бәрі зор қоғамдық сипатта көрінеді". Мәдениет — рухани байлық, ол ешқашан материалдық пайданың көзі болуға тиіс емес.

Сұрақтар

  1. Мәдениеттің қоғамдағы рөлін қалай түсінесіздер?

  2. Мәдениеттің атқаратын функцияларының қайсысы өте маңызды деп ойлайсыздар?

  3. Қазіргі кезде елімізде адам мәдени деңгейлері қай шамада деп ойлайсыздар?

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 51

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 60

Күні:

Тақырыбы: Жастар және мәдениет

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Жастар және мәдениет туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Жастар мәдениеті. "Жастар мәдениеті" деген ұғымның даусыз, бірізді айқындамасы жоқ. Әдетте, біз жастар мәдениеті дегенге демографиялық санат ретінде жас деп аталынатын адамдар тобыныц басым көпшілігінің тұтынатын және әуестенетін мәдени туындыларының жиынтығын сыйдырамыз. Демек, бұл жерде сөз 16 мен 30 жас аралығындағылардың мәдениет туындыларына сұранысы мен олардың қанағаттандырылуы туралы болып отыр деп түсіну керек.

Жастар мәдениеті мәселелерінің басын ашып алу үшін кейде субмәдениет деген ұғым қолданылады.

Субмәдениет (латын. sub — астында, төменде) — екі түрлі мағынада қолданылады

а) белгілі бір әлеуметтік, демографиялық топтың мәдениеті;

ә) тұтас ұлттық мәдениет жүйесіндегі әлеуметтік қауымдастықтың шектеулі мәдениеті, сол топтағылардың өмір салты жене ойлау стилі.

Қазіргі жастар талғамдары жағынан өзіндік стильдерімен ерекшеленеді. Стильдің үш негізгі элементі бар:

1) Сыртқы ұсқын (бұған киіну стилі, шаш қою, әшекейлер, бояну жатады);

2) Өзін ұстауы, мәнері, жүздесу ұстанымдары (бейнелілік, қимылы, ымишара, жүрісі);

3) Сөйлеу ерекшелігі (арнайы сөздік қоры).

Жастардың өзіндік мәдениеті деп макромәдениет ішіндегі жастардың өздерінің бейнесі, қылықтары, стильдері көрініс беретін; олардың санасына сыйымды, қабылдауына жақын; моральдық, көркемдік-эстетикалық талаптарын қанағаттандыратын микромәдениетті айта­мыз. Екінші сөзбен айтқанда, жастардың өзіндік мәдениеті (субмәдениет) дегеніміз — олардың эстетикалық талғамдарына сай келетін, мәдени сұранысын белгілі деңгейде қанағаттандыратын, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылады.

Жастар — мәдени дәстүрді, ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушылар. Жастар қашанда жалпы мәдениеттің ішінен қүрып алады. Олардың кей-біреулері мәдениетті мектеп бітіру, жоғары оқу орнында оқу, бірнеше тіл білу, дискотека мен түнгі клубтарға бару деп түсінеді.

Жастардың тиянақты, сапалы білім алуы. "Адамды білім сақтайды", — деп А. Йүгінеки айтқандай, білім — мәдениеттің маңызды бөлшегін құрайды. Білімсіз ұрпақ — келешегі жарқын қоғамды құра алмайды. Жастар өздерінің рухани байлығына ерекше көңіл бөлуі керек.

"Адамның бойындағының бері — оның келбеті де, киімі де, жан дүниесі де, ойы да сұлу болуға тиіс... Мен көркі мен киіміне қарағанда көз сүйсіндіріп, бас айналдыратын адамдарды жиі көремін, ал жан дүниесіне үңілсең — құдаи сақтасын! Әп-әдемі сыртқы қабықтың ішіндегі жанның қап-қара болатыны сонша, оны ештеңемен жуып кетіре ал-майсың", — деген екен орыстың ұлы жазушысы А.Чехов.

Түрлі ұрпақ өкілдерінің арасындағы мәдени сабақтастық. Мәдениеттің даму үрдісінің екі жағы болады. Бірі — тұрақты, екіншісі — дамушы, жаңалыққа толы жағы. Тұрақты жағы — тарихи даму үрдісіндегі адамзаттың жинақтаған тәжірибесі. Бұл — мәдени дәстүр. Жаңа ұрпақ сол тәжірибеге сүйене отырып, оны кеңей-теді, дамытады. Мәдени сабақтастық — қоғам дамуының барлық сатыларында кездесетін заңды құбылыс. Өйткені, ол ұрпақтан-ұрпаққа жетістіктер мен құндылықтарды, тәжірибе мен дағдыны жалғастырып отырады. Ата-бабаларымыздан қалған тарихи мәдени ескерткіштер қазіргі кезде де өзінің рухани, ізгілік қызметін көрсетіп келеді. Мәдени мұралар әрқашанда ұрпактың рухани азығының негізі болған. Дүниежүзілік мәдениеттің озық туындылары, сонау антикалық дәуірден сақталған ескерткіштер талай мыңжылдықтар өтсе де, өзінің тарихи маңызын жойған жоқ. Әр ұрпақ жинақталған тәжірибе мен игерілген жетістіктерді қабылдап, өрі карай оған жаңа қүндылықтар қосып отырады. Тарихи мұралар, аңыздар, жырлар мәтін мен бейне арқылы бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беріледі. Түрлі ұрпақ өкілдерінің арасындағы мәдени сабақтастыктың жарқын мысалдары қазақ халқының ұлттық мәдениетінің даму үрдісінде аз болмаған.

Мысал

1841 жылы Орда жерінде алғашқы орыс-қазақ мектебін әйгілі Жәңгір хан ашқан болатын. Жетісу өлкесінде Есенқұл мен Сейітбаттал Мамановтар ашқан мектеп "Мамания" мектебі деген атпен белгілі болды. Маман ұрпақтары мешіт салдырды, қазақ әдебиетінің көсегесін көгерту үшін, бәйге тігіп, қазақ топырағында тұңғыш роман жарысын өткізді, өз мектептерінен шыққан ынталы оқушылардың қаражатын көтеріп, ірі шаһарларға оқуға жіберді. "Қазақ" газетіне қиындық туғанда да баспахана ашу үшін қаражат аударды. "Мамания" мектебінде Білел Сүлеев, Ілияс Жансүгіров, Мұхамеджан Тынышбаевтар оқыды. "Мамания" мектебін 200-ге жуық шекірт бітірді.

Мәдени дәстүрлер және жастардың талғамы. Мәдени дәстүр — мәдениеттің дамуындағы тұрақты жағы. Адам­дар мәдениетке қандай да бір жаңалық енгізетін болса, сол дәстүр көлемінде енгізеді.

Мәдени дәстүрлер адамдарды өз халқын, Отанын сезінуге, оларды мақтан тұтуға, құрметтеуге тәрбиеледі. Отбасында мейірімділік пен ізгілікке баулуды, үлкендердің кішіге, кішінің үлкендерге ілтипатын, еңбек ету дағдыларын қадір тұту, ұлттық мәдениетке үйрету, тарихын құрметтеу, жастарды жігерлілікке тәрбиелеу, туған жеріне деген сүйіспеншілік, оны қорғауға дайын болу, эстетикалық талғам мен көркем әдебиетті сақтаудың бәрі мәдени дәстүрлер негізінде орнайды. Әр кезеңде қоғам алға басқан сайын мәдени дәстүр де қалыспай, көнеден жаңаға өтіп отырады.

Сұрақтар

  1. Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?

  2. Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіздер?

  3. Мәдени дәстүрлерге не жатады?

  4. Қазіргі жастардың талғамдары қандай?

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 52

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 61

Күні:

Тақырыбы: Руханият

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Руханият туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Руханияттың қоғам дамуымен байланысы. Адам­дарды моральдық азғындықтан, сезімдік жадаулықтан құтқаратын бір күш бар. Оның аты — руханият. Керек десеңіз, руханият қоғамды әлеуметтік-экономикалық құлдыраудан да алып шығады. Руханият — адамның дүниетанымының кеңдігінен, жанының нәзіктігінен, сана-сыныц жоғарылығынан, әділеттілік үшін белсенділігінен, өзгелерге қайырымдылығы мен ізгі ниеттілігінен көрініс беретін оның ішкі әлемі. Адамның руханилығы жалпы-адамзаттық құндылықтарды құрметтеуінен, игілікті құндылықтарды көздеуінен де көрінеді.

Руханият адамға әдебиет, өнер, халық даналығы, салт, мәдени дәстүрлер, ғылым, білім арқылы келеді. Рухани қоры мол адам күнделікті қызмет соңында тіршілік күйбеңімен жүрген адамдардан өзгешеленіп тұрады. Рухани байлыққа ұмтылатын адам күнделікті өмірде ұшырасатын небір кесапаттарды жеңіп отырады, қоғаммен және табиғатпен үндес өмір сүреді.

Рухани дамудың мәдениеттегі рөлі.

Жеке адамның рухани дамуы халықтың санасымен, психологиясымен, саяси белсенділігімен ұштасып жатады. Қоғамның қалыпты рухани дамуы әлеуметтік құрылымға, әр түрлі топтарға, олардың әрекет аясына өзгерістер енгізеді. Мәдениетті адам рухани бастаулардан нәр алатын қоғамда ғана қалыптасуы мүмкін. Рухани байлығы мол адам ғана шын мәдениеттің дамуына үлес қоса алады.

Тіл — аса қадірлі рухани байлық. Тілдің мәдениеттегі ролі үлкен. Қазіргі жастар ана тілін білу, өзгелердің тілдерін құрметтеу парыз екенін қатты ескеруі керек.

Көркемөнердің рухани жетілуге ықпалы. Өнер — әмбебап, бүкілхалықтық әрекет, оның қоғам дамуында аса зор өмірлік маңызы бар.

Өнердің тамаша туындыларын көрген сәтте бізді әсемдікке күштарлық, ізгіниеттілік, қуаныш сезімдері билейді. Көркемдік жағынан шебер орындалған шығармалар шын мәнінде терең эстетикалық ләззат бере алады. Мұндай шығармалар жаңа мағлұмат көзі бола тұрып және рухани дүниені байытатындай әсер беріп, мағынасымен адамның барлық сезім қабілетіне ықпал етеді.

Әдеби шығармалар адам өмірінің сырлы, белгісіз жақтарымен, белгілі бір дәуірдегі ой және сезімдер дүниесімен таныстырады. Нағыз музыка өзінің әсемдігімен эмоциялық шабыт беріп, біздің көнішмізді көтеріп, жаңа ой, жаңа сезім тудырады. Өнер туындысы арқылы берілген халық өмірі жайындағы білімдердің маңызы өте зор. Бұл білімдер тарихшылар, экономистер, саясатшылар мен заңгерлердің еңбектеріндегі білімдерден бейнелілігімен өзгеше. Өнердің бейнелеу объектісі алуан түрлі және өте бай. Өнер адамдардың ойын, сезімін, қуанышы мен ренішін, өзара қатынастарын ашып көрсетеді. Сонымен бірге біз өзімізден де қандай болсын жаңа қасиет, ерекшелік тауып, өзіміздің жеке басымызды терең түсіне бастаймыз. Адам және оның өмірі, күресі, ойы және сезімі, қоғамдык қатынастар — өнердің басты объектілері. Шын суреткердің шығармаларынан адамның мінезі, әрекеті және өмірге көзқарасы көрінеді, кейіпкердің адамгершілік қатынастарынан, олардың мораль­дық бейнесі байқалады. Өнер шығармаларында біз жағымды кейіпкерлермен бірге жағымсыз кейіпкерлерді де көреміз. Жақсыдан үйренеміз, жаманнан жиренеміз. Орта ғасырларда ұлы шеберлер жасаған кейіпкерлер адамгершілік дүниесі, мінез-құлқы жағынан қазіргі замандастарымызға ұқсас болып отырады. Олар қаншалықты көп қырлы, типті, мінезді болып келсе, біз үшін соншалықты қызықты.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Адамның рухани дамуы үшін не қажетті екенін атаңыздар.

  2. Руханият қоғам дамуымен қалай байланысады?

  3. Мәдениеттің рухани дамудағы рөлі қандай?

  4. Көркемөнер рухани жетілуге қалай ықпал етеді?

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 53

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 62

Күні:

Тақырыбы: Мәдениеттілік

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Мәдениеттілік туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Мәдениеттілік—қоғамдық құрылыс, ас ішер алдында, қол жуудан бастап, адамзаттың ақылы мен ойының биігіне дейін қамтитын кең ұғым.

Мәдениетті болу — ең алдымен, адам қоғамы жасаған рухани байлық — ғылым негізін игерумен тыныз байланысты.

Мәдениеттілік адамның қоғамдық ортада өзін ұстауынан, әрекетінен, тәрбиесінен көрініп тұрады. Мәдениетті адамның жақсы қасиеттерінің бірі — сыпайылық. Сыпайылық адамдарды құрметтеуден, адамгершілік қатынастардан тұрады. Өзгелерді сыйлау, оларға әдепті ілтипат білдіру өзін мәдениеттімін деп есептейтін әр адамға тән қасиет болуы керек. Мәдениеттіліктің тағы бір белгісі — қарапайымдылық, кішіпейілдік. Мәдениетті адам орынсыз мақтанбайды, өз қабілетін асыра бағалаудан аулақ болады, басқалардан үйренуге намыстанбайды.

Жеке адамның мәдениеттілік көрсеткіші. Адамның мәдениеттілігі — оның өзін ұстауынан, сөзінен, әрекетінен, жүріс-тұрысынан, затқа, адамдарға қатысты көзқарастарынан көрінеді. Жеке адам мәдениетінің өлшемдеріне адам өмірінің барлық жағы — еңбекке, қоғам мүддесіне қатысты ұстанымы, басқа адамдармен қарым-қатынас мәдениеті, өзін ұстауы, киінуі, жұмыстан бос уақытында немен шұғылданатыны кіреді.

Адамның жеке бас мәдениеттілігі оның өзіне қоятын талабына байланысты. Ол адамның қызмет бабында өз ұстанымында тұра білуінен, түрлі әкімшілік қысымға қарамастан шындықты қорғай білуінен, қиын жағдайларда моральдық дұрыс таңдау жасай білуінен көрінеді. Шыншыл және адал адам өз арына, намысына нұқсан келтіретін әрекеттер жасамайды. Сондықтан ол барлық жағдайда да ұстанымды, адал қалпынан айнымайды.

Шыншылдық дегеніміз — мәдениетті адамның ішкі дүниесінің әсемдігі мен мейірбандығының көрсеткіші ғана емес, ол философиялық және эстетикалык санат. Орыс суретшісі И.Е. Репин: "Сұлулық — шындықта", — деп жазған екен.

Мәдениетті адам біреудің киіміндегі дақты көріп, ол жөнінде жан-жаққа естірте жариялап айтпайды, оны ешкім елемейтіндей етіп айтады. Жолдасының қандай да болсын кемшіліктері жөнінде, оған жеке жерде айтады. Егер мәдениетті адам көпшілік алдында біреуді сынаса, жолдастық шын пейілмен, адамның қателігін түзеуге тілектестік тұрғыдан айтады. Мәдениетті адам тәртіпті, ұйымшыл және ұстамды, оған дәлдік және жинақылық сияқты бағалы қасиеттер де тән. Тәртіпті адамдарға өзін-өзі тексеру, ұстамдылық, ұжым алдын­дағы борыштылықты сезіну тән. Тәкаппарлық, атақ-құмарлық, менмендік, дандайсу, мақтаншақтық, өзін-өзі дәріптеуге тырысу сияқты дөрекі қылықтар мәдениетті адамға мүлдем жат.

Сыпайы адамның жанында адам өзін ыңғайсыз сезінбейді. Олар өздерін еркін, табиғи жағдайда ұстайды. Мәдениетті адамның мінезіндегі тағы бір маңызды нәрсе — ол айналадағы адамдарға қайырымды келеді.

Қоғам өмірі өте күрделі. Онда адамдар арасындағы қақтығыстар жиі ұшырасып жатады. Ол қақтығыс-тардың көбі қоғамдық жұмыс бабымен, өндірістік мақсаттар көздеген көзқарастардың келіспеушілігінен немесе еңбекке қатысты даулардан ұшқындауы мүмкін. Пікірталастардың кейбіреулері тұлғааралық қақтығыстарға ұласып кету жағдайлары да аз болмайды. Мұндайда адамның өзін ұстай білуінің маңызы ерекше. Өйткені, жауапты қызметкерлердің бір мәмілеге келуі өндіріс үшін тиімді.

Адамның мәдениеттілігі оның сыртқы пішінінен де көрінеді. Мәдениетті адамның киімінде аса көзге түсерліктей огаштық болмайды, ол кербездердің киіміне де ұқсамайды. Абай Құнанбайұлы: "Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек дұрыс іс" деп үйреткен.

Өздігінен білім алу. Білім — таусылмайтын байлық. Адамның тірнектеп жинаған білімі — оның ешкім тартып алмайтын меншігі.

Елімізде заманға қажетті мамандықтар беретін оқу орындары көп. Дарынды студенттердің бірқатары білім алуға шетелдерге жіберіледі. Біртекті мектептердің орнына лицей, колледж, гимназиялар, жеке меншік, авторлық мектептер дүниеге келді.

Жастарда ғылымның түрлі саласына деген қызығушылық, оны терең білуге деген құлшыныс болуы керек.

Адамның қабілеті білімнің бір саласын ғана емес, оның бірнеше саласын, солардың ішінде бір-бірімен байланысы жоқтарьш да меңгеріп алуға мүмкіндік береді. Ғалым, ағартушы Шоқан Уәлиханов қоғамдық, саяси, ғылыми қызметтерін қатар жүргізіп, философия және әдебиетпен айналысқан. Өзі географ, этнограф, тарихшы, саяхатшы, суретші бола тұра, өмірінің соңғы күніне дейін өздігінен білім алуға деген құштарлығын жоймаған. Өз халқының мәдени жетістіктері мен ерекшелігін өзге тілде жазу арқылы паш еткен.

Ғылым мен өнердің бірнеше саласын қатар меңгерген мәдениет қайраткерлері әрқашанда болтан, қазір де аз емес. Қаныш Сәтбаев, Евней Букетов сияқты қазақ академиктері бір-бірінен алыс жатқан техникалық ғылымдарды гуманитарлық салалардағы терең білімімен ұштастырды. Алашорда қайраткерлерінің көбі жан-жақты білімді адамдар болтан. Мысал үшін алсақ, Ахмет Байтұрсыновтың өзі ақын, аудармашы, әдебиет зерттеушісі, лингвист, педагог, саясатшы ретінде осы салалардың бәрінен айтулы еңбектер жазып қалдырды.

"Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез", — деп Абай айтқандай, білімділердің айтқан ойларының, әйтеуір бір талапты жасқа кез боларына еш күмәнданбауы керек. "Білімді өлсе — қағазда аты қалады, өнерлі өлсе — істеген заты қалады". Қазіргі ұрпақтың өздігінен білім алуға ұмтылысы қуанарлық. Олар бірнеше тілдерді, компьютерді меңгеріп, жаңа білім салаларын үйренуге талпынып жүр.

Білімді өмірлік практикада қолдана білу. Біздің қоғамымыз тарихта бұрын болмаған деңгейде ғылыми білімді өрістете түсуді, оны өмірлік практикада қолдана білуді талап етеді. Ғылым мен техниканы дамытып, олардың жаңалықтары мен жетістіктерін өндірісте қолдану тек ғалымдар мен мамандардың үлесіндегі ғана іс емес, баршаның ісі. Бір айта кетерлік жайт, тек жаратылыстану мен техникалық ғылымдар ғана маңызды деуге болмайды. Қоғамның даму үрдісінде қоғамдық ғылымдар да — саясаттану, философия, әлеуметтану, құқык, тарих, психология — өзіндік рөл атқарады.

Бекіту кезеңі:

  1. Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді деп ойлайсыздар?

  2. Жеке адамның мәдениеттілік өлшемдері ретінде нелерді алуға болады?

  1. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 54

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 63

Күні:

Тақырыбы: Адамдардың қарым – қатынасы

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Адамдардың қарым – қатынасы туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Қарым-қатынас. Адамдардың әлеуметтік субъект екендігі, ең алдымен, оның тек адамдар ортасында ғана өмір сүре алатындығынан көрініс береді. "Адамдар арасында өмір сүру" деген сөз: "әрдайым өзінің айналасындаты адамдармен үнемі қарым-қатынас үстінде болу" деген сөз. Қарым-қатынас адамдар арасында саналы түрде, көпшілік жағдайда міндетті әрі ресми, кейде ерікті түрде болатын эмоциялық қатынас жасау әрекеті болып табылады.

Қарым-қатынас деп адамдардың қызметті бірлесіп істеу қажеттігінен туындайтын, адамның өзге адаммен немесе адамдар тобымен пікір алмасуын, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасап шығаруын, басқа адаммен оны қабылдау және түсіну бағытында қатынасқа келуін және сол қатынастың кері байланыс арқылы тудырған салдарын айтамыз.

Адамдардың бір-бірімен "қарым-қатынасы" ұғымына мыналар жатады:

  • пікірлесіп отырған адамдардың кім екендігін танытатын, оларды бір-біріне жақындастыратын (немесе алыстататын) құрал;

  • адамдардың органикалық және рухани қажеттерін өтейтін шарт;

  • адамдардың өмір сүру формасының бірі;

  • адамдардың психикалық қызметін күшейткіш құрал;

  • адамды тәрбиелеу құралы.

Қарым-қатынастың жақтары. Қарым-қатынастың-коммуникативті, интерактивті және перцептивті делінетін үш жағы болады. Қарым-қатынастың коммушікативті жағы (латын. communicatio — біріктіремін, байланыстырамын) — адамдардың танымдық-еңбек үрдісіндегі өзара әрекеттесуінің —ой, ақпарат, идеялар алмасуының өзіндік жүзеге асырылу формасы.

Қарым-қатынастың интерактивті жағы (ағылш. interaction — өзара әрекеттесу, бір-біріне әсер ету) — адамдардың бір-біріне әсер ете әрекеттесуінің, тұлғааралық қатынастардың пайда болуы мен дамуы мәнінің әлеуметтік-психологиялық үрдістер мен құбылыстардан туындайды және олардың өзара әрекеттесудің ортақ стратегиясын жасауынан көрініс береді.

Қарым-қатынастың перцептивті жағы (латын. perceptio — қабылдау) — адамның әлеуметтік объектілерді (өзгелерді, топты т.б.) қабылдау, түсіну және бағалауын, өзге адамның бейнесін қалыптастыру үрдісін көрсетеді. Егер сөз сахнадағы әртістің перцепциялық қабілеті туралы болса, онда оның залда отырған көрермендердің талғамынан шығу мүмкіндігі туралы деп түсіну керек.

Қарым-қатынастың түрлері. Қарым-қатынастың көптеген түрлері болады. Адамдарды бір-бірімен кездестіріп, пікірлесуге алып келетін қозғаушы күштердің (себептердің) сипатын қарай қарым-қатынас —ресми және бейресми деп бөлінеді.

Адамдардың өмірлік қызметінің екі аясы бар. Олардың

  1. қоғамдық орындардағы өндірістік қызмет аясы,

  2. тұрмыстағы өндірістен тыс қызмет аясы.

Қарым-қатынас үрдісінде аталған екі жағдай да кездесіп отырады. Осыған сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынастың екі түрі болады. Қоғамдык орындарда, қызмет бабымен қатынасқа келуді ресми қарым-қатынас дейміз.

Ресми қарым-қатынастың өзіндік бірізділікке түсірілген қалыптасқан ережелері болады. Олар ресми әдеп нормалары деп аталады.

Адамдар арасындағы қарым-қатынас қоғамдық орындардан тыс жерлерде де тоқтаусыз жүріп жатады. Адамдар тұрмыста туысқандарымен, көшеде, стадионда, парктерде т.б. өндірістен тыс пікірлеседі. Олар қарым-қатынастың бейресми түрлеріне жатады.

Қарым-қатынастың формалары. Адамдар арасындағы қарым-қатынастың формалары көп. Олардың арасында ресми жүздесуде де, бейресми жүздесуде де кең таралғаны — төте және жанамалы қарым-қатынас формалары болып табылады. Tөme жүздесу бір адамның екінші адаммен бетпе-бет кездесуі арқылы жүзеге асырылады.

Сондықтан адамдар өздерінің танысу көкжиегін жанамалау арқылы қалауынша кеңейте алады.

Жанамалы жолмен қарым-қатынасқа түсу адамдардың өзгелермен жанамалы құралдардың бірін пайдаланып жүзеге асатын формасы жатады. Жанамалы құралдарға ақпарат тарату немесе байланыс құралдары (газет, журнал, теледидар, радио, кино, өзге аудиовизуальды және басылатын ақпарат тарату құралдары, телефон, хат, телеграмма т.б.), ғылыми немесе көркемөнер туындылары т.б. жатады.

Қазіргі замандық социолог, психолог, философ ғалымдар адамдар қоғамының ықпалдастында олардың бірлесіп әрекет етуінің нәтижелі болуы үшін негізгі үш шарттың болуы қажет деп есептейді. Оның біріншісі — қаражат, екіншісі — иерархия, үшіншісі — адамдардың бір-бірімен мәдениетті қарым-қатынас жасай білуі.

Бекіту кезеңі:

  1. Қарым-қатынас мәдениеті дегенді қалай түсінетіндеріңіз туралы пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

  2. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жақтарына, түрлеріне сипаттама беріңіздер.

3. Қарым-қатынастың формалары қандай?

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 55

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 64

Күні:

Тақырыбы: Әлеуметтік психологиялық бейімделу

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Әлеуметтік психологиялық бейімделу туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Әлеуметтік-психологиялық бейімделу. Бейімделу ұғымы бізге тосын ұғым емес. Ол ғылымда да, өмірлік тәжірибеде де жиі ұшырасып отырады. Ботаниктер белгілі бір жерде өсетін өсімдіктің бір түрін екінші бір жерге апарып егеді. Өндірістік немесе ғылыми мақсаттарды көздеген ондай эксперименттер аңдарға да, балықтарға да жасалып жатады. Жаңа жердегі табиғи-климаттық жағдайларға апарылған өсімдіктер, жануар­лар немесе балықтар бейімделіп, бұрынғыша өсіп-өнуі немесе бейімделе алмай өліп қалуы мүмкін.

Бейімделу (латын. adapto — бейімделу) — биологиядағы орталық ұғымдардың бірі, организмнің құрылымы мен функциясының, оның органдары мен клеткаларының ортадағы жағдайларға бейімделуін көрсетеді.

Әлеуметтік-психологиялық бейімделу деп адамның жаңа әлеуметтік ортадағы жағдайлареа белсенді бейімделуін және ол үрдістің нәтижелерін айтамыз. Бейімделудің әлеуметтік-психологиялық аспектілері, ең алдымен, адамдар тобы мен сол топка енетін жеке адамның мақсаттары мен құндылық бағдарларының жақындасуын, жеке адамның жаңа ортада қалыптасқан дәстүрлерді, мәдениетті, әдеп нормаларын меңгеруін, топтың рөлдік құрылымына енуін қарастырады. Бұл тұлғаның әлеуметтенуінің негізгі тетіктерінің бірі болып табылады.

Қазіргі Қазақстан жағдайында әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелерінің маңыздылығы бұл құбылыстың екі деңгейдегі көрінісімен айқындалады. Оның

біріншісі — соңғы жылдары республика тұрғын-дарының, әсіресе жергілікті жұрт өкілдерінің көші-қондық жылжу бағытының, көбінесе ауылдан қалаға қарай жедел жүріп жатуымен,

екіншісі — Қазақстанның дүниежүзілік ықпалдастыққа тікелей араласа бастауына орай, жалпыадамзаттық құндылықтарды игерудің алдыңғы лекке шығуымен айқындалады.

Бейімделе алмау дерті. Ауылда туып, ауылда өскен адам қалаға неғүрлым кешірек келсе, соғұрлым оның қала жағдайына бейімделуі күрделі өтеді.

Педагогтар мен психологтар көп қолданатын сензитивтік жас деген ұғым бар. Бұл ұғым адамның, дәлірек айтқанда, балалардың белгілі бір жасқа дейін ғана рухани даму үстінде болатындығын, содан кейін дамуы тоқтап, осыған дейін жинақтаған білімі мен дағдыларының динамикалығымен өмір сүретінін білдіреді. Сензитивтік жасқа 11—12 жасқа дейінгі кезең жатады. Осы жасқа дейінгі кезеңде адамның рухани дамуына қажетті біліктер мен машықтардың негізі қаланып болады.

Әлеуметтік - психологиялық біліктілік. Өркениетті қоғамда қабылданған мақсаттар мен құндылық бағдар-ларды, әдеп нормаларын меңгеруді және оларды қоғамдық қызмет барысында қолданып әрекет ете білуді әлеуметтік-психологиялық біліктілік (қысқаша — ӘПБ) дейміз. ӘПБ — қызмет адамының, мемлекеттік тапсырманы орындап жатқан мекеменің басшылары мен қатардаты қызметкерлерді іріктеу мен орналастырудағы негізгі өлшемдердің бірі болып табылады.

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 56

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 65

Күні:

Тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Сөйлеу мәдениеті туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Сөйлеу мәдениеті. Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданы-латыны және аса маңыздысы — тіл. Сондықтан адамдар арасындағы қатынас мәдениеті туралы айта отырып, сөйлеу мәдениетіне соқпай кету мүмкін емес.

Сөйлеу мәдениеті дегеніміз қоғамдық даму үрдісінде қалыптасқан әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын меңгеріп, тілдіц мәнерлеуші құралдарын пайдаланып, дидарласудың түрлі жағдайларында сөз қолданудың соларға сәйкес мақсаттары мен мазмұзын іріктей ала отырып, ойды тиянақты жеткізу ережелерінің жиынтығы.

Сөйлеу мәдениеті, негізінен, ресми келіссөздер жүргізу, өндірістік мәселелерді шешу үрдісінде қолданылатын жалпыадамзаттық деңгейде қабылданған, қалыптасқан ережелерден тұрады. Олардың негізгі қағидаларына айтылар ойдың дәлдігі, әріптестің қабылдауына сыйымдылығы және сыпайы жеткізілуі жатады. Тіл мен ойдың, ой мен әрекеттің арасында тығыз байланыс бар.

Тіл анық болмаса, ой анық емес деген сөз. Тіл — ойдың айнасы. Тілдегі сауатсыздық — адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.

Сөз әдебі — дидарласушылардың тіл арқылы ақпарат алмасуын жүзеге асыру үшін, олардың әлеуметтік рөлдері мен рөлдік тұрғыларына және әңгіменің ресми немесе ресми еместігіне сай таңдалып алынған сарында қарым-қатынастық тұрақты формулалар жүйесі. Сөз әдебі қоғамдық санаға сіңісті болып қалған қағидалардан тұрады және қарым-қатынасты тіркеу рөлін атқарады.

Қоғамдық іс жүргізуге ресми қаратпа сөздердің коммунистік билік жылдарында ұмытыла бастаған, бірақ халықтың ежелгі жүздесу үрдістерінде болған түрлері қайта енгізіле бастады.

Адамдардың бірлескен қоғамдық қызметінде аса жиі ұшырасатын қаратпа сөздерге мыналар: ер адамға қатысты — мырза, әйел адамға қатысты — ханым, қыздарға — бикеш деп сөйлеу қабылданған. Дүниежүзілік адамзат қауымдастығында қабылданған қаратпа сөздерінің нұсқалары ресми әдеп қалыптары ретінде қоғамдық сипаттағы шараларды атқару үрдістерінің барлығында қолданылады.

Өндірістік мәселелерге байланысты қарым-қатынаста дидарласушыға қарағанда жастың үлкендігі немесе онымен бұрыннан етене таныстықтың, тіпті достықтың болуы "сенге" көшіп алуға себеп бола алмайды. Егде мұғалімнің жоғары сынып оқушысымен немесе қарт профессордың төменгі курстың студентімен "сен"мен сөйлесуге қақысы жоқ.

"Сіз"-қатынасқа себеп болатын жағдайлар мыналар:

  • адресант пен адресаттың бейтаныстығы, шала таныстығы, алыстығы;

  • қатынасқа өзек болып отырған әңгіменің ресми сипаты;

— дидарласушылардың атқаратын рөлдерінің тұрғысы.

Тіл стильдерінің жіктелуі. Сөз жүзінде қатынас жасаған адам өріптесіне ойын белгілі бір стильді қолданып жеткізеді. Кез келген тілді қолданып ойды жеткізу, алдымен, екі стильге ажыратылады. Олар — ресми және бейресми стильдер.

Ресми стиль дегеніміз өндірістік тапсырманы орындауға байланысты қоғамдык сипаттағы қызметті атқару үрдісінде қарым-қатынаста қолданылатын сөз саптау ережелері мен реттіліктердің жиынтығы.

Ресми стиль өз кезегінде үшке жіктеледі:

а) саяси-публицистикалық стиль;

ә) іс жүргізу стилі;

б) ғылыми стиль.

Кез келген адам, ресми ақпаратты соз арқылы бергенде, сөз саптаудың аталған үш стилінің бірін ұстанады. Ақпараттың сипатына қарай, ресми сөз саптау стилін қатаң сақтап отыру сөйлеу мәдениетінің көрсеткіші болып табылады.

Ғылыми шығармалар, зерттеулер, диссертациялар, монографиялар, ғылыми журналдарда жарияланатын мақалалар ғылыми стильде жазылады. Әр ғылымның өзіне тән терминологиясы, сөз қолдану тәртіптері болады.

Бейресми стиль. Бейресми стиль деп адамдардьщ қоғам­дык өндірістік еңбектен тыс, тұрмыс, демалыс жағдай-ларында сөз қолдану реттіліктерінің жиынтьнын айтамыз.

Ресми стильде сөйлеу мен бейресми стильде сөйлеудің айырмасы — алдынғысы қоғамдық бақылауда болатын болса, кейнгісі ресми органдардың бақылауынан тыс, адам­дардың өз еркімен сөз қолданысы жасалуынан көрінеді.

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Тілдің стильдерге ажыратылуы деген не?

  1. Ресми стильдердің қандай түрлері болады?

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 57

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 66

Күні:

Тақырыбы: Қарым – қатынастағы демократиялық

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға Қарым – қатынастағы демократиялық туралы жүйелі білім беру

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру және сабақ жоспары:

Қарым-қатынастың үрдісіне қатысушылардың теңдігі. Қарым-қатынастың үрдісіне қатысушылар қоғамда алатын орны және бір-біріне қатысты еріктік қатынастары тұрғысынан алғанда екі түрлі жағдайда болып келуі мүмкін. Оның

біріншісі — еріктік қатынастар тұрғысынан тең пікірлесушілер;

екіншісі — еріктік қатынастар тұрғысынан тең емес пікірлесушілер.

Еріктік қатынастар тұрғысынан тең пікірлесушілер бір-бірінен тәуелсіз, бір-біріне билік жүргізе алмайтын, демек, пікірлесу үрдісінде қысым көрсете алмайтын, еркін сөйлесіп, өз мүдделерін қорғауга екі жағының да мүмкіндігі тең дидарласушылар жатады.

Қарым-қатынас үрдісіндегі демократиялылық. Еріктік қатынастар тұрғысынан алғанда тең бола алмайтын адамдар арасындағы қарым-қатынас үрдісінде теңсіздіктер болып отырады. Басшы — қызметкерге, профес­сор — студентке, асыраушы — асыраудағы жанға т.б. қолында тұрған еріктік тұтканы пайдаланып қысым жасауы мүмкін. Қоғамдық қызмет бабында ондай қысымдар жасауға себеп те, мотив те көп.

Қарым- қатынастағы демократиялылық деп қоғамда аштын орны мен еріктік қатынастары тұрғысынан алғанда тең бола алмайтын адамдардың пікірлесуі урдісіндегі теңдіктің қамтамасыз етілуін айтамыз.

Қарым-қатынастағы демократиялылықтың өндіріс үрдісіне әсері. Қазіргі заманғы менеджмент адамдар ұжымының өндірістік қызметінің алға басуына қажетті үш шартты атайды. Олардың

  1. сатылы бағыныстылық,

  2. қаражат,

  3. бірге жұмыс істейтін адамдардың қарым-қатынас мәдениеті.

Осы үш фактордың бірі болмаған жағдайда, ешқандай материал­дық немесе моральдық игілікке қол жеткізу мүмкін емес.

Сабақты қорытындылау: тақырып бойынша пысықтау

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 58

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 67

Күні:

Тақырыбы: жылдық сынақ «Моральдық және мәдениет, адам, қоғам»

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Сынаққа арналған сұрақтар:

  1. Қазақстан Парламенті қандай палаталардан тұрады?

  2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің атқаратын қызметін атаңыздар.

  3. Соттың мақсаты мен міндеттері қандай?

  4. Моральдың негізгі санаттарын атаңыздар және оларға қыс- қаша сипаттама беріңіздер.

  5. Моральдың бағалаушы ұғымдарына нелер жатады?

  6. Мәдениеттің қоғамдағы рөлін қалай түсінесіздер?

  7. Мәдениеттің атқаратын функцияларының қайсысы өте маңызды деп ойлайсыздар?

  8. Қазіргі кезде елімізде адам мәдени деңгейлері қай шамада деп ойлайсыздар?

  9. Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?

  10. Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіздер?

  11. Мәдени дәстүрлерге не жатады?

  12. Қазіргі жастардың талғамдары қандай?

  13. Адамның рухани дамуы үшін не қажетті екенін атаңыздар.

  14. Руханият қоғам дамуымен қалай байланысады?

  15. Мәдениеттің рухани дамудағы рөлі қандай?

  16. Көркемөнер рухани жетілуге қалай ықпал етеді?

  17. Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді деп ойлайсыздар?

  18. Жеке адамның мәдениеттілік өлшемдері ретінде нелерді алуға болады?

  19. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?

  20. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?

  21. Алған білімің не үшін қажет деп ойлайсыздар?

  22. Қарым-қатынас мәдениеті дегенді қалай түсінетіндеріңіз туралы пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

  23. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жақтарына, түрлеріне сипаттама беріңіздер.

  24. Қарым-қатынастың формалары қандай?

  25. Тілдің стильдерге ажыратылуы деген не?

  26. Ресми стильдердің қандай түрлері болады?

Сабақты қорытындылау:

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер

Пән: Адам, қоғам, құқық

Сынып: 9 б

Сабақ: 68

Күні:

Тақырыбы: Қорытынды қайталау сабағы «Адам, қоғам, құқық»

Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:

Білімділік: Оқушылардан меңгеруге тиісті білім білгерлерін тексеру.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау және қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өздігімен жұмыс істеуге және жауапкерлікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі:1)жаңа материалды меңгеру;2) біліктерін,іскерлік пен дағдыларын жетілдіру және пысықтау;3) Алған білімдерін тиімді пайдалану;4)меңгерілген материалдарды жүйелеу,қорытындылау;5)аралас;6)іздену,ой-қорытындылау

Сабақтың әдісі: 1)сұрақ - жауап;2)баяндау;3)әңгімелесу;4)ізденіс;5)топпен жұмыс; 6)проблемалық;7 )ойын сабағы;

Құрал – жабдықтар: оқулық

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:1)Амандасу;2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Қайталауға арналған сұрақтар:

  1. Моральдың негізгі санаттарын атаңыздар және оларға қыс- қаша сипаттама беріңіздер.

  2. Моральдың бағалаушы ұғымдарына нелер жатады?

  3. Мәдениеттің қоғамдағы рөлін қалай түсінесіздер?

  4. Мәдениеттің атқаратын функцияларының қайсысы өте маңызды деп ойлайсыздар?

  5. Қазіргі кезде елімізде адам мәдени деңгейлері қай шамада деп ойлайсыздар?

  6. Мәдениеттің жастар өміріндегі маңызы неде?

  7. Мәдени сабақтастық дегенді қалай түсінесіздер?

  8. Мәдени дәстүрлерге не жатады?

  9. Қазіргі жастардың талғамдары қандай?

  10. Адамның рухани дамуы үшін не қажетті екенін атаңыздар.

  11. Руханият қоғам дамуымен қалай байланысады?

  12. Мәдениеттің рухани дамудағы рөлі қандай?

  13. Көркемөнер рухани жетілуге қалай ықпал етеді?

  14. Адамның мәдениеттілігі неден көрінеді деп ойлайсыздар?

  15. Жеке адамның мәдениеттілік өлшемдері ретінде нелерді алуға болады?

  16. Өздігінен білім алудың әдістері қандай?

  17. Білімді өмірлік тәжірибеде қолдану деген не?

  18. Алған білімің не үшін қажет деп ойлайсыздар?

  19. Қарым-қатынас мәдениеті дегенді қалай түсінетіндеріңіз туралы пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

  20. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жақтарына, түрлеріне сипаттама беріңіздер.

  21. Қарым-қатынастың формалары қандай?

  22. Тілдің стильдерге ажыратылуы деген не?

  23. Ресми стильдердің қандай түрлері болады?

Сабақты қорытындылау:

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: Өткен тақырыптары қайталап келіңдер